Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама



І. Кіріспе

Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2004.2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама

ІІ. Негізгі бөлім

1. Проблеманың бүгiнгi таңдағы жай.күйiн талдау
2. Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерi
3. Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму
4. Ғылыми қамтамасыз ету
Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) 6 жылға арналған. Бағдарламада Қазақстандағы тiл құрылысының ұзақ мерзiмдi келешегiнiң стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерi айқындалып, сондай-ақ оларды iске асырудың басты бағыттары мен тетiктерi белгiленген.
Белгiленген мақсаттарды, мiндеттердi және басымдықтарды жүзеге асырудың нақты iс-әрекеттерi, уәкiлеттi орган әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шаралардың екi жылдық қысқа мерзiмдi жоспарлары түрiнде жасалынады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заң), Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 өкiмiмен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тiл саясаты тұжырымдамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес әзiрленген.
Тiл құрылысының оңтайлы процесi этнолингвистикалық және мәдени қажеттiлiктердi толыққанды iске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамда азаматтық татулықты нығайтуға және оның одан әрi топтасуына жағдай жасайтындықтан, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды әлеуметтiк қырларының бiрi болып табылады. Бұл елiмiзде тiлдердi дамыту мәселелерiн мемлекеттiк реттеу қажеттiгiн бiлдiредi. Мемлекеттiк тiлдiң қоғамдағы рөлi оның дамуының басымдығын бiлдiретiн жоғары деңгейдегi топтастыру әлеуетiнен көрiнедi.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстанда оңтайлы функционалдық-лингвистикалық кеңiстiк құру үшiн мемлекеттiк билiктiң барлық тамақтары мен тұтас қоғамның нысаналы да жүйелi қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай стратегиясын тұжырымдау қажеттiгiнен туындайды.
1. www.referat.kz
2. www.ego.kz
3. www.baznet.kz

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе

Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарлама

ІІ. Негізгі бөлім

1. Проблеманың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау
2. Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының мақсаттары
мен мiндеттерi
3. Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму
4. Ғылыми қамтамасыз ету

Кiрiспе

Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) 6 жылға арналған. Бағдарламада
Қазақстандағы тiл құрылысының ұзақ мерзiмдi келешегiнiң стратегиялық
мақсаттары мен мiндеттерi айқындалып, сондай-ақ оларды iске асырудың басты
бағыттары мен тетiктерi белгiленген.
Белгiленген мақсаттарды, мiндеттердi және басымдықтарды жүзеге асырудың
нақты iс-әрекеттерi, уәкiлеттi орган әзiрлеп, Қазақстан Республикасының
Yкiметi бекiтетiн Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шаралардың екi жылдық
қысқа мерзiмдi жоспарлары түрiнде жасалынады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына,
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан
Республикасының Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы тiл
туралы" Заң), Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 4 қарашадағы
№ 3186 өкiмiмен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тiл саясаты
тұжырымдамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы
5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың
мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес әзiрленген.
Тiл құрылысының оңтайлы процесi этнолингвистикалық және мәдени
қажеттiлiктердi толыққанды iске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамда
азаматтық татулықты нығайтуға және оның одан әрi топтасуына жағдай
жасайтындықтан, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды әлеуметтiк қырларының бiрi
болып табылады. Бұл елiмiзде тiлдердi дамыту мәселелерiн мемлекеттiк реттеу
қажеттiгiн бiлдiредi. Мемлекеттiк тiлдiң қоғамдағы рөлi оның дамуының
басымдығын бiлдiретiн жоғары деңгейдегi топтастыру әлеуетiнен көрiнедi.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстанда оңтайлы функционалдық-
лингвистикалық кеңiстiк құру үшiн мемлекеттiк билiктiң барлық тамақтары мен
тұтас қоғамның нысаналы да жүйелi қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай
стратегиясын тұжырымдау қажеттiгiнен туындайды.

Проблеманың бүгiнгi таңдағы жай-күйiн талдау

1997 жылы Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заң қабылданған
сәттен берi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5
қазандағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың
мемлекеттiк бағдарламасын 1998-2000 жылдар аралығында iске асыру барысында
қоғамдық өмiрдiң барлық негiзгi салаларында тiл құрылысы процестерiнiң одан
әрi кеңеюi мен тереңдеуi үшiн алғышарттар жасалды. Бұл мемлекеттiк
органдар, ұйымдар мен тұтас қоғамның үйлестiрген, мақсатты күш-жiгерінің
нәтижесi болды.
Қазiргi уақытта елде тiлдер қолданысының дамуын табысты iске асырудың
құқықтық негiздерi қалыптасты. Тіл құрылысының үрдiстерi қоғамда түсіністік
пен қолдау тауып отыр.
Мемлекеттiк органдар жүйесінде мемлекеттiк тiлдi талап етiлуінің арту
үрдiсi байқалуда. Бұл орайда қазақ халқы басым тұратын аймақтарда бiршама
айтарлықтай нәтижелерге қол жеттi. Бұл, ең алдымен, Атырау, Қызылорда,
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына тән.
Қазақстанның Солтүстiк, Орталық және Шығыс облыстарында да мемлекеттiк
тiлдi дамыту бағытында белгiлi бiр деңгейде жұмыс жүргiзiлуде. Орталық
атқарушы органдардың мемлекеттiк тiлдi қолдану аясын кеңейтуге бағытталған
нысаналы жұмыстарының арқасында оның талап етiлуiнiң өсу үрдiсi байқалады.
Көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары екi тiлде
мемлекеттiк және ресми тiлде жүргiзiледi.
Алайда, қол жеткен нәтижелерге қарамастан, мемлекеттiк органдарда
мемлекеттiк тiлдiң әлеуетiн iске асыру деңгейi әлi де төмен екенiн атап өту
керек. Мемлекеттiк қызметшiлер арасында мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген
мамандар аз. Сол себептi Бағдарламаны iске асыру барысындағы басты
мiндеттiң бiрi бiлiктi кадрлар даярлау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi жүйесiне мемлекеттiк тiлдi
енгiзу процесi басталды. Қазiргi заманғы қазақ әскери терминологиясының
қалыптасу процесi жүрiп жатыр. Алайда әскери құрамаларда күнделiктi
қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы
шектеулi күйде қалып отыр. Бұл жерде негізгі күш-жігерді арнаулы әскери
лексиканы қалыптастыру мен мемлекеттiк тiлдi оқытуға жұмсау қажет.
Егер мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн мектептер саны бiртiндеп өсiп келе
жатса, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң саны азайып барады.
Олардың саны 2000 жылы елiмiз бойынша осы тектес ұйымдардың жалпы санының
25%-нен (1158) асқан жоқ. Осылайша, неғұрлым тiлдi қабылдауға бейiм ұрпақ
тiлдiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласынан сырт қалуда.
Республиканың бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарында 200 мамандық,
жоғары оқу орындарында 75-тен астам мамандықты оқыту мемлекеттiк тiлде
жүргiзiледi. Қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерiнде оқитын студенттердiң саны
2000 жылы барлығы 32%-тi (85300) құраса, орыс тiлiндегi бөлiмдердегi
студенттердiң саны 68%-тi (181000) құрайды. Қазақ тiлiнде оқыту
бөлiмдерiнiң жалпы алғанда өсуiне қарамастан, осы тiлде оқытылатын
мамандықтар санын көбейтуге назар аудару керек. Мәселен, 1998-1999 оқу
жылынан бастап елiмiздiң жоғары және орта арнаулы оқу орындарына
"Мемлекеттiк тiлде іс жүргiзу" атты жаңа мамандық енгiзiлдi.
Мемлекеттiк тiлдi оқытуда сабақ жүргiзудiң жаңа жеделдетiп оқыту
әдiстемелерiн әзiрлеу, дыбыс-бейне материалдарды, компьютерлiк
технологияларды пайдалану нәтижесiнде үлкен мүмкiндiктер көзi ашылуда.
Осылайша, бүгiнгi күнi орталық атқарушы органдарда мемлекеттiк тiлде
электронды құжат айналымын қамтамасыз ету жөнiнде компьютерлiк
бағдарламалар әзiрленiп, орнатылды, сканер арқылы компьютер қарiптерiн
тануды, қазақ тiлiнде дұрыс жазылуын тексерудi, мәтiндердi қазақ тiлiнен
орыс тiліне, орыс тiлiнен қазақ тiлiне автоматты түрде аударуды қамтамасыз
ету жөнiнде бағдарламалар әзiрлендi.
Мемлекеттiк тiлдiң алдында тұрған маңызды мәселелердiң бiрi оның жаңа
әлеуметтiк-мәдени болмысты бейнелеудегi мүмкiндiктерiн кеңейтудiң қажеттiгi
болып отыр. Бұл бағытта нысаналы ғылыми зерттеу жұмысы жүргiзiлуде. Қазақ
тiлiнiң терминологиялық базасын түзу мен жетiлдiруге басты назар аударылып
отыр. Мемлекеттiк терминологиялық комиссия 610 жаңа терминдi бекiттi,
алғашқы рет 31-томдық салалық терминологиялық сөздiктер шығару жүзеге
асырылуда.
Қолданылып жүрген заңдармен айқындалған, республика аумағындағы тарихи
атауларды қалпына келтiру мен жүйелеу және жер-су атаулары мен басқа да
атауларды фонетикалық, таңбалық және лексикалық принциптерге сәйкестендiру
жұмысы жандандырылуда. Осы уақытқа дейiн 64 аудан, 8 қала, 420 ауыл мен
поселке, 680 бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау мен басқа да объектiлер
жаңа атауларға ие болды.

Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының мақсаттары
мен мiндеттерi

Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекiтiлген және "Қазақстан
Республикасындағы тiл туралы" заңда көрiнiс тапқан, республикада
лингвистикалық өрiстi қалыптастырудың функционалдық принциптерiне сәйкес
сараланған айқындама негiзiнде тiл құрылысын үш бағытта: мемлекеттiк тiлдiң
әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту; орыс тiлiнiң жалпы
мәдени қызметiн сақтау; Қазақстан халықтарының басқа тiлдерiн дамыту
бойынша жүзеге асыру орынды болмақ.
Айқындаманың саралануы функционалдық-лингвистикалық топтардың
әрқайсысының алдында тұрған мiндеттердiң айырмашылығын көрсетумен дұрыс
болып табылады. Сонымен, қазақ тiлiн дамыту бағыты оның мемлекеттiк
мәртебесiн iске асыру қажеттiгiмен айқындалады; орыс тiлiнiң қолданылуын
қамтамасыз ету қызметiнiң басты бағыты оның мемлекеттiк ұйымдар мен
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен қатар ресми
қолданылу қызметiн сақтау болып табылады; этникалық топтардың
лингвистикалық сұраныстарын қанағаттандыру, ана тiлiн әркiмнiң пайдалануға
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға
конституциялық құқығын iске асыруға, Қазақстан халықтарының тiлдерiн оқып
үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасауды талап етедi.
Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен
нығайту мақсатында қол жеткiзу өз кезегiнде мына мiндеттердi шешудi талап
етедi:
1) мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттiк басқару тiлi ретiнде қолданылуын
қамтамасыз ету:
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
мемлекеттiк қызметкерлердiң мемлекеттiк тiлдi қызметтiк міндеттерін
орындауға қажеттi деңгейде меңгеру үшiн шаралар қолдану;
мемлекеттiк органдар жүйесiнде мемлекеттiк тiлдiң іскерлiк қарым-
қатынастың негiзгi тiлi ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттiк органдарда актiлердi әзiрлеу мен қабылдауда негiзгi тiл
ретiнде мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
сот ісiн жүргiзудi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы іс
жүргізуді заңнамаларға сәйкес қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және
әскерилендiрiлген құралымдардың барлық түрiнде мемлекеттiк тiлдiң
қолданылуы үшiн шараларды қамтамасыз ету;
іс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiрудiң кестесiн (нақты мерзiмдер мен
iс-шараларды көрсете отырып) белгiлеу арқылы барлық мемлекеттiк ұйымдар мен
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында іс жүргiзудiң негізгі тiлi ретiнде
мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
халықаралық қызметте мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік тілді насихаттауды және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына
енгізуді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеруi үшін
жағдай жасау:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарын iске асыру
мақсатында мемлекет көлемiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттің,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған
басқа да көздерi есебiнен азаматтарға мемлекеттiк тiлдi тегін оқыту
курстарының бiрыңғай жүйесiн жасау;
ғылым, мәдениет, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халыққа қызмет
көрсету салалары қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiлдi тиiстi деңгейде
меңгеруі үшін құқықтық, ұйымдық шараларын және материалдық-техникалық
жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
меншік нысанына қарамастан барлық үлгiдегi мектеп жасына дейінгі
мекемелердiң, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, орта арнаулы және жоғары
оқу орындарының тәрбиеленушiлерi мен оқушыларының мемлекеттік тiлдi меңгеру
саласындағы бiлiмi мен бiлiктерiнiң барынша жоғары деңгейге жетуiн
қамтамасыз ету;
3) ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен олардың нәтижелерiн нақты іске
асыруды жеделдетудi жүзеге асыру жолымен қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң
нормаларын бiрыңғайлауды қамтамасыз ету:
қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң сөзжасам процестерiнiң, оның iшiнде
терминжасам принциптерiн ғылыми негізде жүйеге келтiру, қазақ тілінің
толыққанды терминологиялық жүйесiн енгiзу;
қазiргi қазақ тiлiнiң тiлге ортақ әдеби нормаларын жүйеге келтiру;
қазақ тiлiнiң фонологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ әлiпбиi
мен орфографиясын жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану;
ономастика мәселелерiн ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
4) мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк
тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету:
кино- және бейнеөнiмдердi, оның iшiнде анимациялық фильмдердi (аударма
жұмыстарын қоса алғанда) мемлекеттiк тiлде шығару мен тарату
(телеарналардан көрсету) шараларының жүйесiн ұйымдастыру;
мәдениет, ғылым, көркем әдебиет пен өнердiң әртүрлi саласында
мемлекеттiк тiлде баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету;
мәдени-көпшiлiк шараларды мемлекеттiк тiлде ұйымдастыру;
мемлекеттiк тiлдi дамытуға бағытталған жұмысқа ақпараттық-насихаттық
қолдау жасау;
бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын
қамтамасыз ету;
мемлекеттiк тiлдi компьютерлендiру мәселелерiн шешу.
Орыс тiлiнiң жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тіл
Қазақ тілі,кабиниеті,жабдықталуы,жұмыс мазмұны
Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті (1991-2009 жж.)
Қазақ тілі - егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
Мемлекеттік бағдарламала - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Қазақстан Республикасында басқаруды құжаттамамен қамтамасыз ету: дамуы және проблемалары
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Жарма ауылының әлеуметтік жағдайы
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Пәндер