Ұлпалар жөнінде


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Арқаулық ұлпалар
  2. Эпителий ұлпасы
  3. Дәнекер ұлпасы
  4. Бұлшықет ұлпасы
  5. Жүйке ұлпасы

Пайдаланған әдебиеттер

Ұлпалар .

Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты жасушалардан құралатындығы сендерге белгілі болды. Жасушалар адам денесінде ретсіз орналаспай, бірімен-бірі жасушааралық зат арқылы байланысып топтанады. Ұлпа - шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы . Ұлпалар 4 топқа бөлінеді: эпителий , дәнекер , бұлшықет және жүйке ұлпалары.

Арқаулық ұлпалар

Арқаулық ұлпалар бірігіп, есімдіктің барлық оргаңдарын сынудан немесе жыртылудан сақтайтын ең жоғарғы беріктікті қамтамасыз етеді. Бұл ұлпалар қабықшалары қалың, жиі (бірақ барлық уақытта емес) сүректенетін клеткалардан тұрады. Коп жағдайда бұлар олі клеткалар. Остік органдарда бұлар негізінен прозенхималық, ал жапырақтар мен жемістерде паренхималық клеткалар болып келеді. Клеткаларының формасына, олардың қабықшаларының химиялық құрамына және қалындау ерекшеліктеріне қарай арқаулық ұлпаларды екі топқа бөледі: колленхима, склеринхима.

Колленхима. Колленхима тірі, әдетте паренхималық клеткалардан тұрады. Егер клетканың қабықшасының қалыңдауы, оның бүрышынан басталса, ондай колленхиманы бұрыштық деп атайды. Егер клетканың екі қарама-қарсы жатқан қабықшалары қалыңдап, қалған екеуі жұқа күйінде қалып отырса, ондай колленхиманы пластинка тәрізді деп атайды. Колленхиманың қабықшалары созылуға қабілетті, өйткені олардың жұқа бөліктері (участкілері) болады, сондықтанда колленхима жас өсіп келе жатқан органдардың тірегі болып табылады. Колленхима қос жарнақты өсімдіктерге тән.

Склеренхима. Склеренхима клетка қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық клеткалардан тұрады. Тек жас клеткалары ғана тірі болады.

Жасы ұлғая келе бұл клеткалардың ішіндегі заттары өліп, семеді. Бұл құрлықта өсетін өсімдіктердің вегетативтік органдарындағы ең кең таралған арқаулық ұлпа. Клетка қабықшаларының химиялық құрамы бойынша склерен-химаның екі түрі болады: талшықтар жөне склереидтер. Талшықтардың озінің екі түрі бар: тін талшықтары және сүректік талшықтар. Тін талшықтарының клеткасының қабықшалары целлюлозадан тұрады, немесе аздап қана сүректенеді, сүректік талшықтардың (либри форм) клеткасының қабықшалары барлық уақытта толық сүректелген болады.

Склереидтер. Склереидтер клетка қабықшалары бірдей қалыңдап сүректелген олі паренхималық клеткалар.

Олар әдетте жемістерде (тасты клеткалар), жапырақтарда (тірек клеткалар) және басқа да органдарда болады.

Эпителий ұлпасы

Эпителий ұлпасы (гр. ері - үстіңгі, беткі) жабын (тері жабыны) ұлпа мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді (қарын, ішектер, несепағар, мұрын қуысы, ішкі секреция бездері және т. б. ) астарлап жатады. Жасушалары бірімен-бірі өте тығыз жанасқан. Мұндай орналасудың қорғаныштық қызмет атқаруда мәні зор. Жасушаларының пітіндері - жалпақ, төрт бұрышты, цилиндр және т. б.

Эпителий ұлпасы құрылысына қарай бір қабатты, көп қабатты болады. Егер жасушалары бірнеше қабат түзіп орналасса - көп қабатты деп аталады. Мысалы, терінің, сыртқы қабатының жасушалары көп қабатты болғандықтан, қасаңданып түлеп түседі. Оның орнын терең қабатындағы жасушалар толықтырады.

Жасушаларының пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары 6 топқа бөлінеді:

  1. Жалпақ эпителий(көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды.
  2. Текшелі (кубический) эпителийбүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады.
  3. Бағана тәрізді эпителийдіңжасушалары ұзынша, қарын мен ішектердің ішкі қабатында орналасқан.
  4. Кірпікшелі эпителийбағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады. Әсіресе тыныс жолдарындағы кірпікшелі эпителийлер шаңтозаң бөлшектерін және т. б. бөгде заттарды ұстап қалады.
  5. Сезгіш эпителийтітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан.
  6. Безді эпителийжасушалары сүт, тер, жас, сілекей, құлық бөледі. Жасушаларының пішіндері бағана және төрт бұрышты.

Эпителий ұлпасының қызметі:

  1. Қорғаныштық;
  2. Денеде су мөлшерінің бір қалыпты болуын реттеу;
  3. Бастапқы және соңғы кезеңдердегі зат алмасуға қатысу;
  4. Ағза мен сыртқы орта арасындағы зат алмасуды реттеу.

Дәнекер ұлпасы

Өзінің атына сәйкес барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады. Дәнекер ұлпасына - сұйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфа жатады. Дәнекер ұлпасы: тығыз талшықты дәнекер ұлпасы, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, қан ұлпасы деп бөлінеді.

1. Тығызталшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді жанасқан. Жасушааралық заттары аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірде, артериялық қантамырларының қабыр-ғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамасыз етеді.

2. Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен-бірі байланысқан жері, көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзіледі. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.

3. Сүекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бірімен-бірі байланысқан сүйек такташаларынан (пластинка) түзілген. Сүйекті дәнекер ұлпасының жасушалары (остеоциттер) тірі, оларды қантамырлар мен жүйкелер торлал жатады. Қаңқа сүйектері түгелдей осы ұлпадан тұрады. Құрамындағы кальций тұзы сүйекке беріктік қасиет беретіндіктен, ағзада сүйектер тірек қызметін атқарады.

4. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.

5. Қан - сұйық дәнекер ұлпа . Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан, қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.

Қызметі : а) ұлпаларға беріктік қасиет береді (тығыз талшықты ұлпа) ; ә) сіңірлер мен терінің негізін түзеді (тығыз талшықты ұлпа) ; б) тірек қызметін атқарады (шеміршекті және сүйекті ұлпа) ; в) оттек, қоректік заттармен қамтамасыз етеді (қан ұлпасы) .

Бұлшықет ұлпасы

Бұлшықет ұлпасы - денедегі бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет ұлпасына төн қасиет оның - жиырылғыштығы, жиыры-луы арқылы ағза мен мүшелерді қозғалысқа келтіреді. Бұлшықет жасушалары ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтар деп атайды. Талшықтарында бір-бірімен қатарласа (параллель) орналасқан өте көп жиырылғыш жіңішке миофибриллалар (гр. «myos» - бұлшықет, лат. «fibrilla» - талшық, жіпше) болады. Бұлшықеттердің жиырылғыштық қасиеті осы миофибриллаларға байланысты. Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының 2 тобы болады. Олар: көлденеңжолақты және бірыңғайсалалы бұлшықеттер. Қаңқа мен жүректің бұлшықеттері көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Көлденеңжолақты деп аталатын себебі талшықтары екі түрлі: біреуі жіңішке күңгірттеу болса, екіншісі ақшыл жалпақтау (кендеу) болады. Осындай екі түрлі талшықтары бір-бірімен кезектесіл орналасқандықтан бұл бұлшықеттерді көлденеңжолақты дейді. Қаңқаның бұлшықеттері сүйекке бекінеді, оның әрбір талшығы (жасушасы) көп ядролы және ядролары талшығының шетіне орналасады. Талшығының (жасушасының) пішіні цилиндр төрізді, ұзын, ұштары доғал, адамның еркіне сай жиырылады.

Жүректің бұлшықетіде көлденеңжолақты. Қаңқа бұлшықетінен айырмашылығы талшыңтары тарамдалып өр жерінен бір-бірімен бірігіп торланып жатады. Талшықтары көп ядролы және олар талшығының дөл ортасына орналасқан. Жүректің бұлшықеті адам еркінен тыс жиырылады.

Бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпалары ішкі асқазан, ішектер, қан тамырлары, несепағар, қуық, жатыр және т. б. мүшелерде болады. Талшықтары ұзын, ұршықтың сабы пішіндес, екі ұшы жіңішке үшкір, ортаңғы бөлігі жуаңдау. Талшығының дөл ортасында таяқша төрізді бір ядросы бар. Адам еркінен тыс бояу жиырылады.

Жүйке ұлпасы

Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасу-шасының құрылысы: денеден (бір ядросы бар ортасындағы жуандау бөлігі) қысқа өсінділер мен узын өсіндіден тұрады. Қысқа сінділері дендриттер (гр. «dendron» - ағаш) көп ағашка ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон (гр. «аксис» немесе «ахоп» - өсінді) дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон (гр. «neuron» - жүйке) дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді. Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі, одан денесі арқылы аксоға өтеді. Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер дене-> аксон. Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады, оны «нейрология» (гр. «neuron» - жүйке, «glia» - желім) дейді. Нейроглия нейронды қоршап, қоректік, қорғаныштық, тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады. Кейде нейрологияны нейронның «серік жасушалары» деп те атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күріш (Oryza)
Ұлпалар туралы
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
Өсімдік морфологиясы
Эксгумацияланған өлексені сараптау
Иттің сан аумағындағы жарасын емдеуге арналған ауру тарихы
Жасанды қоректік ортада өсетін жасушалардың биологиясы туралы мәлімет
Өсімдік ұлпалары туралы жалпы түсінік
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпалар
Өсімдік ұлпасы түзуші ұлпалар немесе меристемалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz