Технологиялық процестің метрологиялық қамтамасыз етілуі


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

2 Технологиялық процестің метрологиялық қамтамасыз етілуі.

« Қайнар » ашық акционерлік қоғамындағы технологиялық процесті метрологиялық қамтамасыз ету өте маңызды, өйткені шығарылатын мақта майының сапасы көпшілігінде технологиялық процесте қолданылатын өлшеу құралдарына тікелей байланысты.

Жабдық базасының дамуы өз кезегінде кәсіпорындағы нормативті құжаттар арқылы жүзеге асырылып отырылады. Осы мәселені шешу үшін ең алдымен, шығарылатын өнімнің жалпы нормативті-техникалық құжаттарын қарастырудан бастау қажет.

2. 1 Мемлекеттік өлшеу жүйесі. Кәсіпорындағы метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі ережелері.

Май өндіру кәсіпорындарының тиімді жұмысын және өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет. Бұл метрологиялық қамтамасыз ету қызметі сапа жүйесіне кіруі керек.

Берілген ұсыныс ҚР-сының «Өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету туралы» заңының негізінде және «Сапа» Республикалық бағдарламасымен әзірленген. Бұл бағдарламада приоритетті бағдарламаларының қатарынан кәсіпорында көрсетілген қызметті және өнімді шығару бойынша сапа жүйесі әзірленген және ендірілген. Ұсынысты кіші кәсіпорындарда сапа жүйесінің метрологиялық бөлімін әзірлеу мен ендіру кезінде толық пайдалануға болады.

Ұсыныстың ішінде кіші кәсіпорындарда метрологиялық қамтамасыз етудің барлық негізгі сұрақтары бойынша мәліметтер кешені қарастырылған. Кәсіпорын жұмыстары атқаруға тиісті нақты мәліметтер кәсіпорын қызметін басқарудың спецификациясына байланысты анықталады, сонымен қатар өнім немесе қызмет түріне байланысты да анықталынады.

Май өндіру кәсіпорындарындағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т. б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.

2. 2 Метрологиялық қызметтер және кәсіпорындарда өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету бойынша басқа да ұйымдастырушылық құрылымдар.

ҚР-ның «Өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес юристік тұлғалар болып табылатын кәсіпорында қажетті жағдайда бекітілген тәртіпте бірліктермен және өлшеулердің талап етілген дәлдігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау үшін және метрологиялық бақылау мен қадағалауды іске асыру үшін метрологиялық қызметтер құрылады.

Өлшеу құралдары аз көлемде болатын метрологиялық қызметпен кәсіпорында юристік тұлғаның құқықтарымен пайдаланылатын кәсіпорын басшысымен тағайындалған жауапты тұлға айналысады. Кәсіпорында метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басқа кәсіпорынның метрологиялық қызметімен еклісім шарт бойынша орындалуы мүмкін.

Метрологиялық қызметтің немесе өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету бойынша басқа ұйымдық құрылымның құқықтары мен міндеттері типтік ережелер негізінде әзірленген ережелермен анықталады.

Кәсіпорындағы метрологиялық қызметтің немесе өлшем бірліктермен қамтамасыз ету бойынша басқа ұйымдық құрылымның негізгі міндеттері:

  • кәсіпорында өлшеу құралдарын тіркеу;
  • эксплуатация жағдайындағы өлшеу құралдарын жөндеуді ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау аймағындағы кәсіпорындарда қолданылатын өлшеу құралдарының тізімін құрастыру және ендіру, осы өлшеу құралдарын Мемлекеттік метрологиялық қызметтер органдары мен мемлекеттік метрологиялық орталықтарына уақтылы тексеруді өткізу;
  • Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың аймағында қолданбайтын өлшем бірліктерін калибровкалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;
  • ГОСТ 8. 563-96 «МӨЖ. Өлшеулерді орындау әдістемелері» стандартының және ұсыныстардың талаптарына сәйкес өлшеулерді орындау әдістемесін аттестациялауды ұйымдастыру;
  • ұсыныстарға сәйкес кәсіпорындарда әзірленетін технологиялық құжаттың метрологиялық экспертизаның өткізілуін орындау және ұйымдастыру;
  • шығарылатын өнімді сынауды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өткізу;
  • сынау жабдығын стандарт талаптарына сәйкес аттестациялауға қатысу;
  • өлшеу құралдарын қолдану мен жағдайына, өлшеулерді орындау әдістемелеріне, эталондарға, калибровкалау үшін қолданылатын өлшеу құралдарына, метрологиялық режелер мен нормалардың сақталуына, ұсыныстарға сәйкес өлшеу құралдарын қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға метрологиялық қадағалау жүргізу.

2. 3 Технологилық процестердің метрологиялық қамтамасыз етуінің құралдары мен негізгі процедуралары.

2. 3. 1 Өлшеу құралдары.

Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі техникалық құралдарының қатарында өлшеу құралдары пайдаланылады (өлшеу құрылғылары, өлшеулер, өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу жүйелері)

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың таралу аймағында қолданылатын өлшеу құралдарының типтері бекітілуі және өлшеу құралдарының мемлекеттік реестріне енгізілуі керек.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың таралу аймағында қолданылатын және күрделі техникалық жүйе жағдайын бақылауға арналған өлшеу құралдарының көшірмелері Мемлекеттік метрологиялық қызмет органымен немесе мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен тексерілуі керек.

Қазақстан Мемстандартының шешімі бойынша өлшеу құралдарын тексеру құқығын юристік тұлғадағы акредиттелген метрологиялық қызметтер атқаруы қажет.

Тексеруге жататын өлшеу құралдарының тізімін кәсіпорынның метрологиялық қызметтері құрасиырады. Бұл тізімдерді Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарына жібереді.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өткізу кезінде осы тізімдердің дұрыстығы мен толықтығын бақылайды. Осындай тізімдерді құрастыру кезінде ұсыныстарды пайдаланған жөн.

Тексеру графиктерін кәсіпорынның метрологиялық қызметтері құрастырады.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың таралу аймағында қолданылмайтын өлшеу құралдары кәсіпорынның метрологиялық қызметтерімен немесе калибрлеу жұмыстарын өткізу құқығына ие аккредитацияланған басқа метрологиялық қызметтермен калибрленеді. Өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеу эталондардың көмегімен жүзеге асырылады. Эталондар Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарында тексеріледі.

ҚР-ның «Өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың таралу аймағында қолданылатын өлшеу құралдарын дайындау, жөндеу, сату және жалға беру бойынша әрекеттер тек қана лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асыралады. Лицензиялауды Мемлекеттік метрологиялық қызметтер жүзеге асырады.

2. 3. 2 Өлшеулерді орындау әдістемелері.

Өлшеулерді орындау әдістемелері (ӨОӘ) метрологиялық қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. ӨОӘ өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі компоненттерін біріктіреді (өлшенетін шаманы, шама бірліктерін, өлшеу әдістерін, өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын, өлшеу нәтижелерінің формасын, өлшеу қателіктерін, сонымен қатар өлшеу нәтижелерін пайдалануды және т. б. ) . ӨОӘ-н әзірлеу, аттестациялау, стандарттау мен метрологтялық қадағалауға қойылатын жалпы талаптар мен ережелер ГОСТ 8. 563-96 «МӨЖ. Өлшеулерді орындау әдістемелері» стандартында бекітілген.

Егер талаптар немесе сипаттар түріндегі өлшеу құралдары ӨОӘ-сінің құжатында көрсетілмеген болса, огда бұндай ӨОӘ-лері ГОСТ 8. 563-96 «МӨЖ. Өлшеулерді орындау әдістемелері» стандартына сәйкес аттестайиялана алмайды.

ӨОӘ-рінде мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың таралу аймағында, сонымен қатар күрделі техникалық жүйелерді бақылау үшін пайдаланылатын бекітілген өлшеу құралдарын қолданады. Бұл мақсаттар үшін өлшеу құралдарының Мемлекеттік реестрі пайдаланылуы мүмкін.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың таралу аймағында қолдану үшін тағайындалған ӨОӘ көрсетілетін мемлекеттік стандарттың жобалары мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтарда метрологиялық экспертизадан өтуі керек.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың таралу аймағында қолданылмайтын ӨОӘ-рінің құжаттарын кәсіпорында бекітілген тәртіп бойынша метрологиялық экспертизадан өткізеді.

2. 3. 3 Техникалық құжаттың метрологиялық экспертизасы.

Техникалық құжаттың метрологиялық экспертизасы - бұл метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы техникалық шешімдерді анализдеу мен бағалау (техникалық шешімдерді өлшенетін параметрлерді таңдау, өлшеу дәлдігіне талаптарды бекіту, өлшеу құралдары мен әдістерін таңдау, оларды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша) .

Метрологиялық экспертиза конструкторлық, технологиялық, жобалық құжаттардың техникалық экспертизасынаң бөлігі болып табылуы мүмкін.

Метрологиялық экспертиза кезінде қате немесе онша жеткілікті емес шешімдер пайда болады, метрологиялық қамтамасыз етудің нақты сұрақтары бойынша мүмкіндігінше райионалды шешімдер жасалады.

Метрологиялық экспертизаның құрамына техникалық құжаттың метрологиялық бақылауы кіреді. Метрологиялық бақылау - бұл техникалық құжаттың стандарттарда және басқа да нормативті құжатта регламенттелінген нақты метрологиялық талаптарға сай келуін тексеру. Мысалға, техникалық құжатта көрсетілген шама бірлігінің аталуы мен белгіленуін ГОСТ 8. 417-81 «МӨЖ. Физикалық шама бурліктері» талаптарына немесе пайдаланылған метрологиялық терминдерді «Метрология. Стандарттың терминдері мен анықтамалары» талаптарына сәйкес келуін тексеру. Метрологиялық бақылау кезінде ескертулер мен ұсыныстар міндетті түрде жасалуы керек.

Метрологиялық экспертизаға ұшырайтын құжат қатарына бірінші кезекте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың таралу аймағында қолданылатын өнім мен қызмет құжатын жатқызады.

Эксперттерге қойылатын талаптар. Эксперт метрологиялық экспертиза нәтижелері бойынша қорытындының объективтілігі мен дұрыстығына жауап береді. Эксперт нақты өнімнің конструкторлық және технолнгиялық құжатындағы әртүрлі қызметтердің мазмұнымен, жобалық құжаттың құрамы мен мазмұнымен жақсы таныс болуы керек.

Эксперт кезкелген объектінің метрологилық қамтамасыз етілуінің қажетті екі сұрағына жауап беруі керек: не өлшеу керек және қандай дәлдікпен? Осы сұрақтарды дұрыс шешуден метрологиялық қамтамасыз етудің тиімділігі анықталады.

Кәсіпорынның метрологиялық қызметі эксперттер мамандарының жүйелі түрде жоғарылауына мән беруі керек. Қазіргі таңда метрологиялық экспертиза кезінде қолданылатын ЭЕТ-сының келесідегідей ақпараттық құралдары қолдау тапқан.

Автоматты мәліметтер базасы:

  • сынаудан өткен, мемреестрге тіркелген және пайдалануға рұқсат етілген өлшеу құралдарының техникалық мінездемелері туралы;
  • мемлекеттік метрологиялық қызметтермен және юристік тұлғадағы метрологиялық қызметтермен өткізілетін тексеру және жөндеу жұмыстары туралы;
  • метрология аймағындағы нормативті және анықтамалық құжаттар туралы;
  • жоғары дәлдіктегі эталондар мен қондырғылар туралы;
  • өлшеу құралдарының және тексеру құрылғыларының үлгілері туралы;
  • шығарылатын жабдықтардың электронды жабдықтары туралы.

Өлшеу құралдарын есептеудің компьютерлі жүйесі барлық метрологиялық сипаттамалары туралы мәліметтер базасын құрайды.

2. 3. 4 Сынау жабдығын аттестациядан өткізу.

Сынау жабдығы - бұл сынау кезінде обьектіге әсер ететін факторлар жиынтығын жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы, зат немесе материал.

Сынау жабдығын аттестациядан өткізу ГОСТ 8. 568-97 «МӨЖ. Сынау жабдығын аттестациядан өткізу. Негізгі ережелері» стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Сынау жабдығын аттестациядан өткізудің негізгі мақсаты - тағайындалуға сәйкес сынау жабдығын қолдануға жарамдылығын бекіту. Эксплуатация кезіндегі сынау бөлімшесіндегі сынау жабдығын бірінші ретті аттестациялаудан өткізеді. Сынау жабдығын бірінші ретті аттестациялаудан өткізуді келесідегідей мүшелерден тұратын комиссия жүргізеді:

  • берілген сынау жабдығында сынауды өтеізетін кәсіпоррын бөлімшелері;
  • өнімді сынауды жүргізетін кәсіпорынның метрологиялық қызметі;
  • мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар мен өнімді сынау үшін сынау жабдығын пайдалану кезінде мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары;

Комиссияны кәсіпорын басшысы мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен және мемлекеттік метрологиялық қызмет органымен бірге келісе отырып тағайындайды.

Эксплуатация прцесінде сынау жабдығын эксплуатациялық құжатта бекітілген уақыт интервалдары арқылы периодты аттестациялаудан өткізеді. Сынау жабдығын периодты аттестациялауды бөлім қызметшілері жүзеге асырады.

2. 3. 5 Метрологиялық бақылау мен қадағалау.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауды Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары жүзеге асырады.

Кәсіпорынның метрологиялық қызметтері метрологиялық бақылау мен қадағалауды өлшеу құралдарының, өлшеулерді жүргізу әдістемелердің, ережелер мен нормалар үшін қолданылатын эталондардың, өлшем бірліктермен қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттардың қолданылу мен жағдайына жүргізіледі.

2. 4 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негіздері.

Метрологиялық қамтамсыз ету Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің негізінде және өлшем бірліктермен қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормативті құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.

2. 4. 1 МӨЖ-нің нормативті және ұсыныстық құжаттары.

МӨЖ құжаттарының көпшілігі әртүрлі метрологиялық жұмыстарды орындау тәртәбі мен ұйымдастырылуын регламенттейді (өлшеу құралдарын тексеру, өлшнулерді орындау әдістерін әзірлеу мен аттестациялау, техникалық құжаттың метрологиялық экспертизасы, бекіту мақсатында өлшеу құралдарын сынау, мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау, метрологиялық әрекеттің әртүрлі бағыттары бойынша кәсіпорынды лицензиялау, өлшеулер жағдайының анализі, метрологиялық қызметтердің аккредитациясы, метрологиялық қызмет бойынша типтік ережелер және т. б) . Бұл былайша айтқанда, ұйымдастырушылық құжаттар болып саналады.

МӨЖ құжаттарының негізін құрайтын басқа бөлігі бірқатар метрологиялық жұмыстарды өткізуді регламенттейді (өлшеу қателіктерін бағалау, тексеруаралық интервалды орнату, өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттарын бағалау, өлшеу құралдарын таңдау, өлшеулерді орындау әдістері мен өлшеу құралдарын ендірудің экономикалық тиімділігін есептеу, тексеру әдістері параметрлерінің мағынасын бекіту және т. б) .

Тағы да бір МӨЖ құжаттарының негізін құрайтын бөлігі метрологиялық терминдер мен олардың анықтамаларын, шама бірліктерін, өлшеу дәлдігінің класын және өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының нормасын, өлшеу қателіктерінің пайда болу формасын және т. б. орнатады.

Мемлекеттік тексеру схемасының құжаттары 180-ге жуық. Олар метрологиялық қызметтің тексеру (калибрлік) әрекетінде үлкен маңызға ие. Тексеруді ұйымдастыру кезінде мемлекеттік тексеру схемалары тікелей қолданылады немесе оларға локальды тексеру схемалары тіркеледі.

Мемлекеттік тексеру схемасының құжаттарында келесідегідей ақпараттарды қарастырады:

  • эталонмен сақталатын шама бірлігін;
  • өлшеу нәтижесінің орташа квадраттық ауытқуын, жүйелік қателікті және бір жылдағы эталонның тұрақсыздығын;
  • эталонның құрамына кіретін техникалық құралдарды;
  • шаманың аталуын, өлшеу құралдарымен берілетін бірлік өлшемін;
  • шама бірліктерінің өлшемін беру әдістерін;
  • шама бірліктерінің өлшемін беру үшін қолданылатын өлшеу құралдары мен жұмысшы эталондардың метрологиялық мінездемелері;
  • мәндер диапазоны мен берілетін шамалардың номинальды мәндері;

Кәсіпорынның метрологиялық қызметтері іс жүзінде тікелей мемлекеттік эталондарды пайдаланбайды.

Өлшеулер дәлдігі нормаларының құжаттары келесілерді қамтиды: сызық өлшемдерді өлшеу кезінде жіберілетін қателіктер (ГОСТ 8. 051, ГОСТ 8. 549), резервуарлардағы массаны анықтау дәлдігінің нормалары (ГОСТ 8. 378), өлшеу мен дозалаудың дәлдігінің нормалары (ГОСТ 13712) және басқа да өлшеу дәлдігінің нормалары.

МӨЖ құжаттары құрамында өлшеулерді орындау әдістерінен 190ГОСТ бар. Бұл құжаттар тобы жақын арада даму үстінде, өйткені бұндай құжаттарды қолдану өлшеулерді орыдаудың аттестациялық әдістерін пайдалануды жеңілдетеді.

МӨЖ құжаттарының мүмкіндігінше көп тобы өлшеу құралдарын тексеру әдістемесін құрайды, яғни олардың саны 1900 ГОСТ.

Қазіргі уақытта өлшеу құралдарын бекіту мақсатында сынаудың 80 типті бағдарламасы әзірленген және қолданылады.

Бұл құжаттар метрологиялық қызметтерге мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау аймағында қолданылатын өлшеу құралдарының бірлік көшірмелерін әзірлеу мен қолдану кезінде қажет болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктермен қамтамасыз ету туралы» заңын әрекетке ендіргенге дейін бұндай өлшеу құралдары метрологиялық аттестациядан өткен еді, және олардың түрлері Қазақстанның Мемстандартымен бекітілмеген. Осы заңды күшіне ендіргеннен кейін мемлекеттык метрологиялық бакылау мен қадағалау аймағында қолданылатын барлық өлшеу құралдарының түрлері Қазақстанның Мемстандартымен бекітілуі керек, олүшін өлшеу құралдарын сәйкесінше сынауларға ұшыратады. Осындай сынаулардың бағдарламалары Типтік бағдарламалар негізінде әзірлену керек.

2. 4. 2 Кәсіпорын құжаттары.

МӨЖ құжаттары мен ведомствалық метрологиялық құжаттардың ережелері сол немесе басқа кәсіпорынға нақты қолдануды талап етеді. Басқа жағдайларда кәсіпорынның метрологиялық құжаттарын әзірлейді және қолданады.

2. 5 Метрологиялық ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.

Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктермен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін кінәлі юристік және физикалық тұлғаларға, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарына күші бар азаматтық, қылмыстық құқықтың сәйкесінше іс-шаралары қолданылады. Еңбек туралы құқыққа сәйкес физикалық тұлғалар кәсіпорын басшысымен тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Технологиялық процес үшін қажетті өлшеу мен бақылау құралдары.

Өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін өнімді өндірудің технологиялық процесін метрологиялық қамтамасыз ету қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жартылай фабрикатқа қажеттілікті есептеу
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізі
Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы
Стандарттарды мемлекеттік қадағалау
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
Нан сапасына қойылатын жалпы талаптар
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Өлшеу құралдарын калибрлеу жүйесі
Құрылыс саласындағы метрологиялық қамтамасыз ету
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz