Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды талдау
КІРІСПЕ
1 ӨМІР БОЙЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
1.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні
1.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының шетелдерде қолдану тәжірибесі
2 ӨМІР БОЙЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау негіздері мен шарттары
2.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды атқару тәртібі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған құқықтық реформа елімізде демократиялық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған, бұл өз кезегінде біздің негізгі заңымыз Конституцияға сәйкес келеді. Алғашқы рет, атап айтқанда қылмыстық іс жүргізуде адам мен азаматтың табиғи құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету – біздің мемлекетіміздің басым бағыты болды.
Бүгінде халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары және нормаларымен бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше үйлесімге келуге мемлекетердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.
Алға қойған міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен қабылданған Кұқықтық саясат Тұжырымдамасы қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік қызметті одан әрі ізгілендіруге бағытталған кешенді заңдық шараларды қабылдау қажеттілігін белгілейді. Мысалы, Тұжырымдамада өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту бағытын жалғастыруға бағытталған ереже белгіленген [1, 19 б.].
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасына сәйкес, қылмыстық саясат екі векторлы бағытта болу қажет: бір жағынан – қоғам мен мемлекет үшін аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жауаптылықты қатаңдату және екінші вектор – бұл жеңілдету, қоғамға үлкен қауіп туғызбайтын қылмыстар үшін жазаны ізгілендіру, ауыр емес қылмыс жасаған адамдарға ізгілікпен қарау.

1 Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – 46 б.
2 Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 тамыз. – № 281-283. – Б. 2-4.
3 «Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Астана, 4 сәуір 2003 жыл) // Егемен Қазақстан. – 2003. – 5 сәуір. – № 79. – Б. 1-5.
4 Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы: Астана, 2003 ж. 17 желтоқсан №1251 // Қазақ Елі. – 2003. – желтоқсан (№44). – Б. 1-2.
5 Куркбаев А.Ж. Пожизненное заключение как мера наказания в уголовном праве Республики Казахстан // Пожизненное лишение свободы: международные стандарты и практика: мат-лы междунар. науч.- практ. конф. – Алматы: «Фирма Киік», 2003. – С. 67-71.
6 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2010. – 148 б.
7 Михлин А.С. Уголовно-правовые проблемы пожизненного лишения свободы // Проблемы острова помилованных убийц. – Вологда, 1996. – 38 с.
8 Пономорев П., Максимов С. Проблемы правогого регулирования пожизненного лишения свободы // Законность. – 1993. – №4. – С. 6-8.
9 Андреева В.Н., Дементьев С.И., Трахов А.И., Самвелян К.Р. Смертная казнь и пожизненное лишение свободы. – Краснодар, 2001. – 68 с.
10 Трахов А.И. Срочное наказание в законодательной и судебной практике (по материалам Северо-Кавказского региона): дисс. ... канд. юрид. наук. – Краснодар, 1998. – 157 с.
11 Лепешкина О.И. Смертная казнь как угаловно-правовой институт: дисс. ... канд. юрид. наук. – Санкт-Петербург, 2003. – 145 с.
12 Новое уголовное право России: Общая часть/ под. ред. Филимонова В.Д. – М., 1996. – 240 с.
13 Галиакбаров Р.Р. Уголовное право. Общая часть. – Краснодар, 1999. – 415.
14 Цепелев В.Ф., Казаков Е.Н. Международные стандарты в области прав человека и их реализация в процессе назначения и исполнения пожизненного лишения свободы в России // Российский криминологический взгляд. – 2008. – №3. – 311с.
15 Беляев И.А. Цели исправления и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях. – Л., 1963. – 186 с.
16 Ткачевский Ю.М. Восстановление социальной справедливости – цель уголовного наказания и Уголовно-исполнительный кодекс РФ // Вестник Московского университета. Серия 11: право. – 1998. – №6. – С. 23-26.

МАЗМҰНЫ
3
КІРІСПЕ 4
1 ӨМІР БОЙЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ 9
МАЗМҰНЫ
1.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні 9
1.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының шетелдерде қолдану 21
тәжірибесі
2 ӨМІР БОЙЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ЖАЗАСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 29
2.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау негіздері мен 29
шарттары
2.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыруды атқару тәртібі 44
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 68
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында жүргізіліп
отырған құқықтық реформа елімізде демократиялық, зайырлы, әлеуметтік
мемлекет құруға бағытталған, бұл өз кезегінде біздің негізгі заңымыз
Конституцияға сәйкес келеді. Алғашқы рет, атап айтқанда қылмыстық іс
жүргізуде адам мен азаматтың табиғи құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруды қамтамасыз ету – біздің мемлекетіміздің басым бағыты болды.
Бүгінде халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары және нормаларымен
бостандығынан айырылған тұлғалармен қарым-қатынас жасаудың құралдары мен
әдістерінің қылмыстық және қылмыстық-атқару тәжірибесімен мейілінше
үйлесімге келуге мемлекетердің ұмтылысы айқын байқалады. Халықаралық
пенитенциарлық құқықтың дамуы ұлттық, экономикалық және басқа
ерекшеліктерді есепке ала отырып, бірыңғай халықаралық стандарттарға жазаны
атқарудың бір-біріне сәйкестенуін білдіреді.
Алға қойған міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі жарлығымен қабылданған Кұқықтық
саясат Тұжырымдамасы қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік қызметті одан
әрі ізгілендіруге бағытталған кешенді заңдық шараларды қабылдау
қажеттілігін белгілейді. Мысалы, Тұжырымдамада өлім жазасын қолдану аясын
біртіндеп тарылту бағытын жалғастыруға бағытталған ереже белгіленген [1, 19
б.].
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасына сәйкес,
қылмыстық саясат екі векторлы бағытта болу қажет: бір жағынан – қоғам мен
мемлекет үшін аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жауаптылықты қатаңдату және
екінші вектор – бұл жеңілдету, қоғамға үлкен қауіп туғызбайтын қылмыстар
үшін жазаны ізгілендіру, ауыр емес қылмыс жасаған адамдарға ізгілікпен
қарау.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге
арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында да қылмыстық құқықты одан әрі
дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлы қос векторлығын ескере
отырып жүргізілуге тиіс делінген. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды
бағыты, ең алдымен аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға қатысты
қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-
сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып
табылады. Тиісінше, мемлекеттің құқықтық саясаты өлім жазасын қолдану аясын
кезең-кезеңмен тарылту бағытын жалғастыруға бағытталуға тиіс [2, 2 б.].
Қазақстан пенитенциарлық жүйені реформалауда айтарлықтай табыстарға қол
жеткізді. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан еліне Ішкі және
сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары атты Жолдауында
қылмыстық құқық аясын одан әрі ізгілендіру қажеттілігіне көңіл аударады.
Елбасының алға қойған маңызды міндеттерінің біріне өлім жазасын
қолдануға мораторий енгізу үшін ұйымдық, материалдық және заңнамалық
шарттарды жасауды жатқызуға болады [3, 2 б.]. Президентпен қойылған
міндеттерді орындау біздің елімізге Еуропа қауымдастығына толыққұқылы мүше
ретінде кіруге мүмкіндік береді, өйткені өлім жазасын қолданудан бас тарту,
осы беделді ұйымға қабылдаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Осыған орай, Елбасының 2003 жылғы 17 №1251 Жарлығымен Қазақстан
Республикасында өлім жазасына мораторий енгізілді [4, 1 б.]. Осы
жарлықтың негізінде Қылмыстық кодекстің уақытша тоқтатылып келген өмір бойы
бас бостандығынан айыру жөніндегі қағидалары 2004 жылдың 1 қаңтарынан
бастап тәжірибеге енгізілді. Осы жаза ғана өлім жазасына нақты балама
ретінде танылды. Осыған деген сенімділік сот тәжірибесінің материалдарына
да негізделген. Қылмыстық Кодексте қасақана адам өлтіру үшін екі жоғары
жаза мөлшері 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал
қылмыстардың жиынтығы бойынша – 25 жылға дейін көбейгеннен бері, өлім
жазасы бойынша үкімдер екі есеге азайған Соттар ұзақ мерзімді бас
бостандығынан айыру жазасының қолданылуына басымдылық берді. Осыдан келіп,
өмір бойы бас бостандығанан айыру институтының пайда болуы өлім жазасы
туралы үкімдерді шығару жағдайларын азайтып, одан толық бас тарту үшін
алғы шарттарды жасайды деуге негіз бар.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазаның ерекше түрін (өлім жазасын)
біртіндеп ығыстыруға және алмастыруға қабілеті бар қорқытудың жеткілікті
деңгейде жоғары потенциалына ие. Еуропаның барлық мемлекеттері өлім жазасын
өмір бойы бас бостандығынан айыруға алмастыра отырып, заңнамада және іс
тәжірибеде жазаның жоғарғы түрінің сақталуы мен қоданылуынан бас тартып,
осы жолмен келеді.
Мұндай қадам әлемдік тенденцияларға толық сәйкес келеді, бірақ өмір бойы
бас бостандығынан айыру біздің республикамызда салыстырмалы түрде жаңа
қылмысытық-құқықтық институт және құқыққолдану тәжірибесінде әзірге жүзеге
асырылмаған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі өмір бойы
бас бостандығынан айыруды орындаумен, сондай-ақ ұзақ мерзімге
сотталғандармен айналысуға байланысты бірқатар мәселелерге тап болып отыр.
Әдеттегідей, ұзақ мерзімге (мерзімсіз) бас бостандығынан айыруға
сотталғандарға ұзақ уақыт бойы жалғыз қамалуына әкелетін ұстаудың қатаң
жағдайларын тағайындауды (10 жыл) (ҚР ҚАК 123-бабы), бұл БҰҰ Нұсқауларына
сәйкес келмейді. Сотталғандарды ұзақ уақыт бойы жеке ұстау қылмыскердің
жеке тұлғасының кері кетуіне (деградациясына) әкеп соқтырады, бұл қылмыстық
саясаттың ізгілікті үрдісіне және түзеу мекемелерінде ұсталатын
сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелеу процесіне сәйкес келмейді. Сол
себептен бүгінгі таңда талқылауды қажет ететін маңызды мынадай мәселелер
бар: заңдық базаны дайындау, бұл жаза түріне сотталған адамдармен жұмыс
жүргізу ерекшеліктері, өмір бойы бас бостандығынан айыруда қылмыстық
жазаның мақсаттарына етуге әсер ететін факторларды қарастыру.
Сонымен қатар, аталған институт кешенді әлеуметтік-құқықтық мәселе
екендігін және оны шешуде өмір бойы бас бостандығынан айыру саяси-
әлеуметтік, экономикалық, психологиялық-педагогикалық және құқықтық
категория екендігін естен шығармау керек.
Аталған мән-жайлар диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін
дәлелдейді.
Ғылыми жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеу өмір бойы бас
бостандығынан айыру институтының мәні мен мазмұнын түсінуде және тануда
тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді. Жұмыста өмір бойы бас
бостандығынан айыруды тағайындау мен орындаудың өзекті қылмыстық-құқықтық
және қылмыстық-атқарушылық мәселелерінің құқықтық реттелуіне кешенді
зерттеу жүргізілген.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың қылмыстық-құқықтық және
қылмыстық-атқарушылық аспектілеріне кешенді талдау жасай отырып, отандық
заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттер қойылды:
– өмір бойы бас бостандығынан айырудың ұғымы мен мәнін, сондай-ақ оның
қылмыстық жазалар жүйесіндегі орнын анықтау;
– жекелеген шет мемлекеттерде өмір бойы бас бостандығынан айыруды
тағайындау мен орындаудың құқықтық реттелуіне талдау жасау;
– өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындау мен атқаруды реттейтін
Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамаларының,
халықаралық-құқықтық актілердің нормаларын зерттеп, отандық заңнамадағы
олқылықтарды анықтау;
– өмір бойы бас бостандығынан айыруды орындаудың өзекті мәселелері мен
ерекшеліктерін талдау: ұстау режимін, әлеуметтік-тәрбиелеу жұмысы,
мерзімінен бұрын-шартты түрде босату;
– өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолдану бойынша отандық заңнаманы
жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми нәтижелер:
1. Өмір бойы бас бостандығынан айыру өзінің Қазақстан Республикасының
қылмыстық жазалар жүйесінде орын алуымен екі қарама-қайшы тенденцияны алға
тартады – жазаны ізгілендіру және мемлекеттің жазалау саясатын күшейту:
адамның өмірін сақтай отырып, қылмыстық жазаның ең қатаң шарасы болып
табылады.
2. Өмір бойы бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас
бостандығынан айырудың бір түрі болып табылады. Осыған байланысты ҚР ҚК 39-
бабы 1-бөлігінің и тармағына белгілі бір мерзімге бас бостандығынан
айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру деген толықтырулар
енгізіп, ҚР ҚК 49-бабына тиісті толықтырулар енгізу мақсатқа сәйкес деп
білеміз.
3. Өмір бойы бас бостандығынан айыру – Адамның өміріне қол сұғатын
ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде адамдардың өлімімен
ұштасқан террористік қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға
заңмен анықталмаған мерзімге тағайындалатын, және сотталушыны айрықша
режимдегі колонияға отырғызу жолымен оқшаулаудан тұратын жаза түрі.
4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезінде жаңадан ауыр
немесе аса ауыр қылмыс жасап сотталғандар шартты-мерзімінен бұрын босатуға
ұсынылмайды деген заң талабы қылмыстық-атқару заңында емес, қылмыстық заңда
белгіленуге тиіс. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару
кодексі 170-бабының 2-бөлігін алып тастау керек.
5. Сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп
жүрген құқық бұзбайтын мінез-құлқымен түзелгендігін дәлелдесе және кемінде
жиырма жылдық жазасын өтесе, ондай адамға мерзімінен бұрын-шартты түрде
босату қолданылғаны дұрыс. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексі 70-бабының 5-бөлігі мынадай мазмұнда ұсынылады:
5. Егер сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп
жүрген адам, құқықбұзбайтын мінез-құлқымен өзінің түзелгендігін дәлелдесе
және кемінде жиырма жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе,
мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға жатады.
6. Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға мерзімінен бұрын
шартты түрде босатылғаннан кейінгі уақытқа сынақ мерзімін белгілеу қажет.
Сотталғандардың мұндай категориялары үшін сынақ мерзімі соттылықты жою
шегінде болуы мүмкін, яғни 8 жыл. Осыған байланысты ҚР ҚК 70-бабының 5-
бөлігін 2-бөлікпен мынадай редакцияда толықтыруды ұсынамыз: Өмір бойы бас
бостандығынан айырудан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдар
үшін сынақ мерзімі 8 жылға белгіленеді.
7. Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасына өмір бойы
бас бостандығынан айыру жазасын өтеу жағдайларын одан әрі дифференциациялау
бөлігіне қажетті өзгерістер енгізу керек (өмір бойы бас бостандығынан
айыруға үкімді қайта қарау және сотталғандарды басқа режим түріне ауыстыру,
жазаны өтеудің басқа жағдайларына ауыстыру үшін жазаны өтеу мерзімін кеміту
және мерзімінен бұрын босату).
Бұл мақсаттарға орай өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды
5 жылдан кейін қатаң режимнен дағдылы немесе жазаны өтеудің жеңілдетілген
түріне ауыстыру мүмкіндігін қарастырған жөн. Осыған сәйкес Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 123-бабының 3 және 4
тармақтарына келесідей түзету енгізу қажет:
3. Түзеу колониясына келген бойда барлық сотталғандар жазаны өтеудің
қатаң жағдайларына орналастырылады. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан
жазаны өтеудің дағдылы жағдайларына көшіру жазаны өтеудің қатаң
жағдайларында кемінде бес жылын өтеуі бойынша осы Кодекстің 120-бабының 5-
тармағында аталған негіздер бойынша жүргізіледі.
4. Сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында кемінде бес жылын
өтеуі бойынша осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында аталған негіздер
бойынша жеңілдетілген жағдайларға көшірілуі мүмкін.
1 ӨМІР БОЙЫ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ
МАЗМҰНЫ
1.1 Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының түсінігі мен мәні
2003 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өлім
жазасына тыйым салатын мораторий жарияланды. Сөйтіп, өлім жазасына балама
ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Содан бергі
өткен 8 жылда елімізде бірде-бір өлім жазасы жүзеге асырылған жоқ.
Алайда заңнамаларымызда ауыр қылмыс жасағандарды өлім жазасына кесетін
нормалар әлі де бар. Бірақ ол нормалар қағаз жүзінде ғана. Мораторий
тұрғанда іс жүзіне аспайды. Мемлекет басшысы жариялаған мораторийдің шекті
мерзімі белгіленбегенін ескерсек, орындалмайтын баптардың қажеті бар ма?
Демек, заңдық күші жоқ баптардан арылуымыз керек қой. Бірақ ол үшін
әуелі Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші
факультативті хаттамасына қосылуымыз қажет екен. Бұл жөнінде кеше Астанада
өткен Орталық Азияда өлім жазасын түбегейлі жою: өтпелі кезеңнің
мәселелері атты конференцияда айтылды. Конференцияның негізгі
ұйымдастырушысы Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілдігі,
ал қаржыландырушы - Еуропалық одақ. Еуропалық одақтың өлім жазасынан бас
тартыңдар деп уәж айтар жөні бар. Өйткені аталмыш одаққа мүше елдердің
барлығы да өлім жазасынан бас тартқандар. Бұл елдерде өлім жазасын өмір
бойы бас бостандығынан айыру жазасы алмастырған. Алайда өмір бойы бас
бостандығынан айыру жазасының қолданылуынан туындайтын да мәселелер де жоқ
емес. Алысқа бармай-ақ, өзімізді айтсақ, бүгінгі таңда біздің елде 84,
Қырғызстанда 242, ал Тәжікстанда 100-ге тарта адам өмір бойы бас
бостандығынан айыру жазасына кесілген. Осы санаттағы адамдарды қамтамасыз
ету мәселесі бүгінде түрлі қарама-қайшылықтар тудырып отыр.
Кешегі басқосуда дәл осы мәселе талқылауға түсті. Конференцияға Қазақстан,
Қырғызстан және Тәжікстанның Президент әкімшіліктері, конституциялық
бақылау органдары, Әділет министрліктерінің, прокуратура және сот жүйесі
органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен халықаралық
сарапшыларының, елшілік қызметкерлерінің қатысуы, басқосудың салмағын
айқындап бергендей. Алғаш болып сөз алғандардың бірі Сыртқы істер
министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосынова
Қазақстанның адам құқықтарына қатысты халықаралық талаптардың барлығын
орындап келе жатқанын тілге тиек етті. Қазақстан адам құқықтарына қатысты
бүкіләлемдік бағыттан айнымастан, өлім жазасын қолданудан бас тартуды бірте-
бірте жүзеге асырып келеді. Осы кездің өзінде-ақ өлім жазасынан бас тартқан
мемлекетпіз, - деді ол. Бүгінде өлім жазасынан бас тартып жатқан елдердің
артып келе жатқанын айтқан М.Жарбосынованың сөзін Президент жанындағы Адам
құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев те қуаттады. Оның
айтуынша, ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекеттің тек үшеуінің заңнамасында ғана өлім
жазасы бар. Бұл - Белоруссия, Тәжікстан және Қазақстан. Осы олқылықты жою
үшін Адам құқы жөніндегі комиссия Үкімет пен Парламентке Азаматтық және
саяси құқық туралы халықаралық пактінің екінші хаттамасын ратификациялау
туралы ұсыныс енгізіпті. Қазіргі кезде бұл мәселе талқылануда, - дейді
Т.Әбішев.
Өлім жазасын алып тастау - ауыр қылмыстардың артуына себеп болмай
ма? деген сұрақ кім-кімді де мазалайтыны рас. Өйткен, Астанадағы Шұбар
шағын ауданындағы қанды оқиға мен күні кеше ғана Қарағандының Сұрыптау
стансасында тұтас бір отбасын қанға бөктірген қылмыскердің қылығын ел ұмыта
қойған жоқ. Ал өлім жазасын алып тастауды ұсынып отырған институттар өлім
жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы алмастыратындықтан,
қылмыскерлер бостандыққа шығып кетеді деп алаңдауға негіз жоқ деп
санайды. Оның үстіне, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар мерзімінен
бұрын босатылатындар санатына жатпайды. Мұндай тәжірибе өлім жазасын алып
тастаған елдердің барлығында дерлік бар. Мәселен, батысты айтпағанның
өзінде, көрші Ресейде өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар тек 25
жылдан кейін ғана мерзімінен бұрын босату туралы мәселе қозғай алады. 20-
30 жыл бойы түрмеде отырудың өзі қылмыскер үшін аз тауқымет емес, - дейді
конференцияға қатысушылар. Бірақ қылмыскерлерді өмір бойы түрмеде ұстап
отыру да мемлекеттің қазынасына қыруар салмақ салатыны бар. Оларды ас-сумен
қамту үшін де сіз бен біздің төлеп отырған салығымыздан шығын шығаруға тура
келеді. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ұмытпауымыз керек екен. Адам өмірін
сақтау - Ата заңымызда айтылған норма. Ата заңға бас ұрмасқа болмайды.
Конференцияға қатысушылар жиын соңында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан
елдеріне өлім жазасынан бас тартуға қатысты ұсыныстар айтылған құжатты
қабылдады. Бұл құжатта өлім жазасынан түбегейлі бас тартып, Азаматтық және
саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына
қосылу, түрмелерге қоғамдық бақылау жасаудың мүмкіндігін заңдастыру секілді
жиырмадан астам ұсыныс жасалған.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан
айыру тәрізді арнайы мекемеге (айрықша режимдегі түзеу колонияларына)
орналастыра отырып сотталған адамды қоғамнан оқшаулау болып табылады, бірақ
мерзімсіз (өмір бойына). Егер бұл жазаның пайда болу тарихы жөнінде айтар
болсақ, онда өмір бойына бас бостандығынан айыру жаза туралы Жинақта
белгіленген болатын және Ресейде 1917 жылға дейін қолданылған. Бұл жаза
алқа билер сотымен тағайындалатын болған. Мысалы, белгілі мерзімсіз
каторгаға жер аударуға және т.б. Кеңес кезеңінде өмір бойы бас
бостандығынан айыру заңнамадан жойылды. Бірақ, ату баптары белсенді түрде
қолданыла бастады. 80-жылдардың аяғында Ресей Еуропа Кеңесіне кіруге ынта
жасай бастаған уақытта, онда екі миллионға жуық сотталған адамдары болған,
және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға өлім жазасы жиі қолданылған. Сол
уақытта Кеңес Ресей алдына Еуропа Конвенциясына сәйкес адам құқығы мен
бостандығын қамтамасыз ету бойынша бірнеше шарттар қойды, оның ішінде өлім
жазасын жою туралы да мәселе қойылған болатын. Осыдан келіп Ресейде өмір
бойына қамау туралы ой туындады. Бұл жағдайды бірегей деп атауға болады,
өйткені сол кезде күшінде болған қылмыстық кодексте мұндай жаза түрі
болмаған.
Алайда, сол кезде Ресейде мұндай қадам құқықтық жағынан да экономикалық
тұрғыдан да есептелінбегендігін айту керек. Схема былай болды. Өлімге
кесу үкімдеріндегі қылмыстық істер Жоғарғы Сот пен Бас прокуратураға
сараптама жүргізу үшін жіберіліп тұрған. Қылмыстық-құқықтық саралау дұрыс
берілген, яғни үкім заң шеңберінде шығарылған деген қорытынды берілген соң
іс Президент қарамағындағы кешірім жасау бойынша комиссияға келіп түсетін.
Оны жазушы Анатолий Приставкин басқарған болатын. Және де сотталған адам
кешірім жасау туралы сұраныс жасаған, жасамағандығына қарамастан құжаттар
мемлекет басшысына дайындалатын болған. Өзінің жарлығымен ол жазаны өмір
бойы бас бостандығынан айыруға ауыстыра алған. Басқа сөзбен айтқанда, 96-
жылға дейін осының барлығы соттан тыс тәртіппен жүзеге асқан.
1996 жылы ғана Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне өмір бойы бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгілейтін бап енгізілді, және де бұл
жаза соттық тәртіппен тағайындала бастады. Қазір Ресейде 800-ге жуық
сотталған адам өмір бойы бас бостандығынан айыруға кесілген. Олар
Свердловск және Вологодск облыстарының колонияларында жазасын өтеуде.
Сонымен, жаңа Ресей Қылмыстық кодексінде өмір бойына бас бостандығынан
айыру қылмыстық-құқықтық әсер етудің дербес шарасы болып табылады. Бұл жаза
жазалар жүйесінде қарастырылған және жеке баппен реттелген (РФ ҚК 44 және
57 баптары) [5, 68 б.].
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде
өмір бойы (мерзімсіз) бас бостандығынан айыру тәрізді жазаның жаңа түрі
енгізілді. Алайда, мұндай жаза біздің қылмыстық кодексімізде жазалар
жүйесіне енгізілген жоқ.
Қазақстан Республикасында қылмыстық заңшығарушы, қылмыстық жазаның бір
түрі ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыруды толық ресмилендіру
қағидатынан бас тарта отырып, бұл жазаны ҚК-48 бабының 4-бөлігінде бас
бостандығынан айырудың бір түрі ретінде қарастырып, басқа жолмен белгіледі.
Көлемі бойынша үлкен (7-бөлік) 48-бап негізінен белгілі бір мерзімге бас
бостандығынан айыру сияқты жаза түрін реттеуге арналған. Сондықтан өмір
бойы бас бостандығынан айыру жазалар жүйесінде бір-бірімен тиісінше бір
бөлік және біртұтас ретінде арақатынасып мерзімді бас бостандығынан
айырудың орнын басады. Сол себептен өмір бойы бас бостандығынан айыру
Қылмыстық Кодекстің жеке бабымен реттелмеген. Заң шығарушының осындай
логикасына сүйенсек, өмір бойы бас бостандығынан айыруды ҚК 39-бабының 1-
бөлігіне сәйкес жай бас бостандығынан айыру сияқты негізгі жазалар
категориясына жатқызу қажет.
Заң шығарушы өзінің құқықтық табиғаты және басқа да заңдық белгілері
бойынша мерзімсіз бас бостандығынан айырудың оның мерзімсіз түрінен
айырмашылығы жоқ деген пікірде болуы әбден мүмкін, бірақ мұндай позиция
қылмыстық-құқықтық доктринада көп пікірталастар тудырады.
Бұрынғы (ресейлік те, қазақстандық та) заңнамаға белгісіз өмір бойы бас
бостандығынан айыру бұрын өлім жазасы қолданылатын қылмыстардың құрамының
елеулі түрде қысқаруына байланысты, сондай-ақ ең жоғары жаза түріне балама
ретінде енгізілді. Бұл жаза түрі ең ауыр жазалар қатарына жатқызылуға тиіс
болса да, белгілі мағынада бұл қылмыстық жауаптылықтың ізгілік шарасы
ретінде де қарастырылуға тиіс: өмір бойы бас бостандығынан айыруды енгізу
өлім жазасын қолдану жағдайларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.
1.2 Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын шетелдерде қолдану
тәжірибесі
Өмір бойы бас бостандығынан айыру қылмыстық жазаның түрі ретінде біздің
мемлекетімізде ұзақ уақыт болмағандығын ескерсек, онда оны қолдану
тәжірибесі аталған жаза бірнеше онжылдықтар бойы қолданылып келе жатқан шет
мемлекеттердің тәжірибесіне негізделуі тиіс.
ХХ ғасырдың басында көптеген шетел мемлекеттерінің қылмыстық жаза
жүйесінде өмір бойына түрмеге қамау өлім жазасын біртіндеп ығыстыра
бастады.
Бұл тенденция әсіресе 1949 жылы Еуропа Кеңесінің пайда болуынан және
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық
Конвенцияның қабылдануынан кейін айқындала бастады. Кешірек,1983 жылдың 24-
сәуірінде Страсбургте Еуропалық Конвенцияға қосымша №6 Өлім жазасын жоюға
қатысты Протокол қабылданды. Құжаттың 1-бабында мемлекеттердің – Еуропа
Кеңесі (ЕК) мүшелерінің өлім жазасын қолданудан бас тартуы қарастырылған.
Сонымен қатар, 2-бапқа сәйкес, мемлекет – ЕК мүшесі өзінің заңнамасында
соғыс кезінде немесе соғыстың болмай қоймайтын қауіпінде жасалған
әрекеттер үшін өлім жазасын белгілеуі мүмкін [29].
Біріккен Ұлттар Ұйымымен де ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру мен
өмір бойына түрмеге қамау жазаларын орындауды ұйымдастыруға қатысты
бірқатар маңызды құжаттар қабылданған. Олардың біреуі белгілі бір мерзімге
бас бостандығынан айыруға сотталғандармен айналысудың халықаралық
стандарттарын белгілеген, қамалғандармен айналысудың минималды стандарттық
ережелері. Алайда, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтейтін
адамдар бұл құжаттың авторларының назарынан тыс қалған [30].
Ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру мен өмір бойы бас бостандығынан
айыруды қолданумен байланысты мәселелер алғашқы рет қылмыстылықтың алдын
алу және құқық бұзушылармен айналысу бойынша БҰҰ IV Конресінде мәлімденді
(Каракос, 1980 жыл, тамыз-қыркүйек). Атап айтқанда, жаза мақсаттарына жету
үшін ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыруды және өмір бойы бас
бостандығынан айыруға сотталғандарды қоғамдағы өмірге қайта оралту үшін
тиімді шараларды қабылдау қажеттілігі белгіленген [31, 3 б.].
Біріккен Ұлттар Ұйымымен жүргізілген зерттеулер негізінде өмір бойы бас
бостандығынан айыруға қатысты ұсыныстар дайындалды. Бұл құжаттың авторлары
өмір бойы бас бостандығынан айыруды тек аса ауыр қылмыстар үшін қолдануды
ұсынады. Өз алдына қылмыстық жаза саласында қылмыстық саясатты анықтауда
босатылуға ешбір үміті жоқ адамды түрмеге қамау бас бостандығынан айыру
жазасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz