Сот ұғымы, түсінігі, шешімі, айырмашылықтары



1 Сот ұғымы, түсінігі, шешімі, айырмашылықтары
2 Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы
3 ҚР Жоғарғы Соты
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта және саясатта елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттік егемендігі туралы Деклорация 1990 жылы 25-қазанда қабылданды. Мұнда “Қазақ Советтік Социалистік Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, Республикадағы тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып, жалпыға бірдей адам праволары деклорациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін билей правосын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті ұғына отырып, ізгілікті демократиялық-праволық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы деклорацияны қабылдайды”, - деп көрсетті.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Сот ұғымы, түсінігі, шешімі, айырмашылықтары
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта және саясатта елеулі өзгерістер
болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен
мемлекеттік егемендігі туралы Деклорация 1990 жылы 25-қазанда қабылданды.
Мұнда “Қазақ Советтік Социалистік Жоғарғы Советі Қазақстан халқының еркін
білдіре отырып, Республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең
тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, Республикадағы тұратын халықтарды
топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай
отырып, жалпыға бірдей адам праволары деклорациясын және ұлттардың өзін-өзі
еркін билей правосын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін
жауапкершілікті ұғына отырып, ізгілікті демократиялық-праволық мемлекетті
құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Советтік Социалистік
Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды және осы деклорацияны
қабылдайды”, - деп көрсетті.
Артынша бір жылдан кейін 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан
Республикасының (ҚР) Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы” ҚР Конституциялық Заңы қабылданып, Қазақстан мемлекеті
өз тәуелсіздігін жария етті. Онда былай деп жазылды: “ҚР тәуелсіз мемлекет
ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің сыртқы және
ішкі саясатын дербес аяқтап, өзі жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР
халықаралық көлемге шығарды, өзінің басқа мемлекеттермен қатынасын
халықаралық құқық нормалары негізінде құрады. ҚР аумағы бөлінбейді және
оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды. Ұлттардың азаматтары енді
біртұтас Қазақстан халқы болып танылады. Мемлекеттік өкімет Қазақстан
халқының еркін білдіреді. Мемлекеттің өкімет билігінің заң шығарушылық,
атқарушылық және сот тармақтарына бөліну қағидасы тұңғыш рет танылады деп
бекітілді.
1993 жылы 28-қаңтарда ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-сайланған 9-сессиясында
дербес тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстан
мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда халыққа қызмет ететін азаматтардың ең
көлемді құқықтары мен бостандықтарын, т.б. жариялауда халықтың еркін
білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы
болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституция жобасы
әзірленіп, бүкіл халықтық баспасөзде жарияланды. Бүкіл халықтық дауыс беру
референдум нәтижесінде 1995 жылы 30-тамызда ҚР жаңа Конституциясы
қабылданды.
1993 жылы 28-қаңтарда Жоғарғы Кеңестің 12-сайланған 9-сессиясында
қабылданған ҚР Конституциясында мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде
тұңғыш рет 16-тарауда “сот” деген атаумен “Сот билігі Конституциялық Сотқа,
Жоғарғы Сотқа, Жоғарғы төрелік:
- республика соттарының қызметі үшін тиісті жағдай жасау мақсатында
оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырды;
- сот статистикасын жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырды;
- сот шешімдерін орындату жөніндегі жұмысты ұйымдастырды;
-судьялардың тәуелсіздігін орындауға бағытталған шараларды әзірлеп,
жүзеге асырды.
Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді
қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғайтын, ал бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша
ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан,
тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес өздеріне Республика атынан
берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген
сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу
мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды
және негізделген шешім шығарады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық
және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тараптарды (талапкер
немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен
жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талапкердің
пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады.
Істі сот отырысында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған
принциптеріне негізделеді.
Өзге ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамның өзіне сот
міндетін алуына құқығы жоқ.
Қандай да атпен болсын арнаулы және төтенше соттар құруға жол
берілмейді. ҚР соттардың мамандандырылуы және осы мақсатта: шаруашылық,
салық, отбасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі, әкімшілік және
басқа мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін. Мамандандырылған соттардың
(қалалық) сот мәртебесі болады, олар сот жөніндегі жарлықта көрсетілген
ережелерді қолданады.
Сот билігін тікелей жүзеге асыру заңдылықты сақтау, судьялардың
тәуелсіздігін баршаның заң мен сот алдында бірдейлігін, тараптардың ашық
пікір білдіруі мен тең құқықтылығын, қаралатын істің жариялылығын
қамтамасыз ету сияқты принциптермен іске асырылады. Кез-келген азаматқа
құқық бұзушылық кез-келген шешімдер мен мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың, лауазымдық және басқа да адамдардың Республика Конституциясымен
және заңдарымен көзделген құқықтарға, бостандықтарға және заңды мүдделерге
нұсқан келтіретін немесе оны шектейтін іс-әрекеттерінен сот арқылы қорғану
кепілдігі берілген. Барлық соттарда және сот ісін қараудың кез-келген
сатысында да азаматқа кәсіби заң көмегін алу және қорғану құқғына кепілдік
берілген.
Соттардың шешімдерін, үкімдерін, өзге де қаулыларын, сондай-ақ олардың
заңды үкімдерін, талаптарын, тапсырымдарын және басқа да өтініштерін барлық
мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ Республиканың бүкіл
аумағындағы азаматтар міндетті түрде орындаулары тиіс, оларды орындамау,
сотқа деген көзқарастың өзгеше көріністері үшін заң бойынша жауаптылық
белгіленеді.
Азаматтық және төрелік істер бойынша сот сот атқырушылары және сот
приставтары институттары арқылы өз шешімдерімен жауапкерді тәртібі үшін
жауап беруге, сот шешімдерін атқаруға мәжбүрлей алады.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сот бір күннен асырмай, орындалуға
тиісті жазбаша өкімді үкімді жүзеге асыратын орынға жібереді. Талапкердің
заңды мүддесін қорғау мақсатында сот талапарызды қанағаттандыру жөнінде
шаралар қабылдайды, атап айтқанда: мүлікті немесе жауапкерге тиесілі
ақшалай қаражатты тұтқынға алады. Сот шешімін орындау ол заңды күшіне
енгеннен кейін соттың талап етушіге атқару парағын – барлық борышкерге
бірдей міндетті құжат берумен қамтамасыз етіледі.
Сот қабылдаған шешім тек мемлекеттік органдары, лауазымды адамдар мен
азаматтар үшін ғана емес, соттың өзі үшін де міндетті түрде орындалуы тиіс.
Сот шешімінің тек оның тиісті сот сатыларында заңмен шектелген қатаң
тәртіпке қайта қарау тәртібі мен күші жойылуы және өзгертілуі мүмкін.
Сот шешімін қасақана орындамаған не оны орындауға кедергі келтіргені
үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттың қызметіне араласуына жол
бермеушілік нақты істерді шешкен кезде судьялардың Конституциялар мен
заңдардың нормаларын басшылыққа алатындығын, нақты істер балрық мәселелерді
өзінің ішкі сенімімен шешетіндігін және бірде-бір мемлекеттік немесе
қоғамдық мекеменің, бірде-бір лауазымды адамның судьяға нұсқау беруге
құқығы жоқ екендігін, қандай да бір істі болсын шешу тек қана сотқа
жүктелгендігі білдіреді.
ҚР Әділет министрлігі ҚР Жоғарға Кеңесінің Пленумына республикалық
заңдарды қолдану мәселелері жөнінде соттарға басшылық түсіндірмелер беру
туралы ұсыныстар енгізуге құқылы болды.
Аудандық (қалалық) халық соты ауданда, қалада (аудандық бағыныстағы
қалалардан басқа), қаладағы ауданда құрылады. ҚР Жоғарғы Кеңесі Әділет
министрлігінің ұсынысы бойынша аудан мен қалаға бір аудандық халық сотын
құра алады және де осы органдардың ұсынуымен арнайы мамандандырылған
(кәмелетке толмағандар, семьялық және басқа да) соттарды құра алады.
Аудандық (қалалық) халық соты басқа соттардың жүргізуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою ұғымын салыстырмалы құқықтық негізде зерртеу
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері
Психикалық аурулар сараптамасы
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Құқық нормаларын қолданудың тәжірибелік ерекшелігі
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ
Рим құқығы
Талап ұғымы және түсінігі
Пәндер