Т.Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Т. Тәжібаевтың ғалым және мемлекет қайраткері ретінде қалыптасуы
  2. Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық саланың және сыртқы саясат ісінің дамуына қосқан үлесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәжібаев Төлеген (1910-1964) - қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі. Сырдария губерниясында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) туған.

Шымкент педагогикалық техникумын, Мәскеудегі Н. Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын бітірген.

1938-1940 жылдары - Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының педагогика жөне психология кафедрасының доценті және меңгерушісі. 1940-1942 жылдары - Қазақ КСР-і Халық ағарту комисарының бірінші орынбасары, Халық ағарту комиссары, 1942-1944 жылдары - Қазақ КСР-і ХКК төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.

1944-1957 жылдары - Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР-і Мәдениет министрі.

1957-1961 жылдары Үндістандағы КСРО елшілігінің кеңесші-өкілі. 1961-1964 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қызметтермен қатар ғылыми-зерттеу. жұмыстарымен де шұғылданды. 1940 жылғы «Халық мұғалімі» журналында жариялаған мақалаларында психологияның сол кездегі көкейтесті мәселелерін, классикалық психологияның тарихын, қалыптасу жолдарын талдауға алды. Осы еңбектері негізінде 1961 жылы «Жалпы психология» атты тұңғыш оқулық жазды. Тәжібаев Төлеген қазақ тілінде психология ғылымы терминдерін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

Оның К. Ушинскийдің, Л. Выгодскийдің психологиялық көзқарасы туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Шоқан Уәлиханов , Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен педагогикалық ой-пікір дамуы жөніндегі зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан саналады. Бүгінде оның қазақстандық педагогика мен психология теориясының дамуына қосқан үлесі баға жетпес, ғылыми еңбектері жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулерде бүгінге дейін оқу құралдарының қосымшасы түрінде қолданып келеді.

Қазақ КСР ғылым академиясының академигі Төлеген Тәжібаев Қазақ КСР педагогика қоғамының президенті, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогика және психология саласындағы ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы, тағы басқа қоғамдық жұмыстар атқарған. 2-4-сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

«Психология и педагогаческая психология К. Д. Ушинского», «Абай Құнанбаев жастарды тәрбиелеу туралы», «Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева», «Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХІХ века», «Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине ХІХ века» атты еңбектері жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

2010 жылы ақпан айында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қазақтың көрнекті педагог-психологы, республикадағы педагогика ғылымының тұңғыш докторы, профессоры Төлеген Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтілді. Мерей тойына арнап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Төлеген Тәжібаевтің еңбектері мен шығармаларының толық жинақтарын шығармақшы. Маусымның 10-ы күні академик Төлеген Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Жоғары білім берудің қазіргі мәселелері: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында академик-ғалымның ескерткіші ашылды.

Төлеген Тәжібаев (1910, Сүткент ауылы - 1964, Алматы қаласы) - ғалым, педагогика ғылымы докторы, Қазақстан FA академигі (1954), 1935 ж. Мәскеудегікоммунистік тәрбие академиясын, аталған академияның аспирантурасын бітірген. 1938-40 ж. ҚазПИ-да кафедра меңгерушісі, 1940-44 ж. Халық ағарту комиссары, 1944-57 ж. ҚазКСР-нің Сыртқы істер министрі, 1948-53 ж. ҚазМУ-дың ректоры, 1957-61 ж. КСРО-ның Үндістандағы елшісі, 1961-64 ж. ҚазМУ-да педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ол педагогика ғылымы саласында Қазақстандағы тұңғыш доктор және академик. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі II-IV шақырылымдарының депутаты. "Енбек Қызыл Ту", "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қожа тоғай ауылында Тәжібаев атында көше бар.

Шығармалары:

  • Психология и педагогическая психология К. Д. Ушинского, 1948;
  • Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева, 1957;
  • Просвещение и школы Казахстана во второй половине XIX в. 1965;
  • Абай Кунанбаев о воспитании молодежи, 1965;
  • Педагогическая мысль в Казахстане [1]

Ол Қазақстандағы педогогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы тақырыбына бірқатар құнды ғылыми еңбектер жариялады. 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақтың демократ- ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың педогогикалық көзқарастарын зерттеп, келелі пікірлер айтты. Абайдың дүниетанымы, педогогика және психология тұжырымдарына тұңғыш рет материалистік тұрғыда талдау жасады. Ақынның айналаны қоршаған орта сырын терең түсінуде адам бойында үш түрлі: бірінші - әр нәрсені үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деп қарау, екінші - заттардың өзара айырмашылығын салыстыра отырып, тәжірибе арқылы анықтау, үшінші - ақылмен қорытылған ойды жүрекпен сезіне білу секілді қасиеттің жинақталуы қажет деген қағидасының материалистік мазмұнын нақтылы мысалдармен ашып көрсетті. Тәжібаев адам бес сезім мүшесінің қызметі арқылы қоршаған ортаны танып білетіні туралы Абай ұғымының ғылым талабына сай, ақиқат шындық екенін оның Жиырма жетінші сөзіндегі Сократ пен шәкірті Аристодим арасындағы пікірталасын арқау ете отырып дәлелдеді. Адамның ақыл, сезім, қайрат сияқты психолог қасиеттерінің ерекшеліктерін ақынның ғақлияларында және поэзия тілімен шебер бейнелеуін қазақ халқының педогогика ой-пікірінің қалыптасу тарихындағы үлкен жетістік ретінде жоғары бағалады. Тәжібаевтың тұжырымынша, адам баласының хайуаннан айырмашылығы ақыл-парасатында, логикалық ойлау қызметінде және ақылмен саналы әрекет етуінде, ақылдың қасиеті өткірлігімен, ашықтығымен ерекшеленетіні жөніндегі ақын пікірі педогогика ғылымының методикалық талабымен толық үндес келеді. Тәжібаев Абайдың жүрек туралы түсінігін оның гуманистік ой толғауларының негізі ретінде қарастырды. Ақынның педогогика көзқарастарына талдау жасай келе, адам психологиясының жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отыратындығын және мінез-құлқының қалыптасуы тәрбиеге байланыстылығы жайлы пікірлерінің ғылыми тұрғыда маңызды екенін атап өтті. Тәжібаев ақынның еңбек, оқу-білім, адамгершілік тәрбиесі туралы тұжырымдарының мәнін ашып көрсетті. Абайдың эстетика көзқарастарын да жан-жақты зерттеп, өлең сөздің құдіреті туралы ойларына психологиялық тұрғыда талдау жасады. Тәжібаев ақынның ағартушылық, демократтық ой-пікірлерінің орыстың ойшыл-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, В. Г. Белинский т. б. көзқарастарымен идеялық өзектестігін ғылыми тұрғыда терең тұжырымдаған алғашқы зерттеушілердің бірі болды.

Өз Отанын өз халқын, өз тілін, тамаша ұлттық дәстүрлерін жалынды жүрекпен сүйген, өзінің Отанға деген сүйіспеншілігін сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрсеткен адам ғана нағыз патриот болып саналады.

Көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, нар тұлғалы азамат Төлеген Тәжібаевтың туғанына биыл 100 жыл. Газетіміздің алдыңғы сандарында асқаралы азаматтың өмірі мен қызметі турасында кеңінен беріліп келе жатқандықтан, бүгін Төлеген Тәжібаевтың бойындағы азаматтық қасиеттерге тоқталғанды жөн санадық.

Бұл тақырыпты тарқата түсу үшін Төлеген Тәжібаев тақырыбын тереңірек қаужап келе жатқан ғалым, Төкеңнің шәкірті Құртқа Тәуіп атындағы академияның вице-президенті, Қазақ ұлттық университетінің психология кафедрасының профессоры, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Жолмұқан Түрікпенұлымен тілдескен едік.

«Ұстаздардың ұстазы атанған турашыл тұлға Төлеген Тәжібаевпен ең алғашқы таныстығым - мектепті бітіріп, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті атанған кезімнен бастау алды. Өзім физик-математик болуды қаладым. Оқуға түссем де, жатақханаға жайғаса алмай әбден қиналдым. Ол кезде Т. Тәжібаев осы оқу орнының ректоры әрі педагогика-психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады екен.

Ол кезде шыны керек халықтың әлеуметтік жағдайы нашар болатын. Менің оқуға жағдайым болмай, кетуге мәжбүр болдым. Өзіміздің курстас балалармен бірге барып, ара-арасында жатақхана жатып тұратынмын. Менің хал-жағдайыммен етене таныс достарым маған ректордан көмек сұрауға кеңес берді. «Ректор ағай сондай қарапайым кісі. Алдына барған студенттерді бір-бірлеп қабылдап, оларға қолынан келген көмегін аямайды», - деді балалардың бірі. Басқалары да маған ректорға түрлі жағдайлармен барып, көмек алғандығын жарыса айтып жатты.

Содан не керек, ректордың алдына баруға тура келді. Ол кезде шыны керек, ауылдан енді ғана келген жасқаншақ бозбаланың бірі болатынбыз. Ауылда профессор, ректор дегенді көрмегендіктен болар, білдей бір оқу орнының басшысының алдына кіруге қатты жүрексіндім.

Басқа амалым қалмаған соң, не керек әйтеуір ректордың алдына кірдім. Ол кісі мені жылы қабылдап:

- Оқуың қалай, жағдайың қалай? - деп сұрады.

- Мен болсам жыламсырап:

- Оқуым жақсы. Бірақ, жатақханада орын болмай, қиналып жүрмін, - дедім.

- Жатақанаға орналасуыңа көмектесейін, бірақ сен әуелі жақсы оқуға уәде бер, - деді.

Мен болсам қалбалақтап:

-Жақсы оқимын, жақсы оқимын, - дедім басымды қайта-қайта изеп. Осылайша мен Төлеген Тәжібаевпен ең алғаш рет жүзбе-жүз кездескен болатынмын, - дейді өткенге бір сәт көз жүгірткен ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Жолмұқан Түрікпенұлы.

Төлеген Тәжібаев сынды қарапайым да, қамқор басшының көмегімен жатақханаға орналасқаннан кейін Жолмұқан Түрікпенұлы да білімнің биігін бағындыруға талпына түсіпті.

Төлеген Тәжібаев сол кездегі 1-курс студенті Жолмұқан Түрікпенұлын көре қалса:

- Түрікпенұлы қалай, уәдеде тұрсың ба? - деп сұраулы кейіппен жылы амандасып, хал-ахуалын біліп тұрыпты. Тіпті басқадай жұмыстарың болса келіп тұр деп жанына жақын тартады екен.

Бұл Төлеген Тәжібаевтың бір ғана Жолмұқан Түрікпенұлына айтатын сөзі емес, барша қазақ баласынатанытатын кейпі осы.

Ол кісінің басшыға тән біліктілігі, істі ұршықтай иіре білер ұйымдастырушылығы өз алдына, ең бірінші ерекшелігі - адам баласын бір-бірінен бөле жармайтын көпшілдігі болса керек.

Төлеген Тәжібаевтың шәкірті Жолмұқан Түрікпенұлы ұстазының бойындағы өскелең ұрпаққа өнеге болар қасиетінің бірі - көпшілдігі екендігін айта келе, ол кісінің бар адамның бойынан табыла бермейтін осы бір қасиетіне тереңірек үңілгенді жөн санады.

«Төлеген Тәжібаев қайсыбір қызметті атқармасын, халқыма қайтсем пайдамды тигізем деп жүретін. Ректорлық қызметті атқарған тұста еліміздің түкпір-түкпірінен келетін студенттердің бірін де жатсынбайтын. Алдына келген жандардың бірінің де, тегін, сұрап жатпайтын. Бәріне бірдей қазақтың баласы деп қарайтын.

Сол кісіден алған үлгіміз болса керек біз де жөн сұраса бермейтінбіз. Шардараға қарасты Сүткент ауылының тумасы болып табылатын Төкеңнің Қоңыраттың ішіндегі Алғи руынан екенін кейін білдік», - дейді Жолмұқан Түрікпенұлы.

Төлеген Тәжібаев 1964 жылы бар-жоғы 54 жасында дүниеден озды. Төкең қайтыс болғаннан кейін оның аты сирек аталатын болды. Осы тұста Жолмұқан Түрікпенұлы және т. б ол кісінің шәкірттері бұл жағдайға қатты қапаланыпты.

Осыдан кейін-ақ уақыт оздырмай Ж. Түрікпенұлы Төлеген Тәжібаевтай ұлағатты ұстаздың ұмытылмас тұлға екенін дәлелдеуге кірісіп кетеді. Сөйтіп Төкеңнің өмір дерегінен бастап, осы тақырыпқа дендеп енеді. Осылайша Жолмұқан Түрікпенұлының қаламынан Төлеген Тәжібаев тақырыбындағы тың зерттеулер мен тұщымды мақалалар туады.

Жастайынан Төкеңнің қолдауын көрген Ж. Түрікпенұлы аталған тақырыпқа тереңірек үңіле түсіп, ел үшін елеулі еңбек атқарған ер есімінің ел есінде сақталуына өзіндік үлесін қосады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұжымы да Төлеген Тәжібаев тақырыбында ғылыми конференциялар өткізіп, ұлағатты ұстазды жас ұрпаққа насихаттау жұмыстарын жүргізеді. Мұндай шаралар оқу ордасында әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді.

ҚазҰУ-ті Төлеген Тәжібаевтың 60 жылдық, 70 жылдық мерейтойларын өткізуге ұйтқы болыпты.

Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта Төлеген Тәжібаевтың жүз жылдығымен жалғасатын болады.

Төлеген Тәжібаев тақырыбына тереңірек үңіліп келе жатқан Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жолмұқан Түрікпенұлы дара тұлғаның өнегелі өмірі мен атқарған ауқымды істері турасында көбірек қалам тербеген жанның бірі.

Автор қаламынан 1993 жылы «Академик Т. Тәжібайұлы қазақтың көрнекті психолог-педагогы», 2002 жылы «Академик Төлеген Тәжібаев» атты кітаптар туған болатын болса, 2008 жылы М. Жақыппен бірлесе отырып, «Төлеген Тәжібаев» атты нар тұлғаның ғибратты ғұмырын сөз еткен дүниесі жарық көріпті.

Сонымен қатар, Ж. Түрікпенұлы Т. Тәжібаевтың 90 жылдығына орай ол кісінің мемлекеттік қайраткерлігі және дипломатиялық өмірі мен қызметі турасындағы фотоларды жинақтап, кітап етіп шығарыпты.

Иә, жаны жайсаң жандар турасында қанша айтсаң, жазсаң да артықтық етпейтіні сөзсіз.

«Төлеген Тәжібаев 1957-1961 жылдар аралығында Үндістандағы Совет өкіметінің кеңесші өкілі қызметін атқарды. Қашан да ел мүддесін биік қоятын үлкен жүректі азамат өзге елде жүргенмен жүрегі тек туған елім деп соқты.

Қай істі атқармасын сол істің қазақ деген халықтың игілігіне жаратуды көздейтін ол кісі.

Төкең Үндістанда қызмет бабымен жүрген шағында оған түрлі лауазымды қызметтер ұсынылды. Барлық жағдай жасалып жатты. Бірақ «Ер туған жеріне» деген балалар нақылын көкейінде сақтаған ұлтжанды азамат ол ұсыныстардың бірін де қабыл алмады. Қайта туған жеріне оралуға асықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Төлеген Тәжібаевтың еңбектері
Т.ТӘЖІБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығын таныту
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектерінің мәні
Психология сана туралы ғылым ретінде
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz