Жер сілкінісі - қаҺарлы зілзалалық кездейсоқ құбылыс



Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.
Жер сiлкiнiсi - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.
ЖАЛПЫ КЕҢЕСТЕР
Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.
Спитак жер сілкінісі кезінде (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі қалған.
Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар алаңы мен балкондар жатады.
Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.
Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.
Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.
Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://www.emer.kz
2. http://zhetysu-gov.kz
3. http://www.yandex.kz/
4.

ЖЕР   СІЛКІНІСІ - ҚАҺАРЛЫ  ЗІЛЗАЛАЛЫҚ 
КЕЗДЕЙСОҚ    ҚҰБЫЛЫС
Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей
зілзала - жер сілкінісі деп аталды.
Жер сiлкiнiсi  - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен
болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу
түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң
қозғалуы.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер,
арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары,
канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні,
сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды,
адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер
сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық
толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.
ЖАЛПЫ  КЕҢЕСТЕР
Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу
мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде
бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу
аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі
бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас
бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік
үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.
Спитак жер сілкінісі кезінде  (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі
қалған.
Жер сілкінісі  кезінде  қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы
қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы
қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар  алаңы мен балкондар жатады.
Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде  өзіңіздің
қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-
жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.
Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық
төзімділік дәрежесін ескеру қажет.
Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және
қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд
қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала
таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның
ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.
Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге
көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын
болыңыз.
Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла
бастауы, жабынның жекелеген плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары
құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге
әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі  едәуір қауіпсіз болуы мүмкін. 
Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты
ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық
қирайтындығын білдірмейді.
ЖЕР   СІЛКІНІСІНЕ  ҚАЛАЙ   ДАЙЫНДАЛУ   КЕРЕК
Сейсмикалық ауданда тұратын адам кез-келген уақытта қатты жер сілкінісі
болуы мүмкін деген ойға дағдылаaнуы тиіс. Бұл ой біздің  жүмыстағы,
мектептегі және өзге жердегі күнделікті тіршілігімізден ажыратпауға,
кедергі жасамауға тиіс. (Тас жолмен көшедегі қозғалыс кезіндегі тәуекелге
де дағдыландық қой!). Алайда, біз жер сілкінісі болған кезде алдын ала не
істеу керек екендігін  білсек, оның зардабын едәуір азайта аламыз.
 
Жер сілкінісіне дейін не істеу керек? 
Жер сілкінісі кезінде не істеу керектігінің отбасылық жоспарын жасап, онда
мыналарды көрсетуге тиіссіз:
. жедел медициналық көмектің, өрт және авариялық қызметтердің, пәтер иелері
кооперативтерінің (ПИК), азаматтық қорғаныстың телефондары мен мекен-жайы
туралы ақпаратты;
. отбасы мен жақын-жуық туралы жалпылама ақпаратты;
. отбасы мен жақын-жуықтар  туралы медициналық ақпаратты;
. апат аймағының ішінде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде көмектесе алатын
жақын таныстардың, туыстардың, араласатын адамдардың тегін, мекен-жайын,
телефондарын;
. отбасындағы және көршілермен үйлестіру және өзара байланыс жоспарын, оның
ішінде отбасының әрбір мүшесі (балалар), егер олар үйге орала алмайтын
болса, қайда бару керектігін білуге тиіс;
. электрді, су  мен газды кімнің, қайда және қалай ажырату керектігін;
. 2-3 аптаның бойында өз үйіңіздің инженерлік қамтамасыз етусіз - сусыз,
жарықсыз, газсыз, канализациясыз қалайша тіршілік ететіндігіңізді;
. егер сіздің отбасыңызда сәби, егде адам әрекетке қабілетсіз немесе қатты
сырқат болса, олардың тіршілігі туралы ойластырыңыз;
. егер үйіңізде хайуанаттар болса, олар үшін тамақ пен су туралы қам
жасауды ұмытпаңыз.
Төтенше жағдай кезіндегі отбасылық жоспарды балалар бақшасы мен мектептегі
өз балаларыңыздың жиналу және көшіру жоспарымен, сондай-ақ жұмыстағы
отбасының өзге мүшелерінің іс-әрекет жоспарымен сәйкестендіріңіз. Сонымен
қатар, сіз ата-аналар келгенге дейін балаларыңызды қаншалықты ұзақ қорғай
алатындығын,  алмайтындығын,  егер мектеп  зақымданған болса, балаларыңызды
қайдан алатыныңызды, егер ата-аналар келе алмаса балаларды қайдан алуға
болатынын дәл білуге тиіссіз.
Мектеп мұғаліміне немесе балалар бақшасының тәрбиешісіне отбасылық
жоспардың маңызды үзінділерінің көшірмесін беруді паспорт немесе өзге
құжатқа қанның тобымен резус-факторларын жазуды, жоспарға отбасы
мүшелерінің созылмалы ауруларын және денсаулықтың бұзылуын, сондай-ақ
тиісті тиым салынғандарды, шектеулерді, өзіңізге аса қажет дәрі-дәрмектерді
жазуды ұмытпаңыз:
- шкафты, сөренi, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекiтiңiз. Кереуеттi
терезенiң жанына қоймаңыз. Сөрелердi керуеттiң, есiктiң, плитаның астына
қоймаңыз. ЖиҺазды бөлмеден шығатын жердi жаппайтындай етiп орналастырыңыз;
- дәлiздi, өтетiн жердi баспалдақ торларын, есiк ойығын жиһазбен және
мүлiкпен жаппаңыз;
-  пәтерде, үйге кiре берiсте электрдi, газды және суды ажыратуды
үйренiңiз;
- үйде консервiленген тағам мен суды, құм салынған шелектi, алып жүретін
электр шамын, өрт сөндiргiштi (автомобильдiк), алғашқы медициналық жәрдем
қобдишасын ұстаңыз. Алғашқы медициналық жәрдем беру тәсiлiн үйренiңiз;
- қауiптi заттарды (улы химикат, жылдам тұтанатын сұйық) оларды сынбайтын
немесе шашылмайтын сенiмдi жерге сақтаңыз;
- құжаттарды белгiлi бiр орынға сақтаңыз. Артық киiм, аяқ киiм (маусым
бойынша), шам, кiшкентай балта, қобдиша, май шам, сiрiңке, тамақ салынған
жол қапшығын пәтерден шыға берiс жерде ұстаңыз;
- зақымданған жағдайда, өз үйіңізді қорғау үшін, бірнеше табақ фанерді және
мықты пластикаларды дайындап қойыңыз, онымен сынған терезелерді және басқа
саңлауларды бекітесіз;
- төтенше жағдай кезiнде өзара көмек және бiрлескен қимыл жасау туралы
көршiлермен келiсiңiз;
- жиналатын жердi және көшіру тәртiбiн бiлiңiз;
- көлiк жайды, саяжайды күштi жер сiлкiнiсiнен кейiнгi алғашқы уақытта
тұрақ ретiнде пайдалануға болады. Онда азық-түлiк пен киiмнiң артық қорын
сақтаңыз;
- үйде жер сiлкiнген жағдайда не iстеу керектiгi туралы жүйелі түрде әңгiме
және жаттығу өткiзiп отырыңыз.
ЖЕР СIЛКIНIСIНIҢ  ҚАУПI   КЕЗIНДЕ
Жер сiлкiнiсi қаупi жағдайында электр дабылдар, өндiрiстiк гудоктар мен
басқа да хабарлау құралдары іске қосылады, бұл "Баршаның назарына!" ескерту
дабылын бiлдiредi. Осы дабыл бойынша радио мен теледидарды қосып, төтенше
жағдай туралы хабарды мұқият тыңдап, және жергiлiктi билiктiң, төтенше
жағдай жөнiндегi басқару органының нұсқауын тиянақты орындау қажет.
Егер сiз үйде болсаңыз:
-  өрт сөндiргiштi тексерiңiз, жуынатын бөлмедегі ванна  мен шелектi суға
толтырыңыз;
-  өзiңiздi қорғай алатын киiм мен аяқ киiмдi киiңiз;
-  пәтердегі газды, су мен электр жарығын сөндіріңіз, пештi өшiрiңiз;
-  өзiңiзбен бiрге алдын ала даярланған заттар салынған сөмкені,
құжаттарды, киім-кешек  салынған жол қапшығын алып, көршiлерге хабарлаңыз,
жалғыз бастыларға, ауру адамдарға көмектесiңiз, ғимараттан шығып, арнайы
жиналтын орынға барыңыз, алдағы нұсқауларды күтiңiз;
-  қалыпты тiршiлiк жағдайына жергiлiктi билiктiң немесе төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқару органының нұсқауы бойынша оралған жөн.
Егер сiз көпшiлiк жүретiн орындарда болсаңыз:
- сабыр сақтаңыз, дүрбелең-үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардың
жолына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау
Алматы қаласы
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері
Қауіпті табиғи құбылыстар
Халық шаруашылық объектілерде болуы мүмкін төтенше жағдайлар
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
«Гидродинамикалық соққы толқыны пайда болған кезде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру»
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар,олардың түрлері табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы туралы ақпарат
Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу
Су тасқыны кезінде қорғану іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу
Пәндер