Педагогика негіздері


Педагогика негіздері
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамның, ғылым-білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін, кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арсындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика
пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралындағы педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымның дамуына игі әсерін тигізбейді.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасаң кеңейе
түсуде. Осыган орай, педогогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы- тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педогогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық- тарихи тәжірбиені үйрету процесі.
Педогогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педогогикалық ұғымдарды қарастырайық .
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, филосоияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда- қоғамның өндіргіш күштерімен өндірістік қатынастары, ал педагогикада- тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары .
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму» және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар.
Бұл жағдайда бала пассивті обьект түрінде қарастырылады . Ол педагогикалық процестің субьектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс- әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, аз тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елусіз қалып отыр .
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Мұндай пікірді қуаттаушылар пратматистер. Олардың айтуынша, тәрбие баланы түрмыс қалпына бейімдейді, сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді .
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай, бір жерде тұра берген болар еді деді В. И. Ленин. Сондықтан да Ленин тәрбиені жалпы және мәңгілік категория деп тұжырымдайды.
Тәрбие жайында К. Д. Ушинский: « . . . мектеп, тәрбиеші және ұстаздар- адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті тәрбиешілері: табиғат, үйелмен, қоғам, халық . . . және оның тілі болады », -деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педогогикалық талаптардан басқа (әр түрлі дәстүр, үйелмен ішіндегі қарым-қатынас және т. б. ) себептерге де байланысты.
«Тәрбие» терминін әрдайым тар мағынада, «тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді» деп қолданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналарымен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады . Әрине, тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды . Тәрбие- көптің ісі . Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса, тәрбиені, кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның, тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz