Қоғам және мұғалім


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазіргі қоғам және мұғалім
2. Шәкіртсіз - ұстаз тұл
3. Ұстаз- биік тұлға
4. Мұғалім туралы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Педагогика тарихы, тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын икемдердің және педагогикалық теорияның, содан туындайтын оқ-ағарту ісінің дамуын зерттейтін ғылым. Сонау орта ғасырларда адамзат ілімінің маманын, ақыл-парасатының жетілуін, оқу-анықтауда орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың басы Әбунасыр Әл-Фараби. Педагогика тарихында ХІІ-ХХ ғасыр аралығында оқу-тәрбие мәселелерінің өрісуі мен шешілуі ұлы өзгерістер әкелді. Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әлі де өсті. Әсіресе, Ресей педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, В. И. Водовозов, Л. Н. Толстой, 60 жылдары орыстың революционер педагогтары Н. Г. Чернышевский, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов.
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырай да сол дәуірдің қазақ даласына одақтас елдерінің озық мәдениеті мен ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің жаршысы болды. ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірлердің даму тарихы, негізінен алғанда осы есімдермен байланысты.
1. Қазіргі қоғам және мұғалім
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз . . . жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын . . . алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі . . . , меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ . . . , жұрттың бәріне . . . жақсылық пен ізеттілік көрсетіп . . . қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық - психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
2. Мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері.
Алты жасар оқушы мұғалімдерінің қандай қасиеттері болуы керек?
Біріншіден, біз мұғалімдер- мейірбанды адамдар болып, баланы қаз-қалпында сүюге тиіспіз, шолжанды да тіл алғышты да, ақылдыны да миғұланы да, жалқауды да, ынталыны да бірдей жақсы көруіміз керек. Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік, олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басы мен намысына тиюге, ұырысып, қорқытуға олардың әрқайсысына көмекке келмеуге күдік тудыруға жол бермейді.
Екіншіден, біздер, балаларды түсіне білуіміз керек. Балаларды түсіну дегеніміз- демек олардың позициясында тұру, олардың сезімін бағалап, қам-қарекеті мен ісін елеулі түрде қабылдау, олармен санасу деген сөз. Балаларды түсіну дегеніміз- оларға өктемдік көрсетпей, олардың бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі тіршілгінің өркенін жою деген сөз. Балаларды түсіну дегеніміз -кішкентай адамды тәрбиелеудің тамаша шеберлігін игеру деген сөз.
Үшінден, біз оптимистер болуымыз керек біз өзіміздің педагогика, тәрбиенің жасатпаздық күшіне сенуіміз керек, әрі сенуге міндеттіміз. Қайсібір педагогтың жекелеген баланың қыныр мінезі алдында қол құсырып, бала ойы жетілуінің уақытша тежелуіне байланысты оның қабілетіне сенбейтіндігіне кездесіп қалады.
Тәрбиелеу мен білім берудегі писсимизм баланың жарқын болашағын тірілей жересумен бірдей. Тек біздің оптимистігіміз ғана баланы жігерлендіріп оның бойындағы тұйығып жатқан күштерді оятады.
Төртіншіден, біз болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге міндеттіміз.
Білім беріп тәрбиелей отырып, мұғалім балаларды бұрынғы және рухани байлықтарымен таныстырады. Мұғалім - бала мен әлгі байлықтардың арасындағы дәнекер, тек мұғалім арқылы ғана балалар өмірді біліп адамдарды таниды.
3. Ұстаз - биік тұлға.
Саналы да салауатты ұрпақ тәрбиесі- ұстаздар қауымына арналған ұлы аманат. Осынау ауыр да абыройлы міндет жүгі ең алдымен мектептегі сынып жетекшілерінің еншісінде екені дауысыз. Ұстаз беделі қоғам үшін қашан да биік. Әсіресе, тарыдай болып мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршіндерді таудай талаппен өмір дарияға аттандыратын мұғалімнің ерен еңбегі мен ерекше төзім қабілетін қалайша бағаламассын. Әрине, моральдық тұрғыдан үлкен қолдауға ие болған мұғалімнің материалдық тұрғыдан қанағаттандырарлық деңгейде бағаланып жатпағаны рас. Кешегі қиын-қыстау нарықтық өтпелі заманда да осы қызмет иелерінің қалай қиналғандығы көз алдымызда.
Дегенмен, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Біз мұғалім беделін өзіне қайтаруға міндеттіміз» деп айрықша қадап айтты. Соңғы жылдары білім ұялары мен ұстаздарға жасалған қапқорлықты келешек жақсылықтың бастамасы деп түсінейік.
«Бұл дүниеде бақытты болғың келсе сауап істе, о дүниеде бақытты болғың келсе, сауап іс қыл, ал екі дүниеде де бақытты болғың келсе, ілім жи». Яғни, шын бақыт ілімде екендігін уақыт өзі көрсетті. Сондықтанда ілімді үйретуші, жас ұрпақ санасына сіңіруші қадірменді ұлағатты ұстаздар.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа сапалы әрі саналы тәрбие беру ұстаздар еншісінде.
Білім сапасы жаһандық проблема.
Білім сапасы әлеуметтік санат ретінде білім үрдісіндегі нәтижиелікке әсер етеді, ол оқушылардың біліктілігін арттыру мен дамытудағы өз еліне, халқына қажеттілігі мен күтімін талаптарына сай болу деңгейімен өлшенеді.
Мұғалімнің білім деңгейі жоғары, кәсіби шеберлігі шыңдалған, еңбегі халыққа үлгі болған жағдайда «нағыз ұстаздан нағыз оқушы» шығатыны белгілі.
4. Мұғалім туралы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz