Жеңіл және тамақ өнеркәсібі


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

Мемлекеттік саясаттың маңызды мәселесі экспортты ынталандыруды өсіру. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің бәсекелі тұтыну тауарлары өндірісін дамыту және импортты жоғары сапалы әрі кең ассортименттегі отандық өніммен алмастыру жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 28 қаңтардағы №3834 Жарлығын нақты іске асырудың кезеңі болып табылады. Соңғы он жылда жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру тиісінше 7 және 2 есеге қысқарды. Отандық азық-түлік өнімдерінің ішкі рыноктағы үлесі 70%-ды, ал жеңіл өнеркәсіп үлесі 10%-ды құрайды.

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2000-2007 жылдар ішінде республикамыздың өнеркәсіп құрылымында тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлесі 2, 0-ден 0, 6 пайызға дейін төмендеген екен. Шет елдерде экономиканың бұл секторы бюджет табысының 20-30 пайызын құрайды. Экономиканың басқа бірде-бір секторы дәл осындай табыс әкеле қоймайды. Оның үстіне жеңіл өнеркәсіп әйелдерді жұмыспен қамту мәселесін де шешеді. 1990 жылдары Қазақстанда осы салада 200 мыңнан аса адам еңбек еткен болса, қазіргі күні бұл көрсеткіш он есеге дейін қысқарған. Бұл дегеніміз жеңіл өнеркәсіп саласының жылдан-жылға кері кетіп бара жатқандығын айғақтайды. Экономикалық қарқынды өсу кезеңінде жеңіл өнеркәсіптің дәл осындай тығырыққа тірелуінің себебі неде? Бірқатар мамандардың айтуынша, үкімет бұл саланы болашағы жоқ сектор деп есептен мүлдем шығарып тастаған.

Соңғы он жылда жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру тиісінше 7 және 2 есеге қысқарды. Отандық азық-түлік өнімдерінің ішкі рыноктағы үлесі 70%-ды, ал жеңіл өнеркәсіп үлесі 10%-ды құрайды.

Экономикалық зерттеумен айналысатын мамандарының пікіріне сүйенсек, қазіргі тұтыну нарығындағы тауарлардың 30-50 пайызының тауарлық белгісі жалған. Бұл тауарлар көбіне контрабандалық жолмен әкелінеді. Тіпті көбінде тауар белгісі де жоқ. Сырттан тасымалданатын балалар аяқ киімі, ойыншықтар мен сырт киімдердің 6070 пайызы, косметикалық бұйымдар, ыдыс жуатын заттардың, аяқ киімдердің 80 пайызы, дәрідәрмектердің 4050 пайызы, сондайақ спиртті ішімдіктер, темекі өнімдерінің басым бөлігі жалған тауар белгілерімен сатылады екен. Екінің бірі сарапшы емес. Оның шын мәнінде қайда, қашан, қандай сапамен жасалғанын бағамдап жатқан ешкім жоқ.

Қазақстанға шетелдік тауарлардың ене бастағанына көп болған жоқ. Сондықтан бізде арнайы түсіндіру, ара-жігін ажырату жұмысымен айналысатын институт қалыптаспаған. Осыны пайдаланған тауар тасымалдаушылар Қытайдан қарақшылық жолмен әкелінген тауарын Ирандікі деп, Ираннан әкелінгенін Германияға немесе Түркияға теліп, Түркиянікін Үндістан тауарына балап, аңқау тұтынушыны алдап жүр. Әсіресе Қытайдан тауар тасымалдаушылар сол жақтан «Америкада жасалған» немесе «Жапонияда жасалған» деген сияқты тауар белгілерімен жертөлелердегі астыртын цехтарда шығарылған кооперативтердің тауарларын көз алдап саудалап жатыр. Тұрмысы төмен халық қазір тұтынатын затын супермаркеттерден емес, қара базардан сатып алуға мәжбүр.

Адам баласы үшін күнделікті тіршілікте онсыз өмір сүру мүмкін емес заттар болады. Соның бірі - аяқ киім. Бүгінде Қазақстанда тері өңдеуаяқ киім саласында 32 кәсіпорын жұмыс істейді екен. Бір қарағанда бұл аз емес сияқты. Дегенмен осы 32 кәсіпорынның жұмыс істеу қуаттылығы бар болғаны 20 пайыз төңірегінде ғана. Сондай-ақ олардың бәрі дерлік арнайы тапсырыстармен ғана жұмыс істеп, өз өнімдерін еркін саудаға шығара бермейді екен. Қара базарларда отандық аяқ киімдердің жоқтығы да осыдан. Тек мемлекеттік тапсырыспен қалт-құлт тірлік кешіп жатқан саны бар да, сапасы жоқ бұл кәсіпорындардың шет елдік тауарларға қарсы тұруға қауқары жоқ.

Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында (2010ж. ) атап көрсеткендей, экономиканы таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген дамуы жедел диверсификациялау және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Себебі, Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде өндірісті диверсификациялау үрдістері өндірістерде инновациялық прогресс жетістіктерін қолдануға, өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіруге, экономиканың шикізаттық бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Қазіргі әлемдік экономиканың қарқынды дамуы мен жаһандануы, сыртқы ортаның анықталмаған жағдайы қоғамның барлық салаларына маңызды әсер етуші диверсификацияны тәуекелділікті азайту мен бәсекелестік қабілеттілікті арттыру тәсілі ретінде қолдануды қажет етуде. Ауылшаруашылық шикізатын, әсіресе, тамақ өнеркәсібі саласында терең өңдеудегі халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы отандық тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологияны дамыту елімізде басымды стратегияның біріне жатады.

Тамақ өнеркәсібі саласында қоғам үшін өмірлік маңызды өнімдер өндірілуіне байланысты, бұл саланың қазіргі жағдайы мен іс жүзіндегі даму қарқыны мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі және елдің ішкі азық-түлік нарығындағы тұрақтылықтың негізгі факторы болып табылады. Сонымен бірге, тамақ өнімдерін өндіру барысында механикалық үрдістермен бірге химиялық, биологиялық және басқа да әртүрлі ерекше заманауи үрдістер қолданылуына байланысты тамақ өнімдерін өндіруші өнеркәсіп шикізатты өңдеуші салардың аса күрделі түріне жататындығы ескерілуі қажет.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, азық-түлік қауіпсіздігінің шегі жалпы осы өнімдерге деген қажеттілік көлеміндегі импорт арқылы қамтылу үлесі 20% деңгейімен бағаланады. Ал, ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметтері бойынша Қазақстанда қазіргі таңдағы сүт өнімдерінің 40%, ет өнімдерінің 29% және көкөніс өнімдерінің 43% шет елдерден жеткізіледі, басқаша айтқанда, аграрлық өндірістің ірі әлуетіне ие бола тұрып, еліміз отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерімен қамсыздандырудың төмен денгейімен сипатталды.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі өндірісіндегі орын алған кемшіліктер осы саладағы диверсификациялау үрдісінің жетімсіз болуы және оны жүзеге асырудың тиімді жүйесінің құрылмағанымен түсіндіріледі. Осы саладағы кәсіпорындар бәсекелестік нарық жағдайында тұрақты және тиімді қызмет етуін арттыру мақсатындағы даму стратегиясын тандау барысында диверсификациялау бағыттарын іздестіріп, оған әсер ететін негізгі факторларды анықтап, олардың құрамы мен толықтығына баға беру арқылы нақты жағдайда және дер кезінде іске асыруы, сәйкесінше басқарушы тиімді шешімдерді қабылдауы аса жоғары маңыздылыққа ие. Сондықтан, тамақ өнеркәсібі өндірісінің диверсификациялау ерекшеліктерін анықтау, оның көлемі мен тереңдігіне баға беру, бәсекелестік нарықтағы диверсификациялау стратегиясының бағыттары мен тиімділігін анықтау маңызды болып табылады.

Тамақ өнеркәсібі қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынадай қызмет түрлерін орындайды:

1) мемлекеттік сұраныстарға, кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар жасау;

2) қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, биологиялық отын салаларында техника және ғылымды дамытуға болжам жасау;

3) тамақ өнімдерін өндірудің, биологиялық отынның технологияларын әзірлеу және оларды дайындауға болжам жасау;

4) қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, биологиялық отын өндірістерінің тағы да басқа шаруашылық субьектерінің қызметкерлерінің білімділігін жоғарлату;

5) инновациялық технологияларды ғылыми қамтамасыз ету және әзірлемелерді өндіріске келісім негізінде енгізу.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысында (1992-1995жж. ) халықты азық-түлікпен қамтамасыздандыру маңызды мәселе болды. Өйткені, тамақ өнеркәсібі өндірісінің төмендеуі азық-түлік нарығындағы жағдайды одан әрі ушықтырды; импорт тауарлар отандық тауарларды нарықтан ығыстыра бастады; республикаға сапасыз, көп жағдайда адамның денсаулығына зиян келтіретін азық-түлік өнімдері сатыла бастады; ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен халық санының едәуір өсуіне (31, 8%) орай тұтыну қабілетінің төмендеуінен азық-түлік өнімдері халықтың бірқатар бөлігі үшін қолжетімді болмады.

Соңғы жылдары мемлекеттің жүргізген іс-шаралары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларына оң әсерін тигізіп, жалпы тамақ өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі бірқалыпты өсуде. Бірақ, Қазақстанның зерттеліп отырған кезеңдегі (2005-2009жж. ) тамақ өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі алатын үлес салмағы әлі де болса тұрақты емес және ол орта есеппен 8, 3%-ды ғана құрап отыр. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің нан өнімдерінен басқа барлық негізгі өнім түрлері бойынша халықтың жан басына шаққандағы нақты тұтынуы деңгейі 41% - 60% аралығында болып, едәуір жеткіліксіздігімен сипатталады. Талдау барысында тамақ өнеркәсібі өнімдерінің көлемі мен түрлері бойынша еліміздің азық-түліктік қажеттілігін қамтамасыздандыруда айрықша төмен деңгейде екендігі анықталды. Статистикалық мәліметтер бойынша 2009 жылы төменде көрсетілген негізгі тамақ өнімдерінің ішкі тұтынудағы импорттың үлесі қауіпті жоғары деңгейде болып отыр: сүт өнімдері бойынша: құрғақ сүт - 90, 7%, қоюландырылған сүт пен кілегей - 82, 1%, ірімшік пен сүзбе - 67, 5%, сары май - 39, 4%; көкөніс-жеміс консервілері - 78, 6%; маргарин - 50, 8%, кондитерлік өнімдер - 56, 5%, печенье - 50, 9%, балмұздақ - 46, 3%, шұжық өнімдері - 39, 4%, шоколад - 33, 7%, күріш - 31, 3%.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық аудандары
Сала кәсіпорындарын орналастыру
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Тамақ шикізаттарын түйіршіктеу жабдығын жөндеу
Тамақ өнеркәсібі
Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Агроөнеркәсіптік кешен
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері туралы
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz