Саяси идеология түрлері


ЖОСПАР
1. Саяси идеология2
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері6
Қолданылған әдебиеттер тізімі12
1. Саяси идеология
Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекет бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі - мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;
3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өндеп, мәдени өзгертіп отырады.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы, жоғары сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.
Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси сана мен саяси психология бір деңгейде. Сондықтан олар бір-біріне әсер етіп, байланысып жымдасып жатады.
Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей, әр түрлі іс-әрекеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рөл атқарады. Сондықтан саяси бағытты жоспарлап оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін адамдардың көңіл-күйін зерттеп, олардың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау-дамай, шиеленістер. адамдар, ұлттар арасында қырғи-қабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғысты ашарда неміс халқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың психологиялық ерекшеліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі - саяси идеология. "Идеология" деген ұғым гректің идея-бейне және логос білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А. Деспот де Праси (1754 -1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі - саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен ережелердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология -жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі - саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.
2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т. с. с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады.
4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.
Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол - адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай Қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну - әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология - сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп әрекет етеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.
Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында сондай-ақ түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халықтың ұжымдық еркін оятып ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген.
Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеологтар-саясатшылар, фәлсафашылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар, т. т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіңдіріледі.
Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік радикалдық, реакциялық шовинистік, ұлтшылдық және т. с. с. болып бөлінеді.
Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нақтылы ғылымдардағы сияқты тәжірибе жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен қарайды. Әрине, "еркіндік", "теңдік", "достық", "егемендік", "демократия", "адам құқығы", "азаматтық қоғам", "құқықтық мемлекет" сияқты категорияларды мінеки деп тап басып көрсетуге келмейді. Дегенмен, идеология қоғамдық-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды. Сондықтан К. Маркс идеялар халық санасына сіңгенде материалдық күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан-бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.
XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) "Идеологияның ақыры" деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми-техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте-бірте өшеді-міс деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен Американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (1916) дүниетанымды көзқарасты қоғамды дамытатын қозғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондықтан ескірген "идеологиясыздандыру" (деидеологизация) тұжырымдамасының орнын "қайтадан идеологиялану" (реидеологазация) ой-тұжырымы алға тартылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеологиядан тәуелділігі артып келе жатқандығын білдіреді. Тіпті «деологиясыздандыру" теориясының негізін қалаған Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындығын, оның қозғаушы күш екенін мойындады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаңасын қажет етеді деген тоқтамға келді.
Бүгінгі таңда идеологияны тудыратын объективті себептер жойылған жоқ. Керісінше, қазіргідей өтпелі заманда оның маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдығы азаяды. Идеологияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, солғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, тарихи процестің заңдылықтарын дұрысырақ көрсетеді, ғылымға жақын келеді.
Саяси идеология бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейнежазу, дыбыс-жазу кіреді. Бүтінгі танда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Американың саясатшысы Г. Лассуэлл (1902-1978) БАҚ-тық мынадай негізгі төрт қызметін атап көрсетті: 1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату; 2) хабарларды "редакциялау", таңдау және түсінік беру; 3) қоғамдық пікір қалыптастыру; 4) мәдениетті тарату. Жоғарыда айтылғандардың қатарына бесінші етіп оның қоғамды саясаттандыруы мен бұқара халықты саяси ағартушылығын қосуға болар еді.
БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Солардың негізінде тыңдаушыларды үкіметтің, парламенттің, партиялар мен қозғалыстардың іс-әрекеттері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы пікірлері, көзқарастары қалыптасады.
Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға сүйенеді. Олар өздері журналистік тергеу жүргізе алады. Тергеу қорытындылары жарық көргеннен кейін кейде арнаулы парламенттік комиссиялар құрылады, қылмыстық істер ашылады немесе маңызды саяси шешімдер қабылданады.
Қазіргі дүниеде БАҚ-қа жол ашу - ықпалды оппозиция қалыптастырудың қажетті шарты. Қоғамдық санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Алайда, мұндай бостандық ауызға не келсе соны айту деген сөз емес. Мысалы, аумақтық тұтастықты, халық топтары арасында алауыздықты тұтандыруға жол берілмеуі керек. Саяси оқиғаларды шынайы бейнелеу, тарату мемлекеттің тұрақтылығын арттырып, қоғамды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Бұқаралық ақпарат құралдары әр түрлі мақсатта пайдалануы мүмкін. Олар азаматтардың саяси сауатын көтеруі, өзінің, адамгершілігін сезінуі, абыройын жоғары ұстау, еркіндікке әлеуметтік әділеттікке ұмтылыс, саяси процеске салауатты білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар жалған хабарлар таратуы, үрей-қорқыныш, сенімсіздік тудыруы мүмкін. Біраз жағдайда саясаткерлер БАҚ-ты халық санасын күңгірттендіріп, өздерінің айла-шарғыларын асыры, қулықтарын білдірмей, жасырын жүргізіп, дегендеріне жетудің құралы етеді. Оның тәсілдері сан алуан: деректерді бұрмалау, өзіне тиімсіз хабарларды айтпау, өтірік-өсек, лақаптарды тарату шындықты толық жеткізбеу, т. т.
БАҚ-тың рөлі президент, парламент сайлаулары кезінде әсіресе, артады. Олар үгіт-насихат, жарнама, т. т. арқылы саяси серкелер туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін (имидж) жасайды. Мұнда да саяси басшыны қай қырынан көрсетіп, оған қаншалықты уақыт бөлудің де маңызы зор. Сондықтан демократиялық қоғамда мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмаудың өз жолдарын іздейді.
Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардың негізгілеріне либералдық, консервативтік, коммунистік, социал-демократиялық және фашистік идеологиялар жатады. Енді соларға келейік.
2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері
Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либералдық (латынның либералис - еркін деген сөзінен) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704), Ш. Л. Монтескье (1689-1755), А. Смит (1723-1790), И. Кант (1724-1804), Т. Джефферсон (1743-3 826), А. Токвиль (1805-1859), Дж. Милль (1806-1873) . Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді.
Бүгінгі танда либерализм - ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары (идеалы) қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазылығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды.
Либералдық идеологияның негізгі принципі - адамның теңдігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарынын қабілеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мәселелерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкерліктің, экономикалық, іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігін сәйкес мемлекет бір ғана қызметті - меншікті қорғау сақшылық қызметін атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп таниды. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі - адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т. б. идеялармен байытты.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі негізделді. Мемлекет "түнгі сақшы" деген идеяның орнына "жалпыға бірдей игілік мемлекеті" деген идея келді. Сонымен қатар басқарушылар мен бағынушылар арасындағы рөлдің қатаң бөлінуі барлық саяси күштердің мәмілеге келу теңдігімен алмастырылды. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін қорғайтын "плюралистік демократия" идеясы, олардың саяси өмірге араласуы, шешімдерді демократиялық жолмен ашық қабылдау, т. т. алға тартылды. Мұның бәрі либерализм саясаты мәніне және Батыс демократиясының идеологиялық күшіне айналды.
Жаңарған либерализмнің негізгі өкілдеріне Ф. Фон Хайек, ж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт және т. б. жатады. Оның идеологиясына көптеген партиялар сүйенеді. Мысалы, Жапонияда 1955 жыл бері билік басында сол елдің ең үлкен партиясы - либерал-демократтар партиясы отыр. Либералдар Англияның, Австрияның, Канаданың және т. б. елдердің саяси өмірде өздерінің лайықты орындарын алуда. Мұның бәрі жаңар либерализм идеологиясы әлемдік халықтардың саяси өмірі елеулі рөл атқарып отырғанын байқатады.
Консервативтік (латынның консервативус - қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (170 саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың бүліншілік күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарды сақтағысы келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын фәлсафашысы және мемлекет қайраткері Эдмунд Еерк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773-1859) және т. б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет-ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін игертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді.
"Саяси идеологиялар" деп аталатын немістердің оқу құралында консервативтік көзқарасқа мынадай анықтама беріледі: "ол - дәстүр, діншілдік, бедел, еркіндік және жауапкершілік. адамдардың табиғи теңсіздігі, бір нәрсеге сенімсіз, шүбәланумен қарау принциптерінің жиынтығы".
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында консервативтік негізгі қағидаларына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шеттетілді. Мемлекеттік меншік жекешелендіріле бастады. Мұның бәрі жаңарған консерватизмге жаңа леп беріп Батыс елдерінде орта таптың идеологиясына айналдырып, оның үстіне ол XX ғасырдың 70 жылдарында экономикасы құлдырауды тоқтатудың жолын таба білді. Бұл оның абыройын арттыра түсті. Технологиялық революцияның жаңа дәуіргі қажеттілігіне жауап беретін экономиканың құрылымын қайта қарауға тура келді. Бұрынғы тұрмыс дәрежесін көтеруге бағытталған дәстүрдің орнына ынталандыратын жаңа жүйе енгізілді. Жұмысшылардың өмір сүру сапасына баса назар аударылады. Жаңарған консерватизм либералдық және социалистік бірқатар адамгершілік түсініктерді біріктіріп қабылдады. Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д. Белл, 3. Бжезинский, Н. Кристолл және т. б. жатады. Олардың қатарына бұрын АҚШ президенттері Р. Рейган, Д. Буш, Англияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчер, қазіргі ГФР-дің канцлері Г. Коль және т. б. кіреді.
Тұңғыш консервативтік партия 1867 жылы Англияда пайда болды. Ал XX ғасырдың 80 жылдары консервативтік партиялардың мерейі үстем болып, Англия, АҚШ, ГФР және т. с. с. елдерде олардың өкілдері билік басына келді.
Коммунистік (латынның коммунис - жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс (1818-1883) пен Ф. Энгельс (1820-1895) . Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал - социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш - жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет - пролетариат диктатурасы орнайды. Барлық тарихи прогресс қоғамдық-экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады. Олар жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz