Іскерлік туризм туралы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Іскерлік туризм туралы ұғым, даму бағыттары . . . 7-12

1. 2 . Іскерлік туризмнің дамуына әсер етуші факторлар . . . 13-16

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ IСКЕР ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

2. 1. Қазақстандағы іскерлік туризм және оның түрлері . . . 17-19

2. 2. Қазақстан экономикалық өңірінде іскер туризмінің алатын орны . . . 20-21

ІІІ. ІСКЕР ТУРИЗМНІҢ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ

3. 1. Іскер туризмнің дамытуының жолдары . . . 22-25

3. 2. Қазақстан туризмін дамытудағы өзекті мәселелері . . . 26-29

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

  • «Есік» қаласындағы мемлекеттік тарихи-мәдени

қорық мұражайы . . . 30-35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 37

КIРIСПЕ

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1, 6 биллион бірлік құрайды.

Бұл шаруашылық саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің негізі табыс көзі болып табылады. Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т. б) зор ықпал етеді. Бұдан туризмнің өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметті-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) 1999 жылдың қортындысын шығарды, сонда шет елге сапар шегетін туристер саны 657 млн. адам. Мемлекеттердің туризмнан түскен жалпы табысы 455 млрд. долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд. доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд. доллар-Италия және 24 млрд. доллар-Франция.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондайөақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.

Әлемдегі туризмнің дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.

Бүгінгі күндегі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық - тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді. Жоғарыда айтылған мәселелерді талдай келе Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын, болашағын зерттеу маңызды екендігін және «Туризмнің дамуына әсерін тигізетін әлеуметтік-экономикалық факторлар» тақырыбының өзектілігін көруге болады.

Мен осы курстық жұмыста халықаралық туризмнің жіктелуіндегі iскер туризмнiң орны, бұл саланың қалыптасуы, iскер туризмнiң түрлерi, iскер туризмнiң маркетингi және тағы басқаларын ашып қарастырамын.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі кезде туризмге үлкен мән беріліп отыр, соның ішінде ең табысты туризм түрі- іскерлік туризмді дамыту. Себебі, Қазақстан көптеген мемлекеттермен экономикалық тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан, жыл сайын елімізге іскерлік мақсаттағы сапармен келушілердің саны көбеюде. Соның ішінде италия туристері мен қазақстанның италияндық компаниялары елеулі орын алды.

Курстық жұмыстың мақсаты болып Қазақстанда іскерлік туризімнің орнын анықтап, Қазақстан экономикалық қарым-қатынаспен дамып жатқан бизнестен іскерлік туризм сапасы арқылы табыс түсіру жолдарын қарастыру табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттерге мыналар жатады:

- іскерлік туризм туралы ұғым, даму бағыттарын ашу;

- іскерлік туризмнің дамуына әсер етуші факторларын қарастыру;

- туризмнің қазiргi жіктелуіндегі iскерлік туризмнiң орнын анықтау;

- іскерлік туризмнiң түрлерiн сипаттау;

- шетелде iскерлік туризмнiң дамуын қарастыру;

- Қазақстандағы iскерлік туризмнiң ерекшелiгiн ашу;

- Қазақстанның экономикалық өмiрiндегі iскерлік туризмнiң алатын орнын айқындау;

- Қазақстандағы iскерлік туризмді дамытуға ықпал ететiн тартымды және жағымсыз факторларын ашу;

- Қазақстанда іскерлік туризмді дамытудың жолдарын ұсыну;

- Қазақстандағы iскерлік туризмді дамыту болашағын қарастыру.

Зерттеу пәні - Қазақстан іскерлік туризм.

Зерттеу нысаны - Қазақстан іскерлік туризімнің маңызы.

Жұмысты жазу барысында салыстыру, эксперттік, графикалық, статистикалық талдау әдістері қолданылады.

Аталған тақырыпта жүргізілген зерттеу жұмысының жаңалығы. Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм ерекшіліктеріне зерттеу жүргізу.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Глабалды экономика мен іскерлік туризімнің қысқа мерзімде әлемдік деңгейде табыс түсімі бойынша жетекші салалардың біріне айналуы ХХ ғасырдың экономикалық феномені болып табылады. Қазақстанда іскерлік туризм потенциалын өте жоғары деңгейде қойып оны дамыту керек.

Курстық жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері (әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер), “Туристік қызмет туралы” заң актілерінің жиынтығы қолданылды. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік және шет елдік зерттеушілер еңбектері алынды.

Курстық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі осы саладағы отандық және шетелдік авторлар еңбектері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, отандық және шетел жариялымдары және интернет жүйесі

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, практикалық бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Іскерлік туризм туралы ұғым, даму бағыттары

Туризм саласындағы қатынастарды реттеуші ұлттық нормативтік актілерде негіз болып қолданылатын түсінік, анықтама, терминдер түсіндірмесіне мемлекеттердің белгілі бір топтық және экономикалық көзқарастары айтарлықтай әсер етеді. Бұл проблема үнемі оқуды қажет етеді, онымен әр түрлі ұйымдар айналысады, солардың ішінде Ұлттық Лига, БҰҰ, ДСҰ, Экономикалық бірлестік және даму ұйымдары сияқты халықаралық ұйымдар.

Бұл проблемаға жүйелі және кешенді көзқараспен жақындау, туристика ғылымының пайда болуына өз әсерін тигізді.

Туризм аймағындағы Ресейдің жетекші ғалымдарының бірі В. А. Квартальдің анықтамасы бойынша, «Туристика - бұл туризмді оқытатын, әр түрлі ғылыми пәндерді синтездейтін ғылым және ол жалпы туризм тұжырымдамасын құрумен және дамытумен айналысады. Туристика ғылым ретінде өзіне ғылыми тану пәні және туризмді дамытуды талдап жіктеу бойынша ғылыми көзқарастар жүйесі ретінде біркелкі кешенді көзқарасты талап етеді».

Туристика субъектісі турист болып табылады, ал объектісі -туризм индустриясы, пәні - туристік өнім. Бұл барлық элементтер өзара байланысты және тәуелді.

1963 жылы БҰҰ-ның Римдегі халықаралық саяхат және туризм конференциясында «турист» терминіне толығырақ анықтама берілді: «Турист - белгілі бір мемлекетке сауықтыру, оқу, кәсіптік іскерлік, спорттық, діни және басқа да мақсатпен төлем ақыны қызметпен айналыспайтын, 24 сағаттан 6 айға дейін қатарынан немесе бір түннен кем емес уақытша келуші азамат». Жалпы бұл анықтама туризмнің мақсатын, сонымен қатар уақытша критерийлерін бейнелейді, ерекшелік болып белгілі бір мемлекеттің туризм саласындағы мемлекеттік ұйымдармен анықталатын жоғарғы уақытша шекара болып табылады.

Туристика объектісі болып табылатын екінші элемент - бұл туризм индустриясы. В. А. Квартальдің анықтамасы бойынша «туристік индустрия - қонақүй және басқа да орналастыру орындарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен орындарының, тану, іскерлік, сауықтыру, спорт және бақа да мақсатқа арналған объектілердің, туроператорлық және турагенттік қызметті іске асырушы ұйымдардың, сонымен қатар экскурсиялық және гид-аудармашы қызметтерін ұсынушы ұйымдардың жиынтығы». Туризм индустриясы туризм инфрақұрылымы мен туристік кәсіпорындарды қосады. Туризм инфрақұрылымы туризм саласының дамуы мен іске асуын қамтамасыз ететін барлық бөлімшелер больш табылады. Туризм инфрақұрылымы саланың даму негізі болып табылады, оған қонақүйлер, мейрамханалар, асханалар, бос уақытты өткізу объектілері, көлік және коммуникация жатады.

Айта кететін бір жайт, туристік фирмалардың туристік инфрақұрылымға жатпайтындығы, себебі олар туристік саланың негізін құрайды.

Туристика пәні туристік өнім болып табылады. Қазіргі уақытта туристік өнімді құраушы және элементтер анықтамасына көптеген көзқарастар ұсынылған. Ең қысқаша анықтаманы Е. Н. Ильина «туристік өнім - туриске іске асыруға арналған турға берілген құқық», - деген.

Американ ғалымы Д. Джеффристің ұсынған жіктемесі бойынша туристік өнім түсінігіне келесі негізгі құраушылар кіреді:

  • көлік құралдары;
  • трансфер;
  • тұрғын-үймен қамтамасыз ету формасы;
  • демалыс мерзімі;
  • саяхат маршруты, аялдамалар арасындағы арақашықтық. Ең толығырақ және жүйелі көзқарасты швейцар ғалымы

Е. Крипендорф ұсынды, ол туристік ресурс және саяхат мотивтері негізінде турөнімнің жікгемесін анықтады:

  • табиғи факторлар, климат, пейзаж, топография, флора және фауна, географиялық орын;
  • жергілікті тұрғындар ерекшеліктерімен байланысты факторлар: тіл, менталитет, қонақжайльшық, фольклор, мәдениет;
  • біркелкі инфрақұрылымның бар болуы: көлік және коммуникация құралдары, энергиямен және сумен қамтамасыз ету;
  • туристік құралдар: орналастыру орындары, ойын-сауық орындарының бар болуы, ескерткіштер саудасы.

ДСҰ ұсынысы бойынша, туристік өнім - бұл:

  • табиғи байлықгар;
  • энергиялық байлықтар;
  • «адам факторы», демографиялық мәліметтер бойынша, өмір сүру шарттары, тұрғындардың туристік қызметке де-ген қатынастары бойынша әдеттері;
  • институционалдық, саяси, заңды және әкімшілік аспектілер;

- әлеуметтік аспектілер, әсіресе мемлекеттің әлеуметтік құрылымы, тұрғындардың мемлекетті басқаруға қатысуы,
жұмыс уақыты мен демалыс уақытының арасындағы арақатынасы, ақылы демалыс уақытының болуы, білім беру саласындағы дәстүрлер, денсаулық сақтау, демалыс;

  • әр түрлі қызметтер, демалыс және ойын-сауық саласының арнайы инфрақұрылымын құрайтын көлік және құралдар;
  • экономика және қаржылық қызмет.

Туризм сияқты ғылымның негізгі түсініктерінің бірі «туризм» болып табылады. Туризм - бұл кең спектрлі элементтер жиынтығын қамтитын көп аспектілі, жан-жақты түсінік.

Саяхатқа қарағанда туризм - белгілі бір түрде экономиканың әсерінде болатын және табиғаттың екіжақтылығымен ерекшеленетін категория, яғни ерекше саяхаттар тобы, бұл саяхатты ұйымдастыру мен іске асыруды қамтамасыз ететін қызмет.

Т. П. Розанова туризмге «адамдардың тұрғылықты жерінен басқа мемлекетке немесе бос уақытында рақаттану және демалу, сауығу, қонаққа бару, танымдық немесе кәсіптік-іскерлік мақсатта, бірақ барған жерінде ақылы қызметпен айналыспайтын, өз мемлекетінен тыс жерлерге уақытша орын ауысуы» деген анықтама берді.

Туризмді құраушы түсініктерді қарастырғанда, олардың келесі ерекшеліктерін атап өту қажет. Статистика бойынша, туризм түрлеріне қарай ең көп үлесті демалыс күн (2-3 күн) туризмі құрайды, келесі орында туристік сапарлар (6-7 күн), ең аз үлес 8-12-күндік турларға тиесілі. Барлық қалған уақыт бойынша ұзаққа созылатын туристік сапарлар жалпы көлемдегі үлес салмағының төмендігінен статистикаға кірмейді.

Туризмге тұрақты тұрғылықты орын категориясын анықтау қажет. Туризм адамдардың өздерінің тұрақты тұрғылықты жері-нен басқа мемлекетке немесе орындарға шығуын, туризм мақсатында алдын ала қарастырады. Тұрғылықты орыннан күнделікті жұмысқа бару сапарларын туризмге жатқыза алмаймыз. Заңды тіркеу институты бар мемлекетте, тұрғылықты орын - бұл тұрғындар миграциясын реттейтін, мемлекеттік басқару органдармен тіркелетін орын. Басқа мағынадағы категория - қарапайым тұрақты тұрғылықты орын - адамның тұрақты бір жерде (қалада, кентте, ауданда) тұрған уақытымен анықталады. Бос уақыт кезеңіндегі анықтама туризмнің демалу әдісі ретіндегі жалпы түсініктен шығады. Бірақ, бұл анықтама туризмнің кейбір түрлеріне, мысалы, көбіне маман ретінде кәсіптік-іскерлік сапарларға шығатын қатысушылар үшін сәйкес келе бермейді.

Арнайы туризмге мемлекетпен орнатылған салытық, кедендік, басқа да жеңілдіктерді және туризмге қатысты қызметтерді анық бөліп көрсететін негізгі категориялардың бірі туризм мақсаты болып табылады. Туризмнің негізгі мақсаттары: көңіл көтеру, рекреациялық және танымдық. Қажеттілігі бойынша келесі мақсаттар, сауықтырушы және емдеуші, кәсіптік-іскерлік, қонаққа бару.

Шетел ғалымдарының көзқарасы бойынша, туризмге экономикалық категория ретінде 5 тұжырымдамалық көзқарас қолдануы тиіс:

- туризм адамдардың әр түрлі туристік маршрут бойынша
жылжу қорытындысы және үдерісі;

  • туризмнің екі негізгі базалық элементінің анықтамасы: саяхат және демалу орнында уақыт өткізу;
  • саяхат туристің тұрғылықты мемлекетінен тыс сыртқа шығуын білдіреді;
  • ры, дәстүрлі емес қозғалыс құралдарының пайда болуына байланысты, жаңа туризмің түрлері пайда болды, мысалы, таймшер сияқты, сонымен қатар прицеп, трейлер, вагон және т. б. пайдаланумен байланысты туризмнің жаңа ұғмды түрлерін айтуымызға болады.
  • ТМД мемлекеттерінде бар туризм түрлері мен формалары туралы трактаттар кейбір жағдайда жалпы қабылданған халық-аралық анықтамаларға мүлдем сәйкес келмейді. Мысалы, «активті» және «пассивті» туризм түсінігінің анықтамасы. «Активті» туризм - бұл жаяу, байдарка, велосипед арқылы, шаңғы және басқа да құралдар арқылы саяхаттау, яғни турист қозғалысқа өзі активті түрде қатысады. «Пассивті» туризм - бұл туристің қандай да бір көлік құралында өзінің саяхаттауы, яғни ол пассивті және қозғалыс құралына әсер етпейді. Бұндай анықтама тек қана медициналық-биологиялық тұрғыдағы көзқарастан ғана болады. Экономикалық көзқарастан турист жолдаманы қолма-қол төлем арқылы алады, мысалы, теплоход арқылы саяхаттау барысында және үнемі қосымша көрсетілген қызмет түрлеріне (киноға, барға және басқаларға бару) төлеу арқылы туристік ұйымның ақшалай табысын құруға қатысуда пассивті болып табылмайды,
  • Туристік баланс қорытындысы бойынша туризм жіктемесі туризмнің экспортты-импортты функциясын анықтайды. Егер мемлекет туристік баланстың оң сальдосын иеленсе, актив пассивтен жоғары болса, онда активті туризмнің жоғары дәрежеде екенін айтуымызға болады.
  • Мемлекетте активті туризмнің жоғары дамуы келесі факторларға байланысты: туризмге деген табиғи жағдай, дамыған туристік инфрақұрылымның бар болуы, саяси тұрақтылық, сауда экспортының тапшылығының, қажетті өзіндік шикізат пен жанармай ресурстарының жоқтығы. Ал, егер де, туристік тауарлар мен қызметтер шығыны туристік тауарлар мен қызметтері табысынан жоғары болса, онда мемлекетте туристік баланстың теріс сальдосы болады, яғни пассивті туризм жоғары болады. Пассивті туризм ұлттық өндірісі жоғары деңгейде дамығын, сауда балансының оң сальдосымен және адам басына шаққандағы табыстары жоғары мемлекеттерге тән. Туризм балансының пассивті сальдосы келесі АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және басқа да, туристік лектің генераторы болып табылатын мемлекеттерге тән. Туристік баланстың дәстүрлі активті сальдосына жұмсақ климатты аймақта орналасқан, теңіз жағалауындағы және тау етектеріндегі әйгілі курорттары бар, тарихи және табиғи ескерткіш орындары бар мемлекеттер ие. Оларға Швейцария, Австрия, Италия, Испания, Греция, Түркия, БАЭ, Болгария және басқалары жатады.

Әр түрлі авторлар ұсынған жіктелу критерийлерінің өзара ұқсас екенін атап өту қажет. Түрлерге бөлінген туризм тек қана туризмнің экономикалық мағынасы жайлы объективті ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар туристік фирмалар қызметтерінің дұрыс бағытталуын қамтамасыз етеді, фирмалардың жұмыс бағытын анықтап, маркетинг мақсатын және компанияның жарнамалық қызметін тиімді жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, туризмді жіктеу экономикалық тұрғыдан да тиімді.

Экономикалық, әлеуметтік және саяси сала қызметтері динамикасының нәтижесі туризмге де әсер етеді, сондықтан туризмнің жаңа түрлері мен типтері пайда болып отырады. Соңғы жылдары тұтынушылардың әр түрлі туризм түрлерін біріктіру тенденциясы байқалуда, жаңа туризм категорияларының пайда болуына әсер еткен әр түрлі турларды арналымына байланысты біріктіруде. Туризм түрлерінің кеңеюі мен толығуы, сонымен қатар саяхат себептерінің өзгеруіне, әр түрлі сегмент тұтынушыларының өзгеруінеде байланысты, яғни жалпы қоғамның динамикасына байланысты.

Туристік қызмет эволюциясы, ең алдымен тұтынушылар қажеттіліктерінің және нарық талаптарының өзгеруінен пайда болатын туризмнің жаңа түрлері мен типтерінің пайда болуына әсер етеді. Жалпы бұл үдеріс үнемі оқып отыруды және туристік фирмалар мен басқа да туризм инфрақұрылымының барлық кәсіпорындары қызметінде тәжірибе жүзінде пайдаланып отырылуын талап ететін, динамикалық және үзіліссіз болып табылады.

1. 2. Іскерлік туризмнің дамуына әсер етуші факторлар

Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін, осы факторларды есепке алған өте қажет.

Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:

-сыртқы (экзогенді)

-ішкі (эндогенді)

Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.

Туризм дамуына әсерін тигізетін, маңызды сыртқы факторларға мыналар жатады:

-табиғи-географиялық;

-мәдени-тарихи;

-экономикалық;

-әлеуметтік;

-демографиялық;

-саяси-құқықтық;

-технологиялық;

-экологиялық.

Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте - табиғи-географиялық.

Табиғи-географиялық (теңіз, тау, орман, флора, фауна, климат және мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде туристің белгілі-бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.

Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына зор ықпалын тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік туризм жайлы
Iскерлiк туризм
Іскерлік туризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Іскерлік туризмнің сыныптамасы
Iскерлiк туризмнiң қалыптасуы
Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
Әлемдік іскерлік туризм географиясы
Қазақстандағы туризм жағдайы
Іскерлік туризмді дамытудың теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz