Қазақстанның Мемлекеттік Думасы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Мемлекеттік Дума: мәні және мазмұны

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Казақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал одан бір жыл бұрын 1990 жылдың 25 қазанында қазақ елінің терең құқықтық сипаты бар Мемлекеттік егемендігі туралы тарихи маңызы зор кұжат - Декларация кабылданды. Сөйтіп, біздің мемлекетіміз осыған дейін кей ретте аумақ көлемі, тұрғындарының саны, санаткерлік қуаты жағынан өзінен әлдеқайда төмен болса да саяси салиқалықық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды.

Тәуелсіздікті жариялаумен бірге Декларация шалғай және таяу көршілермен қатынастың жаңа үлгілерін орнатып, ұлтгық мемлекеттілікті қорғау, сақтау және нығайту жөніндегі жан-жакты сипатгағы шараларды белгіледі, билікті бөлу қағидаларын, меншіктің көп нысандарын, саяси және идеологиялық плюраллизм, азаматтардың құқыктары мен еркіндігінің кепілдіктері жайлы тұжырымдар жариялады. Біздің мемлекетіміз алғашқы кадамдарынан бастап, бүкіл әлемде танылған саяси-құқықтық принциптерге сүйеніп өмір сүре бастады.

Осы жылдар кезінде саяси сахнаға бірнеше Жоғарғы Кеңес, Парламент келді. Жаңа Конституция қабылданды. Казақстан тарихындағы тұңғыш кәсіби заң шығарушы орган - XIII сайланған Жоғарғы Кеңес пен оның орнына келген қос палаталы Парламенттің депутаттарын ойландырған мәселелер аз болған жоқ. Соның бір сауалы - Казақстандағы заң шығару қызметінің бастау көзі кайда? Ол неден басталады? Заң шығару қызметіне қатысқан алғашқы заңгерлер кімдер еді? Олар туралы не білеміз? - деген сауалдарға жауап беру ойға алынды.

Өлкенің қателіктерінен сабақ алу. Ресей империясының ұлан-ғайыр жер аумағындағы өзіндік ерекшелігі мол сайлау жүйесінің тетігін қадағалаудың, Мемлекеттік Дума депутаттарының заң шығару қызметін, монархиялық құрылыс жағдайындағы өкілді және атқару органдарының өзара катысы мен бір-біріне ықпалын зерттеудің бүгінгі кәсіби парламентін қалыптастырып отырған Казақстан үшін маңызы аса зор. Сонымен қатар, Ресейдегі парламентгің өмірге келуіне пәрменді ықпал еткен 1905-1907 жылдардағы демократиялық революцияның дүмпуі нәтижесінде күллі жұртшылықтың сайлауы арқылы кұрылатын Заң Кеңесін шақыру жөніндегі 1906 жылғы бастама империяны мекендеген халықтар мен шет аймақтағы қазақгар үшін де тарихи аса маңызды оқиға болды.

Дала және Түркістан өлкелері тұрғындарының булыгиндік, виттелік сондай-ақ үшінші маусымдық заңдарды қамтитын Думаларға катысуының елдегі демократиялық өзгерістерді іске асырудағы маңызы айрыкща болатыны анық еді. Бірақ, бұл халықтар сайлауға катысуға тең кұқық ала алмады. Олардан сайланатын адамдардың саны мейілінше шектеулі болды. Соның өзінде елде демократиялық өзгерістерге бетбұрыстың басталғаны оған шет аймақтағы халықтардың қатысу мүмкіндігі бар екені сезіле бастады.

1 Мемлекеттік Дума: мәні және мазмұны

Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси өмірдегі қажеттіліктен туыңдағанын ескеру керек. Ресей Мемлекеттік Думасының өмірге келу мұқтаждығы өзінен-өзі өсіп-жетіліп келе жатты. Бірақ оның түпкілікті орнай алмағанын тарихтан білеміз. Ендеше ол кажеттіліктер неден туды. Алдымен соған жауап беріп көрелік.

Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалалар елдегі халықтың басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отарындағы казақ даласының қалыптасқан саяси-әлеуметтік болмыс пішіні бұл тұста төмендегідей еді. 1905 жылы қазақ даласындағы барлық халық саны 4442, 8 мың болса, оның 10, 3 пайызын қоныс аударушы шаруалар, 6, 3 процентін казактар, 83, 4 процентін казақтар кұрады. Яғни казақ даласындағы ішкі отарлау саясатының салдарынан халық кұрамының едәуір өзгергенін көрсетеді. Ресейдің ол шетімен бұл шетіне дейінгі жер жыртып, мал өсірген шаруалар мемлекеттің ең басты тіректерінің бірі, бүкіл елдің азық-түлігін дайындап, күн көрісін камтамасыз етіп отырған бірден-бір әлеуметтік топ болды. Сондықтан империядағы өзгерістерге демократиялық сипат беріп, дамыған еддердегідей патша билігін жоймай-ақ, Мемлекеттік Дума Ресейдегі сан жағынан ең көп шаруалардың мұң-мұқтажын алғашқы кезекке қоймақшы болды. Шаруа үшін жердің ең маңызды мәселе екені әуел бастан белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге келген сәттен бастап-ақ бұл мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық кұрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды.

Патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмілеге де келмеді.

І-ші Мемлекеттік Думаға сайлау біріншіден, партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысын туғызды. Сайлау саяси билікке ұмтылған партияларға да либералдық ағым бағытындағы көңіл-күйлерге де әскери-полициялық қадағалаулар мен қуғындау тұрғысында өтті. 1906 жылы ақпанда Дала генерал-губернаторы мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне саяси партияның қаңдайының қатарына болса да өтуіне тыйым салған бұйрық шығарды.

1906 жылы көктемде осы жағдайларды ескере отырып, большевиктер партиясы Думаға байкот жариялау туралы шешім қабылдады. Өйткені, төңкеріс үшін сайлау кампанияларына қатынасудан гөрі саяси күрестің тереңдеп әрі қанат жаюы қажет еді. В. И. Лениннің сөзімен айтқанда "конституциялық болмас іспен жұбатудан, парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе жоқ" .

Думаға деген белсенді байкотты Қазақстандағы социал-демократиялық ұйымдар қолдады. Дума шақыру жөніндегі дайындық және үгіт жұмыстарында бірсыпыра олқылықтар орын алды. Соңдықтан да, 1906 жылы 8-ақпанда үкімет виттелік дума, булыгиндік думаның кебін кимес үшін, арнайы бұйрық шығарады. Онда: Мемлекеттік Кеңес және Мемлекеттік Думаға сайлауға жалпы халықтың қатыспай қоюы немесе сайлауға қарсы әрекеттерге байланысты әкімшілік жаза қолданып, (4 ай мен 8 айға дейін) түрмеге жабу туралы айтылды.

1905 жылы 6-13-ші қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергілікті өлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам кайраткерлері бірігіп съезд өткізді. Олар І-ші Мемлекеттік Думаны Құрылтай жиналысына айналдырудың жолдарын қарастырды. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елінің атынан сөз сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ деген халықтың барлығын, өзінің сол халықтың перзенті екендігін айтты. "Осында сөйлеген поляк, латыш, өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз (қазақ) тіліндегі мектептер қуғын-сүргінге үшырауда. Бізді де цензура аямай жаншуда. Автономистердің съезі осы жылы Петербургте қараша айында өтеді. Бұл съезге қазақтың белгілі саяси-қоғам қайраткері М. Тынышбайұлы катынасып, баяндама жасады. Науқан барысында патша үкіметінің шарасыз халін өлкенің саяси өмірінде тиімді пайдалануды көздегендер де кездесті. 1906 жылғы 22-ші ақпандағы күн ілгері уәде берілген Ереже мен сайлау науқанының бет алысы жаңа саяси-идеялық бағыт ұстанған партияларды қалыптастыруды тездетті. Алғашқылардың бірі болып кадет партиясының филиалы құрылды - деп жазады сол кездегі тарихи дерек көздері.

Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы бағдарламасынан байқалғанындай жалпы ұлттық, демократиялық сипаттағы мүддені көздеген. Тарихта орын алып келгендей, қазақ конституциялық-демократиялық партиясын ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе ұлттық буржуазияның таптық мүддесін мұрат еткен ұйым есебінде көрсету дұрыс емес. Әрі бұл тұста олардың ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығара алмаймыз. Бұл алғашқы саяси ұйым - отарлық езгіге қарсы бұқара халықтың бостандық пен еркіндігіне барар жолдағы ұлттық, демократиялық мұраттарды көздеген дербес төл партия құру әрекеті ретінде бағалануға лайықты.

Шаруа тандаушыларының қатарына кімдер кірді деген мәселеге тоқталайық. Мәселен, Ақмола облысы бойынша ауыл мен деревняларда революциялық үгіттің жағдайы нашар болатын. Өкімет тарапынан болған куғын-сүргіндер, әскери жағдайлармен қатар жергілікті социал-демократтардың қатарынын да аздығы өз әсерін тигізді.

Ақмола облысында ауыл тұрғындары арасында конституциялық-демократиялық партия белсенді қызмет жасады. Омбы кадеттерінің арасында кең тараған "Степной голос" былай деп жазды: "местных интеллигентных силах лежит трудная, но почетная, обязанность приложить все усилия к тому, чтобы выборы в Государственную Думу во всех стадиях проходили не только вполне сознательно, но и дали бы заранее определенные резулътаты" . Аты аталған газет кадеттердің бағдарламасын, әсіресе аграрлық мәселе бойынша ерекше тоқталып: "Кім Отанына игілік жасағысы келсе, сол сайлау кезінде "Народная свобода" партиясын қолдау керек" - деп шақырды. Сондай-ақ, кадеттер большевиктердің Дума жөніндегі тактикасына қарсы ұсақ буржуазиялық саяси ағымдарды сайлау науқаны алдындағы күреске бірігуге шақырды Шаруалар оларды қолдамады. Уездердегі жиналыстарда шаруалар партияда жоқтар тобынан корінді. Сайлаудың соңғы сатысында Ақмола облысында халықтың басым көпшілігінің сайлауға қатыспау себептерін кадеттердің кесірінен деп үғындырылды. Ал кадеттер болса, халықтың Думаға, сондай-ақ "Народная свобода" партиясына сенімсіздігінен деп түсіндірді. Кадеттердің жеңілуіне тағы да бір ықпал еткен жағдай ол төңкерісшіл социал-демократиялық партияның белсенді іс-қимылы болатын. Әйтсе де, жергілікті социал-демократиялық күштердің тыңғылықты ұйымдаспауы да өз нәтижесін көрсетті. Думаға меньшевиктік бағытты жақтаушылар да енген еді. Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиелік билікті, оның отарлау саясатын өткір сынға алып, оған карсы ашық та пәрменді оппозициялық күшке айналған "Народная свобода" партиясы жағында болу Әлихан Бөкейхан және басқа қазақ зиялыларына тактикалық түрғыдан белгілі бір уақытқа дейін тиімді көрінгені тарихи шындық. Ол туралы Әлихан Бөкейхан 1913 жылы "Қазақ" газетінде: Біздің казақ-орыстың түзу жолда жүргендерінің отына жылынып келген, империялық жүйе жағдайында "қазақ сияқты аз-кем жұрт мақсаты біреуге ілесіп жүріп болады. Өз бетімен қазақ жол аша алмайды"- деп жазған еді.

Торғай облысының сайлау науқанын шаруалар ашты. Олар жалпы 56 сайланушыны таңдау керек болды. Оның 47 орыны Қостанай уезіне, қалғандары Ақтөбе, Торғай, Ырғыз уездеріне бөлінді. Әсіресе сайлау Қостанай уезінде қызу жүрді. Онда жергілікті билікке сүйенген кулактар өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал етті. Бірақ ауыл кедейлері тарапынан бұл пиғыл үлкен қарсылыққа ұшырады. Басқа уездерде көпшілік сайланушылардың құрамы қатардағы шаруалардан тұрды.

Социал-демократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай болды, 1906 жылы 30-шы сәуірде Қостанай уезінің Успенск болысының шаруалары патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау жүргізді. Қостанайлық шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен біріге отырып, төмендегідей талап-тілектер койған: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т. б.

Торғай қаласы мен облысы көлеміндегі сайлау науқанында әлеуметтік топтардың, һәм партиялар арасындағы қызметі белсенді түрде көрінді. Ол туралы "Тургайская газета": "Қостанай қаласының жүртшылығы сайлау науқанына қатысты әлі күнге дейін сайлаушыларды шақырған түрлі-түсті афишалар, әртүрлі партиялардың ұрандары үйлердің қабырғалары мен какпаларында сақталған" - деп жазды. Патша зандарының халыққа қарсы бағытталған тұстары қалың бұқараның кейбір әлеуметтік тобына өзінің тиімділігін байқатты. Сайлау науқанының алғашқы сайысында Торғай қаласы мен облысында Қостанайдың 10 сайланушысының 4-уі саудагер, 4-мещандар болды. Олар жалға жер алып, адамдар жалдап өңдеп, өнім өндірушілер болатын. Калған біреуі - молда, соңғысы - мещан старостасы. Ақтөбелік таңдаушылардың (выборщики) бірі - уездік басқарма қызметкері, екіншісі - судья болса, Торғай мен Ырғыз уездері саудагерлерді сайлады . Сол кездегі құжаттар көрсеткендей барлық таңдаушылардың қандай партияның мүшесі болғаны жөнінде нақты деректер жоқ. Дегенмен де, таңдаушылардың көпшілігіне кадеттер идеологиясының әсерін байқау қиын емес. Сол кезде Торғай облысы әскери губернаторына Ақтөбе уезінің шаруалар жетекшісі былай-деп жазды: "Жергілікті халық арасында конституциялық-демократиялық партияның бағдарламасы кең тарады. Мемлекеттік Думаға осы партияның атынан үміткерлерді талдау жөнінде үгіт жүргізе бастады". Алайда, сайлау қорытындысында кадеттер ықпалының өте жоғары деңгейде болмағанын көрсетеді. Облыстық сайлау комиссиясының көрсетуі бойынша сайлау жиналысына келген 57 таңдаушының, 31-і өз дауыстарын "Народная свобода" партиясын жақтаушы Н. Дыхничқа берген. Халықтың неғұрлым демократиялық ой-пікірге жақын тобы жергілікті өкімет тарапынан тікелей қысым көрді" Қостанай қаласының сайлаушылары сайлау науқанына наразылықтарын былайша білдірді: 1. Сайлау негізінен жергілікті әкімшіліктің ықпалымен, түрлі қасақана бұрмалаулармен өтті; 2. Полиция кандидатты қорқыта отырып, оларды тізімге кіргізді. 3. Кандидаттар әкімшілік тарапынан әлдеқайда бұрын тағайындалды; 4. Сайлаушылар тізіміне өлгендер де еніп кеткен; 5. Әкімшілік қараңғы халықты өздеріне қажет кандидатты жазуға мәжбүр етті, ерікті сайлау болған жоқ, әкімшілік зорлығы болды. Ескі тәртіптің нышаны айқын сезіліп түрды. Осы тәріздес өкімет тарапынан болған бассыздыққа орай, Торғай облысының басқа жерлерінде де арыз-шағымдар түсіп жатты, облыстағы сайлаудың нәтижесінде қазақ ұлтынан депутаттыққа Ахмет Бірімжан өтті.

Семей қаласында 1906 жылы қаңтарда "Народная свобода" партиясының бөлімшесі құрылды. Сайлау алдындағы 1906 жылғы 7-мамырдағы мәжілісте кадеттердің бағдарламасы оқылып, талқыланды. Мамыр айының екінші жартысында кадеттер жеті мәрте жиналыс өткізді. Осы бас қосулардың бірінде Семей қаласы бойынша Мемлекеттік Думаға кандидаттыққа мүше етіп 16 сайлаушыны белгіледі. Жергілікті әкімшілік бұл істе оларды қолдап: "социал демократтар мен социал-революционерлерге қарағанда кадеттерге жеңілдік жасап, өз бағдарламаларын ауызша, жазбаша, түрде үгіт жүргізуге құқық берді". Олардың жүргізген үгіт жұмыстары уездерде, қалаларда табысқа жетті. Өскеменде және басқа жерлерде бірнеше партиялық ұйымның бар екендігі анықталып, алғашқы сайлау алдындағы үгіт жүмыстарында "Народная свобода" партиясының салмағы басым екендігі сезілді. Кадеттер жергілікті халық арасындағы сайлаушыларға үгіт жүргізуде либералдық бағыттағы зиялы қауыммен байланыс жасады. 1906 жылы 15-маусымда Семейде "Народная свобода" партиясының бюросында мынадай шешім қабылдады: "войти в соглашение с местными киргизским бюро партии "Народной свободы" для совместной по возможности, работы" Айта кететін жайт, 1906 жылдың 15-маусымы күні Мемлекеттік Думаға депутат болып Семей облысынан Әлихан Бөкейхан сайланды. Ол жөнінде жергілікті газет: "15 маусым күні Семейде облыс атынан Мемлекеттік Думаға мүше сайлау болып өтті. Оған бірауыздан Карқаралы уезі, Тоқырауын болысының қазағы, орманшы-ғалым, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан сайланды. Редакция қазақ халқын нәтижелі сайлау қорытындысымен құттықтайды, олар Бөкейхан арқылы Мемлекеттік Думада өз мүддесі үшін күресе алатын нағыз қайраткерге сенім артып отыр" - деп жазды. Әлихан Бөкейханның алдымен Омбыға, содан соң Петербургке 3 шілдеде аттанғаны туралы хабарды осы газеттен оқимыз. Ол Петербургке І-ші Мемлекеттік Думаның соңғы күндерінде келіп жеткен еді.

Кадеттер қала, ауыл арасында дауысқа түсуге құлықты болған жоқ, керісінше казактарды жағалап, солардың қолдауынан үміттенді. Осы облыс бойынша сайлау науқанының соңғы мәресінде "Трудовая группа" кандидаты В. Недоносков жеңіске жетсе, қазақтардың арасынан Алпысбай Қалменұлы сайланды.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде сайлау науқаны өте кеш басталды. Өйткені Түркістан халқының сайлауға қатынасу құқы жөніндегі жарлыққа патша І-ші Дума ашылуына санаулы күн қалғанда ғана қол қойды. Оның үстіне жергілікті басшылар жарлық шыққаннан кейін де сайлау комиссиясының ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуға асықпады. Сайлаушылардың тізімін жасаған жоқ. Верный қаласы сайлаушыларының бірі өзінің арыз-шағымында былай деп жазды: "вся подготовительная работа верненской городской управы к выборам является сборником нарушений и может быть отлично использована в будущем в качестве руководства, указывающего, как не Следует делать", Ақырында Верный, Капал және Жаркентте сайлаушыларды таңдап үлгерді, ал облыстың қалған қалаларында сайлаушылар тізімі әйтеуір жасалды деген құр аты ғана еді.

1906 жылы 4 шілдеде Верный қаласында сайлаушылардың таңдауы болды. Онда 1408 адам катысты. Таңдаушылар болып төмендегілер: Покров шіркеуінің бастығы, Құлжа қаласындағы орыс-қытай банкінің бөлім меңгерушісі, гимназия мұғалімі және Верныйлық мещан белгілен еді.

Сайлау және сайлаушыларды тандау жергілікті биліктің күш көрсетуімен өтті. Мысалы, Верныйлық сайлаушылар былай деп жазды: "осы сайлау тізіміне тірілерге қоса марқұмдардың да есімдері еніп кетті. Полицияға өлген адамдардың сайлау карточкалары мен қосымша деректерді анықтау тапсырылды. Әрі қарай оларға тиісті тәртіпті қатаң қадағалауды меңзеді".

І-ші Мемлекеттік Думаның тарағасы жөнінде жарлық шыққанда, Жетісу облысында сайлау науқаны енді басталған болатын. Верный уезінің Михайловка болысы шаруалары сенім білдірушіні, ал Қапал уезінде 2 сайланушыны таңдап үлгерді. Ал қалған жерлерде тіпті сайлаудың өтуіне дайындалып та үлгермеді, Ал енді бірінші Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттары Алпысбай Қалменұлы мен Ахмет Бірімжан Петербургке Дума ашылғаннан бір жарым ай өткен соң, яғни 10-17 маусым аралығында келіп жеткен. Бұл мерзім аралығында Думада аграрлық һәм азаматтық теңдік туралы және басқа да мәселелер ішкі талқылаудан өтіп, тиісті комиссиялар құрылып қойған-ды. Сол себепті де олар аталған комиссиялардың құрамына енген жоқ. Алпысбай Қалменұлы мен Ахмет Бірімжан ең әуелі өздері қатынаса алмаған жиырмаға жуық Дума Облыстарыньң есебімен және жұмыс жасаған комиссиялардың ісімен танысуға отырған; Әлихан Бөкейхан болса, деректерге сүйенсек Дума жабылуға бірер күн қалғанда ғана келіп жеткен. Осылайша казақ даласынан сайланған депутаттарға І-ші Мемлекеттік Дума жүмысына белсене араласуына шын мәнісінде мүмкіндік болмады.

Соның өзінде 2-ші шілде күні Дума отырысында Ахмет Бірімжан сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссияның құрамына Қазақ депутаттарының өкілін енгізуді ұсынады". І-ші Мемлекеттік Дума жүмысына Қазақ депутаттары мұсылман депутаттары фракциясының қатарында ат салысты. Аталған фракция аграрлық мәселеге байланысты бас құжат боп табылатын заң жобасын жасауға күш салды. Олар мұсылмандар партиясыньң бағдарламасына сүйене отырып аграрлық түжырымдама жасады. Алғашында жерді облыстық меншікке айналдырып, сол арқылы қарауындағы аумақты мекендеген байырғы тұрғын халық арасында үлес мөлшерінің көлемін бөлу, отырықшы егіншілер ғана емес сондай-ақ, көшпелі шаруашылық қалыптағы малшылар үшін де қатар өсуін күн тәртібіне қойды. Сырттан қоныс аудару біржола тоқтатылуын һәм иелік еткен жеке мүшелерінің арасында тиісті еншісін алу құқы ауылдың қауым меншігіне берілуін талап етті. Думаның комиссиясына берілген осы кұжатпен қатар Ахмет Бірімжан, Алпысбай Қалменұлы басқа да депутаттар жоғарғы үкімет органдарына қоныс аударушыларды жерге орналастыру комиссияларының қазақ даласында жасап жатқан заңсыз әрекеттері жөнінде сұрау салды.

І-ші Мемлекеттік Дума бар болғаны 72 күн ғана жұмыс жасады (кейбір деректерде 73 күн) . 1906 жылғы 9-шілде күні алғашқы Дума үкімет шешімімен таратылды.

І-ші Мемлекеттік Дума тарағанымен қазақ даласында төңкерісшіл қозғалыс бәсеңдеген жоқ. 1906 жылы жазда қала халқының аграрлық мәселе бойынша қозғалысы жаңаша сипат алды. Төңкерісшіл көтерілістерді басу үшін, шет аймақтардағы толқуларды болдырмау мақсатында патша үкіметі түрлі айла-шарғылар жасады.

Елдегі саяси жағдайдың өріс алуына орай, ІІ-ші Мемлекеттік Дума қарсаңында сол кездегі партиялардың да алдағы сайлауға деген көзқарастары өзгере бастады. І-ші Мемлекеттік Думаға байкот жариялаған большевиктер конференцияда оны жан-жақты талдап, сайлау науқанына қатысу керек деп шешім қабылдады. Большевиктер сайлау науқанына қатысуды мойындағанымен, негізгі стратегиялық бағыттан ауды деуге болмайды. Олар оған катынасудың негізгі мақсаты толықгай идеялық-ұйымшылдықты сақтау деп білді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін идеалдық күресі
Түркістан және Алаш автономияларының әлсіреуі
Түркістан және Алаш автономияларының мақсаты, мәні, күйреуі
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Закавказьелік депутат
Қаһарлы Иванның билік еткен уақытындағы жарқын реформалары
Алашорданың құрылуы
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі туралы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz