Жазаның жүзеге асырылу тәсілдері



1 Үкім
2 Жарғы
3 Жарғылық қор
4 Жарғы тарихы
Үкім — соттық қылмыстық істі сотта талқылау нәтижесінде шығарған және кінәсіздікті (ақтау үкімі) немесе кінәліге жазалау шарасын (айыптау үкімі) белгілейтін, сондай-ақ сотталушыны кінәсіз немесе кінәлі деп танудың басқа да салдарын белгілейтін шешім. Үкім қаулысының ережелері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес айқындалады. Көрінеу әділетсіз Үкім шығару қылмыстық заңнама бойынша ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген сот әділдігіне қарсы қылмыс болып табылады. Үкім шығарылған адамдардың Үкімді немесе заңды күшіне енген өзге де сот актілерін қасақана орындамауы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып табылады.
Үкім (Икаб) (азаб, «жаза») - жазалау, фикһтың маңызды категорияларының бірі. Заңды өрескел бұзғаны үшін үкім тек заңды түрде, соттың шешімімен имамның, қадидің, әділқазының не қоғамдық тәртіпті бақылаушы басқа да адамдардың жарлығымен шығарылуы мүмкін. Жазаның барлық түрі Исламға дейінгі құқықтық ережелерден алынған. Барлық жазаның түрлері: өлім жазасы, оның мақсаты - қылмыскерден қоғамды үзілді-кесілді арылту; есе қайтару жазасы, оның мақсаты - әлеуметтік әділеттілік қанағаттандыру; алдын алу жазасы, бұл жазаның көмегімен болашақта тәртіп бұзылу мүмкіндігі шектеледі; өнегелік жаза, тәртіп бұзушыға тікелей әсер етіп,оны дұрыс жолға салу. Жазаның жүзеге асырылу тәсілдеріне қарай денелік жаза, бас бостандығынан айыру және жер аудару, айып салу, көпшілік талқысына салу, тәубеге келтіру түрлеріне бөлінеді. Белгіленген жаза жасалынған қылмыстың ауыр-жеңілдігіне міндетті түрге сай болуы қажет. Исламға қарсы қарулы әрекет жасағанда, бүлік шығарғанда, діннен безуді насихаттаған да өлім жазасы кесіледі. Қолға түскен қылмыскер күнәсін мойындал, тәубеге келсе, онда өлім жазасы жеңілдеу жазамен алмастырылады. Өлім жазасына кісі өлтіргендер, әсіресе қарақшылықпен өлтіргендер кесіледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Үкім — соттық қылмыстық істі сотта талқылау нәтижесінде шығарған және
кінәсіздікті (ақтау үкімі) немесе кінәліге жазалау шарасын (айыптау үкімі)
белгілейтін, сондай-ақ сотталушыны кінәсіз немесе кінәлі деп танудың басқа
да салдарын белгілейтін шешім. Үкім қаулысының ережелері Қылмыстық іс
жүргізу кодексінің баптарына сәйкес айқындалады. Көрінеу әділетсіз Үкім
шығару қылмыстық заңнама бойынша ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген сот
әділдігіне қарсы қылмыс болып табылады. Үкім шығарылған адамдардың Үкімді
немесе заңды күшіне енген өзге де сот актілерін қасақана орындамауы
қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып табылады.
Үкім (Икаб) (азаб, жаза) - жазалау, фикһтың маңызды категорияларының
бірі. Заңды өрескел бұзғаны үшін үкім тек заңды түрде, соттың шешімімен
имамның, қадидің, әділқазының не қоғамдық тәртіпті бақылаушы басқа да
адамдардың жарлығымен шығарылуы мүмкін. Жазаның барлық түрі Исламға дейінгі
құқықтық ережелерден алынған. Барлық жазаның түрлері: өлім жазасы, оның
мақсаты - қылмыскерден қоғамды үзілді-кесілді арылту; есе қайтару жазасы,
оның мақсаты - әлеуметтік әділеттілік қанағаттандыру; алдын алу жазасы, бұл
жазаның көмегімен болашақта тәртіп бұзылу мүмкіндігі шектеледі; өнегелік
жаза, тәртіп бұзушыға тікелей әсер етіп,оны дұрыс жолға салу. Жазаның
жүзеге асырылу тәсілдеріне қарай денелік жаза, бас бостандығынан айыру және
жер аудару, айып салу, көпшілік талқысына салу, тәубеге келтіру түрлеріне
бөлінеді. Белгіленген жаза жасалынған қылмыстың ауыр-жеңілдігіне міндетті
түрге сай болуы қажет. Исламға қарсы қарулы әрекет жасағанда, бүлік
шығарғанда, діннен безуді насихаттаған да өлім жазасы кесіледі. Қолға
түскен қылмыскер күнәсін мойындал, тәубеге келсе, онда өлім жазасы жеңілдеу
жазамен алмастырылады. Өлім жазасына кісі өлтіргендер, әсіресе
қарақшылықпен өлтіргендер кесіледі. Қылмыскер өзін ұстап алғанға дейін
күнәсін мойындау өзі берілсе ол өлім жазасынан аман қалады, бірақ құн
төлеп, күнәсін мойнына алуы қажет. Қазіргі кезде ату жазасы қолданылады.
Өлім жазасының ерекше түрі - жұбайлар арасындағы опасыздық үшін
тағайындалатын таспен ұрып өлтіру жазасы. Есе қайтару жазалары адамның
өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған қылмыстар: кісіні өлтіру, мертіктіру,
улау, т.б. үшін қолданылады. Бұл қылмыстар үшін жаза талион негізі бойынша
таңдалды. Соңғы жағдайларда кісі өлтіру, жарақаттау әдейі жасалмаса құн
төлеуге үкім шығарылады. Кісі өлтіру біреудің бұйыруымен немесе мәжбүр
етуімен жасалған жағдайда, өлтіруші адам бұйрық берушіге тәуелді болса,
онда бұйрық берген адам қылмыскер болып есептеледі. Қылмыс арандату
кесірінен жасалса, жауапкершілікті кісі өлтіруші мен арандатушы бөліп
көтереді. Зардап шеккен адам оның заңды мұрагерлері қылмыскерге кешірім
берген жағдайда есе қайтару жазасы қолданылмауы мүмкін. Алдын алу жазасы
мына жағдайда белгіленуі мүмкін: діннен безгені және бүлік шығарғаны үшін,
егер сот қылмыскерді өлім жазасына кесу қажет деп таппаса: рәсімдік
парыздарды көпшілік көзінше әдейі бұзғаны және оны масқаралағаны үшін;
тәртіп бұзуға арандатқаны үшін: әйелдерді қорлағаны үшін, осы әрекеті
әшкере болған адамдар некеде жоқ болса, азғындық, маскүнемдік,біреуді
араққа мас қылғаны, құмар ойындарына тартқаны үшін; көзбояушылық пен осы
тәріздес тәртіп бұзғаны үшін. Хадд жазасын қолданғанда 40-тан 100-ге дейін
дүре соғылады. Соттың шешімімен хадд жазасы қосымша дүре соғу, айып салу,
бас бостандығынан айыру, т. б. жергілікті тәртіп бойынша қарастырылған жаза
түрлерімен қатайтылуы да мүмкін. Өнегелік жаза үкімет орындарына
бағынбағаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, біреудің мүлкін ұрлағаны, сауда
тәртібін бұзғаны, т. б. салыстырмалы түрде жеңілжелпі тәртіп бұзушылар үшін
тағайындалады. Тазир жазасы шыбықпен, таяқпен дүре соғу (5-тен 39 дүреге
дейін), түрмеле немесе үйде алты айға дейін қамау, ақшалай айып салу,
көпшілік алдында әшкерелеу, т. б. түрде жүзеге асырылады. Қызмет бабында
қылмыс жасағандарға қарсы жоғарыда аталған шаралармен қатар мүлкін тәркілеу
жазасы да қолданылуы мүмкін. Хадд жазасының кез келген түріне аяқ астынан
тазир жазасының бірі үстемеленеді, қосымша жаза осы жазаларды қосып
қатайтады. Кез келген жаза қылмыскердің тәубеге келуін, дұрыс жолға түсуін
көздейді. Ол қылмысын қоймай, жалғастыра берсе, жаза қайтадан қолданылуы
мүмкін. Егер ол тәубеге келсе, соттың ұйғаруымен күнәсін жуу әрекетінің
бірін атқаруға міндетті. Сот шешімі бойынша белгіленген жазаның бәрі
атқарылғаннан кейін ол таза сумен жуынып, өне бойын тазалайды, сол сәттен
бастап ол қайтадан қоғамның қатардағы мүшесіне айналады. Тәртіп бұзғаны
үшін жауап беру адамның жалпыға ортақ құқыққа жарамдылығының бір көрінісі
болып табылады, барлық құқыққа жарамсыздар жазаға тартылмайды, ал бас
боғандығы жоқтарға, әйелдерге, т. б. толық құқығы жоқ топтарға, ерікті
еркек мұсылмандарға кесілетін жазаның жартысы тағайындалады. Жазаны жартыға
бөлу мүмкін емес жағдайларда (мысалы, өлім жазасы) бас еркіндігі жоқ кісі
ерікті адам сияқты жазаланады. Қылмыскер басқа діни сенімдегі адам болып,
жасаған кылмысының діни сенімімен ешқандай байланысы жоқ болса, ол адам
мұсылманмен бірдей жазаға тартылады; ол тәубеге келтіру жазасынан
босатылады, оның орнына айып салынуы мүмкін. Қазіргі кезде де осы
жазалардың барлық түрлері шартты түрде сақталған, олардың арасынан дамыған
елдер заңдарындағы жазаларға сай келетіндерін, түрмеге қамау, еріксіз жұмыс
істету, айып салу, қоғамдық талқыға салу сияқты жазалар қолданылады.

Жарғы—
1) заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды
тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Белгіленген Жарғы міндетті
түрде Әділет министірінің тиісті басқармаларында тіркеліп, заңды тұлғаның
қызмет істеуіне рұқсат етілгендігі туралы куәлік беріледі. Жарғы заңды
тұлғаның құқықтық жағдайын, ішкі басқарылуын, құрылымын, қаржыландырылуын,
лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін және өзге заңды тұлғалармен,
мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайды. Жарғыда мекеменің нақты
атауы, тұрған орны, атқаратын қызметінің түрлері, т.б. қажетті мәліметтер
көрсетіледі;
2) заңмен және басқадай құқықтық актімен белгіленген ережелер жинағы. Ол
белгілі бір сала бойынша мемл. басқару органдары мен шаруашылық саласындағы
заңды тұлғалардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді (мысалы, белгілі бір
сала қызметкерлерінің тәртібі туралы Жарғы;
3) мемлекеттің Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдеріндегі ішкі тәртіп
ережелері мен әскери іс-қимыл жүргізу ретін айқындайтын құжаттардың
жалпылама атауы (қ. Әскери жарғы);
4) Ресей империясының қазақ даласын әкімш. тұрғыдан басқаруға арналған
құқықтық ережелерінің жалпылама атауы. Мысалы, “Сібір қазақтары туралы
жарғы” (1822) Орта жүзде хандық билікті жойып, әкімшілік басқару жүйесін
Ресей үкіметінің басқаруына тікелей көшірді.
[өңдеу]
Жарғылық қор

Жарғылық қор — заңды тұлғаның жарғысында көрсетілетін қаражат көлемі. Оның
ең төмемгі мөлшері тиісті заң актілерімен белгіленеді. Жарғылық қордың
сомасына үлес қосушы жеке және заңды тұлғалар акцияға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
Қылмыстық саясаттың мазмұны мен оның қағидалары
Қылмыстық жауапкершіліктен босату
Мұсылман құқығы туралы
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қылмыстық заңның кері күші
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Кінәліге әділ жаза таңдау
Заңдылық қағидасы
Пәндер