Түркі сөзінің тамыршысы
1 Түркі сөзінің тамыршысы
2 Қазақ тіл біліміндегі этимология
3 Ә.Қайдардың ғылыми.педагогтік қызметі
2 Қазақ тіл біліміндегі этимология
3 Ә.Қайдардың ғылыми.педагогтік қызметі
Байқап отырсақ, өткен ғасырда қазақ тіл білімінің үш түрлі ұрпағының өкілдері қызмет жасады. Бірінші ұрпақтың құрамына А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов бастаған қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдар кіреді. Екінші ұрпақтың қатарында І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев бастаған қазақтың академиялық тіл білімін қалыптастырушы ғалымдарды атауға болады. Академик Ә.Қайдар академиялық тіл білімін жаңа деңгейге көтеріп, дамытушы ғалымдар легін құрайтын үшінші ұрпаққа жатады деп ойлаймыз.
Әбдуәли Туғанбайұлы мектеп бітірісімен өз еркімен майданға аттанып, Ұлы Отан соғысына қатысқан, туған еліміздің азаттығы үшін қан төккен рухы таза, жігерлі, намысты азаматтар¬дың бірі. “Даңқ” (1944), І дәрежелі және ІІ дә¬режелі “Отан соғысы” (1944) ордендерімен, екі мәрте “Қызыл Жұлдыз” (1945) орденімен, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Гер¬манияны жеңгені үшін”, “Москваны қор-ға¬ғаны үшін”, т.б. медальдармен марапатталған. Жауынгерлік парызын үлкен абыроймен атқарып келген соң Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны үздік тәмамдап шығады. 1951 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданып, оны 1954 жылы “ұйғыр тілі” мамандығы бойынша бітіреді. Осының өзінен ғылым жолына аяқ басқан жас ғалымның тіл таңдаудағы өзгелерден ерекшелігін, қиын¬дық¬тан тайсалмайтын батылдығын байқауға бо¬лады.

Байқап отырсақ, өткен ғасырда қазақ тіл білімінің үш түрлі ұрпағының
өкілдері қызмет жасады. Бірінші ұрпақтың құрамына А.Байтұрсынұлы мен
Қ.Жұбанов бастаған қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдар кіреді.
Екінші ұрпақтың қатарында І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев бастаған қазақтың
академиялық тіл білімін қалыптастырушы ғалымдарды атауға болады. Академик
Ә.Қайдар академиялық тіл білімін жаңа деңгейге көтеріп, дамытушы ғалымдар
легін құрайтын үшінші ұрпаққа жатады деп ойлаймыз.
Әбдуәли Туғанбайұлы мектеп бітірісімен өз еркімен майданға аттанып,
Ұлы Отан соғысына қатысқан, туған еліміздің азаттығы үшін қан төккен рухы
таза, жігерлі, намысты азаматтардың бірі. “Даңқ” (1944), І дәрежелі және ІІ
дәрежелі “Отан соғысы” (1944) ордендерімен, екі мәрте “Қызыл Жұлдыз” (1945)
орденімен, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені
үшін”, “Москваны қор-ғағаны үшін”, т.б. медальдармен марапатталған.
Жауынгерлік парызын үлкен абыроймен атқарып келген соң Қазақ мемлекеттік
университетіне түсіп, оны үздік тәмамдап шығады. 1951 жылы Қазақ КСР Ғылым
академиясының аспирантурасына қабылданып, оны 1954 жылы “ұйғыр тілі”
мамандығы бойынша бітіреді. Осының өзінен ғылым жолына аяқ басқан жас
ғалымның тіл таңдаудағы өзгелерден ерекшелігін, қиындықтан тайсалмайтын
батылдығын байқауға болады.
Сол 1954 жылдан бастап осы күнге дейін, жарты ғасырдан астам уақыт
ғалым қазақ тіл білімінің қара шаңырағы саналатын ғылым ордасында – қазіргі
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында еңбек етіп келеді.
Аспирантураны бітіріп, арнаулы ғылыми даярлықпен келген жас маман өзінің
еңбек жолын ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының кіші ғылыми қызметкері
ретінде бастап, институт директорына дейінгі жолды жүріп өтті. Осы қызметті
1995 жылға дейін үлкен абыроймен атқарды. Ғылым кандидаты, ғылым докторы,
профессор, академик болды. Сөйтіп, ғылымның ауыр жолында оның барлық
лауазым, атақ, дәреже баспалдақтарынан өтті. Белгілі бір мамандықтың барлық
сатыларынан өткен адамның ғана өз саласының хас шеберіне айналатыны белгілі
жайт. Академик Ә.Қайдардың ғылымдағы өмір жолы осының айқын дәлелі бола
алады.
Академик Ә.Қайдар – ғұлама ғалым. Ол қазақ тіл білімінің, түркітану
мен алтаистиканың алуан түрлі салалары бойынша әлемдік деңгейдегі құнды
зерттеулер жазды. Түркі тілдеріндегі түбір теориясы, қазақ тілінің
лексикасы мен лексикологиясы, лексикографиясы, қазақ тіліндегі еліктеуіштер
табиғаты, қазақ қос сөздерінің семантикалық құрылымы, қазақ
терминологиясының өзекті мәселелері, қазақ тілінің грамматикалық құрылымы
мен лексика-фразеологиялық жүйесі, қазақ ономастикасының жай-күйі мен
болашағы, этимологиялық зерттеулердің әдіс-тәсілдері мен басты ұстанымдары,
қазақ этнолингвистикасының ғылыми-теориялық және танымдық негіздері ғалым
еңбектерінде егжей-тегжейлі сөз болады.
Академик Ә.Қайдар “Түркі этимологиясы: өзекті мәселелер мен міндеттер”
атты еңбегінде этимологиялық реконструкцияны зерттеудің барлық жағдайына
арналған универсалды ғылыми-теориялық талдау әдістері мен критерийлердің
болмайтындығын ескерте келіп, этимологияның фонетикалық, морфологиялық
критерийлерімен қатар, семантикалық критерийлерді де белгілейді: 1)
лексикалық бірліктің бастапқы және кейінгі мағыналарының қайсысының
негізгі, түпкі мағына екенін тап басып тану; 2) сөз мағынасында жалпыдан
жекеге, бүтіннен бөлшекке немесе керісінше дамуының болатынын ескеру; 3)
сөз тұлғасының дыбыстық өзгеріске түсуі кезінде оның мағынасының
өзгеретінін немесе сараланатынын естен шығармау; 4) гомогенді және
гетерогенді омонимдерді шатастырмау; 5) сөз мағынасының өзгеруінде тілдік
қана емес, бейтілдік факторлардың болатынын бағамдау; 6) кейбір сөздердің
мағынасын салыстыруда олардың тарихи түбірлес екенін (сағақ, сақал,
сағанақ, сағалдырық, саға, сағана, сағалау) ұмытпау қажеттігін айтады.
Ә.Қайдар қазақ тіл біліміндегі этимологияға арналған еңбектерді көне
сөздердің, топоним, этноним, диалектілік, басқа тілден енген лексикалардың,
түбір, біріккен сөздердің, қос сөздердің этимологиясын зерттеуге арналған
жұмыстар ретінде бағалайды. Бұл дегеніңіз, тілдік бірліктердің қазақ
этимологиясында жеке-дара, дербес қарастырылып жатқанының көрінісі. Осы
кемшілікті жою үшін ғалым төрт түрлі міндетті алға қояды: 1) қазақ тілі
материалдары негізінде этимологиялық реконструкция жасаудың әдістемесі мен
ұстанымдық мәселелерінің ғылыми-теориялық негіздемесін жасау; қазақ
тіліндегі базалық лексиканың қыпшақтық немесе түркілік қалыпқа қатысын
неғұрлым тереңірек талдау; 2) жалпы және жеке түркі тілдеріне тән түбірлер
мен негіздерді айқындауға бағышталған салыстырмалы-тарихи зерттеулер
жүргізу; 3) этимологиялық сөздіктерді құрастыруда “Қазақ тіліндегі
этимологиялық зерттеулер тәжірибесі” тәрізді ғылыми негіздемелік еңбек
жазу; 4) түркі тілдеріндегі этимологиясы айқындалған лексика мен
грамматикалық формалардың толық тізбесін жасап, этимология мәселелеріне
арналған еңбектердің толық библиографиясын құрастыру. Еңбекте сөз болған
мәселелер, қойылған міндеттер күні бүгін де өз өзектілігін жойған жоқ.
Әбекеңнің түркітануға қатысты қандай еңбегі болмасын, дәл осындай маңызды
ой-тұжырымдардың молдығымен, болашаққа бағдарланған шешімдердің көп
кездесуімен ерекшеленеді.
Ұйғыр тіл білімінің мәселелеріне арналған алғашқы еңбектерінің бірінде
қос сөздердің табиғаты зерделенсе, кейінгі еңбектерінде ұйғыр тілінің
грамматикасы (синтаксис), лексикасы, қазіргі ұйғыр әдеби тілінің мәселелері
сөз болды. Ғалым 1962 жылы жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілі” оқулығы
авторларының бірі, 1966 жылы басылған “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық
сөздігі” еңбегінің негізгі авторларының бірі болды. Бұлардан соң “Структура
односложных корней и основ в казахском языке” (1986), “Сырға толы түр мен
түс” (1986) еңбектері жарияланды. М.Оразовпен бірігіп “Түркітануға кіріспе”
(1992) оқулығын жазды.
Қазақ тіл біліміндегі этимология, семасиология, ономасиология,
диалектология, этнолингвистика салаларының деректерін, әдіс-тәсілдерін
пайдалана отырып, этностың шығу тарихын, этнос тілінің пайда болу тарихын,
тілдегі базалық лексика құрамы мен құрылымын, тіларалық байланыстар әсерін
зерделейтін, тілдегі сөздердің тарихи қозғалысын, пайда болу жолдары мен
даму заңдылықтарын зерттейтін тарихи лексикология саласының зерттеу
нысандары мен басты міндеттерін алғаш рет анықтап берген ғалым – академик
Ә.Қайдар.
Ғалымның 1986 жылы жарық көрген “Структура односложных корней и основ
в казахском языке” атты монографиясы отандық және әлемдік тіл білімінде
жоғары бағаланған аса құнды еңбек ретінде танылды. Әлемдік түркітанушылар
арасында түбір мәселесімен айналысатын ең белгілі мамандардың бірі болып
табылатын ғалымның бұл еңбегі оның ғылыми беделін бұрынғыдан да арттыра
түсті. Монографияның бес тараудан тұратын ғылыми-теориялық зерттемелік
бөлігінде түркі тілдеріндегі түбір мәселесі, түбірлер мен негіздердің
құрылымы, этимологиялық реконструкция жасаудың әдіс-тәсілдері, қазақ
тіліндегі бір буынды түбір-негіздердің лексика-грамматикалық және
семантикалық түрлері жан-жақты жүргізілген тарихи-салыстырмалы,
салғастырмалы зерттеу негізінде талданады. Екінші бөлікте бір буынды түбір-
негіздердің сөздігі беріледі. Бұл еңбегінде ғалым бір буынды түбір-
негіздердің жалпы түркі тілдерінің байырғы сөздік қорының өзегі екендігін
жан-жақты дәлелдейді. Қазақ сөзінің құрылымы зерттеле бастағанына ғасырлар
өтсе де оның шешімін таппаған мәселелері аз емес еді. Осы мәселені ғылыми-
теориялық тұрғыдан кешенді түрде зерттеген де академик Ә.Қайдар болды.
Ғалым бір буынды түбірлерді өзі ғана зерттеп қоймай, төңірегінде
түбіртанушылардың отандық мектебін қалыптастыра білді.
Ғалымның қазақ тіл білімінің зерттемеген саласы кемде-кем. Ол
этнолингвистика, тіл тарихы және диалектология, лексикология,
лексикография, семасиология, терминология, грамматика салалары бойынша
көптеген еңбектер жазды. Оның осы салалардың әрқайсысы бойынша жазған
еңбектеріне жеке-жеке тоқталып, арнайы сөз еткен абзал. Алайда осы
салалардың ішінде ғалымның қазақ этнолингвистикасы бойынша жүргізген
зерттеулерінің бір төбе екендігін айтпасқа болмайды. Академик ғалым
этнолингвистиканың қазақ тіл білімінде жеке ғылым саласы ретінде
қалыптасуына, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz