Қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт дәстүр


Сыңсу - қыз ұзату дәстүріне байланысты туған тұрмыс-салт жырларының бірі. Бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жүртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылады. Сыңсуды ұзатылатын кыз тетелес сіңлілері немесе жас жеңгелерімен үй-үйді аралай жүріп белгілі әуенмен айтатын болған. С. өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарады. Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады. Сыңсуда қыздың жеке басының мұңы әлеуметтік мәселелерімен ұштасып, ескі әдет- ғұрыпты әшкерелеумен қатар қоғамдық ортаның, азаттық аңсаған әйелдер көзқарасы білдірілген. С. өлеңдері құрылысына қарай 7, 8, 11 буынды болып келеді.
Сонымен, «ақ жүзi он төртiнде толған айдай» бойжеткен ұзатылатын болды (бұған дейiнгi салт пен дәстүр бiр төбе) . Бойжеткеннiң көйлегi, қамзолы, кемер белдiгi, бастысы басында қалыңдық екенiн айғақтайтын сәукелесi болуы тиiс. Сәукеле - ұзындығы он қарысқа дейiн биiктей беретiн әшекейлi қалыңдықтың бас киiмi. Мұның әр қарысы қымбат бағалы тастардан құралады. Айталық, бiрiншi қарысы күмiстен, екiншi қарысы алтыннан, үшiншi қарысы гаухардан деген сияқты. Сонысына қарап, яғни сәукеленiң биiктей бергенiне қарай қыздың бағасы да арта беретiн болған. Қазақ байлары арасында қызының сәукелесiн 100 жылқыға жасағандары да кездескен. Ал, қоңыртөбел дәулеттi, кедей, кепшiктiң қыздары сәукелесiн қымбат маталармен әшекейлеген көрiнедi.
Сонымен, қыз сәукелесiн киiп, аттануға әзiрленедi. Бұл кезде жiгiт ауылынан бiр топ кiсi қызды алып кету үшiн құда түсе келедi. Бұлардың саны жетi, тоғыз, он бес секiлдi тақ сан болуы қажеттi. Қызды ауылдың маңына жақын келген мезеттен бастап күйеу жiгiт пен күйеу жолдас аттан түсiп жаяу келетiн болған. Мiне, осы ретте «көпшiкқыстырар» деген кәде орындалады.
Көпшiкқыстырар - әдетте жеңгелерге берiлетiн сый. Қызды ауылға қарай жаяу келе жатқан күйеу мен күйеу жолдастың алдынан ауылдың үлкендерi емес, бойжеткендер мен жеңгелер шығып күтiп алады. Осы кезде күйеу жолдас ерiнiң астынан қымбат бағалы мата немесе моншақ, алқа секiлдi дүние ұсынатын болған. Күйеудi сән-салтанатымен қарсы алған топ өзiне арналған үйге беттеген мезетте олардың алдынан ауыл аналары шығып «шашу» шашады.
Шашу - жаңадан босаға аттаған келiннiң немесе күйеудiң алдынан шашылатын тәттi, құрт, iрiмшiк тәрiздес жеңсiк тағамдар. Тiптi кей өңiрде тиын, теңге шашатын да үрдiс бар. Мұны жастар жағы терiп алады. Сонымен, күйеу жiгiт нөкерiмен отауға енiп, табалдырықтан аттар кезде «табалдырық кәде» дейтұғын салтты орындауы тиiс.
Табалдырық кәде - жаңадан босаға аттар кезде берiлетiн жоралғы. Мұны жеңге немесе орта жастағы әйел алады. Күйеу содан кейiн ғана босағадан iшке енедi.
Отау iшiне кiрген күйеу мен оның нөкерлерiн тағы бiр сый күтiп тұр. Бұл киiм шешер мезетте болатын «киiм iлу». Киiм iлу - өзiн төрге шығарып, шапанын немесе бешпетiн шешiп құрметтеген жеңгелердiң ақысы. Құрметтi қонақтар орналасып бiткен соң ет тартылады. Ет өздiк «табақ тарту» әдiсi бойынша таратылуы тиiс. Табақ тарту - табақта күйеу балаға төс тартса, қызға құйымшақ, құдаларға арнап бас, жамбас, асықты жiлiк тартады. Егер бұл мүшелердiң бiрi ауысып кетсе табақ тартқан жеңге айып төлейтiн болған. Бастысы, бұл табақта құйрық пен бауыр болуы тиiс. Құйрық, бауыр асатар - кәде орындалады. Құйрық-бауырға айран араластырып берiлгендiктен, құдалардың бет жүзiнде айранның қалдығы қалғандықтан, екiншi кезекте «суға тоғыту» деген кәде орындалады. Суға тоғытар - үшiн жеңгелердiң бiрi «ау, бiз неге отырмыз. Мына құдалардың бетiне не болған. Кәне, мұны жуамыз» деп су әкелiнедi. Осы кезде бетiн жуған жеңгеге арнап құдалар жағы сый-сыяпат ұсынады. Бұл жоралғылар орындалып бiткен соң, тамақ жиналғаннан кейiн таң атқанша құдалар ұйықтамауы керек. Ән айтып, айтысып, өнерiн көрсетiп таңды атыруы тиiс. Себебi, ұйықтайтын адамға бұйырылар жаза - «киiм тiгу» күтiп тұр. Киiм тiгу - ұйықтап қалған құданың киiмiн бiр-бiрiне шандып тiгiп тастап айып төлетедi. Сондықтан да таң атқанша өнер көрсетуi тиiстi. Мұнан кейiн «неке оқу», «қыз қашар», «түндiк жабар», «шаш сипатар», «көрпе қимылдатар», «шатыр байғазы» секiлдi жоралғылар өз кезегiмен өтедi. Мұның барлығында да қыз жеңгесi өз үлесiн жоралғы ретiнде алып отырады. Ертесiне таң атып, әйел адамдар барлығы үлкен үйге жиналады. Себебi, оларды алдынан «қоржынсөгер» жоралғысы күтiп отыр. Бұл кәдеге ер адамдар араластырылмайды. Күйеу жақтың әкелген қоржынын сөгiп, ондағы айна, тарақ, әшекей зат пен тәттiлердi барлығы бөлiсiп алады. Бұл жоралғылар өткен соң күйеу мен қалыңдыққа қатысы бар «мойын лақтырар», «шаңырақ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz