Мінез бітістері және адам өміріндегі маңызы


Жоспар
I. Кіріспе
1. 1. Мінез туралы ұғым.
1. 2. Мінез туралы жалпы түсінік.
II. Негізгі бөлім
- Мінез бітістері және адам өміріндегі маңызы.
- Мінез түрлері мен типтері.
- Мінез құрылымындағы темперамент.
III. Қорытынды
IY. Қосымша
№1 . Темпераментті анықтауға арналған тест.
№2. Оқушыны педагогика психологиялық зерттеу. Адамның мінезін зерттеу.
№3. Адамның көңіл күйін жазуымен таңдаған түсіне қарап анықтау.
№4 . Психологиялық анықтау.
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген іске, адамдарға қарым - қатынасынан көрініп отырады.
Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ер жүрек не байбаламшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез құлық адамына (жеке адамның ерік сапалары) қатысты аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моралдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу процесінде қалыптасады.
Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күші тәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса (от басынан әрі аспайтын болса), онда біртіндеп оралымсыз, тартыншақ мінез қалыптасады. «Егер осы индивид өмір сүріп тұрған жағдайлар, - деп жазды К. Маркс пен Ф. Энгельс, - оның барша басқа қасиеттерінен тек біреуінің сыңар дамуына мүмкіндік беретін болса, егер жағдайлар тек жеке қасиеттің дамуына уақыт пен материал беретін болса, онда осы индивид сыңар, кемтар дамитын болады». Керсінше, адам айналасынан жан-жақты әсер алатын болса, қоғамдық міндеттерді шешуге белсенді араласса, ол жарқын өмір сүреді, оның өмірінің басқа жақтары сияқты ойлауы да жан-жақты жетілген болады.
Бала мінезінің қалыптасуына семья мен мектеп өмірінің моральдық-психикалық атмосферасы үлкен әсер етеді. Буржуазиялық қоғамда адам жөргегінен бизнесменнің, не итаршы малайдың, не жұмысшы мен ұсақ қызметкердің, фермердің психологиясын бойына сіңіре өседі. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық өріс алған социалистік қоғамда совет адамдарының бойында коллектившілдік, сергектік, ілтипаттылық, мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қастеттер қалыптасып отырады.
Олай болса, нақты адамның мінезіне талдау жасағанда ол өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды еске алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытын да ескеріп отырған дұрыс, өйткенні бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі.
Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал солардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсетткіші - адамның барша жағдайлардағы мәнді сипатымен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсеттсе, тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиеті деу жөн емес. Жарайды мінезді, көңілді адамның өзі кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Өмірге келумен бастауын алып, мінез нақты адамның өмір барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезім, ниет, әрекет сипатын бірлікті анықтап береді. Мұнда адамның бүкіл өмірін жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтік жағдайлар маңызды келеді. Дегенмен, мінездің нақты қалыптасуы әртүрлі деңгейде дамыған топтарды (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж. т. б. ) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершілік, қоғамдық құндылықтарға тәуелді мүшелерінің мінез ерекшеліктері орнығады. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның отьасындағы абройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі. Жоғары деңгейлі дамыған топ, ұжым мінездің мәнді де ұнамды бітістерінің қалыптасуына оң әсер етеді. Жақсы мінезді адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейін арттыра түседі.
Курстық жұмстыңы мақсаты:
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеу обьектісі: жеке тұлға
Зерттеу пәні: Жалпы психология.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады
Қорытынды.
Қоғам әсерлері мен ықпалдарын бейнелейтін мінез мазмұны жек адамның өмірлік бағыт-бағдарын құрайды, яғни оның заттай және рухани қажеттеріне, қызығуларына, наным-сенімдеріне, мұраттарына ж. т. б. негіз болады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмірлік жоспары мен сол жоспарды іске асыруда қажет белсенділік деңгейін белгілей алады. Мінезге орай адамның дүние талғамы, өмір мәні, белгіленген мақсат-мүдделерінің, әрекет қылықтарының себептері ашылады.
Мінезді дұрыс түсінуде адам үшін маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасын шешуші мәнге ие. Әр қоғамның өзіне сай маңызды да мәнді міндеттері болады. Міне осы міндеттерді іске асыру барысында мінез қалыптасады. Кейін солар тұрғысынан тексеріледі, бағаланады. Сондықтан да мінез қандай да адам қасиетінің (төзімділік, өжеттік т. б. ) көрінісі ғана болып қоймастан, қоғамдық мәні бар іс- әрекетке болған бағыт-бағдар сипатын аңдатады. Осыдан мінездің тыңғылықтылығы, біркелкілігі аждамның өмірлік бағыт-бағдары негізінде нақты бір қалыпқа келеді. Мінез қалыптасудағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы - босбелбеулік, мінезсіздіктің белгісі. Солай болса, жеке адам мінезі мен оның бағыт-бағдары екітаалай нәрсе. Алдыңызға ақ көңіл кейіппен келген адамның бірі - ізгі ниетті де, ал екіншісі - жауыз болуы мүмкін. Жеке адам бағыт-бағдары оның барша әрекет-қылығына із береді. Әрдайым қылық “осылай болсын “ деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының біртұтас жүйесіне негізделеді, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мінезіне белгілі сипат ендіреді.
Қалыпқа түскен мінезде адамның наным-сенімдер жүйесі жетекшілік етеді. Тиянақты көзқарас - наным адамның өз іс-әрекетін ұзақ мерзімді бағыт-бағдарға сай белгілеп, мақсаттқа жетуде жігерліліктің, орындап жатқан ісінің дұрыс та маңызды екеніне сенімділік туғызады.
Мінез ерекшеліктері адам қызығуларымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстірт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестігінің кемдігі мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам еліктегіш келеді. Қызығулар ұқсастығы мінез теңдігін аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңілді не мұңды, кішіпейіл не өзімшіл тұлғаларды айыруға болады.
Мақсатқа жетуде бағыт-бағдар бірдейлігі болғанымен, әр адам өз жолын таңдайды, өзіне қолайлы, қайталанбас әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Осы дербестіктен адам мінезінің ерекшелігі көрінеді. Белгілі ықпалға ие мінез бітістері әрекет немесе қылық түрін таңдауда айқын жүз береді. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттігін туындатқан ықылас, ниет көрінісінің деңгейін (табандылық, шешімділік, жүректілік немесе еріксіздік, қорқақтық, күдікшілдік ж. т. б. ) мінез бітісі деп тануға болады. Осыған байланысты кей адамдар күмәнсіз табыс қамтамасыз ететін әрекеттерді (ынта білдіру, жарысқа түсу, тәуекелге бел байлау ж. т. б. ) таңдап алады, ал екіншілері - сәтсіздіктен қашуды көздейді (жауапкершілік алмайды, жүрексінеді, ықыласы мардымсыз ж. т. б. )
Қосымша №1.
Темпераментті анықтауға арналған тест.
- Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?
- Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау аласызба?
- Жұмыстан шаршағанды басу үшін қысқа демалғаныңыз жеткілікті ма?
- Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргуметтерді пайдаланасыз ба?
- Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма/ демалыс, каникул?
- Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?
- Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылықпен күтесіз бе?
- Ұйықтауыңыз барлық уақытта бірдей жеңіл болады ма?
- Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?
- Арасы үзілген жұмысқа жеңіл ораласыз ба?
- Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?
- Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?
- Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығасыз ба?
- Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?
- Өзіңіздің күшті жағыңызды көрсетуге құмарсыз ба?
- Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?
- Ашуыңызды басқаларға көрсетпеу сізге оңай ма?
- Сәтсіздікке сабырлылық сақтайсыз ба?
- Қажет болғанда өз ойыңызды басқалардың ойына икемдейсіз ба?
- Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?
- Басқалардың әсерінен көңіл күйіңіз өзгереді ма?
- Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?
- Пікірмен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз ба?
- Қажетті жауапты тез табасыз ба?
- Ашулануыңыз оңай ма?
- Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?
- Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?
- Жүзе білсеңіз суға кеткен адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?
- Бір сыныптан екінші сыныпқа ауысуыңыз оңай ма?
- Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?
Қосымша №3.
Адамның көңіл күйін жазуымен таңдаған түсіне қарап анықтау .
Жазуда да көп мән бар.
Жазуы ірі адамдар - кең құлашты, өзіне сенімді, өзгелермен тіл тапқыш, қуат жігері мол жан.
Жазуы ұсақ адамдар - ұстамды, өз есебін білетіндер, байқағыш, ұқыпты жандар.
Жазуын созып жазатын адамдар - болашағын болжай алатын, бөгде ортаға тез сіңісетін жандар.
Бір бағытқа бірдей жазу жазатын адамдар - мінез-құлқы өзгеріп тұратын, тез ашуланғыш, жүйкесі жұқа жандар.
Сондай-ақ түзу жазатын адамдар - ұстамды, еңбек сүйгіш жандар.
Жазуды өрнектеп жазатын адамдар - ұзақ жылғы әдетінен тез өзгергіш жандар.
Маржандай тізіп жазатын адамдар - сенімді сабырлы, салмақты, өзіне сенетін жандар.
Адамның мінезін түсіне қарап та айтуға болады.
Көк - түсті ұнататын адамдар тыныштыққа әуес келеді. Олар сезімтал, көңілшек, нәзік жаратылысты адамдар. Мінездің типтеріне қарай оларды меланхоликтер тобына жатқызады. Көк түстіліер арасында өз-өзіне қол жұмсау кездеседі (Меланхолик) көк.
Табиғатқа жақын адамдарды жасыл түстілер деп бөлген Лютер. Оларды сенімділікке құмар жандар деп түсіндіреді. Олардың мінезі белсенді, қуатты болып келеді. Ережені қатаң ұстайды, атақ құмар сондай-ақ олардың еңбекке ұмтылысы күшті адамдар. Олар қоршаған ортада әділеттілікті талап етеді. Жасыл түстілер классикалық үлгідегі қымбат киімдерді ұнатады (Сангвиник) .
От жалынға әуес адамдар тобы қызыл түстілерге жатады. Олар табысқа жетуді көздейді. Сондай-ақ қызыл түстілер жаңа белеске көтерілуді, жаңа мамандықты игеруге ұмтылады. Әдетте, олар артық киім таңдағанда ашық болуын ескереді. (Флегматик) .
Күннің көзін сүйетін адамдар сары түске жатады: олар көрсе қызар, бірақ, олар (еркін) тез өзгергіш келеді. Сонымен қатар олар еркін тәуелсіз болуды қайталайды. Өзгеріске, жаңалыққа жаны құмар. Олар сән үлгісімен киінгенді қалайды. (Холерик) .
Қосымша №4.
Психологиялық анықтау.
Шаршы - Холерик, Фигматик.
Жағымды жағы - Еңбекшіл, жұмысты шын ниетімен істейтін, тазалықты ұнатады. Жинақылықты ұнатады, ұқыпты, мейрімді, тік мінезді, кішіпейіл, көмек көрсеткіш.
Жағымсыз жағы - әлсіз, қыңыр, суық, парасатты.
Ұшбұрыш - Сангвиник.
Жағымды жағы - мақсат жетістігін көздейді, өзіне сенімді, тазалықты ұнатады, қайратты.
Жағымсыз жағы - өзімшіл, дарашыл, үзілді - кесілді мінезді, барлығын үстірт қарайды, мақсатына жеткіш, зұлымдықты көрсетеді, көкірек, мансапқор, өз - өзін ұстай алмайды.
Тік төртбұрыш - Холерик.
Жағымды жағы - сезгіш, білуге құштар, ойлаған мақсатын орындау қабілеті жақсы, айналада болып жатқан нәрселерге қызығады, білгісі келеді.
Жағымсыз жағы - жеңіл, сенгіш, айтқанға көнгіш, анқаулау, көңіл - күйі тұрақсыз, өзін-өзі бағалауы тұрақсыз.
Доғал - Меланхолик.
Жағымды жағы - творчестваның адамы, әр түрлі жаңалықты өз өміріне кіргізіп отырғанды ұнатады. Өзіне бір жаңа қызықты ой келсе, оны басқаға айтқанша асығады.
Жағымсыз жағы - оқшау, өзімен - өзі болғанды қалайды.
Шеңбер - Флегматик.
Жағымды жағы - жомарттық, сенгіштік, кең пейілді, қамқоршыл, ұнатқан ісіне ынтасымен берілгіш.
Жағымсыз жағы - салақтық, дүние шашқыш, тез сенгіштік, өз кінәсін ашуға бейім.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Сәбет Бап - Бабаев «Жантану негіздері», Алматы 2003 (272- 286, 260-271 беттер) .
2. «Қазақстан мектебі» журналы. 1925 жылдың, №4, 2005 сәуір, (47-48 беттер)
3. Қ. Жарықбаев «Жалпы психология», Ал маты “Мектеп’’ 1980ж. (310-320, 321-334 беттер)
4. Ковалев А. Г. «Жеке адамның психологиясы», 1- тарау, 3 басылым. «Просвещение», 1970 ж.
5. Мерлин В. С. «Темперамент теориясының очеркі», «Просвещение», 1964 ж.
6. Небылицин В. Д. «Адамның нерв жуесінің негізгі қасиеттері», М, «Просвещение», 1966 ж.
7. Ковалев А. Г. және Миясницев В. Н. «Адамның психикалық ерекшеліктері», 1-том, мінез, ЛГУ баспасы, 1958 ж.
8. Крупецкий В. А. «Совет психологиясындағы мінез проблемасы». Мына жинақта «СССР-дегі психология ғылымы ». М, РСФСР АПН баспасы, 1960 ж.
9. Левитов Н. Д. «Мінез психологиясы», 3-басылымы. М, «Провещение», 1969 ж.
10. В. А. Мерлин «Адам мотивтері психологиясы жоніндегі лекциялар», Пермь, 1971
11. Б. М. Теплов «Жоғары нерв қызметі және психология типтері, Вопросы психологии », 1955, №1, 41-беттер.
12. И. П. Павлов «Төл. шығ. жинағы», 3-Т. М. 1965 ж.
13. Блонский П. П «Исбранные психологические произведения».
14. Мухитина В. С. «Мектеп жасына дейінгі психология». Алматы - 1986 ж.
15. Леотев А. Н. «Проблемы развития психики» 3-е изд. МГУ - 1972 ж.
16. С. Елеусізова. «Қарым - қатынас психологиясы». Алматы - «Рауан - 1995 ж. ».
17. Ә. Алмұрат«Психология салаларының бағдарламасы». Алматы-Ы. Алтынсарин-
2000 ж.
18. С. Б. Боп-баба « Мың да бір тест». Алматы - «Дарын - 2003 ж. ».
19. Крутецкий В. А. «Психалогия обучения ивоспитание школников». Москва - 1967 ж. 161-190 беттер.
20. Крутецкий В. А. «Мышление и речь». «Проблемы психологического развиия ребенка», «Избранные психологические исследование». Москва - 1965 ж.
21. Қ. Жарықпаев «Әдеп және жантану» ( 75-84 беттер) .
22. «Қазақстан мектебі» журналы. 1925 жылдың, журналы. 1925 жылдың, №8 2005 ақпан, (54-98 беттер) .
II. Негізгі бөлім
I. Мінездің адам өміріндегі маңызы.
1. 1 Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы .
Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің, адамның табиғи жағынан ерекшелігі мінез көріністерінде, оның жекеленген бітімнің қалыптасуында байқалып отыр. Нерв процестерінің тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі - бұлардың бәрі адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына, оның реакцияларына түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның наным-сенімі бірдей болғанмен, оның бірі - қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі - байсалды, парасатты болуы ықтимал.
Нерв жүйесінің типінен басқа мінезге организмнің басқа да ерекшеліктері: жүрек, қан тамырлары, ас қорыту, эндокрин жүйелері де әсер етеді. Осы айтылған жүйелер қызметінің бұзылуы адам мінезінің күрт өзгеруіне соғатыны байқалған.
Сондай-ақ орныққан мінез бітімі де адамның табиғи қасиеттеріне ықпал жасап отырады. . Мәселен, мінез туыстан берілген қасиеттердің бірін тұмшалап, екіншісін күшейте түсуі, жаңа рефлекс байланыстардың жасалу және есебінен үшіншісін тежеуі мүмкін.
Әр адамның мінезінен тұрақты және өзгермелі қасиеттердің бірлігін іздестіруіміз қажет. Мінездің негізі, оның бас желісі біртіндеп қалыптасады, өмір барысында ол нығаяды да сол адамның типтік ерекшелігіне айналады, ол мінездің нақты көріністері белгілі жағдайдаларда қарым-қатынас ықпалымен өзгеріске түсетін болады. Оңашада, адам өзімен-өзі болған шақта азды-көпті ақ жарқынданады немесе тұйықтана түседі, батылдық не батылсыздық, табандылық не солқылдақтық байқатады.
Мінез-құлықтың көзге түсерліктей өзгеруі психикадағы уақытша жағдайларға байланысты. Көңілді адамға мазасыз, жабығулы, байсалды адам - күйгелек т. б. жағдайларға түсуі мүмкін. Адамға қартайған кезде де мінезде кейбір өзгерістер байқалады.
Сөйтіп, мінезді тұтастай алып қарағанда, ол әлеуметтік ортадан алынған әсерлердің өзіндік интеграциасы болып табылады. Табиғи-ғылыми тұрғыдан алсақ, мінез нерв жүйесі типтері бітімі мен ми қыртысында орныққан белгілі, уақытша нерв байланыстарының қорытпасы іспеттес нәрсе. Бір қарағанда адам мінез-құлқында нақты жағдайларға тәуелсіз, сыртқы әсерсіз, себепсіз туа қалатындай құбылыстар, сайып келгенде, бір кезде құралған, жинақталған тәжірибе мен өмірлік әсерлердің көрінісі болып шыға келеді.
Мінез - өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас ретінде қалыптасады. Сондықтан мінез туа пайда болады деу дұрыс емес. Сыртқы орта мен өз организмінің заңдарын білетін адам тұрмыс жағдайын және мінез-құлқынын өзгерте алады. Ол сыртқы жағдайдың қолайсыз теріс әсерлерін жеңіп, қоғамдық прогресшіл қозғалыстың алғы саптағы күрескерлерінің қатарына қосыла алады.
1. 2 Мінездің мәнерлі белгілері. Мінез тек қылық пен қимыл-қозғалыстардан ғана емес, бет-әлпеттен және ымнан да байқалады. Мінез жеке адамның сыртқы кейпіне әсер етеді. Мәселен, беттегі әжім бұл адамның жасы ұлғаюының ғана емес, ол сондай-ақ беттегі бұлшық еттердің әдеттегі қозғалыстарының да нәтижесі. Кейбіреулер үнемі күлімсіреп жүрсе, енді біреулер түнеріп жүреді, біреудің бетінен таңдаған пішінді, екінші біреуден жаратпаушылықты байқауға болады. Күлімсіреудің өзі мінез тұрғысынан түрліше болуы мүмкін, біреу көзімен күлімсіресе, екінші біреу мұны бүкіл бет пішінімен байқатады. . Адам мінезінің ұлы білгірі Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Көзі ғана күліп тұратын адамдар болады, бұлар - қу және эгоист адамдар. Көзсіз ауызбен күлетіндер де бар, бұлпр - әлсіз, табансыз адамдар, күлкінің осы екі түрі де ұнамсыз». Толстой күлкінің менменсіген, уылжыған, бақытты, жарқын, салқын, қытықты, ыржалақтаған, момақан т. б. түрлерін ажыратып, айырады. Күлкі не басқа мимикаға сәйкес сол адамның мінезін білдіретін, типтік маска қалыптасады. Типтік мимика жеке адам өмірінің түрлі қалтарыстарына орай рефлекстік сипатта көрініп отырады.
«Көз - адам жанының айнасы» деген сөз бар. Шынында да, көз мінез бен темпераменттің кейбір ерекшелікрерін байқатады. Мәселен, Толстой көзді айлалы, нұрлы, мөлдір, мұңды, суық, жансыз деп бөлген. Толстой шығармалары қаһармандарының көз жанарлары олардың моральдық - еріктік не эмоциялық ерекшеліктерін тайға таңба басқандай көрсетеді.
Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады. Мәселен, тәкаппар адамдар денесін шалқайта, кеудесін керіп, басын кекірейте ұстайды. Қарапайым адам көзге түсуді қаламайды, еңкіштеніп басын мойнына тығып жүреді. Жағымпаз адам иіліп, Сөйлескен адамына жаутаңдай қарап, мүләйісіп тұрады, көз түбінен қуланған күлкі болар - болмас байқалады.
Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы, қолын қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды.
Адамның сыртқы түріне қарап мінезін анықтау, әрине оңай нәрсе емес, өйткені, кейбіреулер өзінің жан дүниесін сыртқы жасанды қылығымен жасырғысы келеді.
Мәселен, жарамсақтық кейде айлакерлік пен сатқындықты бүркемелеп тұруы мүмкін. Әйтсе де, адам қандай қулыққа салынса да бірде болмаса бірде өзінің нағыз бет пердесін көрсетіп алады. Бұл әсіресе, қақтығыс үстінде, оқыс жағдайларда жиі кездеседі. Мінезді танып, білу үшін адамның сөзі мен ісін салыстырып, оны өмірдің сан алуан жағдайларында байқап көруі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz