Сиырлардың эндометритін емдеу және анықтау әдістерін өңдеу
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ
Қорытынды
1 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ
Қорытынды
Республикада мал түліктерінің басын көбейту, олардан алынатын өнімдерді молайтып, сапасын жақсарту бүгінгі таңда мал шаруашылығында істейтін жалпы еңбеккерлермен мамандардың өзекті міндеттердің бірі.
Мал шаруашылығын өркендетудің негізгі міндетті мал өнімдері бағасын жоғарылату және сиырлардың репродуктивті қызметін белсендіріп мал басының санын көбейтіп, сапасын жақсарту. Сиырлардың өндіру қызметі нашарлаған кезде, қысырлық пен бедеулік байқалып, олардың төл әкелуі төмендейді. Қазіргі кезде мал шаруашылығында көп шығын тудыратын, жекеленген аурулар кездеседі, оның ішінде көбінесе эндометриттер орын алып, үлкен экономикалық шығын тудырады.
Ірі мал шаруашылық кешендерінің таралуы оның орнына әр түрлі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің пайда болуына байланысты ветеринарлық жұмыстардың әлсіреуіне әкеледі. Осынынң салдарынан эндометритке қарсы шаралар уақыттында жүргізілмеуіне байланысты сиырлар ауруға шалдығады.
Ақмола облысы шаруашылықтарында соңғы 14 жылда (1990-2004 жылдар) негізгі мәселе болып, ол сиырлардың репродуктивті қызметінің бұзылуына себепкер эндометриттер болып саналады.
В.Ф. Воскобойниктің, 1985 пікірінше мал шаруашылығында эндометриттер жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға қарағанда кең тарап, шаруашылыққа орасан зор экономикалық шығын туғызады [20].
Ю.И. Мирон, В.А. Лачкарев, В.Н. Кулик, 1985 С. Каурусявичуя, Р. Марщука, 1985, В.Г. Гавриш, 1988, В.К. Просандеев, 1990, Д.А. Kruif , 1994. сынды ғалымдардың айтуынша Бедеулік деген түсінік түрлеріне, жіктелуіне және себептеріне байланысты өзгеше болады.

ӘОК 619:[618.15-002.155+618.15-002.3]:6 35.2 (574) Қолжазба құқығында
КЕМЕШОВ ЖОМАРТ ӨМІРБЕКҰЛЫ
Сиырлардың эндометритін емдеу және анықтау
әдістерін өңдеу
Мамандығы 16.00.07 –мал дәрігерлік акушерлік және мал өнімінің биотехникасы
Мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін іздену үшін дайындаған диссертациясының
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Астана 2007 жыл
Жұмыс С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
ветеринарлық медицина кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекшісі: мал дәрігерлік ғылымдарының докторы,
профессор Т.Ж.Әбдірахманов
Ресми оппоненттері: мал дәрігерлік ғылымдарының докторы,
профессор Б.Қ.Ақназаров
мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты,
доцент М.Н.Жоланов
Жетекші ұйым: Мал шаруашылығы және ветеринария
Ғылыми өндірістік орталығы
Ветеринария ғылыми-зерттеу институты
Қорғау “24” желтоқсан 2007 жылы сағат 1400 де С.Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университетінің БК18.08.03 біріккен диссертациялық
кеңесінде өтеді.
мекен жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62
E-mail: agun@mbox.kz, http:www.agun.kz.
Диссертациямен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2007 жылдың 23 қараша айында таратылды.
Біріккен диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты Ж.Ә.
Сұраншиев
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Тақырыптың өзектілігі. Республикада мал түліктерінің басын көбейту,
олардан алынатын өнімдерді молайтып, сапасын жақсарту бүгінгі таңда мал
шаруашылығында істейтін жалпы еңбеккерлермен мамандардың өзекті
міндеттердің бірі.
Мал шаруашылығын өркендетудің негізгі міндетті мал өнімдері бағасын
жоғарылату және сиырлардың репродуктивті қызметін белсендіріп мал басының
санын көбейтіп, сапасын жақсарту. Сиырлардың өндіру қызметі нашарлаған
кезде, қысырлық пен бедеулік байқалып, олардың төл әкелуі төмендейді.
Қазіргі кезде мал шаруашылығында көп шығын тудыратын, жекеленген аурулар
кездеседі, оның ішінде көбінесе эндометриттер орын алып, үлкен экономикалық
шығын тудырады.
Ірі мал шаруашылық кешендерінің таралуы оның орнына әр түрлі
акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің пайда
болуына байланысты ветеринарлық жұмыстардың әлсіреуіне әкеледі. Осынынң
салдарынан эндометритке қарсы шаралар уақыттында жүргізілмеуіне байланысты
сиырлар ауруға шалдығады.
Ақмола облысы шаруашылықтарында соңғы 14 жылда (1990-2004 жылдар)
негізгі мәселе болып, ол сиырлардың репродуктивті қызметінің бұзылуына
себепкер эндометриттер болып саналады.
В.Ф. Воскобойниктің, 1985 пікірінше мал шаруашылығында эндометриттер
жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға қарағанда кең тарап, шаруашылыққа
орасан зор экономикалық шығын туғызады [20].
Ю.И. Мирон, В.А. Лачкарев, В.Н. Кулик, 1985( С. Каурусявичуя, Р.
Марщука, 1985, В.Г. Гавриш, 1988, В.К. Просандеев, 1990, Д.А. Kruif , 1994.
сынды ғалымдардың айтуынша (Бедеулік( деген түсінік түрлеріне, жіктелуіне
және себептеріне байланысты өзгеше болады.
Ең қарапайымы тәжірибеде қолдануға А.П. Студенцовтың жіктеуі бойынша
(1970), аталық және аналық малдардың бедеулігінің 7 негізгі түрі
анықталған. Сиырлардың эндометритке шалдығуына негізгі себебі ол
азықтанудын қолдан ұрықтандыру ережесінің бұзылуынан және гинекологиялық
аурулардың салдарынан. Сонымен қатар эндометриттің тууына себепкер қолдан
ұрықтандыру кезінде жатыр кілегей қабатынында микрожарақаттамен бірге
шартты патогенді микрофлораның енуі. Ф.И. Остапенко (1978) арнайы
асептикалық шаралардың бұзылуынан, 2-3 рет нәтижесіз ұрықтандырғанда сиыр
жатыры 824 стерильдігін жоғалтады. А. Шнур, Л. Шилявина, Г. Федотовтың
деректері (1989) бойынша қолдан ұрықтандыру кезінде, жатыр қуысында ұсақ
шыны табылған.
Көбінесе жатырдың қабыну ауруларынан – эндометриттер жии кездеседі.
Бұзаулаған сиырлардың қабыну үрдісі 20-55( болады. Үлкен кешендерде 75(
дан жоғары, соның салдарынан ауру малдың 25(-ы шығынға шығады (В.Б.
Гаврилов, 1995) В.Ф. Воскобойников (1985) деректерінде шудың түспеуі мен
эндометриттерге шалдығуы басқа ауруларға қарағанда 34,3( және бір жылдық
шығымы басқа ауруларға қарағанда жоғары.
Жоғарыдағы қаламгерлердің деректеріне сүйене отырып, біз өз алдымызға
сиырлардың эндометритін емдеу үшін жатырдан әзірленген ұлпалы препаратты
қолданып, оның сиырлар организмінің иммунді күйіне әсерін зерттеуді мақсат
қойдық.
Жұмыстың басты мақсаты эндометриттерді емдеу әдісін іздестіру болып
табылады.
1. Ақмола облысының кейбір шаруашылықтарында бұзаулағаннан кейін
сиырлардың эндометритке шалдығуының деңгейін анықтау.
2. Іріңді - катаральды эндометрит кезінде сиырлар жатырының
микробпен ластануын зерттеу.
3. Сиырлардың іріңді-катарльды эндометритін емдеу үшін жоғары емдік
әсері бар ұлпалы препарат дайындау және оның микрофлораға сезімталдығын
анықтау.
4. Сау және эндометритке шалдыққан сиырлардың иммунобиохимиялық күйін
зерттеу.
5. Ұлпалы препарат қолданылуындағы емдеу үлгісін құрастыру.
6. Ұсынып отырған препараттың эндометритке шалдыққан сиырлар қанының
биохимиялық және иммунологиялық көрсеткіштеріне тигізетін әсерін зерттеу.
7. Ұлпалы препаратты өндірістік сынақтан өткізу, шаруашылық және
экономикалық тиімділігін анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Сиырлардың бұзаулағаннан кейінгі іріңді-
катаральді эндометритін емдеуде алғашқы рет жоғары терапевтік әсері бар
ұлпалы препарат қолданылды. Эндометрит кезінде сиырлардың қанында
иммунобиохимиялық күйдің бір-бірімен байланыс жағдайы анықталды.
Препараттың иммунды күйгіне оң нәтиже беретіні және сиырлардың табиғи
резистенттілігіне ынталандырушы әсер ететіні анықталды (Авторлық куәлік
№52717; 01 наурыз 2006 жыл, Тканьді препарат дайындау тәсілі).
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы: Сиырлардың іріңді-катаральді
эндометритін емдеуге әдіс өндіріліп, теориялық негізделген;
Өндіріске сиырлардың іріңді-катаральді эндометритін емдеуге тиімді әдіс
ұсынылды.
Қорғауға шығарылған негізгі қағидалары
1 Сиырдың бұзаулағаннан кейінгі эндометритін емдеуге ұлпалы препараттың
тиімділігі.
2 Ұсынылып отырған ұлпалы препараттың эндометритке шалдыққан сиырлар
қанының биохимиялық және иммунологиялық көрсеткіштеріне тигізетін әсері.
3 Ұсынып отырған ұлпалы препаратты өндірісте пайдалану мүмкіншілігі.
Жұмыс сыналымдары. Диссертация материалдары 2003 жылы С.Сейфуллин
атындағы Қазақ аграрлық университетінің ғылыми-теориялық конференциясында
баяндалды. Астана, Том III. №8., 2004 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ
аграрлық университетінің ғылыми-теориялық конференциясында Астана, Том IV.
№3. 2004 жылы Тыңның 50 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің
республикалық ғылыми-теориялық конференциясы баядамаларының тезистері.
Астана. Сонымен қатар 2004 жылы Шәкірім атындағы Семей университетінің
хабаршысында 2 мақала жарық көрді. Семей., 2005 жылыС.Сейфуллиннің 110-
жылдығына арналған Сейфуллин оқулары-1 атты жас ғалымдар, аспирантар,
магистранттар, студенттер және оқушылардың республикалық ғылыми-
теоретикалық конференциясының тезистері. Астана., 2006 жылы Сакен тағылымы-
2 атты республикалық ғылыми-теоретикалық конференциясының баяндалды.
Астана., Ж.Ө.Кемешов., Т.Ж. Абдрахманов. Тканьді препарат дайындау
тәсілі. Авторлық куәлік алынды. №52717 (01.03.2006 )
Диссертация аумағы мен құрылымы. Жұмыс 95 бетте жазылған, ол кіріспе,
әдеби шолу, зерттеу жабдық-жадығаттары, өзіндік зерттеу нәтижелері,
қорытынды, тұжырымдама, қолданылған әдебиет тізімі мен тіркемелерден
тұрады. Қолданылған әдебиет тізімі 208 көздерден құралады, оның 35-і алыс
шет елдік. Жадығаттары 21 кесте, 6 суреттермен безендірілген.
1 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ
Зерттеу жадығаттары мен әдістері. Эксперименттік зерттеу жұмыстарын
біз, 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Аршалы
ауданының (Ижевский( ӨК және Целиноград ауданың (Родина( мен (Күйгенжар(
шаруашылықтарында эндометитке шалдыққан қара-ала сиырларында өткізілді.
Зертханалық зерттеулерді С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік
агротехникалық университетінің ветеринарлық медицина және клиндиагностика
биотехнология кафедрасының зертханаларында, сонымен қатар Астана қаласының
Медицина академиясындағы ғылыми-зерттеу бөлімінің иммунология биохимия
және Республикалық микроорганизмдер коллекциясы зертханасында өткіздік.
Клиникалық-гинекологиялық зерттеулер. Ақмола облысы, Аршалы ауданының
(Ижевский( ӨК және Целиноград ауданың (Родина( мен
(Күйгенжар(шаруашылықтарында 1250 сиыр эндометритке зерттелді.
В.С. Дюденко әдісі бойынша сиырлардың эндометритін зерттеу.
Сиырлардың жатырынан 2 мл лохий немесе кілегейі алып, оған 2 мл
дистилденген су, сонымен қатар 2 мл 20 % судың үшхлорсірке қышқылын қосып
араластырдық. Қоспаны қағаз сүзгіден өткізген соң 2 мл фильтратқа 0,5 мл
азот қышқылын қостық. Оны 1 минут қайнатып, суығаннан кейін 1,5 мл 33%
күйдіргіш натрий қышқылын қостық. Оң реакция берген кезде ерітіндінің түсі
сарғаяды.
Микробиологиялық зерттеу әдісі. Сиырлардың эндометритін В.С. Дюденко
әдісімен анықтағаннан кейін зертханлық жағдайда, ламинарда (Ет пептон агар,
Эндо агар) қоректік орталаға себінді жасадық, Грамм әдісімен бояп
микроорганиздердің түрін анықтадық. Зертханалық ақ тышқандарға сынама
қойдық. Сонымен қатар, туудан кейінгі эндометриттерді тудыратын
микрофлораның өзінділігін және антибиотиктерге сезімділігін айқындау үшін
тиісті зерттеулер өткіздік. Осы мақсатта Муромцев бойынша метилен көгімен
бояу арқылы алғашқылай микроскопирлеу өткізілді, сонымен қатар ет-пептон
агарына және сорпасына себезелеу (кокка ортасы), эндо ортасына ішек
таяқшасы тобы бактерияларын себезелеу, Кит-Гароцци ортасына (анаэробтар)
себезелеу жасалынды.
Иммунологиялық статусын анықтау. Сиырлардың іріңді катаральды
эндометритті кезінде, қабыну үрдісіндегі имунологиялық жүйенің және
иммунологиялық реакция қызыметтін анықтауда иммунологиялық және
статистикалық әдістерді кешенді пайдаландық.
Зерттеу жұмыстарын Астана қаласының Медицина академиясындағы ғылыми-
зерттеу бөлімінің иммунология биохимия зертханасында жүргіздік.
Қой эритроцитін пайдалана отырып розеткатудырушы тест бойынша жалпы Т-
және В- лимфоциттерін анықтадық. Алынған зерттеу нетижелерін Microsoft
Excel бағдарламасын пайдаланып жалпы биометриялық әдістер (Г.Ф.
Лакин,1990) бойынша өңдедік.
Ұлпалы препаратты әзірлеу. Клиникалық сау малдың жатырын тазалап жуып,
таза шыны ыдысқа салып, ауызын пергаментті қағазбен жауып, тоңазатқышқа 6-7
күн қою керек. Жатырды ет тартападан өткізіп, оны өлшеп 1 кг фаршқа 5 л
физиологиялық ертіндіні қосамыз. Алынған массаны араластырып құтыға құйып,
ауызын тығыздап жауып, тұнғанша дейін тоңазатқышқа қойдық. Бір тәуліктен
кейін, оны сүзіп, алынған экстрактыны 9 мин, қайнатамыз. Суығаннан соң 30
минут, 5000 айналыммин. центрифугада өңдедік. Тұнба отырғаннан кейін
жоғары бөліктегі сұйықтықты 200 мл және 500 мл зарарсыздандырылған ыдысқа
құйып, ауызын мақталы дәкелі тығынмен жабамыз. Препарат құйылған ыдысты 1
сағатқа 1,5 атмосферада автоклавта ұстау керек. Сонаң соң
(зарарсыздандырылған жағдайда) ламинар бокста мақталы-дәкелі тығынды алып,
орнына резеңке тығынмен жауып, сыртын алюмин қақпақпен жаптық.
Биохимиялық және иммунологиялық зерттеу әдістері. Иммунді биохимиялық
зерттеулер жүргізілуі кезінде ветеринария мен медицинада қолданылатын
әдістемелер қолданылды.
Зерттеулер үшін қаналуларын күре тамырдан, азықтандыруға дейінгі
таңертеңгі уақыттарда алдық.
Осыған орай, сиырлардың биохимиялық және иммунологиялық статусын
бағалау үшін қан сарысуында келесі биохимиялық көрсеткіштер анықталынды:
1 Ақзаттың жалпы мөлшерін рефрактометрия әдісімен РЛ-2 (Польша)
рефрактометрі көмегімен бағаладық, ақзат құрамдас бөліктерін 1( агар
геліндегі боритты-сілтілі буферде рН 8.6-да электрлікфорез әдісімен
анықтадық.
2 Қандағы глюкозаны анықтау үшін (Эксон Г( анализаторы қолданылды.
Анализатордың әсері глюкооксидаза ферменті мен катализденетін глюкозаның
тотығу ферментативті реакциясы өнімдерін электрлікхимиялық амперліметриялық
анықталымына негізделген.
3 Пирожүзім қышқылы (ПЖҚ) мөлшерін П.М. Бабаскин түр өзгертіліміндегі
(1971) Умбрайт әдісі бойынша анықтадық. Әдіс принципі қан ПЖҚ-ның 2-4-
динитрафенилгидрозинмен байланысқа түсуіне негізделген. Пайда болған
гидрозан сілтімен бірге боялған байланыс береді. Боялу қарқындылығын КФК-2
фотометрінде анықтадық.
4 Сүт қышқылын (локтат) Баркер және Саммерсон бойынша пара-
оксидифленилмен түсті реакцияда анықтадық.
5 Липидтердің аса тотыққан тотығуының (ЛАТ) соңғы өнімі малонды
диальдегидті (НДА) Э.Н. Коробейникованың модифицирленген әдісімен (1989)
анықтадық. Әдістің мәні: ЛАТ өнімдерінің бөлігі қышқыл ортада қыздырғаннан
МДА тудырып ыдырайды, оның молекуласының тиобарбитур қышқылының екі
молекуласымен өзара байланысқа түсуі, бояланған кешен тудырады. Оптикалық
сіңірілуді СФ-16 спектрлікфотометрінде 535 және 58Д нм толқын
ұзындықтарында анықтадық. МДА концентрациясын регрессия теңдігі: с= 0,21-
26,5 Д көмегімен есептедік.
6 Церуплазминді С.В. Бестужева мен В.Г. Колбтың (1976) модифицирленген
Ревин әдісімен анықтадық, оның мәні парафенилендиаминнің церулоплазмин
қатысуындағы тотығуына негізделген. Пайда болатын өтімдердің оптикалық
тығыздығын КФК-2 фотоколориметрінде 530 нм толқын ұзындығынды өлшедік.
7 Иммунокомпоненті жасушаларды қаннан бөлуін төмендегі тәртіпте
өткіздік: алынған гепаринденген қанды суытылған аса буферленген
физиологиялық ерітіндімен 2:1 қатынасында араластырып, пастер түтікшесімен
абайлап пробирка қабырғасымен 3,0 мл. суытылған градиент-фиккол-
верографинге (рН=1,077 гсм3) қостық. Пробиркаларды 35-40 минут бойы 1500
айн.мин. центрифугирледік. Интерфазадағы жасушалар сақинасын абайлап
пастер түтікшесімен сорып алып, екі мәрте суытылған Хенкс ерітіндісінде
жуып, 10- минут бойы 1000 айн.мин. центрифугирледік. Соңғы жуылымнан кейін
Горяев камерасы көмегімен жасушалар концентрациясын санаққа алдық,
лимфоциттер өміршеңдігін 1%-ды трипан көгінде суправиталды бояу арқылы
анықтадық.
8 Розеткатудыру реакциясын қою. Алынған жасушалар суспензиясын
жасушаларды идентифицирлеу үшін пайдаланады.
9 Т-лимфоциттерінің субтуыстастықтарын анықтау.
9.1 Т-лимфоциттерінің бабына келтіруші субтуыстастықтарын анықтауды
теофиллинтәуелді Е-розеткатудыру реакциясымен анықтадық.
10 В-лимфоциттерін анықтау.
10.1 ЕА-ЕАС розеткатудырушы жасушалар деңгейі бойынша В-лимфоциттерін
анықтадық.
Зертханалық иммунді биологиялық зерттеулерді сау және ауру сиырларды
жалпы жоба бойынша өткіздік. Қанды күре тамырдан таңертеңгі уақыттары алып,
2 сағат ішінде зертханаға жеткізіп отырдық.
Иммунді статусты зерттеуді І және ІІ деңгей тесттері бойынша өткіздік.
Лейкоциттердің жалпы мөлшерін Горяев камерасында санақтап, ал лейкоциттарлы
өрнекті жалпы қолданымдағы әдіс бойынша орындадық.
І-деңгейдегі иммунологиялық тесттер.
1 Негізгі иммунді компонентті жасуша-лимфоциттерінің жекелеген
туыстарының сондық мөлшерін Е-, ЕАС-розеткатудырудың Л.Н. Чередеев (1976)
әдісі бойынша анықтадық. Т-лимфоциттері қошқар эритроциттерімен (Е) бейжай
розеткалар тудыру қасиетіне ие – Е рецепторы – тимусқа бағынышты
лимфоциттері маркері ретінде қарастырылады.
Антиденелер (А) және комплементпен (С) жүктелмеген қошқар эритроциттері
(Е), В-лимфоциттері мен розетка тудыру қасиетінде болады, олардың маркері
ретінде ЕАС-табылады. О-туыстастығы өз мембранасында маркерлер ұстамайды,
розеткатудыру әдісі арқылы Т, В, О лимфоциттері туыстастырының жануарлардың
шеткері қанындағы салыстырмалы және абсолютті мөлшерін анықтадық.
2 Иммунитеттің Т-жүйесін құрайтын, субтуыстарды теофилинмен розеткалы
реакциясында (Lunatibul, 1978) анықтадық. Пластик пробиркаларында
теофилиннің 0,01 М ерітіндісінің 0,1 мл және лимфоциттер суспензиясының
0,1 мл араластырдық. Пробиркаларды 1 сағат ішінде 370С инкубирледік. Сосын
әр пробиркаға қоян эритроцитінің 1,7( суспензиясы ерітіндісіні 0,1 мл
қостық та бейжай розетка тудыру реакциясын қойдық. Теофиллинсезімтал және
теофилинрезистентті лимфоциттерінің салыстырмалы және абсолютті мөлшерін
анықтадық, субтуыстастық индексті есептедік.
3 Нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігін Ю.Н. Одинцов пен
авторластарының әдісімен (1970) анықтадық, оны шеткері қан нейтрофилдерін
Shaph.aureus 275 өсіндісімен инкубирлеу жолы арқылы жасадық, 30 минут 3700С-
та инкубирленген соң жағындылар әзірледік те микроскопирлеу арқылы келесі
көрсеткіштерді анықтадық:
а) фагоцитарлы индексті, яғни белсенді нейтрофилдер (фагоцитозға
қатысқан) пайызы;
ә) орташа фагоцитарлық көрсеткіш, яғни, барлық есептелінгендер ішінде
бір нейтрофил сіңіргіш микробтардың орташа саны;
б) максималды фагоцитарлық көрсеткіш, яғни бір белсенді нейтрофил
сіңірген микробтардың орташа саны;
4 Қан сарысуының лизоцимдік белсенділігін В.Г. Дорофейчуктің (1968)
нефелометриялық әдісімен анықтадық. Ол лизоцимнің сезімтал индикаторлық
өсінді Micrococcus Lysodecticus (№2665 штамм) шаққандағы таңдалымды
лизирлеуші белсенділігіне негізделген. Лизоцим белсенділігі жайлы микрококк
индикаторлы өсіндісінің бақылаумен салыстырғандағы, фотоэлектрлік
колориметр (КФК-2) көмегімен анықталатын ашық түске енуі дәрежесі бойынша
пайымдадық.
ІІ-деңгейдегі иммунологиялық тесттері.
1 В.Г. Гашкова мен авторластарының (1978) әдісі бойынша циркурленуші
иммунді кешендер концентрациясын анықтау, полиэтиленгликоль (ПЭГ-М-60100)
қан сарысуын қосқан кезде ақуыздарды тұндырады, тұндырылым ЦИР
концентрациясына тура пропорционалды, екендігіне негізделген. Реакция
СПЕкол К.Цейс 1 см кюветте 450 нм-дегі фотоэлектрлік колориметрі көмегімен
қойылады.
2 Иммундіглобулиндердің жеке класстарының (М,G) сандық талдауын G.
Monchini (1964) әдісімен моно-өзіндік сарысуларды ірі қара мал
иммундіглобулиндеріне қарсы қойылымын пайдалана отырып анықтадық. Алынған
нәтижелердің статистикалық өңдемеленуін варияциялық статистиканың
қолданымдағы әдісі арқылы өткіздік.
Осы кезде салыстырмалы шамалар мен алынған нәтижелер сенімділігін
бағалай коэффициенттерін есептеуді И.Т. Шевченко мен авторластары 1970,
Е.В. Гублер 1970 әдістерімен орындадық. Сенімділік мүмкіндігін (Р) Стьюдит
кестесі бойынша анықтадық. Айырымдар Р( 0,05 болғанда сенімді деп
есептедік.

қатысқан) пайызы.

бір нейтрофил сіңіргіш микробтардың орташа саны.

сіңірген микробтардың орташа саны.

Алынған нәтижелердің статистикалық өңдемеленуін варияциялық
статистиканың қолданымдағы әдісі арқылы өткіздік.
1.2 Өзіндік зерттеу нәтижелері
1.2.1 Ақмола облысы шаруашылықтарында акушерлік-гинекологиялық
ауруларының таралу деңгейі. Сиырларға алдымен клиникалық зерттеулер
жүргізіп, эндометритті сиырлар анықталған соң оларды зертханалық В.С.
Дюденко әдісімен балау және эндометриттің қабыну түрлерін анықтап, 3 топқа
бөлдік.
Бірінші топ бақылау ретінде пайдаланылды, оған келесі ем нұсқасы
қолданылды: Окситоцин (( ӨБ күніне ( рет бұлшық етке, йодопен (дана жатыр
ішіне, бициллин ( (,( млн.ӨБ бұлшық етке
Екінші топқа осы еммен қатар 23 мл мөлшерінде ұлпалы препарат егілді.
Үшінші топқа тек ұлпалы препарат егілді.Ұлпалы препаратты (,(( мл (кг
тірі салмағына есептеп жалпы мөлшері (( мл егілді. Зерттеу барысында
сиырлардан қан және қан сарысуын алып зерттеп, жалпы ақзат және оның
фракциялары, гемоглобин мен глюкоза, кальций, фосфорды анықтадық. Зерттеу
жұмыстарын жалпы әдістеме бойынша жүргізіп, қанды емдеуге дейін сонымен
қатар (,(,( күннен кейін қайталап алдық.
Сиырлардың жыныс органдарының микробтармен ластануын зерттегенде келесі
нәтижелер алынды.
Кесте 1 - Сиырлардың жыныс органдарының микробпен ластануы
№ Жеке Қоректік ортадағы себінді
нөмірі
ЕПА Эндо
Стафилакокктар Стрепококктар ішек таяқшалары
( (((( + - +
( (((( + - +
( ((( + - -
( (((( + - +
( ((( + - +
( (((( + - +
( (((( + - +
( (((( + - +
( ((( + - +
(( ((( - + +
(( ((( - + +
Зерттеу нәтижесінде (кесте-2) (1 сынаманың ( стафилококктар, ( сынамада
стрептококктар және (( ішек таяқшалары анықталды. Сонымен сиырлардың
эндомтериті кезінде микроорганизмдердің жиі кездесетін ішек таяқшалары
болып, олар ұдайы өндіру органың ауруын қоздырушы болуы мүмкін. Агарға
дифузиялау әдісін қолдандық, бұл үшін зарарсыздандырылған Петри шәшкелеріне
20 мл қоректік орта құйдық (0,9% NaCl ерітіндісі). Шәшкені жеңіл түрде
шайқап, өсіндіні қоректік орта беткейіне біркелкі етіп бөлдік. Артық қалған
сұйықтықты таза Патер түтікшесімен сорып алдық. Шәшкені бөлме
температурасыда кептірдік. Содан соң себілген орта беткейіне залалсызданған
ламинарда ұстап стандарты қағаз табақшаларын түрлі антибиотиктер сіңірген
дисклерді шетінен және бір-бірінен 2 см қашықтықта біреуін шәшке ортасына
келтіріп орналастырдық.Осы жұмыс барысында әр табақшаны орналастыру үшін
пинцетті от жалынында күйдіріп отырдық. Сосын шәшкелерді 2 сағат бөлме
температурасында төңкерген күйде (18 сағат 370С ) сызғышпен өсу аймағын
табақша диаметрін өлшеп анықтадық. Бактерияның өсу диаметрі 15-25 мм болса,
микробтар сезімталды, 15 мм дейінгілері аз сезімталды, өсім жоқ болса онда
беріліп отырған препаратқа сезімталдығы жоқ. Мироорганизмдердің
сезімталдығын анықтау үшін келесі антибиотиктер алынды: карбицилин,
оксицилин, эритромицин, левометцитин, гентамицин, бициллин. Сиырлардың
кілегейін бактериологиялық зерттеулердің кейбір микроорганиздердің
антибиотиктерге сезімталдығын анықтадық (2-ші кесте)
Кесте 2 - Сиырлардың жыныс органдарының миробпен ластануында
антибиотиктерге сезімталдығы
№ Препараттар Стафило-Стрепто- Ішек Көгілдір Протей
кок кок таяқша- түсті лер
лары ірңдер
1 Карбиницилин Ас. С. С. Ас. С.
2 Оксицилин С. Ас. Ас. С. Ас.
3 Эритромицин Ас. Ас. - Ас. С.
4 Левометцитин Ас. Ас. С. Ас. С.
5 Гентамицин С. С. Ас. С. С.
6 Бициллин С. Ас. Ас. Ас. -
Ескерту: Ас.- аз сезімтал; с-сезімтал.
Кестеде көрсетілгендей миробтар келесі антибиотиктерге: гентамицинге,
карбиницилинге сезімталдығы жоғары, қалғандарына сезімталдығы аз.
1.2.2 Эндометритпен ауру сиырлардың кейбір клиникалық гематологиялық
көрсеткіштері. Зерттеу кезінде тәжірибиелік топтағы сиырлардың қанындағы
және сарысуындағы кейбір морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштерді
анықтадық. Алынған мәліметтер 3-4-і кестелерде көрсетілген.
Кестедегі өзгерістер көрінісі эритроциттер бақылау тобында (,(((,(
болса, эндометритке шалдыққан малдарда (,(((,( пайыздық қатынасы (,(
құрайды, сау малдарда (,(-(,(. Сонымен қатар лейкоциттер бақылау тобында
(,(((,(, эндометритке шалдыққан топта 12,(((,( болып пайыздық қатынасы (1
пайызға ұлғайып өзгерген. Гемоглобин бақылау тобындағы сиырларда (((,(((,(
құраған, ал эндометритке шалдыққан сиырларда 97,4(0,3 құраған бұл пайыздық
қатыныс көрсеткіші бойынша 7 төмендегенін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер
өзгеруі организмде, атап айтқанда жатырдың кілегейлі қабатында байқалып
жатқан өзгерістерге байланысты өтті деуге болады. Бұл жайындағы деректер 4-
ші кестеде көрсетілген
Кесте 3 - Тәжірибелік топтардағы сиырлардың қанындағы кейбір
морфологиялық көрсеткіштер n=10
Көрсеткіштер Бақылау тобы Эндометритке шалдыққан
малдар
ЭШЖ 0,66(0,07 0,65 (0,05
ммч
Эритроцит 10 9л 6,1(0,2 5,6(0,3
Лейкоцит 8,6(0,9 12,4(1,0
10 12л
Гемоглобин гл 104,8(0,5 97,4(0,3
Кесте 4 - Тәжірибелік топтардағы сиырлардың қан сары суындағы кейбір
биохимиялық көрсеткіштер n=10

М ( m М ( m
Жалпы ақзат гл ((,(((,( ((,(((,(
Альбуминдер ( 26,0(0,7 22,6(0,6
(-глобулиндер ( 24,5(0,( 21,4(0,(
(- глобулиндер ( 18,1((,( 21,( ((,0
(- глобулиндер ( 31,4(1,0 3(,7(1,3
Сонымен қатар 4-ші кестедегі мәліметтерді сипаттай отырып келесі
көсеткіштерге тоқталу қажет. Салыстырмалау кезінде ауру мал тобының қан
сарысуындағы жалпы ақзат ((,(((,( %-тең болды, бұл сау малға қарағанда
(,(( %- ға төмен болды. Ал альбуминдер саны 1(,1 %- ға төмен болды. Жалпы
глобулиндер мөлшері де өзгерді, (- глобулиндер саны ауру мал тобында сау
мал тобының көрсеткіштеріне қарағанда 12,6 % азайды, (-глобулиндер 15 % ға,
(- глобулиндер 10,5 % -ға жоғарлады. Бұл көрсеткіштер статистикалық түрде
дәлелденді (Р0,01).
Ауру жануарларда жалпы ақзат мөлшерінің төмендеуі оның кейбір
фракцияларының, атап айтқанда ұсақ дисперсті альбуминдер мен (-глобулиндер
есебінен өтті, мұны қабыну процессі дамуымен, соның салдарынан тамыр
қабырғалары өткізгіштігінің ұлғаюымен түсіндіру қажет шығар. Сонымен қатар
ірі дисперсті фракциялар ұлғаюы туралы да айтып кеткен жөн, бұл организмнің
қорғаныс-бейімделу реакциясын көрсетеді.
1.2.3 Ұлпалы препараттың оптималды мөлшерін анықтау. Біздің
зерттеуіміздің мақсаты көрсетілген кемшіліктерді жою, бұл үшін ұлпа
препаратын дайындау үшін залалсыздандырылған сиыр жатыры алынды, оны
консервациялап, экстрагирлеп, қайнатып, центрифугирлеп құтыларға дәнекерлеп
жауып, автоклавирледік.
Ұлпалы препараттың оптималды мөлшерін анықтау үшін 5 іріңді-катаральды
эндометритпен ауру бастан 3-сиыр топтары құралды. Барлық сиырлар
шаруашылықта қолданылатын ем әдістерімен ем қабылдады, бұған қосы әр топ
сиырларына ұлпалы препаратты егу жұмыстары жүргізілді. 1-ші топқа тері
астына 0,01 мл әр тірі салмағына есебінде ексек, екінші топқа 0,05 мл,
үшінші топ сиырларына 0,1 млкг салмағына ектік. Егуден кейінгі бақылаулар
көрсеткендей 2-ші және 3-ші топ сиырларында сауығу 9-10-шы күндері
байқалды, ал 1-ші топта сауығу белгілері 12-14-ші күндері байқалды.
Жоғарыда аталған мәліметтерді қорытындылайтын болсақ оптималды емдік мөлшер
0,05 мгкг болып табылады. Бұл деректер, яғни таңдалған мөлшер көлемі
қолданыстағы ұсыныстармен сәйкеседі (В.Б.Филатов, М.В.Плахотин).
4. Эндометриттерді емдеу кезінде ұлпалы препаратты қолдану нәтижелері.
Қынапты зерттеу кезінде оның кілегейлі қабықтары гиперемияланғанын,
домбыққанын, ауырсынатынын, жатырдың қынаптық бөлігінің де
домбығып, гиперемияланғанын, жатыр мойыны каналының аздап ашыңқы
тұрғанын, одан экссудат бөлінетінін атадық.
Ректалды зертеу кезінде жатыр мойыны тығыздалған, қалыңдағанын
байқадық. Жатыр басым жағдайларда құрсақ қуысында, тек кейбір сиырларда
ғана жамбас қуысында орнығатынын атадық, ол ұлғайған, ауырсынатын, атониялы
болды. Жатыр қабырғалары қамыр тәрізді консистенциялы, домбыққан, кейде
флюктуация байқалды.
Анықталған ауру сиырлар топтарға бөлініп емдеу шаралары жасалынды.
1-ші топқа бөлінген сиырлар шаруашылықта қолданылатын ем қабылдады.
Екінші топ сиырлары осы еммен қоса ұлпалы препарат қабылдады, ұлпалы
препаратты тері астына 0,05 млкг салмағына есебінде енгіздік. Үшінші топқа
тек ұлпалы препаратты осы мөлшерде енгіздік.
Біздің зерттеулерімізге сәйкес ұлпалы препарат қолданылуындағы кешенді
ем кезінде емдеу күндері айтарлықтай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz