Қазақстанның 2010 жылға дейiнгi дамуы



КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2010 ЖЫЛҒА ДЕЙIНГI ДАМУ МОДЕЛI
1. БАСТАПҚЫ ШАРТТАР
2. БІЛIМ БЕРУ РЕФОРМАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ
2.1. МАҚСАТ
2.2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
2.3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР
2.4. IС.ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
3. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ РЕФОРМАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ
3.2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
3.3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР
3.4. ІС.ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
4. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СТРАТЕГИЯСЫ
4.2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
1997 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауы жарияланған болатын, онда Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы белгiлендi. Ұзақ мерзiмдi стратегияның алдын ала кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары бекiтiлген болатын. Тұтастай алғанда үш жылдық Стратегиялық жоспар табыспен iске асырылды. Қазақстан дамудың және қазiргi әлемдегi өз орны мен рөлiн сезiнудiң жаңа сатысына көтерiлдi. Елдi жаңа нарықтық желiге салу жөнiндегi негiзгi шаралар жүзеге асырылды. Осыдан тоғыз жыл бұрын тәуелсiздiкке ие болған сәтке қарағанда бүгiнгi Қазақстан тәуелсiз экономикалық держава ретiнде бәсекеге неғұрлым қабiлеттi әрi келешегi зор. Алайда, Қазақстанның өзiндiк даму моделiн iздестiру жалғасуда және жалғаса беруге тиiс, өйткенi дүние шапшаң өзгерiп, күрделене түсуде. Мұндай iзденiстiң аса маңызды құралы Қазақстан 1997 жылы алғаш рет пайдаланған ел дамуын стратегиялық жоспарлау болып табылады. Өзiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру үшiн стратегиялық жоспарлауды алдыңғы қатарлы елдер мен аса iрi трансұлттық компаниялар қолданады. Олардың қазiргi заманда өмiр сүру тәжiрибесiн пайдалана отырып, Қазақстан мемлекеттің рөлi мен өз дамуын стратегиялық жоспарлауды күшейтуге тиiс. Айқын стратегиялық жоспарсыз мемлекет өзiнің мұратын iске асыру қабiлетiнен айырылады. Оқиғалар барысын басқарудың орнына, ол соларға тәуелдi болып қалады. Сонымен бiрге стратегиялық жоспарлар қатып-семген догмаларға айналмауға, елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуын мемлекеттiк реттеудiң икемдi құралы болуға тиiс. Бұл - 10-жылдық стратегиялық жоспар iске асырылу бөлiгiнде жыл сайын талдануға және қалыптасқан iшкi және сыртқы жағдайлар ескерiле отырып, түзетiлуге тиiс дегендi бiлдiредi. Осы құжат Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары болып табылады және ол министрлiктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стратегиялық жоспарларын әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 4 желтоқсан N 735
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат) ("Егемен
Қазақстан" 2001 жылғы 12 желтоқсан N 282-283)
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында
және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-
бабына сәйкес қаулы етемін:
   1. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.
   2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар,
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
   1) өз қызметтерінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске
асыру жөнінде қажетті шараларды қолдансын;
   2) қабылданатын мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың
(жоспарлардың) Стратегиялық жоспармен үйлесімділігін қамтамасыз етсін.
   3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2002 жылдың 1
ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
агенттігімен келісе отырып аймақтардың 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму
жоспарларын әзірлеп, тиісті жергілікті өкілді органдардың бекітуіне
енгізсін.
   4. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және
есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы
органдар жылына екі рет - 20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан
Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігіне Стратегиялық
жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат табыс етіп отырсын.
  5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
агенттігі жылына екі рет - 10 ақпанға және 10 тамызға Мемлекет басшысын
және Қазақстан Республикасының Үкіметін Стратегиялық жоспардың орындалу
барысы туралы хабардар етіп отырсын.
   6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
   1) қажеттілігіне қарай жыл сайын 1 наурызға Мемлекет басшысына
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар беріп отырсын;
   2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
   7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің әкімшілігіне жүктелсін.
   8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

КІРІСПЕ
   1997 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан -
2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-
ауқатының артуы" атты Жолдауы жарияланған болатын, онда Қазақстанның 2030
жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы белгiлендi. Ұзақ мерзiмдi
стратегияның алдын ала кезеңiн iске асыру мақсатында Президенттiң 1998
жылғы 28 қаңтардағы N 3834 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 1998-2000
жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары бекiтiлген болатын. Тұтастай
алғанда үш жылдық Стратегиялық жоспар табыспен iске асырылды.   Қазақстан
дамудың және қазiргi әлемдегi өз орны мен рөлiн сезiнудiң жаңа сатысына
көтерiлдi. Елдi жаңа нарықтық желiге салу жөнiндегi негiзгi шаралар жүзеге
асырылды. Осыдан тоғыз жыл бұрын тәуелсiздiкке ие болған сәтке қарағанда
бүгiнгi Қазақстан тәуелсiз экономикалық держава ретiнде бәсекеге неғұрлым
қабiлеттi әрi келешегi зор.   Алайда, Қазақстанның өзiндiк даму моделiн
iздестiру жалғасуда және жалғаса беруге тиiс, өйткенi дүние шапшаң өзгерiп,
күрделене түсуде. Мұндай iзденiстiң аса маңызды құралы Қазақстан 1997 жылы
алғаш рет пайдаланған ел дамуын стратегиялық жоспарлау болып табылады.  
Өзiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру үшiн стратегиялық жоспарлауды алдыңғы
қатарлы елдер мен аса iрi трансұлттық компаниялар қолданады. Олардың
қазiргi заманда өмiр сүру тәжiрибесiн пайдалана отырып, Қазақстан
мемлекеттің рөлi мен өз дамуын стратегиялық жоспарлауды күшейтуге тиiс.
Айқын стратегиялық жоспарсыз мемлекет өзiнің мұратын iске асыру қабiлетiнен
айырылады. Оқиғалар барысын басқарудың орнына, ол соларға тәуелдi болып
қалады.   Сонымен бiрге стратегиялық жоспарлар қатып-семген догмаларға
айналмауға, елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуын мемлекеттiк реттеудiң
икемдi құралы болуға тиiс. Бұл - 10-жылдық стратегиялық жоспар iске асырылу
бөлiгiнде жыл сайын талдануға және қалыптасқан iшкi және сыртқы жағдайлар
ескерiле отырып, түзетiлуге тиiс дегендi бiлдiредi.   Осы құжат Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары болып табылады
және ол министрлiктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың,
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стратегиялық жоспарларын
әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2010 ЖЫЛҒА ДЕЙIНГI ДАМУ МОДЕЛI
 1. БАСТАПҚЫ ШАРТТАР
   Қазақстан дамуының осы заманға барабар стратегиясын түзу үшiн ағымдағы
геосаяси және геоэкономикалық процестердi, жаңа басталған жиырма бiрiншi
ғасыр әкелер мүмкiндiктер мен қауiп-қатерлердi түйсiну қажет. Социалистiк
жүйе күйрегеннен кейiн әлем жаңа әлемдiк тәртiп орнату дәуiрiне қадам
басты. Өз негiзiнде екi өрiстi әлемдiк тәртiп бiр өрiстi тәртiппен алмасты.
Алайда әлемдiк қауымдастық серпiндi дамуын жалғастырып келедi. Әлемдiк
экономиканың ғаламдануы дамудың аса маңызды факторы болып табылады.   Шығыс
Азия аймағының соңғы 30 жылдағы күрт дамуы күштердiң жаңа арасалмағына алып
келдi. Қазіргi кезде әлемде үш дамыған экономикалық орталық: АҚШ, Еуропа
Одағы және Жапония бар. Өзiмiзбен көршiлес Қытайдың экономикалық алыпқа
айналуының нақты перспективасы бар.   Мемлекет рөлiнiң төмендей түсуi
туралы болжамдарға қарамастан, егемендi мемлекеттер жиырма бiрiншi
ғасырдағы әлемдiк процесте басты iс-қимыл иелерi болып қала бермек. Басқаша
айтқанда, тарихтың басты қозғаушысы мемлекеттердiң арасындағы бәсеке болып
қала бередi.   Тұтастай алғанда қазiргi кездегi әлемдiк саясат дамыған
мемлекеттердiң шектеулi тобының мүдделерiмен айқындалады. Табиғи
ресурстардың жұтаңдау жағдайында iргелi елдер стратегиялық тұрғыдан маңызды
шикiзатқа бақылау орнатуға тырысуда. Едәуiр энергетикалық ресурстарға ие
Қазақстанға тиiсiнше қатер төнуi ықтимал.
Әлемдiк экономикада шын мәнiсiнде дамыған елдердiң ұлттық компаниялары
болып табылатын трансұлттық компаниялардың (ТҰК) мүдделерi үстемдiк етiп
отыр. Қазіргi кезде ТҰК әлемдiк өнеркәсiп өндiрiсiнiң жартысына дерлiгiн
бақылайды. ТҰК-ның ерекше белгiлерi: нарықтарға ғаламдық тұрғыдан көз
жiберу және бәсекенi әлемдiк ауқымда жүзеге асыру; әлемдiк нарықтарды
бөлiсу; өз елдерiнiң мемлекеттiк аппаратын компаниялардың мүдделерiн
iлгерiлету үшiн пайдалану; ТҰК жұмыс жүргiзiп отырған мемлекеттерге
экономикалық және саяси ықпалды жүзеге асыру болып табылады.   Iрi
мемлекеттер өздерiнiң ТҰК-ларын белсене қолдайды, ал олар өз кезегiнде
халықаралық қызметтен салық қаражатының түсуiн, олардың экономикалық және
саяси ықпалының таралуын қамтамасыз етедi.   Қазіргi кезде ТҰК әлемдiк
экономиканың негiзiн түзедi.
   ТҰК-лардың дамушы мемлекеттерге терiс ықпалының мынадай негiзгi сәттерiн
атап көрсетуге болады:
       ТҰК жергiлiктi компанияларға қуатты бәсекелестiк туғызады және
олардың дамуына мүмкiндiк бермей, iшкi нарықтан ығыстырады;
•        трансұлттық капиталдың күрт орын ауыстыруы ұлттық валютаның
тұрақтылығын бұзып, дамушы елдердiң ұлттық қауіпсіздiгiне қатер
төндiруi мүмкiн.  
2. МАҚСАТЫ
   Ұзақ мерзiмдi тұрғыда бәсекеге қабiлеттi экономиканың негiзiн қалау.
   2010 жылға қарай iшкi жалпы өнiмнiң (IЖӨ) көлемiн екi есеге ұлғайту.
3. ДАМУ МОДЕЛI
   Экономика саласында:
• ·        мемлекеттi экономикалық өрлеу "локомотивiне" айналдыру;
• ·        мемлекеттiң қатысуымен жүйе түзетiн iрi компанияларды құру
және оларды аймақтық және мүмкiндiгінше, әлемдiк деңгейге шығару;
• ·        ТМД аймағындағы экономикалық өктемдiк.
Мемлекеттiк басқару саласында:
• ·        мемлекеттiк кәсiпкерлiктi басқаруға қабiлеттi пәрмендi Үкiмет
құру;
• ·        орталық және жергiлiктi билiк органдары функцияларының айқын
бөлiнiсi;
• ·        жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарына заңнамамен
белгiленген құзырет шегiнде дербестiк беру;
• ·        бюджет жүйесiн жетiлдiру арқылы негiзгi әлеуметтiк салаларға
мемлекеттiң бақылау жасауы.
 4. МЕМЛЕКЕТТIҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛI
   ТҰК-ға төтеп беру үшiн Қазақстан тәрiздi халқының саны жағынан шағын
елдердегi отандық компаниялардың ұлттық экономиканың ауқымымен шамалас
ауқымы болуға тиiс. Бұл мемлекеттiң оларды басқарудан және олардың қызметiн
реттеуден шет қала алмайтынын бiлдiредi.
Әрбiр қаржы-өндiрiс тобы немесе iрi корпорация бойынша мемлекет осы
бизнестегi өзiнiң мүддесi қандай екендiгiн, өзiнiң меншiк үлесi мен
бағытталған қаражаттың қалай пайдаланылатынын шешуi керек. Ұлттық
мақсаттарды жүзеге асыруға қатысатын қаржы-өндiрiс тобы мемлекеттiң
қамқорлығында және осы топтардағы мемлекеттiк меншiктiң үлесi негiзiнде
бақылауында болуға тиiс.   Перспективада мемлекет қаржы-өндiрiс тобын
жоғары технологиялар саласында дамытуға жәрдемдесуге тиiс. Отандық қаржы-
өндiрiс тобынан озық технологиялары мен қазiргi заманғы менеджменттi
игерген нағыз трансұлттық корпорациялар құру керек. Өзiмiздiң қаржы-өндiрiс
тобын басқа елдердiң нарығына барынша жылжыта отырып, өзiмiздiң сыртқы
экономикалық саясатымызды осыған тұрақты бағдарлай отырып, мемлекет ықпал
ету саласын кеңейтiп, әлемдiк экономикада өзiнiң маңызын көтере алады.  
Сонымен, тарихтың жаңа орамында мемлекет экономиканың өзектi салаларына
қайта оралуы қажет. Алайда бұл социалистiк (кеңестiк үлгiдегi) мемлекеттiң
емес, елдiң өз iшiнде де, сондай-ақ шетелде де нарық жағдайында бәсекеге
қабiлеттi мемлекеттiң қайтып оралуы болуға тиiс.   Ғаламдану жағдайында
кедергiлер орнату, тұйық экономика жасау мүмкiн емес және оның қажетi де
жоқ. Мұның өзi отандық кәсiпорындардың шетел компанияларымен елдің өз
iшiнде де, сондай-ақ шетелде де бәсекелесуге тиiс екендiгiн бiлдiредi.
Сонымен бiрге ғаламдану мен ақпараттық технологияны дамыту бiзге
бүкiләлемдiк нарықта жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi.   Қазақстан
экономикасы iшкi нарық ауқымы жөнiнен шағын болып табылады. Мұның өзi ұзақ
мерзiмдi экономикалық өрлеуге қол жеткiзу үшiн бiздiң экономикамыз
экспорттық бағдарлы болуға тиiс деген сөз. Импортты алмастыруға ғана
бағытталған стратегия қате болар едi.   Мұнай секторында өндiрiстiң алдағы
өсуi бiзге қатер төндiрумен бiрге, жаңа мүмкiндiктер де әкеледi.   Қатер
бiздiң кәсiпорындарымыздың өнiмдерiнiң көршi елдер кәсiпорындарының осындай
өнiмдерiмен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң құлдырауымен
байланысты. Қазақстанда еңбекке ақы төлеу деңгейiнiң неғұрлым жоғары болуы
бiздi көршiлерiмiзде жоқ не оларда нашар дамыған өнеркәсiп салаларын
дамытуға бағдарлануға итермелейдi. Мұның өзi жоғары қосымша құны бар жоғары
технологиялық өндiрiске баса көңiл бөле отырып өнеркәсiп стратегиясын
әзiрлеу, ақпараттық технологияларды енгiзу қажет дегендi бiлдiредi.

   Қазақстанның осындай стратегияны iске асыруға мүмкiндiктерi бар. Олар,
ең алдымен, мемлекеттiң мұнай секторынан қосымша табыс алуымен байланысты.
Екiншi жағынан, зейнетақы реформасының басталуы iшкi жинақ ақшаны молайтуға
және жинақтаушы зейнетақы қорлары түрiндегi iрi инвесторлар құруға
мүмкiндiк бердi. Мемлекет осы екi сектордың ресурстарын шоғырландыруға және
экономиканы жаңғыртуға: жұмыс iстеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңартуға,
экономиканың жаңа стратегиялық салаларын құруға бағыттауға тиiс.  
Экономиканы жаңғырту үшiн iрi ауқымды ұзақ мерзiмдi инвестициялар талап
етiледi. Қазіргi кезеңде мұндай жаңғыртуға мемлекет қана "локомотив" бола
алады, өйткенi жеке сектордың өнеркәсiптiң технологиялық тұрғыдан күрделi
жаңа салаларына ұзақ мерзiмдi iрi инвестиция тартуды жүзеге асыруға әлi
ұзақ уақыт бойы қабiлетi жетпейдi. Өнеркәсiп дамуының қажеттi стратегиясын
iске асыру үшiн адам және қаржы ресурстарын тек мемлекет қана шоғырландыра
алады.
   Сонымен, бiздiң стратегиямыз экономиканың барлық негiзгi секторларына
мемлекеттiң қатысуымен жүйе түзетін iрi компаниялар құру болып отыр.
Жүйе құрайтын компаниялар қазақстандық экономиканың базасын түзуге тиiс.
Бұл компаниялардың төңiрегiнде ұсақ және орташа кәсiпорындар құрылып,
солардың тапсырысы бойынша жұмыс iстеуге тиiс. Жүйе құрайтын компанияларға
мемлекеттiң қатысу нысаны "алтын акцияны" иеленуден бастап, экономиканың
салаларына және жалпы экономикалық ахуалға қарай акцияны жүз пайыз иеленуге
дейiн түрленiп отырады (өйткенi жүйе құрайтын компаниялар ұлттық
экономикаға ықпал ететiн iрi кәсiпорындарды басқаратын болады, бұдан былай
оларды ұлттық компаниялар деп атаймыз).
Экономиканы жаңғырту стратегиясын iске асыру үшiн тиiстi қаржы жүйесiн құру
қажет. Мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаға сәйкес өнеркәсiптiң жаңа
салаларын инвестициямен қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қаржы институттарын
құру керек. Жұмыс iстеп тұрған Ұлттық қормен қатар мұндай институттар Даму
бюджетi, дамудың мемлекеттiк несие ұйымдары бола алады.Одан әрi ұлттық
компаниялардың Қазақстаннан тыс экономикалық өктемдiгi, олардың таяу
шетелдегi, ең алдымен энергетика мен құбыр көлiгi саласында Қазақстанға
қажеттi өнеркәсiп объектiлерi мен инфрақұрылымды иеленуi қажет.Бiрiншi
кезекте қаражатты Қазақстан жүктерiне қажеттi кемежайлар мен терминалдарға,
құбырларға, Орталық Азиядағы мұнай өндiру зауыттарына,
гидроэлектростанцияларға инвестициялау керек.
Қазақстан экономикасының дамуына қарай ұлттық компаниялар өзiнiң қызмет
аясын кеңейту мақсатында ТҰК-мен одақтарға кiретiн болады.
ӘЛЕУМЕТТIК САЯСАТ
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әлеуметтiк мемлекет құру
қоғамдық дамудың негiзгi мақсаттарының бiрi болып табылады. Елдiң
әлеуметтiк дамуы тұтасымен мемлекеттiң заңдарда белгiленген әлеуметтiк
функцияларын iске асыру сапасына байланысты.Қазіргi кезде бiз бiрқатар аса
маңызды әлеуметтiк бағдарламаларды жетiмсiз қаржыландырылуымен бетпе-бет
келiп отырмыз.
Тұрмысы төмен азаматтарға - жұмыссыздарға, көп балалы отбасылар мен
балалары бар жалғызiлiктi аналарға, зейнеткерлерге, мүгедектерге -
мемлекеттiк қолдау көрсету қағидаттарының жетiлдiрiлмеуi әлеуметтiк
саясаттың тиiмдiлiгiн төмендетедi. Денсаулық сақтау мен бiлiм беру
қызметтерiнiң iс жүзiндегi ақылы деңгейi едәуiр өстi, мұның өзi осындай
қызметтерге халықтың нақты қол жетiмдiлiгiн шектедi.

   Халықтың тұрмыс деңгейiнiң iс жүзiнде төмендеуi әлеуметтiк-демографиялық
дамуға және соның салдарынан Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiне нақты қатер
төндiредi және тiкелей экономикалық зиян шектiредi. Осыған байланысты
әлеуметтiк салада реформалар жүргiзу шешiмiн кейiнге қалдыруға болмайтын
мiндет болып отыр.

   Әлеуметтiк саладағы реформалардың басты мақсаттары мыналар болып
табылады:
• ·        тууды ынталандыру және өлiм-жiтiм деңгейiн төмендету мен
салауатты өмiр салтын насихаттау есебiнен күтiлетiн өмiр жасын ұзарту
жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету, медициналық қамтамасыз етудi
жақсарту және тұрмыста әрi өндiрiсте жарақаттануды азайту, сондай-ақ
көшi-қон процестерiнiң реттелуiне қол жеткiзу жолымен демографиялық
жағдайды жақсарту;
• ·        әйелдердiң қоғамдағы жағдайын жақсарту және нақты тендерлiк
теңдiкке қол жеткiзу;
• ·        халықтың тұрмысы төмен топтары үшін экономикалық өсудi
ынталандыру жолымен экономикалық мүмкiндiктердi кеңейту - еңбекке
қабiлеттi халықтың неғұрлым жоғары әлеуметтiк тұтыну деңгейiн
қамтамасыз ететiн табыс табуына мүмкiндiк беретiн экономикалық жағдай
туғызу;
• ·        экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтуды ынталандыру;
• ·        халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарын
тиiмдi мемлекеттiк әлеуметтiк қолдаумен қамтамасыз ету;
• ·        әлеуметтiк қамтамасыз етуге бағытталған қаражатты бөлудiң
неғұрлым тиiмдi жүйесiн құру;
• ·        халықтың тұрмыс деңгейiн, жұмыспен қамтуды арттыру және
кедейлiк деңгейiн төмендету;
• ·        медициналық қамтамасыз етудiң, жалпы және кәсiптiк бiлiм
берудiң жалпыға бiрдей қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
• ·        ұсынылатын әлеуметтiк игiлiктер мен қызметтердiң жоғары
сапасы мен оларды халықтың кеңiнен таңдау мүмкiндiктерiн қамтамасыз
ету;
• ·        Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтiк қамтамасыз
ету жүйесiн қаржыландырудың жаңа көздерiн айқындау және қазiргiлерiн
неғұрлым тиiмдi пайдалану.
   Әлеуметтiк саладағы реформалар әлеуметтiк саясаттың бағыттарын
мемлекеттiң қолда бар нақты мүмкiндiктерi мен ресурстарына орай дамытуға
жәрдемдесудi мұрат тұтады. Бұл ретте белсендi әлеуметтiк саясат
экономикалық өрлеудiң шектеушiсi емес, жеделдетушiсi ретiнде көрiнуге
қабiлеттi.

   Әлеуметтiк қамтамасыз ету жүйесiнде әлеуметтiк сақтандыру: медициналық,
зейнетақылық, жұмыстылықты (жұмыссыздықтан), мүгедектiгiн, асыраушысынан
айырылуына байланысты сақтандыру айрықша орын алады. Бұл ретте сақтандыру
қаражатын қалыптастыруға мемлекет, жұмыс берушi және халықтың өзi қатысатын
болады. Iске осы тұрғыдан келу әлеуметтiк саясаттың басым компонентi
(бөлшегi) ретiнде "адам факторының" өркендi дамуын қамтамасыз ету
мақсатында инвестициялық мүмкiндiктердi нығайтуға бағытталған.
1. ТҰРҒЫН ХАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
(ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУ)
 
1.1. МАҚСАТ
   Халық санының елдің әлеуметтiк дамуының деңгейiне сәйкес өсуi.
1.2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
   1999 жылғы халық санағының нәтижесi бойынша, Қазақстан халқының жалпы
саны 14,95 млн. адамды құрады. Сонымен, соңғы 10 жылда ол 1,2 миллионнан
астам адамға кемiдi (1-қосымшаны қараңыз).

   Тұтас алғанда республика үшiн, негiзiнен, туудың төмендеуi есебiнен
табиғи өсiм қарқынының төмендеуi, көшi-қонның терiс сальдосы (1991-2000
жылдары Қазақстаннан 2,5 миллионға жуық адам көшiп кеттi, осы кезеңде көшiп
келушiлердiң жиынтық саны небәрi 0,87 млн. ғана адамды құрады), ауыл халқы
үлесiнiң бiртiндеп төмендеуi, аумақ бойынша орнығудың бiркелкi еместiгi,
халық тығыздығының төмен көрсеткiштерi тән болып отыр.

   Халықтың қартаю үрдiсi байқалуда: 1999 жылғы халық санағының деректерi
бойынша, 65 жас пен одан үлкен жас тобындағы адамдар халықтың жалпы санының
6,7%-ын құрады (2-қосымшаны қараңыз). Халықтың едәуiр жылдам қартаю
себептерiнiң бiрi, негiзiнен еңбекке жарамды жастағы адамдардың көшiп
кетуi, ал республикада егде, зейнет жасындағы адамдардың қалуы болып
табылады.

   БҰҰ-ның қартаю шкаласы бойынша, егер 65 жас пен одан үлкендердiң үлесi:
• ·        4%-дан төмен болса - жас халық;
• ·        4-7% - қартаю табалдырығында тұрған халық;
• ·        7% және одан да жоғары - қартаң халық.;
   Сондай-ақ өсiп-өну денсаулығының статусын нашарлататын факторлардың
күшейе түскенiн атап өткен жөн. 60%-дан астам әйелдер анемиямен ауырады,
жүктi әйелдердiң қаны аздық дертiне шалдығуы соңғы он жылда он есе өстi.
Сүт безiнiң қатерлi ісігіне шалдығудың өсе түсуi айрықша алаңдатушылық
туғызады.

   Тәуелсiздiк жылдарында елде әйелдердің қоғамдағы құқықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау саласында белгiлi бiр прогреске қол жеттi. Мемлекет
тарапынан саяси және экономикалық қызмет салаларында нақты теңдiкке қол
жеткiзу жолындағы кедергiлердi жоюға ықпал ететiн оң қадамдар жасалды.
1.2.1. Күштi жақтар   

Халықтың жыныс-жас құрылымы мен медиандық жасы (халықты саны жағынан екi
бiрдей бөлiкке бөлетiн жас) оның салыстырмалы түрде жастығын көрсетедi.

   Халықтың едәуiр бөлiгiнде орташа немесе көп балалы отбасында өмiр сүру
ниетiнiң болуы.

   Профилактикалық медицина академиясының американдық Макро Интернешнл
компаниясымен бiрлесiп 1999 жылы жүргiзген медициналық-демографиялық
зерттеулерiнiң нәтижелерi елiмiзде ниет бiлдiрiлген орташа бала саны
зерттеу жүргiзiлген сәтке 2,8 болғанын көрсеттi (қазақ әйелдерiнде - 3,1;
орыс әйелдерiнде - 2,3; басқа ұлт өкiлдерiнiң әйелдерiнде - 2,7).

   Жастардың арасында туудың көбеюiне игi әсер ететiн отбасылық-неке
үрдiсiнiң басым болуы.

   Қазақстанда өсiп-өнудiң даусыз көш бастаушысы жастардың орташа жас (20-
25 жас) тобы болып табылады (салыстыру үшiн: АҚШ-та 30-35 жас неғұрлым өсiп-
өнгiш жас болып есептеледi).

   Этникалық қазақтардың өзiнiң тарихи отанына оралуына жәрдемдесу саясаты.

   Өсiп-өну денсаулығын сақтау және жақсарту үшiн отбасын жоспарлау
институтын енгiзу.

   Қазақстан адам құқықтары жөнiндегi бiрқатар халықаралық шарттарға
қосылды. Олардың iшiнде әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын
жою туралы конвенция бар.

   Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Отбасы және әйелдер iстерi
жөнiндегi ұлттық комиссияның және IIМ-нiң әйелдерге қатысты зорлық-
зомбылыққа қарсы күрес жөнiнде арнаулы бөлiмшелерiнiң жұмыс iстеуi
2. БІЛIМ БЕРУ РЕФОРМАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ
 
2.1. МАҚСАТ
   Халықтың қалың жiктерiн сапалы (әлемдiк деңгейдегi) бiлiм беру
бағдарламаларымен қамтамасыз ететiн бiлiм берудің тиiмдi жұмыс iстейтiн
жүйесiн құру.
2.2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
   Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясы бiлiм беру жүйесiнің
алдына бiлiм берудiң ұлттық моделiн жасауды қамтамасыз ету және оны
халықаралық бiлiм беру кеңiстiгiне интеграциялау мақсатын қойды.

   Бұл мақсатқа қол жеткiзу Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы мен
Үкiметi бекiткен орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру, жаңа буындағы
оқулықтарды әзiрлеу мен енгiзу және басқа да бiрқатар бағдарламаларды iске
асыру арқылы қамтамасыз етiледi.

   2000-2005 жылдар кезеңiнде iске асырылатын "Бiлiм" мемлекеттiк
бағдарламасы қабылданды, оның мақсаты сапалы бiлiм беруге кеңiнен қол
жеткiзудi қамтамасыз ететiн бiлiм беру жүйесiнiң ұлттық моделiн тиiмдi
дамыту үшiн жағдай жасау болып белгiлендi. Бiлiм беру сапасы бұл ретте
әлемнiң дамыған елдерiндегi бiлiммен салыстырарлық болуға тиiс.

2.2.1. Күштi жақтар

   Балаларды мектепалды даярлау енгiзiлдi.

   Жалпы орта бiлiм беру стандарттары әзiрленiп, енгiзiлдi, бастауыш, орта
және жоғары кәсiби бiлiм беру стандарттары әзiрлеу және енгiзу сатысында
тұр.

   Жалпы орта бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiру негiзiнен аяқталды.

   Мектепке бармайтын балалардың есебiн алу жүргiзiлуде. Жалпы бiлiм
беретiн мектептердiң жанында жалпыға бiрдей оқу қоры жұмыс істейді, қор
қаражатын түзу тетiгi әзiрленiп, енгiзiлдi.

   Жоғары оқу орындары студенттерi құрамының бiр бөлiгiн қалыптастыру
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес абитуриенттердi
орталықтандырылған тест сынағынан өткiзу және мемлекеттiк бюджет
қаражатынан алынған бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн конкурстық негiзде
орналастыру жолымен жүзеге асырылады.

   Ата-аналар мектептердi тиiсiнше жай-күйде ұстауға қолдау көрсетуге
белсене қатысады.

   Бiлiм берудi бюджеттен қаржыландыру IЖӨ-нiң кемiнде 4,0%-ын құрайды, бұл
ретте бiлiм саласында конституциялық кепілдiктердi қамтамасыз етуге күш
салынады (3-қосымшаны қараңыз).

   Жоғары оқу орындарында ақылы негiзде оқитын студенттер санының артқаны
байқалады.

   Бiлiм берудің мемлекеттiк және мемлекеттiк емес секторларында
жеделдетiлген кәсiби бiлiм беру бағдарламалары, сондай-ақ экономика
қажетсiнетiн мамандықтар бойынша мамандарды қайта даярлаудың қысқа және
орта мерзiмдi бiлiм бағдарламалары енгiзілдi.
3-қосымша
Бюджет қаражатын білім беру деңгейі бойынша бөлу серпіні
(қағаздағы мәтіннен қараңыз.)
2.2.2. Әлсiз жақтар

   Қазіргi түзету мектептерi және мамандандырылған мектептер даму
мүмкiндiктерi шектеулi балаларды оқыту қажеттерiн толық қамтамасыз ете
алмайды. Елеулi ауруға шалдыққан балаларды оқыту мен сауықтырудағы
қажеттердi қамтамасыз ететiн ұйымдардың саны жеткiлiксiз.

   Орта және жоғары мектеп сабақтастығының үзiлiп қалуы орын алып отыр.

   Барлық деңгейдегi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тiлдi оқытудың
сабақтастық принципi қамтамасыз етiлмеген.

   Кәсiби бiлiм беру проблемаларын шешуде бiлiм беру жүйесi мен
кәсiпорындар секторының серiктестiгi нашар дамыған.

   Бiлiм берудiң бейресми секторы нашар дамыған, мектептен тыс бiлiм беру
ұйымдарының жүйесi қысқаруда.

   Бiлiм беру ұйымдарын лицензиялау тетiгiнiң кемшiлiктерi өз қызметiмен
студенттер мен оқушылардың қажеттi бiлiм-бiлiк пен дағдыға ие болуын
қамтамасыз ете алмайтын жеке университеттер мен колледждердiң ашылуына
мүмкiндiк бередi.

   Елдiң жоғары оқу орындарында орын алып отырған тамыр-таныстық құбылысы
жоғары кәсiби бiлiмдi мамандар даярлаудың сапасына терiс әсерiн тигiзедi.

   Бiлiм беру саласының қызметкерлерiн қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн
арттыру жүйесiнiң оқу бағдарламалары уақыт талабына жауап бермейдi,
қоғамның қажеттерiн ескермейдi.

   Елдiң болашақ мұқтаждарына сәйкессiз мамандар даярлау орын алып отыр.
Абитуриенттер экономика және заң мамандықтарына басымдық бередi. Инженерлiк-
техникалық мамандықтарға сұраныстың жоқтығы немесе сұраныстың аздығы
болашақта мамандардың жетiспеушiлiгi қатерiн туындатады және оларды
шетелден әкелу қажеттiгiне алып келедi.

   Бiлiм берудің барлық деңгейiндегi мазмұны қоғамның және ел
экономикасының сұраныстарына толық көлемде жауап бермейдi.

   Бiлiм берудiң барлық деңгейi материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк
жағынан нашар қамтамасыз етiлуiмен сипатталады.

   Жоғары оқу орындарына арналған қажеттi оқулықтарды және шетел
ғалымдарының монографияларын жаппай сатып алу тетiгi жолға қойылмаған. әр
түрлi нұсқадағы оқулықтарды оқу процесiне енгiзу тетiгiнiң беретiн нәтижесi
аз.

   Оқып жүрген жастардың едәуiр бөлiгi үшiн өндiрiстiк практиканы және
лабораториялық сабақтарды сапалы деңгейде ұйымдастыруға мүмкiндiк жоқ.

   Жалпы орта бiлiм беру жүйесiнде негiзiнен ақпараттандыру емес,
компьютерлендiру ғана жүргiзiлдi.

   Елдiң жетекшi университеттерiнде ғылыми және инженерлiк зерттеулер
жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырысты орналастырудың нақты тетiгi жоқ,
сондықтан да университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының мемлекеттiк
бюджет қаражатынан бөлiнетiн зерттеушiлiк гранттар мен кредиттердi алуына
салауатты бәсекенi дамыту үшiн жағдай жасалмаған.

   Оқытудың сапасын қамтамасыз ету үшiн бiлiм беру қызметкерлерi мен
ұйымдарын материалдық ынталандыру жүйесi жоқ.

   Бiлiм беру саласында бәсекелестiк нарығы iс жүзiнде жоқ, мұның өзi
шығындардың қайтарымын айтарлықтай төмендетедi.

   Тәрбиелеу мен оқыту бiрлiгiнiң үзiлiп қалуы жастар мен жасөспiрiмдердiң
арасында есiрткiнi, iшiмдiктi және темекi өнiмдерiн пайдаланудың өсе
түсуiне алып келедi. Мектеп оқушыларына кәсiби бағдар беруде еңбекке баулу
мен оқытудың рөлi әлсiредi.

   Бiлiм беру индустриясы жоқ.

   Оқытудың озық технологиялары нашар пайдаланылады.

2.2.3. Мүмкiндiктер

   Қоғамның бiлiм беру iсiн инвестициялаудың маңыздылығын түсiнуi.

   Yздiксiз экологиялық бiлiм беру мен тәрбиелеу тұжырымдамасын қабылдау.

   Бiлiм беру жүйесiн реформалау процесiн халықаралық ұйымдардың қолдауы.

   Бiрқатар бiлiм беру ұйымдарының дамыған елдердің оқу орындарымен өзара
iс-қимылы.

   Мемлекеттiң ынтымақтастық саясаты шеңберiнде басқа елдердiң жетекшi оқу
орындарымен студенттер, оқушылар алмасу.

   Әртyрлi келiсiмдер шеңберiнде ТМД елдерiнде мамандар даярлауды жүзеге
асыру мүмкiндiгiнiң болуы.

   Ақпараттық жүйенi, бiлiм беру жүйесiнде Интернеттi пайдалану
мүмкiндiктерiн дамыту.

   Елдi дамытудың индустриялық бағыты.

2.2.4. Қатерлер

   Халықтың жалпы тұрмыс деңгейiнiң төмендеуi тұрмысы төмен отбасыларынан
шыққан оқушыларды барған сайын осал ете түседi, соның салдарынан мектеп
жасындағы балалардың жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқуға толық қамтылмауы
орын алып отыр.

   Елдiң экономикалық, әлеуметтiк саласының және қоғамдық өмiрiнiң
қажеттерiне сәйкес мамандар даярлауды жоспарлаудың тиiмдi жүйесiнiң
болмауы.

   Елдегi жұмыссыздық деңгейiнiң жоғары болуы салдарынан кәсiпорындар
секторы тарапынан кәсiптiк бiлiм беру жүйесiне мүдделiлiктiң жоқтығы:
әзiрше еңбек нарығы оларды қажеттi жұмыс күшiмен қамтамасыз етуде. Мұның
өзi бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн жойылу шегiне апарып
тiрейдi, өйткенi бюджет қаражаты негiзiнен жалпы орта және жоғары кәсiби
бiлiм беру жүйесiне кетедi.

   Негiзiнен жан басына шаққанда нақты қаржыландыру тетiгiнiң жоқтығы.

   Басқару жүйесiнде енжарлық, салада стратегиялық жоспарлаудың және
нәтижелердi өлшеу жүйесiнiң жоқтығы.

   Бiлiм беру саласында басқару мен қаржыландыру мәселелерi бойынша
халықаралық ынтымақтастықтың мүмкiндiктерiн нашар пайдалану.
2.3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР
   Бiлiм беру жүйесiндегi басты стратегиялық мiндет халықтың барлық
деңгейлер мен сатыларда сапалы бiлiм алуына қол жетiмдiлiгiн кеңейтумен
айқындалады. Осыған байланысты бiлiм беру саласындағы күш-жiгер оның
сапасын қамтамасыз ету жүйесiн құруға бағытталуға тиiс. Бiлiм беру
жүйесiндегi басты мiндет пен iлеспе мақсат үздiксiз бiлiм беру принципiн
енгiзу болып табылады.

   Сапа мынадай аспектiде қарастырылады: қазiргi кезде бiлiм беру
деңгейлерiнiң әрбiрi өздерi үшiн тiршiлiк етiп жатқандай. Келесi
онжылдықтың мақсаты, бiр жағынан, адамның iлгерішіл дамуын қамтамасыз
ететiн бiрыңғай ұлттық бiлiм беру жүйесiн құру, екiншi жағынан, бiлiм
берудiң ұлттық жүйесiнiң жалпыәлемдiк жүйемен интеграциялануын қамтамасыз
ету болып табылады.

   Алдағы 10 жыл iшiнде бiлiм беру жүйесiн адамды бiлiммен ғана қамтамасыз
етiп қоймай, сонымен бiрге осы бiлiмдi бiлiктi пайдалана бiлу және үздiксiз
оқу дағдыларына баулу жүйесi етiп қайта құру күтiп тұр.

   Бiлiм беру жүйесi экономикалық және әлеуметтiк салалардан оқшау тiршiлiк
етуiн тоқтатуға тиiс. Оны үлкен әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң бiр бөлiгi
болу және ел экономикасын адам ресурстарымен қамтамасыз ету мiндеттерiн
шешу күтiп тұр.

   Бiлiм беру реформасының стратегиясы мынадай мiндеттердi шешудi көздейдi:

• ·        бiлiм беру нәтижелерiнiң сапасын арттыру;
• ·        бiлiмге қол жетiмдiлiктiң теңдiгiн қамтамасыз ететiн
шараларды енгiзу;
• ·        бiлiм беру жүйесiнде әрiптестiктi дамыту үшiн жағдайлар
жасау;
• ·        оқыту мен тәрбиелеу жүйесiнiң бiрлiгiн қамтамасыз ету;
• ·        бiлiм мен ғылымның iс жүзiнде интеграциялануын қамтамасыз
ету;
• ·        ресурстарды жұмылдыруды және бiлiм беру жүйесiнің тиiмдiлiгiн
арттыруды қамтамасыз ету;
• ·        бiлiм беру iсiн басқару жүйесiн жетiлдiру;
• ·        қаржыландыру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
 
2.4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
   Мемлекеттiк тiлде оқыту одан әрi күшейiп, қарқын алуға тиiс. Бұл орайда
орыс тiлiн және әлем тiлдерiнiң бiреуiн бейресми түрде оқу мiндеттi болуға
тиiс.

   Кәсiби бiлiм өзiнiң барлық деңгейiнде: бастауыш, орта, жоғары, жоғары
оқу орнынан кейiнгi деңгейлерiнде басты басымдыққа ие деп жарияланады. Бұл
жалпы орта бiлiмнiң мәнiн ешқандай да кемсiтпейдi, керiсiнше, бiлiм
берудегi басты басымдықты қамтамасыз ету үшiн бiлiм берудiң осы деңгейiнiң
маңыздылығы арта түседi.

2.4.1. Бiлiм беру нәтижелерiнiң сапасын арттыру

   Бiлiм берудiң әр түрлi деңгейлерi үшiн бағдарламалардың үйлесiмдiлiгiн
қамтамасыз ету арқылы бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту маңызды болып табылады
(әрбiр алдыңғы саты бiлiм жинақтауда келесiлерiнiң талаптарына толық жауап
бередi). Оның үстiне он жыл iшiнде оқу процесiн ұйымдастыруды қатаң
стандарттаудан ұдайы жетiлдiруге бағдарланған, ақылға қонымды шекте
реттелiп отырған нысанға көшiрудi жүзеге асыру күтiп тұр. Жаңарудың әрбiр
кезеңiне жеткiлiктi ресурстық қамтамасыз етумен қолдау көрсетiлуге тиiс.

   Жалпы орта бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту оқушылардың қажеттi бiлiмдi,
дағды мен бiлiктiлiктi ұдайы жинақтауын қамтамасыз етуге және оларды
қажетсiз мәлiметтерден арылтуға тиiс. Осыған байланысты стандарттар
мазмұнын өзгерту, яғни бiлiм берудiң қатаң стандарттарынан бiлiм беру
процесiнiң түпкiлiктi нәтижелерiне бағдарланған икемдi стандарттарға көшу
қажет болады. Сонымен бiрге олар әлеуметтiк-мәдени ортаның жай-күйiн,
мүдделi тараптардың қажеттерi мен мүмкiндiктерiн ескеруге тиiс.

   Үлгерiм стандарттарының айқын нормативтерiн белгiлеу, ел ауқымында
тестiлер жүйесiн әзiрлеп, енгiзу қажет, солардың көмегiмен оқушылар
даярлығының бақылау көрсеткiштерiне сәйкестiк дәрежесiн сандық бағалауға
болады. Үлгерiм стандарттарын әзiрлеген кезде оқушы - бастауыш, негiзгi
орта және толық орта мектептiң түлегi ненi бiлуге және iстей алуға тиiс
дегенге басты назар аудару керек, яғни бiлiм берудiң сандық аспектiсiмен
қатар сапалық аспектiсi көрiнiс табатын мемлекеттiк бiлiм беру
стандарттарын реформалау талап етiледi.

   Оқу орындарында күнi бүгiнге дейiн жоспарлы экономика жағдайында
неғұрлым маңызды деп табылғандарға, яғни нақты материалды игеруге күш
салынады. Израильде, Францияда, Канада мен Ұлыбританияда және Экономикалық
ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) басқа да бiрқатар елдерiнде оқу
орындары басқаға күш салады: олар оқушылардан формулалар мен терминдердi
ойланбай жаттап алуды талап етпейдi, алынған ақпаратты шығармашылықпен
қолдану қабiлетiн дамытады. Мұндай көзқарастың нәтижесiн осы ЭЫДҰ елдерi
студенттерiнiң нақты ақпаратты бiлуге қатысты мәселелердi емес, ақпарат
қолдануды талап ететiн мiндеттердi жақсы меңгергенiнен көруге болады. Егер
ЭЫДҰ елдерiндегi бiлiм беру жүйелерi студенттердi нарықтық экономика
жағдайларына шын мәнiнде неғұрлым орнықты әзiрлесе, бiздегi бiлiм беру
жүйесi оқытудың бағдарын түбегейлi өзгерту қарсаңында ғана тұр.

   Жалпы орта бiлiм беру жүйесi мектеп оқушыларын еңбекке баулуды да
қамтамасыз етедi. Мектеп оқушыларын кәсiби бағдарлауды ғылыми негiзде жолға
қою, балаларды еңбекке баулуды және олардың қоғамдық пайдалы iстерге
қатысуын жетiлдiру талап етiледi. Жоғары сынып оқушыларын еңбекке
даярлаудың жаңарған түрi оларды оқытудың кәсiби тұрғыдан қалыптасуына
бағытталған дамушы сипатымен қамтамасыз етiлуi қажет.

   Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi, алда оларды кезең-
кезеңмен енгiзу күтiп тұрған жалпыға бiрдей мемлекеттiк мiндеттi
стандарттар арқылы, жалпы орта бiлiм берудiң жалпыға бiрдей мемлекеттiк
мiндеттi стандарттарын игерумен бiрге, мамандандырылған бағдарламаларды
қамтамасыз етуге тиiс. Негiзгi оқу жоспарларына жаңа технологиялармен және
нарықтың қажеттерiмен байланысты дағдыларды қалыптастыру енгiзiлуге тиiс.

   ЭЫДҰ елдерiнiң тәжiрибесi бастауыш кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде
техникалық пәндердi емес, жалпы мақсаттағы дағдыларға оқытып-үйрету
керектiгiн көрсеттi. Арнаулы кәсiби дағдыға ие болу келесi деңгейдегi оқу
орындарында немесе кәсiпорындарда өндiрiстен қол үзбей оқу нысанында
қамтамасыз етiлуге тиiс.

   Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудiң сапасы оқу процесiн және
өндiрiстiк практиканы осы заманғы жабдықтарды пайдалана отырып ұйымдастыру
жолымен қамтамасыз етiлуге тиiс.

   Жоғары бiлiм беру жүйесi бiржақты мамандықтар бойынша даярлаудан арылуға
тиiс. Жоғары оқу орындарының түлегi неғұрлым кең ауқымды кәсiби даярлыққа
ие болуы керек. Осы жүйедегi даярлық құрылымын ғылыми-техникалық прогрестi
айқындайтын мамандықтар ыңғайына өзгерткен кезде, күш-жiгердi ең алдымен,
жетекшi жоғары оқу орындары мен ғылыми-педагогикалық мектептерге қолдау
көрсетуге жұмсау керек.

   Баламалы ресурстардың, бiрiншi кезекте кадрлық қамтамасыз етудiң
жоқтығынан әзiрше бiзде сапалы кадрлар даярлай алмайтын мамандықтар бойынша
(бұл - мамандар даярлау Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында
ғана жүзеге асырылып келген көптеген техникалық мамандықтарға қатысты)
даярлықты толық сапалы бiлiм беру шын мәнiнде қамтамасыз етiлетiн жерде,
мысалы, Ресейде, жүзеге асыру қажет. Ел iшiнде мамандар даярлауды одан әрi
ұйымдастыру үшiн жоғары оқу орындарының оқытушыларын оқыту мен бiлiктiлiгiн
арттыруды бiр мезгiлде сол жерде жүзеге асыру керек.

   Елде мыңдаған ұсақ фирмаларды барынша ынталандыру қажеттiгi туындайды.
Шағын бизнестi дамыту үшiн адамдардың бойында тәуелсiздiк пен iскерлiк
рухын тәрбиелеу қажет.

   Шағын бизнестi, жеке кәсiпкерлiктi дамытудың ең жемiстi перспективалары
кәсiби бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейiнде ашылуы мүмкiн. Бастауыш және
орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде алынатын көптеген кәсiптер өз iсiн сәттi
ашу үшiн тiкелей пайдаланылуы мүмкiн. Жоғары және орта кәсiптiк мектепте
техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшiн шағын бизнестi,
экономика мен басқаруды ұйымдастыру мен дамыту, кәсiпкерлiктi дамытудың
әлемдiк тәжiрибесi жөнiндегi оқу бағдарламаларын енгiзу керек.

   Орта бiлiм беру жүйесiнде оқушылар бiлiмiн бағалаудың ұлттық жүйесiн
енгiзу қажет. Практикалық, ауызша және жазбаша компоненттердi дұрыс
үйлестiрген жағдайда тестi басқарудың ашық рәсiмi бiлiм алуға әдiлдiктi
және тең қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге тиiс.

   Қазақстан бiлiм беру саласында әлемдiк қоғамдастықтың мүшесi болуға
ұмтылып отыр. Осы мақсатпен Қазақстан өз шеңберiнде әр түрлi елдердегi
бiлiм беру мен үлгерiм көрсеткiштерiнiң жүйелерiне ұдайы салыстыру
жүргiзiлiп отыратын бағдарламаларға қосылады.

   Жетiм балалардың және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың
мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде кәсiптiк бiлiм беруге қол жетiмдiлiгiн
кеңейтудi қамтамасыз ететiн тетiктi көздеу қажет.

   Ұзақ мерзiмдi перспективада жоғары оқу орындарына орта мектептегi бiтiру
емтихандары нәтижесiнің негiзiнде қабылдау тетiгiн енгiзу керек, яғни
әңгiме орта мектептi ағымдағы оқу жылында бiтiрушi туралы болған кезде,
бiтiру емтихандары мен жоғары оқу орнына түсу мақсатындағы тесттен өткiзудi
бiрiктiру керек. өалған үмiткерлерге тесттен өту мүмкiндiгiн беру керек.
Емтихан мен тест қабылдауды жүзеге асыратын орган бiртұтас және тәуелсiз
болуға тиiс.

   Колледж түлектерi үшiн жоғары оқу орнына тектес мамандықтар бойынша
қысқартылған, жедел бағдарламалармен қабылдау тетiгiн енгiзу керек.

   Оқу орындарын оқыту сапасын бағалаудың өзiндiк жүйесiн жасап, енгiзуге
ынталандыру қажет.

   Бiлiм берудiң сапасына бақылау жасаудың негiзгi нысандары ретiнде оқу
орындарын лицензиялау, аттестаттау және тiркеу процестерiнiң әдiстемелерi
мен тетiктерi ұдайы жетiлдiрiлетiн болады. Мемлекеттiк және мемлекеттiк
емес оқу орындарын құру мен олардың жұмыс iстеуiнiң бiрыңғай құқықтық
режимi белгiленетiн болады.

2.4.2. Бiлiмге қол жеткiзу теңдiгiн қамтамасыз ету шараларын енгiзу

   Адам болашақта ие болатын күллi бiлiм мен дағды жиынтығының негiзi нақ
ерте бүлдiршiн жастан қаланатындықтан, баршасының мектепке дейiнгi бiлiм
беру жүйесiне қолы жетуiн қамтамасыз ету қажет. Өсiп-жетiлуiнде кемiстiгi
бар балалар үшiн конституциялық кепiлдi орта бiлiм алуға қол жетiмдiлiк
проблемасын шешу керек.

   Осындай балалар үшiн бiлiм берудiң арнаулы ұйымдарын дамытумен қатар,
олардың оқушылар ортасына бейiмделуi үшiн барлық қажеттi жағдайды
қамтамасыз ете отырып, жай мектептерде оқыту практикасын кеңiнен қолдану,
сондай-ақ әдеттегi немесе мамандандырылған мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ
балаларды дистанциялық оқытуды енгiзу керек.

   Оқушылардың бiлiмдi меңгеру мәселесi олардың денсаулығының жалпы жай-
күйiмен, әсiресе бала кездегi денсаулығының жай-күйiмен тығыз байланысты.
Тамақтың кенеусiздiгi, дене бiтiмi мен психикалық саулығы тұрғысынан әлсiз
жай-күйi бiлiм сапасының нәтижелерiне қатты әсер етедi. Осыған байланысты
оқушыларды кенеулi тамақтандыруды және оларды сауықтыруды қамтамасыз ететiн
бағдарламалар енгiзу қажет.

2.4.3. Бiлiм беру жүйесiнде серiктестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау

   Бiлiм беру жүйесi, қысқа және орта мерзiмдi қажеттiктерге сәйкес ел
экономикасын жоғары бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету функциясын орындай
отырып, алдын ала сипаттағы мiндеттемелерге де ие болуға тиiс. Бұл арада
экономикалық өсудiң кадрмен қамтамасыз ету сапасына қойылатын талапты
қамтитын стратегиясының және бiлiм беру саласындағы әлеуметтiк
әрiптестiктiң атқаратын рөлiнiң маңызы аз емес.

   Еңбек нарығындағы жағдайды және өндiрiстiң өсуiн түбегейлi жақсарту үшiн
орта буындағы бiлiктi жұмысшы кадрлары мен мамандарды даярлау маңызды.
Кәсiптiк мектептер мен колледждерде сапасы жоғары даярлықты қамтамасыз ете
отырып сан алуан топтарға жататын отбасылар үшiн қол жетiмдi, осы заман
талаптарына неғұрлым барабар әлеуметтiк арнаны ашуға болады.

   Кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн дамыту үшiн бюджет қаражатын тиiмдi
пайдалану, халықтың және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражатын
барынша жұмылдыру мақсатындағы тиiстi институционалдық қолдауды қамтамасыз
ету қажет. Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жүйесi тұтастай алғанда бiлiм
беру жүйесiнiң аса маңызды элементi болып табылады және жоғары оқу орнына
оқуға бармайтын оқушылар бойынша еңбек дағдысын сiңiредi. Бұл жүйедегi
мекемелерге өз оқу жоспарларының кәсiби бағдарын таңдау мәселелерiн шешуде
еркiндiк беру қажет. Жергiлiктi жерлердегi кәсiптiк-техникалық мектептер
мен лицейлерге техникалық базасын беретiн және оқушылардың шәкiрт ретiнде
жалпы бiлiм беру пәндерiн оқудан қол үзбей өндiрiстiк практикадан тiкелей
жұмыс орындарында өтуiн қамтамасыз ететiн кәсiпорындарды материалдық
ынталандыру шараларын енгiзген дұрыс.

   Жоғары оқу орындарының ұсақ фирмаларға техникалық көмек көрсету
бағдарламаларын енгiзу бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жоғары
бiлiм беру жүйесiнiң арасындағы байланысты жолға қою қажет. Семинар
сабақтарының қысқа мерзiмдi курстарын жүргiзу арқылы осындай көмек
шеңберiндегi оқу процесiн ұйымдастырудың нысандарын алуан түрлi еткен жөн.
әлеуметтiк серiктестiк шеңберiнде бастауыш, орта және жоғары кәсiби бiлiм
беретiн оқу орындарының түлектерiн жұмыспен қамту қызметiн дамыту керек.
Мұның артықшылығы қазiргi заманғы бизнестiң қажетiне сәйкес жұмыспен қамту
қызметi оқу бағдарламаларын әзiрлеу мен жетiлдiру iсiнде маңызды факторға
айналуы мүмкiн.

2.4.4. Оқыту мен тәрбие беру жүйесiнiң бiрлiгiн қамтамасыз ету

   Бiлiм беру жүйесi азаматтық сана-сезiмнің қалыптасуын қамтамасыз етудi
мұрат тұтады. Қазақстанда демократиялық институттардың одан әрi дамуына
қарай оқу орындары қоғамда барған сайын өскелең рөлге ие болмақ.

   Студенттiк кеңестер құру идеясын қолдау қажет.

   Әлемде АҚТҚЖҚТБ (ВИЧСПИД) iндетiнiң пайда болуы, бiздiң елiмiзде және
көршi мемлекеттерде жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулар (ЖБЖА)
санының өсуi, жасөспiрiмдер мен жастардың арасында нашақорлардың, бей-
берекет жыныстық қатынас жасайтын адамдар қатарының көбеюі АҚТҚЖҚТБ-ның
таралуына ықпал етедi, мұның өзi бiлiм беру жүйесiнiң алдына оқу
орындарында оқитындарға адамгершiлiк жыныстық тұрғыдан тәрбие беру мiндетiн
қояды.

   Тәрбие процесi орта мектепте басталуға тиiс, өйткенi тап осы жасөспiрiм
мен жасөспiрiм қарсаңындағы жаста балалардың бойында қауiптi нәпсiқорлық
мiнез-құлықтың қалыптас себептерi пайда болады. АҚТҚ-ны, ЖБЖА-ны алдын
алудың нәпсiлiк салауаттылық мәселелерi бойынша бiлiм беру мiнез құлықты
өзгертуге қабiлеттi әрi егер осы жаста жүргiзiлсе неғұрлым тиiмдi болады.

   Осыған байланысты мектептерде, кәсiптiк бiлiм беретін жоғары оқу
орындарында АҚТҚ, ЖБЖА және өсiп-өну денсаулығы мәселелерi бойынша тиiмдi
бiлiм беру бағдарламаларын белсендi түрде енгiзу керек. Бағдарламалардың
сапасы жақсы болуға тиiс, бұл ретте олардың оқитындарға тiкелей әсерi
болатындай мақсаткерлiкпен берiлуi мiндеттi. Мәселе балалардың аталған
салаларда бiлiм алу-алмауында емес қалай және қандай бiлiм алатындығында.

   Жасөспiрiмдер мен жастарға адамгершiлiк-жыныстық тұрғыдан тәрбие берудiң
жоғарыда аталған жолдары өскелең ұрпақ денсаулығының жақсы жай-күйiн
сақтауды көздейтiн салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi жалпы
бағдарламаға енгiзiлуге тиiс.

   Балалар мен жастарға әлеуметтiк тәрбие беруде де мектеп аса маңызды рөл
атқарады. Осыған байланысты мектеп оқушыларының бiрыңғай нысандағы киiмiн
енгiзу оқушылардың әлеуметтiк теңдiгiн қамтамасыз етуге өз үлесiн қосуға
тиiс. Ата-аналардың өз балаларын киiм-кешекпен қамтамасыз етудегi
мүмкiндiктерiнiң бiрдей болмауы қазiргi кезде мектеп оқушыларының арасында
елеусiз шектер туындатады.

   Оқушыларға адамгершiлiк-жыныстық тұрғыдан тәрбие беру, олардың бойында
азаматтықты, салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi пәндердi оқу-
тәрбие бағдарламаларына енгiзу арқылы орта мектепте тәрбие жұмысының
күшейтiлуiн ескере отырып, алда орта мектепте оқытуды 12 жылға көшiру
туралы мәселенi пысықтау күтiп тұр, ол соңғы үш жылда оқушылардың кәсiптiк
бағдарын толық көлемде қамтамасыз етедi. Аталған қадам мұқият зерделенiп,
әзiрленуге тиiс. 12 жылдық оқуға көшу үшiн тиiстi оқу-материалдық база құру
және оның ұйымдық-құқықтық негiзiн қамтамасыз ету қажет.

2.4.5. Бiлiм беру мен ғылымның iс жүзiнде интеграциялануын қамтамасыз ету

   Осы заманғы бәсекеге қабiлеттi экономиканы құрудың және дамытудың өзектi
факторы жоғары оқу орындарының қызметiнде оқу мен ғылыми-зерттеу бағыттары
арасындағы тығыз байланысты жолға қою болып табылады. Осыған байланысты
зерттеулер жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырыстарды елдiң жетекшi
жоғары оқу орындарында орналастырудың тетiгiн әзiрлеу қажет, мұның өзi
ғылым мен бiлiм берудiң интеграциялануын iс жүзiнде жүзеге асырады. Iрi
жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарын сөз жүзiнде емес, iс
жүзiнде бiрiктiру ғылым мен бiлiм берудi интеграциялаудың келесi қадамы
болуға тиiс.

   АҚШ-тың технологиялық жағынан неғұрлым дамыған аудандарында экономикалық
өсудiң үлкен пайызы университеттiк зерттеулердiң және осы зерттеулердi
лабораториялардан компьютерлiк бағдарламалар жасап шығаратын зауыттарға
және компанияларға жеткiзудiң арқасында мүмкiн болып отыр. АҚШ пен
Ұлыбританияда ғылымда жұмыспен қамтудың өсуiнiң негiзгi орталықтары жетекшi
университеттердiң төңiрегiнде шоғырланған.

   Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына жоғары курс студенттерiн
белсендiрек тарту керек.

2.4.6. Ресурстарды жұмылдыруды және бiлiм беру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн
арттыруды қамтамасыз ету

   Бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту жаңа стандарттар мен оқу жоспарларын,
жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу материалдарын ғана емес, сонымен бiрге
оқытудың инновациялық технологияларын, оқу процесiн ұйымдастырудың жаңа
нысандарын енгiзудi көздейдi. Мазмұнды жаңарту сапалы кадрлармен қамтамасыз
етумен қатар жүргiзiлуге тиiс, мұның өзi мұғалiмдердi және жоғары оқу
орындарының оқытушыларын даярлаудың, қайта даярлаудың және бiлiктiлiгiн
арттырудың жүйесi қайта қаралуға тиiс дегендi бiлдiредi. Мұғалiмдердi және
оқытушыларды қайта даярлау курстары өздерiнiң тыңдаушыларына проблемаларды
шешудi, тәуелсiз оқуды, сондай-ақ студенттердiң iскерлiгiн көтермелейтiн
педагогикалық әдiстерге арналған бағдар беруге тиiс.

   Бiлiм беру саласындағы прогрессивтi идеялар мен әзiрлемелердi
мультипликациялау мiндеттерi әзiрше бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiн
қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн арттырудың жұмыс iстеп тұрған курстарының
негiзгi мiндеттерi бола қойған жоқ. Бiлiм беру саласы үшiн мамандар даярлау
мен қайта даярлау қызметiнiң басым бағыттары тұтынушыларды оқушыларға,
студенттерге, курс тыңдаушыларына және тағы басқаларға бiлiмнiң жаңа
әдiстемелерiмен қамтамасыз ететiн жаңа оқу бағдарламаларына көшу болуға
тиiс.

   Бiлiм беру саласындағы зерттеу жұмыстарын жүйелi түрде жүргiзу қажет,
сабақ берудiң әр түрлi әдiстемелерi және оқытуға балама көзқарастың
тиiмдiлiгi соның шеңберiнде зерделенуге тиiс. Осындай зерттеу жұмыстарының
элементi ретiнде жаңашыл эксперименттiк мектептер құру қажет, оларда әр
түрлі елдерде әзiрленген оқытудың жаңа әдiстерiн байқап көруге және олардың
тиiмдiлiгiне баға беруге болар едi.

   Педагогтарды қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастыру педагогикалық ғылыми-зерттеу орталықтарымен және педагогикалық
жоғары оқу орындарымен өзара байланыста жүзеге асырылуға тиiс.

   Педагогикалық жұмыстың нәтижелерi бiлiм беру жүйесiн сапалы кадрлармен
қамтамасыз етуге байланысты екенiн түсiне отырып, бiлiм беру саласының
қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне жалпы сипаттама
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Қоғамның даму саясатының басқару жүйесінің тиімділігін арттыру
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ
Пәндер