Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру


МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І. Парақорлықпен күресудің қылмыстық - құқықтық аспектілері

1. 1. Парақорлық қылмысының тарихы және Қазақстан заңнамасындағы алатын орны

1. 2 Парақорлық түсінігі және құқықтық реттеуі

1. 3. Лауазымды тұлғалардың пара алу сыбайлас жемқорлық нысаны

ретінде

ІІ. Парақорлық қылмысының қылмыс құрмдары.

2. 1. Парақорлықтың объектісі.

2. 2. Парақорлықтың объективтік жағы.

2. 3. Парақорлықтың субъектісі.

2. 4. Парқорлықтың субъективтік жағы.

ІІІ. Парақорлықпен күресудің криминологиялық аспектілері

2. 1. Парақорлықтың алдын алу профилактикасы

2. 2. Парақорлықтың әлеуметтік сипаттамасы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңінде жаңа қоғамның өркендеп әрі қарай дамуы үшін заңдылықтың күшеюі, еліміздің азаматтарының құқықтары мен өмірлерін қорғауының күшеюі басты міндет болып отыр. Бұл туралы еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Халқына деген “Қазақстан-2030 Жолдауында”, халқымыздың негізгі Заңы Конституцияда, басқа да құқық қорғау заңдарында көрсетілген, яғни қылмыстылықпен күресуде барлық республикалық заңдарды қолданып, құқық бұзушылықтың жіберілмеуін және де әрбір қылмыскер өзіне тиісті жазасын алатынын айтқан болатын. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматына құқықтық саласы бойынша біліммен сусындата отырып, оларды тәрбиелеу. Құқықтық тәрбие үрдісінде көптеген жан - жақты мәселелер қарастырылады, соның бірі құқық бұзушылықты алдын - алу шаралары. Қоғамымызға, мемлекетімізге қауіпті заңға қайшы әрекеттерді болдырмау шаралары құқық қорғау органдарының көмегімен жүзеге асады. Құқықтық тәрбиелеу практикасы - адамзаттың өркендеу кезеңінде қалыптасқан үрдic. Oғaн дәлел ежелгi мемлекетгердегi заңдардың болуы, халықтың жаппай заң нормаларына бағынуы және осы заңдар негiзiнде адамдардың тәрбиеленуi.

Адамдар арасындағы құқық бұзушылықты алдын-алу шараларын дамыту мәселелерi қазiргi заманның өзектi мәселесi болып табылады. Сондықтан да әрбір азаматтың жан-жақты бiлiмiн, санасы мен мәдениетiн тәрбиелей отырып, өз Отанын сүйетiн, заң нормаларын силайтын, ұғынатын, өз құқықтары мен бостандықтарын бiлетiн, заңды мiндeттepiн бұлжытпай орындайтын құқықтың, демократиялық мемлекеттiң үлгiлi азамат тұлғасында қалыптастырып, дамытады. Құқықтық дамыған адам - құқықтық білімді; өзiн тұлға ретiнде ұстай бiлетiн; заң нормалары мен құқыққа оң көзқарастағы адам болып табылады. Құқықтық бiлiмдi азамат кез келген тәртіп бұзушылыққа немесе қылмыстарға бармайды.

Қылмыстылықты алдын алудың түп нұсқалық идеясы адамгершілік, қоғамдық тәртіп және заң нормаларын бұзумен, кез келген негативті құбылыстармен жиі кездесетін тұлғаны тәрбиелеу жүйесінің құрама бөлігі ретінде негізделеді. Адамдардың заңды білімділігінің төмендігінен әр түрлі заңға қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктерге баруы мүмкін. Сондықтан оларды құқықтық тәрбиеге баулуда, құқық бұзушылықты алдын алу шараларын ұйымдастырғанда тәрбиеленушінің жүріс-тұрысына, психикалық ой-өрісіне, санасы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлініп отырғаны дұрыс.

Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған құқықтық білім беру мен тәрбие процестері жастардың заң нормаларын силайтын, өз құқықтары мен бостандықтарын білетін, міндеттерін орындайтын, заңға қайшы әрекеттердің мемлекетке, қоғамға, жеке тұлғаға тигізетін залалы мен зиянын ұғынатын, заңды жаза мөлшерін білетін және т. б. заңды білімі мен санасын, мәдениетін дамыту шаралары арқылы қоғамдағы, мемлекеттегі құқық бұзушылықты алдын алу немесе болдырмау мәселелерін шешуге болады.

Еліміздің экономикалық, саяси және құқықтық өркендеуі мен демократиялық дамуы үрдісі одан әрі жетіле беруі үшін қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі. 1998 жылы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданып сыбайлас жемқорлық ұғымы ұлттық заңнамамызда алғаш рет анықталды, онымен күресті жүргізетін мемлекеттік органдар жүйесі белгіленді.

Қазақстанда терең тарихи тамырлары бар жемқорлықтың ең қауіпті және өте кең таралған формасы - парақорлық болып саналады. Ол мемлекет механизімінің барлық салаларына терең еніп қалған құбылыс. Азаматтар алдында бір жағынан билік органдарына сенімсіздік қасиетін тудыртса, екінші жақтан өзінің тұрмыстық, жеке, кәсіпкерлік және өзге де жағдайларын шешумен байланысты парақорлыққа шыдамды қатынасты тудыртып, бұл құбылысқа қоғамның қарсы тұру мүмкіншілігі мен адамгершілігіне кері әсер етеді.

Мемлекетіміздің бірден-бір проблемасы болып саналатын, парақорлық пен жемқорлық, ғылыми қоғамдастықты әр уақытта көңіл аудартады. Көзделген қылмысты саралау проблемаларын және алдын алу шараларын анықтап зерттеген келесі отандық заңгерлерді атап кетуге болады: Рогов И. И., Ағыбаев А. Н., Алауханов Е. О., Нәрікбаев М. С., Бычкова С. Ф. Сыдықова Л. Ш. және тағы басқалар. Осы авторлардың құжаттамаларында қазіргі парақорлықты зерттеу ілімдері және бұл құбылыспен күресудің негіздері көрсетілген.

Қазір парақорлыққа қарсы көптеген жарлықтар, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер қабылданып жатқанмен олар актуалды сұрақтарды шешпейді. Мысалы «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР ның Заңы жемқорлықтың жалпы сұрақтарын, парақорлықтың экономика мен ұйымдасқан қылмыстылықпен қарым-қатынасын және тұлғаларды жекелей лауазымды топтарға жатқызылуын қамтиды. Сол уақытта лауазымды қылмыстардың объектісін дамытуымен, қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың субъектілік жүйесін, парақорлық үшін жауаптылық проблемалары дифференциациясы және парақорлықтың криминологиялық сипаттамасы соның ішінде, оның статистикалық көрсеткіштер, тұлғаның жеке сипаттамасы және профилактикалық шаралардың болу мүмкінділігі зерттеуден тыс қалады.

Біз білетініміздей парақорлық мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс санатына жатады. Лауазымды тұлға өзінің құзыретіне жататын іс-әрекетін жасағаны (немесе жасамағаны) үшін әр түрлі нысанда материалдық құндылықтарды алуы. 1 Біздің отандық қылмыстық құқығымызда парақорлық түсінігі яғни, пара беру, пара алу, парақорлыққа делдал болу үш түрде берілген. 2 Парақорлықтың қауіптілігі сонда ол билікті түсіріп, халықтың алдында беделін төмендетеді.

Дипломдық зерттеудің объектісі болып өзіміздің теориялық деңгеймен байланысты қылмыстық-құқықтық заңдылықты және криминологиялық ілімді зерттеп, анықтау және кемістіктер орын алғанда оларды көрсету болып табылады. Бізбен объект шегінде зерттеу пәні қарастырылатын болады. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311, 312, 313-баптар нормативтік нұсқамалар ретінде қарастырылып, сот органдарының тәжірибесі, елдегі парақорлық қылмысының статистикалық көрсеткіштері көрсетіледі. Бізбен көрсетілген пәнді зерттеу үшін көптеген нормативтік, эмпирикалық (деректі және әлеуметтік зерттеулер) және теориялық қайнар көздер қолданылды.

Дипломдық жұмысымның мақсаты әлеуметтік-құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

оның жалпы түсінігінің маңыздылығы мен объектісін анықтау;

парақорлыққа қатысты Қазақстанның қылмыстық заңдылығының дамуын зерттеу;

әлеуметтік маңыздылығын анықтау;

статистикалық-криминологиялық сипаттамасын беріп, соған қатысты есеп беру;

Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмысымның құрылымы анықталды. Бұл құрылым кіріспеден, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектіге түсінік беретін бес параграфтан, оны біріктіретін үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда парақорлық пен жемқорлық генезисі қарастырылып, парақорлықтың пайда болуының қайнар көзі туралы айтылған. Сонымен қатар парақорлық түсінігі мен анықтамасы ашылған және Қазақстан заңдылығында алатын орны және тиімді қолданылуы айтылып кеткен, бұған қоса сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы бағдарламасына нақты түсініктеме берілген. Сондай-ақ, парақорлық қылмысының тарихы және Қазақстан заңнамасындағы алатын орны мен лауазымды тұлғалардың пара алу сыбайлас жемқорлық нысаны ретінде қарастырылып өтті

Екінші тарауда парақорлық қылмысының қылмыс құрамдары, яғни парақорқтың объектісі, парақорлықтың объективтік жағы, парақорлықтың субъектісі және парқорлықтың субъективтік жағы жөнінде баяндалады. Оның кескіні «қосымшаларда» көрсетілген. Үшінші тарауда теориялық және тәжірибелік қызығушылықты тудыратын парақорлықпен күресу проблемасының криминологиялық және әлеуметтік аспектілері көрсетілген. Сонымен қатар парақорлықтың алдын алу профилактикасы мен парақорлықтың әлеуметтік сипаттамасын бере отырып, әлеуметтік сұрау негізінде, яғни жемқорлық субъектісіне қатысты туындаған кейбір өзекті проблемалардың көрінісі анықталған.

Диплом жұмысын жазуда заң ғылымдарының докторы А. Ағыбаев, Е. Қайыржанов, Е. Алауханов және басқа да заң ғылымын зерттеуші ғалымдар мен ресей авторларының еңбектері, сондай-ақ мерзімдік басылымдар қолданылды.

І. Парақорлықпен күресудің қылмыстық - құқықтық аспектілері

1. 1. Парақорлық қылмысының тарихы және Қазақстан

заңнамасындағы алатын орны

Қылмыспен күресу және оның алдын алу жалпы мемлекеттен, жекелей құқық қорғау органдарынан ұтқыр талап күтедi. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында қолданыстағы заңдар нормаларын қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаyға тiкелей немесе жанама түрде жағдай тyғызушы aлғы шарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзyдi icкe асыру жолымен жетiлдiру қажет - деп көрсетiлrен. Coнымен қатар, қылмыстық ic жүргiзу заңдарын одан әрі жетілдірудегі негізгі мақсат - қылмыстық іс жүргізудің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бaғытгaлған түбегейлi принциптерiн одан әрі дәйектi iскe асыру болып табылады. Іc жүргiзу заңдарын жетілдірудің өзектi бaғыттарының бiрi - iстi сотқа дейiн дайындау кезеңінде рәсiмдердi жеңiлдету болып табылады деп көрсетiлген. Әрине, бұл құбылыспен күресу үшiн бiр ғaнa заң шығару процесін реттеу жеткiлiксiз. Сондықтан, тергеу, анықтау органдары қылмыспен күресуге, ашyға, оның алдын aлyға бaғытгaлған ғылыми әдістемелік тұрғыда негiзделген криминалистiк нұсқауларды қажет етедi.

Парақорлықпен күресуде, оның құрамын анықтаудaғы ең бiрiншi талап -қоғaмғa қаyiптi әрекетті жасаған орталық фигура, сезiктi немесе айыпталушыны анықтау болып табылады. Содан кейiн оның кiнәciн айқындау және қылмыстың оқиғамен байланысты басқа да мән-жайларды анықтау қажеттiгi туындайды.

«Парақорлық» деген пәленiң етек алып кеткенi рас. Басында «Осыған душар еткен, дәу де болса, нарық шығар» деп ойладық. «Бақсақ - бақа екен» демекшi, бұл дерт баяғыдан келе жатыр екен. Бiрақ қазақтар оның атын пара демейтiн. Асылы параны қазақтың қанына жұқтырған көршiлес орыс ағайын болса керек. Парақорлық құбылысымен тарих өте ертеден танысқан. Аристотельдің өзі айтқандай: «Билік басында ең маңыздылығы - лауазымды тұлғалардың пайдакүнемдік мақсатын істей алмау үшін заң мен басқада тәртіптер арқылы істерді дұрыс шешу қажеттілігі». 3 Парақорлық туралы көне заманғы римдік 12 кестеде, 4 Көне Русьта митрополит Кирилл «пара-сыйлықты» (мздоимство) ішімділік пен сиқырлы істер жасау қылмыстар түрлерімен қоса айыптады. «Өлiм жазасына да «бас имеген» парақорлық» демекші мәселен, пара алғаны үшiн ең алғаш көпшiлiк алдында жаза қолдануды Иван Грозный жасапты. Ол iшiне ақша толтырылған қуырылған қазды алғаны үшiн дьяктың алдымен аяғын, сосын қолын кесiп, ең соңынан барып басын алған екен.

Ш. Монтескье анықтаған: « . . . көптеген ғасырлар тәжірибесі арқасында, әрбір билігі бар адам оны бұзуға бейімделген және ол бұл бағытпен соңғы шегіне жетпегенше дейін тоқтамайды». 5 Парақорлық көрінісі тоталитарлық мемлекеттермен қоса демократиялық режимі бар, сонымен қатар экономикасы мен саясаты онша дамымаған елдерде де кездеседі. Парақорлық көрінісі кездеспейтін бірде - бір ел жоқ екені баршаға мәлім.

Адамзат парақорлық құбылысымен ең бірінші рет көне заманнан бастап қазіргі уақытқа дейін күресіп жатқаны баршаға мәлім. Мысалға алсақ, парақорлық туралы ескертулер көне Вавилон клинопистерінде кездеседі. Біздің заманымызға дейін үшінші мың жылдықтардың ортасына жататын шифрленген мәтін бойынша шумерлік Урукагин ханның алдында шенеуніктер мен соттардың заңсыз сый ақыны алудың алдын алу проблемасы қарастырылды. 6 Осындай сұрақтармен Египет хандары күрес жүргізген. Археологоиялық зерттеулер арқасында көне құжаттар табылды, оның ішінде Христос туылғанға дейін 597 -538 ж. ж. вавилондардың еврейлерді құлшылыққа алғанда Иерусалимде жаппай жемқорлық құбылыстары болып жатқаны туралы айтылған. Парақорлық мәтіні библияда да кездеседі. Көптеген авторлар ол туралы жаманшылық және зияншылықпен айтқан. Мысалы, библияның бір кітабында Сирахов әкенің өз баласын дұрыс жолға қою сөздері айтылған: «Біреудің айтқанына мән бермей өз айтылған сөзіңе ие бол . . . Алушылыққа сенің қолын ешқашанда бейім болмасын . . . Жамандық істеме, сонда ғана жамандық сені тиіспейді; өтіріктен алшақ бол, сонда ол сені жете алмайды . . . » Библиялық қоғамға сол уақыттың өзінде - ақ парақорлықтың фактілері өте таныс болғанын байқаймыз. 7

Антикалық дәуірде де парақорлықтың көрінісі және өркендеуі орын алды. Оның бұзушылық әсері Римдік империяның құлдырауына әкеп соқты. Кейінгі батыс - еуропалық кезеңінің тарихында жемқорлық қатынастары көптеп орын алып жатты. Оның қоғам істерінің өмірінде болғаны туралы тарихи құжаттарда ғана емес, сонымен қатар көптеген көркем әдебиеттерінде де көп кездеседі, мысалы Чосердің («Кентерберийлік оқиғалар»), Шекспирдің («Венециалдық саудагер», «Көз бе көз»), Дантенің («Тозақ» және «Тазалаушылық») еңбектерінде орын алды. Осылай Данте парақорларды тозақтың ең қараңғы және төменгі шеңберлеріне орналастырған. Тарихпен айтылған автордың парақорлықты жек көрушілігі саясаттың әсерінен болған, өйткені Данте Итальяндық республиканың күйреуіне және қас саясаткерлердің алға шығуы пара-сыйлықтың арқасында болған деп есептейді.

Көптеген батыс ойшылдары парақорлық құбылысына көп көңіл аударған. Оның қайнарларын Николло Макиавелли де зерттеген. Былай қарасақ оның бұл проблемаға сол уақытта көз қарасы қазіргі күнге дейін актуалды болып есептеледі. Үлгі ретінде ол парақорлықты құрт ауруымен (чахотка) салыстырған және бұл туралы былай деп айтқан: «ең басында оны ажырату қиын болғанымен, оны емдеу жеңіл болады, ал ол ұзақтанып кетсе, оны ажырату жеңіл болғанымен, оны емдеу қиынға соғады». 8 Былай қарасақ жай айтылған сөз, бірақ қазіргі жемқорлықтың Қазақстанда және бүкіл әлемге таралуына нағыз баға береді. Ресейде пара-ақы (лихоимство) күрт таралғандықтан бірінші Петр 1713 жылдың 25 тамызында лихоимдерді заңдылыққа бағындыру үшін өлім жазасына кесу туралы Жарғы қабылдады. 9

Бірінші Николай императорына жазылған 1827 жылдың тамызына жататын «Бұл қылмыстылықты жою үшін пара-ақы (лихоимство) туралы заң және алдын алу ережелер Жоғарғы бекітілген Комитеті қарастыру үшін құжатты» берген. Бұл құжатта жемқорлық қатынастарының таралуының себептері қарастырылып, жемқорлық сипатын жіктеп және бұл құбылыспен қарсы шығу шаралары көрсетіліп жазылған. Жекелей түрде алсақ, мұнда былай айтылған: «ашық жүректі адамдарың аздығы», «олардың алуға биімділігі», шенеуніктер жалақыларының төменділігі әсерінен «өзін дұрыс күте алмай, сонымен қатар өмірлік игіліктерді жүзеге асыра алмауына, өз балаларын дұрыс білімге бейімдей алмауына әкеп соғады және олар тек қызметтің кішкене берген көмегіне және қызын ұзатып жатқанда ғана кішкене сый ақыға ие болатындығы» туралы айтылған. Бұл билік басында отырған тұлғаға пара-ақыға жол беруіне әкеп соғады. 10 Парақорлықтың объектісінің әртүрлілігі де өте қызықты. Олар әр түрлі болады: сыйлықтар, уәделер, өз қызметін көрсету, соттардың әрбір ұнаған затын білу үшін таныстарды іздеп соларды іске қосады, егер өзін сатып алуға үлгере алмаса онда оның туыстарын жақындарын сатып алуға бейім болады. Шенеуніктердің арасында болып жатқан парақорлық іс-әрекеттері тарихи құжаттамада ғана емес сонымен бірге орыстың ұлы жазушыларының Н. В. Гогольдің, М. Е. Салтыков-Щедриннің, И. И. Лажечниковтың, А. В. Сухово-Кобылинаның, А. П. Чеховтың шығармашылығында да көптеп кездеседі.

I Николай да құпия полицияға өз қол астындағы 58 губернатордың қайсысы пара алатынын анықтауды тапсырыпты. Сонда 58 губернатордың 56-сы парақор болып шыққан. Алайда патшаны таң қалдырғаны алатын 56-сы емес, алмайтын 2-уi екен. Оның бiрi киевтiк Фундуклей, ал екiншiсi - Радищев. Өйткенi алғашқысы өте бай адам, екiншiсi атақты «Петербургтан Москваға саяхаттың» авторы Радищевтiң баласы болатын. 11

Ал ендi Петрден кейiн парақорлық үшiн өлiм жазасын 200 жылдан кейiн барып В. Ленин қайта енгiздi. Бiраз парақорларды қан қақсатқанымен, жалпы алғандағы жағдайды жөндей алмады. Бұдан бес жыл өткесiн, яғни, 1927 жылы өлiм жазасы алынып тасталды. Кейiн Хрущевтың заманында 1962 жылы парақорлық үшiн өлiм жазасы қайта енгiзiлдi. Бiрақ бұл жай ғана көзбояушылық едi. Шын мәнiнде парақорлық, жемқорлықпен күресте өлiм жазасы ештеңенi де шеше алмайды. Керiсiнше, бұл шара қылмыстың құпиялана түсуiне ерекше ықпал етті. 12

Бұдан шенеунiк не рухани дүниесi бай, өмiрдiң өткiншiлiгiн, ақшаның, халықтың көз жасынан жырылып алынған ақшаның опа бермейтiнiн түсiнетiн адам болғанда ғана, қанағатшыл болғанда ғана алмайды деген де қорытынды шығаруға болар едi. Алайда ондай адам қазiргi қоғамда салыстырмалы түрде адамнан гөрi перiштеге көбiрек ұқсас болар едi. Ал пенденiң перiште-ғұмыр кешуi өте азапты iс.

И. В. Сталин билік жүрігізіп жатқанның өзінде-ақ жемқорлық тапшылығы жойыла қойған жоқ, бірақ сталиндік социализм моделі жемқорлықтың аз болғандығын айтады. Бірақ саясат және экономикалық террордың негізінде болған тоталитаризм басқада елдерде (классикалық мысал ретінде гитлерлік Германия) жемқорлық құбылысы аз болғанын ұмытпауымыз керек. 13 Социализм дәуірі аяғында парақорлықтың кең алқапқа жайылуы туралы сот процестердің құжаттамасы мен 1970-1980 ж. ж. болған ақпараты ғана емес, сонымен қатар 1990 жылды болған зерттеулер куәландырады. Мұның негізінде ең көп алатын олар шаруашылық субъектілердің материалдық-техникалық қамсыздандыруды және қаржы қызметін атқарушы құрылымдар, ішкі экономикалық қатынастар, тауар бөлу аясындағы қадағалау мен ұйымдастыру бөлімшелері және халыққа әлеуметтік көмек көрсету ұйымдары болған.

Осының барлығы жемқорлықтың қоғамдық қатынастарға кіруіне жәрдем жасалып жатты. Бұл соңында қанша қылмыстық жауаптылық көзделгенмен паралар ашық алынып жатты. 1999-2000 ж. ж. зерттеулеріне жүгінсек, соңғы 12-15 жылдарда парақорлық үшін жалпы мың тұлғаның ішінен тек біреуі ғана сотталған (1980 ж. аяғы 1990 ж. басындағымен салыстырғанда жиырма пайыз төмен) . 14 Бұл маңызы бойынша формальды болмаса да, парақорлық қылмыстылықта декриминализацияланып жатқанын байқаймыз.

Пара деген пәленiң құдiреттiлiгi сонда, құдайға анық iстердiң өзi көзiңдi бақырайтып қойып, қалталының пайдасына шешiлiп жатады. Ал сорлайтын сол баяғы қара халық. Айтайық дегенiмiз, бiздiң елдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес дұрыс жүрмей жатыр деген пiкiр емес. Тек оның нәтижесiздiгi ғана тiлге тиек бола алады. Себебi, жоғарыда атап өткенiмiздей, бұл iндеттiң тарихы қалың, тамыры терең. Оны түп-тамырымен жою мүмкiн емес. Тек сәл саябырлатуға болады. Оның шаралары бiздiң елiмiзде жасалып та жатыр, бірақ нәтижелері шамалы. Сол үшін қазірден бастап-ақ барлық мүмкіншіліктерді қолданып бұл құбылыстың кішіреуіне және соңында мұны шыдамды әлеуметтік деңгейге жеткізу үшін бар күшін салу керекпіз.

1. 2. Парақорлық түсінігі және құқықтық реттеуі

Мемлекет нарықтың экономикаға әсер етiп, нарықтық экономикалық құқытық сананың қалыптасу кезеңiнде, қылмыстардың жасалу технологиясы да өзгердi, сол себептi ондай құбылыстармен күресу үшiн тәжiрибелiк-теориялық деңгейдегi, зерттеулердi жетiлдiру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың құрамы, саралануы мен түрлері
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Парақорлық қылмыстар
Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері
Парақорлықтың обьектісі мен заты
Парақорлықтағы делдалдық
Парақорлық істері бойынша алғашқы тергеу әрекеттерінің ерекшеліктері
Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz