Инвестициялық қорлар



Жоспар:

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ТИПТЕРІ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

1.“Инвестиция” ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады.
Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарды әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қатерді азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені, ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақшалай қаражат салымшының көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.
Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам формасында құрылады, кез келген заңды және жеке тұлға оның акционері бола алады.
Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфелді қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.
Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады әрі өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:
• инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
• бағалы қағаздармен аса қатерлі операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;
• бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
• жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.
Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез-келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ, кастодианның, тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз қаражатын тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез келген тәсілмен береді, сонымен бірге, опциондық және фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, “ықшамдап сату” мәмілелерімен айналысады.
Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады: акционерлердің жалпы жиналысы  басқарма  инвестициялық қордың басқарушысы.
Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:
• инвестициялық қордың типін қайта құру (өзгерту) туралы;
• инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
• бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ, тіркеушілері және кастодиандармен келісім-шартқа отыру (бекіту) туралы.
Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзыреттілігі болады, мысалы, ол бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. ИнвестициЯлыҚ ҚорлардыҢ Қызметін жҮзеге асырудыҢ негіздері

2. ИнвестициЯлыҚ ҚорлардыҢ негізгі тҮрлері мен типтері

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

1.“Инвестиция” ұғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен
қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қаржы
институттары құрылады, оның ішінде инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге
болады.
Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша
қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражаттарды әртараптандыруды
ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қатерді
азайту мақсатында жұмыс істейді. Бұл қорлардың маңызы жоғары, өйткені, ол
өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жұмсалатын ұсақ салымшылардың
қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ, бұл қорлар инвесторлар үшін ақшалай
қаражат салымшының көздері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына,
облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиттеріне салады және т.б.
Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен
және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық
портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті
жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. Қазақстанда ол акционерлік қоғам
формасында құрылады, кез келген заңды және жеке тұлға оның акционері бола
алады.
Бұл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық
салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфелді
қалыптастыруға негізделеді. Олар бұдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.
Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акцияларды айналымға
шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар
мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады әрі өз салымшыларын акция
бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:
• инвестициялық салымдарды әртараптандыру;
• бағалы қағаздармен аса қатерлі операцияларды жүзеге асыруға тыйым
салу;
• бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
• жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.
Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен айналыспайды (бағалы
қағаздар мен қаржылық құралдардан өзге), кез-келген кепілдік түрін
бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ, кастодианның,
тіркеушінің және бірлескен тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын,
акцияларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банктерден қарыз
қаражатын тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды,
қарызды кез келген тәсілмен береді, сонымен бірге, опциондық және
фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, “ықшамдап сату” мәмілелерімен
айналысады.
Инвестициялық қордың ұйымдық құрылымын былайша көрсетуге болады:
акционерлердің жалпы жиналысы ( басқарма ( инвестициялық қордың
басқарушысы.
Кез-келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі
негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді
шешеді:
• инвестициялық қордың типін қайта құру (өзгерту) туралы;
• инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу
туралы;
• бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ, тіркеушілері
және кастодиандармен келісім-шартқа отыру (бекіту) туралы.
Қордың атқарушы органына басқарма жатады. Басқарманың заңда
қарастырылған құзіреттілігінен өзге де өз құзыреттілігі болады, мысалы, ол
бұқаралық ақпарат құралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және қордың
қызметі мен қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді ұдайы жариялап отырады.
Басқарманың мүшелері лауазымды тұлғалардың, осы қорды басқаратын
басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған).
Инвестициялық қордың басқарушысы – бағалы қағаздардың портфелін басқару
бойынша кәсіби қызметті орындайтын әрі инвестициялық қормен бекітілген
келісім-шарттың негізінде әрекет ететін заңды тұлға. Мұндағы міндетті шарт
– тиісті лицензияның болуы. Басқарушы бағалы қағаздардың портфелін басқару
жөніндегі келісім-шартты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық
қормен бекіте алады, алайда, бұл арада инвестициялық декларацияның мазмұны
әр түрлі болуы керек.
Инвестициялық қордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданысындағы
заңдары жиі бұрмаланған жағдайда, басқарушының лицензиясы қайтарылып
алынған жағдайда және қорлар өзіндік акцияларды өзара сатып алуға
қабілетсіз болғанда тоқтатылады.

2. Қазақстан Республикасының заңдары инвестициялық қорлардың белгілі
бір типтерін анықтап береді.

Екі негізгі типі: өзара қор және инвестициялық компания бөліп
көрсетіледі.
Өзара қор барлық тілек білдіруші инвесторлардың қаражатын тартатын және
өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуға міндеттеме
қабылдаған ашық инвестициялық қор болып табылады. Олар қосымша эмиссияны
жүзеге асыру қажет болған жағдайда жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз
акцияны шектеусіз мөлшерде шығара алады. Ол (өзара қор) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық пай қорының ережесінде
Инвестициялық қорлардың бөлінуі
Инвестициялық қор жайлы
Бюджеттен тыс қорлар
Институционалды инвесторлардың мәні жане олардың қызымет ету механизмдері
Қазақстанда ұжымдық инвестициялауды дамытудың негізгі бағыттары туралы
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
Инвестициялық қордың активтерін басқару, сақтау және тіркеуді ұйымдастыру
Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
Қазақстанда ұжымдық инвестициялауды дамытудың негізгі бағыттары
Пәндер