Рибосомалар


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

1. 1. Рибосомалар

2. Негізгі бөлім

2. 1. Рибосомалардың түрлері

2. 2. Рибосомалардың құрылысы

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Рабосомалар түрлері, құрылысы және қызметі

Рибосомалар мембранасыз және өте ұсақ органоидтар, олардың диаметры 20 нм шамасындай болады.

Рабосомаларда кіші тығыз денешіктер түрінде 1955 жылы Паладе ашты. Электрондық микроскоптың көмегімен ашылған рибосомаларды тығыз бөлшекттер немесе Паладттың гранулалары деп атайды. 1958 жылы Робертс Оны «рибосома» деп атаған. Рибосомаларды тек электронды микроскоп арқылы көруге болады (Сурет-1) . Рибосомадардың химиялық кұрамына келетін болсақ, олардың 60% Құлылымдық ақуыздан, ал 40% РНК-дан тұрады.

Рибосомалар-ақуы синтезін іске асыратын органоидтар.

Рибосомалар прокариопар мен эукариоттардың жасушаларында болатын дииетрі - 15-25 нм өте ұсақ Жұмыр бөлшектер.

Рибосомалар бөлшектерінің үдкендігін ультрацентрифугада бөлшектер шөгуінің жылдамдығын сипаттайты седиментация константасының (S - Сведберг бірлігі) көмегімен белгілейді. S саны қаншалықты көп болса, седиментация жылдамдығы соғұрлым жоғары болады, демек бөлшектер неғұрлым салмақты болса, соғұрлым тез шөгеді. Молекулалық массасы алты миллион (6 млн. ) "тұтас" рибосомаларды 100 бірліктегі рибосома дейді.

Прокариоттар рибосомаларының седиментация коэффициенті 70 S, эукариоттардікі 80 S, митохондриялар рибосомаларының седиментация коэффициенті рибосамалардың 70 S класына жатады. Хлоропластардың рибосомалары 67-70 S шамасында болады. Эукариоттық жасушада рибосоманың екі популяциясыда айқын көрінеді - еркін орналасқан рибосомалар және эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомалар.

Рибосомалар үлкендігі әр түрлі екі құрылшымдық суббірліктен құралған: үлкен және кіші. Рибосомаларның суббірліктері РНК мен рибосомалардан тұрады, Рибосомада ақуыздар синтезделеді. Онда ақуыздар мен полипептидтер жинақталады. Оның кіші суббірлігіне иРНҚ

Сурет - 1 70 S- рибосоманың құрылысы

(80 S рибосоманың суббөлшектерінде ақуыз көбірек, ал оның үлкен суббөлшектерінде р-РНК -ның үш молукуласы болады) .

молекуласы қосылады, ат үлкенге-тРНК молекуласы. Оның кіші суббірлігінде трансляция (көшіріп аудару) процесі жүреді, ал үлкен бөлігінде аминоқышқылдар жинақталып, ақуыз молекуласы түзіледі. Үлкен суббірлігі эндоплазмалық тордың липопротендік мембранасына рибосомалардың бекінуіне қатысады. Бір ақуыз молекудасының синтезне бірнеше рибосома қатысады, оны полисома деп атайды. Бактериялардан сүтқоректілерге дейінгі ағзалардың бәрінің рибосомалары үлкендігі, кұрылысы және химиялық құрамы жағынан ұқсас. Олар ақуыз бен РНК-ның бірдей мөлшерінен тұрады. Негізінен, рибосомалар мен рРНК ядрошықта синтезделеді. Рибосоманың құрамына кіретін ақуыздар алуан түрлі болады. Прокариотық рибосомада шамамен 55, ал эукариоттық рибосомада 100-ге жуық ақуыз кездеседі. Рибосомаларда липидтер болмайды. Ақуыздарды жедел синтездейтін жасушаларда рибосомалар көп болады. Сол сияқты жасушалардың өсу дәуірінде де цитоплазмада, эндоплазмалық торлардың мембраналарына бекінген, көптеген бос рибосомалар байқалады.

Ересек және кәрі жасушаларда рибосомалар болмайды. Көптеген жасушаларда м-РНК молекулалары бос рибосомаларды біріктіріп, полирибосомалар немесе полнсомалар деп аталатын кішкене топтар құрайды.

Рибосомадар үкемі қозғалыста болады. Рибосомалардың екі түрі бар: Рибосомалардың бірінші түрі - цитоплазма матриксінде немесе митохондриялар мен хлоропластар сияқты органоидтарда жеке бос орнанасқан және топ болып орналасқан рибосомалар. Топ түзетін рибосомаларды полирибосома немесе полисомалар деп атайды. Бұлар цитоплазмалық органоидтардың бір бөлек класын кұрайды. Рибосомалардың екінші түрі гранулярлық эндоплазмалық ретикулумның мембранасына бекініп тұрады.

Бос рибосомалардың негізгі қызметі - цитоплазманың матриксінде ақуыздарды синтездеу. Бос рибосомалардың синтездеген ақуыздары ерекше цитоплазмалық ақуыздар олар тек белгілі жасуша типінде болады, мысалы, эритроциттердің гемоглобин ақуызы. Осы гемоглобинің сиктезделуіне байланысты Уарнер өзінің еңбектерінде рибосомаларды олардың функционалды бірлігіне байланысты біріктіріп, полирибосомалар деп атаған. Бұл ғалым гемоглобиннің синтезлелуіне қатысатын бос рибосомалар, негізінде орташа 5 рибосомадан тұратын топ түзетінің дәлелдеді. Бос рибосомалар бір-бірімен жіңішке жіп арқылы қосылған. Бұл жіптер гемоглобинді синтездейтін м-РНК молекуласы. Бір амин қышқылы екінші бір амин қышқылымен тек рибосома арқылы қосылады. Сол себепті м-РНК -ның ұзын молекуласында қандай амин қышқылдары бір-бірімен қосылатыны және қандай қатынаста ауысатыны туралы код бекітілген.

Полиробосомалар негізінде ирек немесе спираль тәрізді болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Лаханова К. М., «Цитология», Шымкент 2006ж.

78-80 беттер.

2. Н. Нұрышов., «Клетка құрылысы мен қызметі», Алматы 2000 ж.

3. Ажаев С., «Гистология», Кентау 2005ж.

4. Рақышов М., «Организмнің нәзәк құрылымы», Алматы 1994 ж.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизосомалар мен рибосомалардың құрылысы
МИТОХОНДРИЯ
Органелллалар
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы
Плазмалық мембрана
Клеткалардың формасы және көлемі
Жасушаның зерттеу әдістері
Паренхималық клетка
Жасушалармен тіндердің патологиясы
Өсімдіктер клеткасының құрылымы мен атқаратын қызметі туралы жалпы шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz