Ислам дінінің Пасхаға деген көзқарасы


Па́сха (грекше: πάσχα; ивритше: פסח - песах - мағынасы «өтіп кету»), мәсіхшілік діні бойынша Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы (орысша: Светлое Христово Воскресение) - христиан дінінің ежелгі әрі ең маңызды мейрамы, Христостың өліп, қайта тірілуінің құрметіне тойланады. Христиан діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбардың «Христос» деген лауазымы бар, ол Құтқарушы және Құдайдың Ұлы. Мазмұны [жасыр]
1 Ислам дінінің Пасхаға деген көзқарасы
2 Мейрамның пайда болуы
3 Тарихы
4 Мейрамды өткізудің дәстүрлері
5 Пасханың күнтізбесі
6 Тағы қараңыз
[өңдеу]
Ислам дінінің Пасхаға деген көзқарасы
Ислам діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбар Адам пайғамбарға тең, өйткені ол да Адам сияқты әкесіз жаратылды. Бірақ Адам пайғамбардың (бар адамдардың түп атасы) атасы да анасы болмаса, пайғамбар Иса Мәсіх әкесіз, жалғыз анасы Мәриям арқылы дүниеге пайда болған.
Ислам діні бойынша, Алланың серіктері жоқ, соңдықтан пайғамбар Иса Мәсіх әулие, ерекше адам болса да, ол бағынуға лайық, бірақ оған Құдайдай табынуға болмайды. Екіншіден, Ислам діні бойынша пайғамбар Иса Мәсіх өлмеген, Алла оны өзіне алған, ал Иса Мәсіхтің тірілуі Пасха жексенбісінде болмаған, ол Ақыр заманда, Қиямет күнінде қайтып дүниеге келеді, өйткені ол тек пайғамбар емес, ол Мәсіх, оның ерекше миссиясы бар. Соңдықтан мұсылмандар Пасха күнін тойламайды. Бірақ христиандарды «Кітаптің адамдары» деп, олардың діни көзқарастарын құрметтейді және христиандар үшін Пасха мейрамының маңызын түсінеді.
[өңдеу]
Мейрамның пайда болуы
Христиандардың Исаның Нағыз Шіркеуі де Пасханы тойламайды. Кейбір протестанттар Пасханы тойласа, Пасхалық дәстүрлеріне қарсы шығады.
Бұрын яһудилер Мысырдан Мұса пайғамбармен қашып құтылуын тойлаған. Бұл мейрамды Песах деп атаған. Бұны жексенбі күні тойлаған. Христиан діні бойынша, пайғамбар Иса Мәсіх дәл осы күні тірілген. Соңдықтан, христиандар Песах мейрамына жаңа мәні беріп, «Песах» деген яһуди сөзін алып, оны юнанша (грекше) Пасха деп атай бастады.
Ағылшындар Пасханы өз тілінде «Easter» деп атаса, орыстар юнан сөзін пайдаланады. Алдыменен яһудилер мен христиандар Пасханы бір күні тойлаған, бірақ оған түрлі мән берген. Кейін, христиандар мейрамын бір аптаға кейін ауыстырды.
[өңдеу]
Тарихы
2 ғасырдан бастап, Пасха христиандардың ресми діни мейрамына айналған. Бірақ әр шіркеу оны өзінше тойлаған, әр мазхаб оны өз күнінде, өз дәстүрімен атап өткен. Соңдықтан, Ұрым, Александрия мен Кіші Азия шіркеулері арасында «Пасхалық дау» пайда болған. Ақырында бұл дау, епископтардың Никей синодында шешілген.
Осылайша, 325 жылдан бастап Пасханы көктемгі күн мен түннің теңелуі күнінен (бұл құбылыс Наурызға сәйкес, наурыздың 21-інде болады) кейін бірінші толған айдан кейін келесі жексенбіде тойлайды. Осылайша, Пасханың уақыты әр жылы әр күнге түсіп отырады, бірақ сәуір айында немесе мамыр айының басында болады. Бұл мейрамның тойлайтын күні ай күнтізбесі және күнтізбесінің екеуі бойынша есептеледі.
1583 жылы папа Григорий 13-інші жаңа күн күнтізбесін енгізген. Бұл қазір біз пайдаланатын григориан күнтізбесі. Бұл күнтізбе бойынша Пасха мейрамы бұрынғы тойлайтын күннен екі аптаға кейін ауыстырды. Орыс православ шіркеуі қазірге дейін григориан күнтізбесіне әлі де көшпей, юлиан күнтізбесін қолданып отыр.
16 ғасырда католик шіркеуінен жаңа протестант шіркеуі бөлініп шықты. Бірақ олар да григориан күнтізбесін пайдаланады. Соңдықтан католиктер мен протестанттардың Пасханы тойлайтын күні православ христиандардың тойлайтын күнінен бөлек. Бірақ айырмашылығы Рождество мейрамының, басқа діни мейрамдар сияқты, әр жылда екі апта емес, өйткені Пасхадан басқа әр мейрамның тойлайтын күні әр жылда өзгермейді, Пасханың тойлайтын күні болса әр жылда өзгереді. Кей жылдарда христиан дінінің әр мазхабы Пасханы бір күнде тойлайды.
1997 жылы Сирияның Алеппо қаласындағы саммитінде, Шіркеулердің Дүниежүзілік Кеңесі Пасханы әр жылда бір күнде тойлап, дүние жүзінде католик, протестант пен православ христиандардың арасында Пасханы тойлау рәсімінің айырмашылығын жойғысы келді. Бірақ бұл бастаманы еш шіркеу қолдамады. Сондықтан бұл мәселе әлі де шешілмеген.
Пасханың дәстүрінің бірі әл-Құдыста түсетін киелі отты алып, оны дүниенің бар ірі шіркеулеріне жеткізу. Қазір, ұшақтар бар кезде бұл мүмкін болып отыр. Бұрын киелі от тек қана әл-Құдыста түскен, әлем бойынша әр шіркеудің жанында алау жағылған.
[өңдеу]
Мейрамды өткізудің дәстүрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz