Ежедгі тас дәуірі


А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті
Факультет:Экономика
Кафедра: Tуризм
СӨЖ
Тақырыбы: Тас дәуірі
Қабылдаған: Нурбетова Г. О .
Орындаған: Мурадов. Ш
Тобы: ЭСТ-011
Түркістан-2011
Жоспар
Кіріспе
- Ежелгі палеолит
- Соңғы палеолит
- Мезолит
- Ноелит
- Энолит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебіеттер
КІРІСПЕ
СӨЖ тақырыбының өзектілігі.
СӨЖ тақырыбының зерттелу деңгейі.
СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері.
СӨЖ тақырыбының хронологиялық шеңбері.
СӨЖ тақырыбының өзектілігі.
Палеолит. Кезеңі ежелгі және кейінгі палеолитті құрайды. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке) : олдувэй (2. 6 млн жыл-700 мын жыл), ашель (700 мың-150-120 мың жыл) және мустье (150-120 мың - 35-30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді.
Мезолит. Дүние жүзіндегі тас дәуірінің классификациясы бойынша көне тас дәуірімен жаңа тас дәуірінің арасында өтпелі дәуір мезолит (мезо- орта, лит - тас) - орта тас дәуірі
Б. з. д. 12 мың жылдықтан 5 мыңжылдың аралығын қамтыған орта тас дәуірі болып саналатын мезолит кезеңіндегі жетістік садақ пен жебенің кең қолданылуы болып табылады.
Неолит. Жаңа тас дәуіріден аталатын неолит кезеңі шамамен б. з. д. V-ІІІ мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл дәуірдің негізгі жетістігі болып жер және мал шаруашылығын игеру болды.
Энеолит. Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адам өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп атайды. Әдетте бұл жалпы алғанда шакпақ тас индустриясының құлдырап, тас кұралдар жиынтығының кемуіне әкеп соқты. Энеолит (латынша мыс жәнс грекше тас) тас ғасыры мен кола дәуірінің аралығындағы археологиялық өтпелі кезең, яғни тас-мыс кезеңі.
СӨЖ тақырыбының зерттелу деңгейі.
Жолдасбайұлы. С . ”Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақ елінің Тарихы’’ кітабында тас ғасыры туралы зерттеген
СӨЖ-дің мақсаты мен міндеттері.
Тас дәуірінің кезеңдерге бөлінуінің қарастырып, хроногиялық шеңбері бойынша әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен жаңалықтарын анықтау барысында студенттердің анализ бен синтез біліктерін игеруге үйрету.
Адамзат тарихы археологиялык дәуірлеу бойынша маңызды үш дәуірге бөлінеді: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі. Адамның пайдалнған еңбек құралдарының материалы бойынша аталынған. Оның ішінде ең ұзақка созылған тас дәуірі. Ғылыми таным тас дәуірін өз ішінде төрт кезеңге бөліп қарайды.
Палеолит (2, 6 млн-12-10 мыіі)
Мезолит (12 мьщ-5 мыц)
Неолит (5 мың-3 мың)Энеолит (3-2 мың)
СӨЖ тақырыбының хронологиялық шеңбері.
Тас ғасры 2, 6 млн жылдан басталып. Б. э. б 3 мың жылға дейін қамтыған.
1. ЕЖЕЛГІ ПАЛЕОЛИТ
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке) : олдувэй (бұдан бұрынғы 2, 6 млн жыл - 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың -150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың - 35-30 мың жыл) кезендеріне бөлінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай жарылатын шақпақтасты бәрінен де кебірек колданғаны, ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Материал тандау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т. б. бөлініп шықкан.
Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақтастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады, олар Кенірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған "Клектон тұрпаттас" деп аталатын бұл ежелгі құралдардың одан анағұрлым кейінгілерден айырмасы - олардың соғатын қыры тым үлкен ол тіпті бұкіл сынақ көлемінің жартысынан көбірек. Бөріқазғанмен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолиттік саймандар төрт топқа: екі қырлы және бір қырлы шапқы құралдар; шапқылар; ауыр тас сынықтар; ірі ұра тастар-нуклеустар болып бөлінеді. Төменгі палеолитте адам тасты сыңдыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника «соққылау техникасы» немесе «малтатас мәдениеті» деп аталып кеткен, өйткені оған көпшілік жағдайда өзендерде кездесетін кәдімгі малтатастар шикізат болған. Кейіннен шой балғалар пайда болып, олар жақсырақ нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді. Олар көбінесе цилиндр немесе дөңгелеқ түрде болып, көп жерінде жемірілген және соғылған із қалған. Мысалы, X. А. Алпысбаевтың Қаратау жотасы ауданынан тапқан құралдары жоғарыда аталған тәсілмен өңделген. Құралдар дайындау үшін негізгі шикізат малтатастар болған. Құралдарды өңдеу кезінде тастың екі жақ шетінен ортасына қарай шеттері мол сындырылып, жұқартылған да, кесетін имек жүз шығарылған. Құрал кейіннен шапқы ретінде пайдаланылған. Қаратау жотасының тас құралдарын зерттеудің нәтижелері Мовиустың негізгі қағидаларына қайшы келеді.
« Археологиялық қазба жұмыстары көптеген тас сайман тапты, олар өте ерекше және оған ұқсастарын табу қиын. Негізіне ақ кварц пен сарғылт-сұпқұмдақ басым шикізат пайдаланған.
Құралдардың Жетекші үлгісі көбінесе жай дөңесті және тура бүйірлі қырғыштар болып табылады, сүйір ұшты сынықтар мен пышақтар да кездеседі. Алуан түрлі жануарлар -мүйізтұмсық, бизон, жылқы сүйектері мен тас бұйымдардың мол болуы палеолит адамының суға келген кезінде бұлақ жанындағы батпаққа батқан жануарларды аулауының нәтижесі екенін дәлелдейді.
Ескерткіштердің бұған ұқсас иңдустриясын Көлбұлақ материалдарынан және Тәжікстандағы «сары топырақты» палеолиттен табуға болады. Сонымен бірге Көшқорған кешенінің бірқатар белгілері жөнінен Орталық Еуропадағы кешеңдермен: Вертешселеш (Венгрия) және Бильцинисглебен (Германия) тұрақтарымен жакындығы аңғарылды. Бұл орайда Вертешселештегі тұрақтың өмір сүрген уақыты 350-600 мың жылмен белгіленеді. Көшқорғанға ұқсайтын тұрақтарды алыс шығыстан да ұшыратамыз. Мәселен, Қытайдың Чжоу-коу-дянь үңгір тұрақтарының кешені. Мұның бәрін қосып алғанда, Көшқорғанды, сірә, плейстоценнің бас кезіндегі батыс және шығыс ескерткіштері аралығындағы байланыстырушы буын болар деп ойлауға мәжбүр етеді.
І984 жылы Жезқазған облысының Ағадыр ауданында мустъерлік заманның жаңа ескерткіштері табылды. Бұлар - Өгізтау-1 және -2, Үлкен Ақмая сияқты тұрақтар. Мұнда тас бұйымдар бұлак жанындағы аласа төбенің баурайында жатыр. Шикізат материалдарының жақын және бұлақтың болуы адамдардың мекендеуіне себепші болған. Бір жағы және екі жағы қырланған балталар, қырдаштар, ойық қалақтар мен нуклеустер жергілікті шикізат-сұрғылт кварциттен дайындалған. Көптеген құралдар кейінгі кезендердің өзінде-ақ қайталап пайдаланылған, мұны тас бұйымдардағы «жаңа» сынықтардың болуы көрсетеді.
Орталық Қазақстанның көптеген палеолиттік тұрақтарында тас сайман топырақ бетінде, бастапқы орнында жатады. Батыс Қазақстанның Сарыташ шығанағы маңында орналасқан палеолиттік ескерткіштері ерекше ынта туғызады. Құрал Құмақапа аңғарынан да табылады. Тас индустрияларынының жиынтығын мұқият зерттеу негізінде А. Г. Медоев мынадай мәдениеттерді біліп көрсетеді: протолеваллуа- ашеллеваллуа-ашель-1-2, Шақпақата-1, Шақпақата-2 және микролиттердің неолиттік индустриясы.
2. СОҢҒЫ ПАЛЕОЛИТ
Сонғы палеолит б. з. б. 40-35 мыңжылдан басталып, 10 мың жылмен аяқталады. Бұл Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамнын кеңінен тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уакыты.
Ақыл-ойлы адамның шығуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адамзат қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік дамуымеи, рулык қауымнын қалыптасу үрдісімен, адам ұжымының қоғамның отбасының рөлінен туындады. Ежелгі адамдардың идеологиялық ұғымдарында ру бастық және ошақ иесі ретіндегі әйелге табынушылықтың пайдасы болуы кездейсоқ емес.
Соңғы палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды; мұның негізінде хайуанның бейнесін- символын бағындыру арқылы оған өктемдік ету болады деп сену болды. . Сүйектен ойып немесе жұмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын, аналық қасиетті бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оңың кеудесіне тесілген қабыршықтардан, жыртқыш андардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі тігілді. Өліктің қасына шақпақтастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.
Соңғы палеолиттік мәдениет ареалы Қазақстан аумағы үшін әлі де айқындала қойған жоқ, срлай бола тұрса да алдын ала жасалған тұжырымдар санының аз болғанына қарамастан, ескерткіштерді географиялық жағынан кең таралған деп үміттенуге мүмкіндік береді. Біздіңше, олардың саны аз болуы палеогеографиялық жағдайларға байланысты. Нақ сол кезде күн салқындап, қуаңшылық туған, мұның өзі адамдардың мекендеуіне қолайсыз жағдай туғызды.
Алдындағы кезеңнің ескерткіштерімен салыстырғанда бұл уакыт тұрақтарының аз табылғанын атап өтеміз. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім болды.
Пещера тұрағы Бұқтырманың оң жағасында үңгірге кіреберісте орналасқан. Көмбенің шығыс жағындағы 30-50 см және батыс жағындағы 60- 170 см терендікте қазба жұмысы барысында палеолиттік бұйымдар табылды, олардың арасында айналдыра өндеп жасалған қырғыш, қайшы сияқты қалақшаның сынығы, қайшы тәрізді құрал, сынық ізді пирамида түріндегі нуклеус, шой балға және қард шақпақтас пен жасыл кварцит жынысы өндірісінің қалдықтары бар барлық құралдардың бет жағы өңезденіп, әк реңді болып келеді, жануарлар: мүйіз тұмсық, бизон, үңгір арыстаны және басқалар сүйектерінің көмірі, сынықтары табылды. Құралдардың сипаты тұрақтың мерзімін жоғарғы палеолит деп шамалауға мүмкіндік береді.
Алдындағы кезеңдерге қарағанда жоғарғы палеолитте тас құралдарды өңдеу неғұрлым күрделі болды.
3. МЕЗОЛИТ
Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашкы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда бодды. 70-80-жылдардағы В. Ф. Зайберттің Есіл өңірінде, В. Н. Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және оның далалық өңірдегі айрыкша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді.
Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінін. қазіргісіне жақын құрамы калыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін (қамалалып аулау жәнс т. б. ) жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жсдел іздестіру қажеттігін туғызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістср болған бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылығы элементтері пайда болып, басқаларында балық аулау және жинау - аңшылық кәсібі қалыптасады. Әдебиетте мезотамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкөністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малынын барлық түрлері қолға үйретідді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретідді - бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймақтың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ - мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балық аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халық қажеттерін қанағаттандыруға әбден мәдсниеті ауыстырған кезде де жағдай толық қайталанады.
4. НЕОЛИТ
Бұл дәуірдің басы шамамен б. з. б. ҮІІ мыңжыддықтың екінші жартысы мен VI мың жылдықтың басына тұстас келеді. Бұл тас өндеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өңдіру барған сайын мамандандырылды. Қыспа ретушь техникасының жетілдіруімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, қетпендер, дәнүккіщтер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан серпенгениттен, басқа да тастардан әшекейлер-білезіктер, алқалар жасалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz