Зейнетақы қорлары


Жоспар:
1. ЗейнетаҚы Қорлары мен ЗАИБЖҰ ҰҒымы
2. Қазақстан Республикасында зейнетақы қорларының құрылу және ҚЫЗМЕТ ЕТУ тәртібі
Зейнетақы қорлары
1. Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражат есебінен қалыптастыратын зейнетақы жинақтаушы қорлары құрылды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заңына сәйкес оның нақты жұмысына, ең бастысы - зейнетақы жинағының сақталатындығына кепілдік береді.
1999 жылдың басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тәртібі өзгертілді. Алайда, бұл арада аударудың тетігі өзгеріссіз қалды. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес, жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде ұсталады. Міне, осы тәртіпті заңдасытыру арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті құқығын бекітуге болатын еді. Оның үстіне, әрбір келісім-шарт бойынша салымшының есеп кітапшасы рәсімделеді. Тағы бір кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз зейнетақы келісім-шартын бұза алмайды.
Зейнетақы жинақтаушы қор - бұл ҚР заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Зейнетақы жинақтаушы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорына (МЗЖҚ) және мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қорына (МЕЗЖҚ) бөлінеді.
Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы - мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге, зейнетақы активтерін қалыптастырып, оларды мемлекеттік құнды қағаздарға, мемлекеттік банктің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.
Мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қоры - салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуді, сондай-ақ, зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға. Ол міндетті қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісім-шартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері ЗЖҚ-дан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді.
Жоғарыда аталған ЗҚЖ түрлерінен өзге ашық ЗЖҚ-ны және корпорациялық ЗЖҚ-ны бөліп көрсетуге болады.
Ашық ЗЖҚ салымшының зейнетақы жарнасын оның жұмыс орнына және тұрғылықты жеріне қарамастан қабылдай береді. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары әрі акционерлері бола алады. ҚР-ға резидент емес қатысушысы бар ашық ЗЖҚ-сы - бұл 25%-тен де көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы қоры:
- ҚР-дың резиденті еместер;
- 50%-тен де көп акциясы ҚР резидент еместердің меншігінде немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің заңды тұлғасы;
- ҚР резиденті еместерінің бағалы қағаздарына атаулы ие болып табылатын ҚР резиденттері.
Корпорациялық осы қордың акционері және құрылтайшысы ретінде алға шығатын ҚР-дың бір немесе бірнеше заңды тұлғасының алушы-жұмыскерлері үшін құрылады.
Ашық ЗЖҚ қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір тұлғаның дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25%-дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы болмайды. Корпорациялық ЗЖҚ-да мұндай шектеулер жоқ. Алайда, зейнетақы жинағының нақты құны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің жауапкершілігі үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.
Зейнетақы активтерін бастапқыда ЗАБК (зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания) ғана орналастыра алады. ЗЖҚ жарна түсімін кастодиан банктің шотына орналастырады, ал ЗАБК үш күннің ішінде оларды әр түрлі құнды қағаздарға орналастыруға міндетті. Бір ЗЖҚ тек бір ғана ЗАБК-мен келісім-шартқа отыра алады, ал Компания өз кезегінде бірнеше ЗЖҚ-ға қызмет көрсете алады. Бүгінгі таңда оның атауы өзгерген: ЗАИБЖҰ - зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын ұйым. Зейнетақы жинақтаушы қорларына инвестициялық портфелді қалыптастыру барысында активтерді дербес орналастыруына рұқсат етілген.
ЗАИБЖҰ қаржы нарығының кәсіби қатысушысы, заңды тұлғасы болып табылады және АҚ формасында құрылады. Оның қызметін ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі лицензиялайды. Агенттік Компанияның қызметін мынадай шарттармен лицензиялайды: жарғылық капиталдың мөлшері бойынша белгіленген талаптар мен нормативтердің орындалуы, 3 санатты біліктілік куәлігі бар мамандардың штатта болуы, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқару жөніндегі қызметті реттемелейтін ішкі құжаттардың болуы.
ЗАИБЖҰ өз қызметінде зейнетақы қорларының инвестициялық портфелін қалыптастырады, зейнетақы активтерін ұдайы бағалап, зейнетақы жинағын зейнеткерлердің зейнетақы төлемдеріне бағыттап отырады. Ол өзінің қызметі туралы зейнетақы қорларына және ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігіне ұдайы есеп беріп отырады, сондай-ақ, өзінің атқарған жұмыстары туралы ақпаратты жариялайды.
Алайда, ЗАИБЖҰ қызметінде белгілі бір шектеулер бар. Ішінара мыналарға тыйым салынған:
- акциядан басқа бағалы қағаздарды шығаруға;
- банктерден өзіндік капиталдың мөлшерінен артық мөлшерде 3 ай мерзімнен көп мерзімге қаражат тартуға;
- үлестес тұрғыдан бағалы қағаздарды тартуға және олармен басқа мәмілелерді орындауға;
- қарызды кез келген тәсілмен беруге;
- зейнетақы активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздарды кері сатып алу шартымен сатуға;
- ЗЖҚ-ға тиесілі емес бағалы қағаздарды сату бойынша келісім-шартты және эмиссиялық емес бағалы қағаздарды сатып алу жөніндегі келісім-шартты бекітуге;
- тапсырма мен кепілдік беруге, мәмілелерді зейнетақы активтерін кепілге салып орындауға;
- инвестициялық зейнетақы активтері бойынша табыстың уәдесін және кепілдігін қамтитын ақпаратты жариялауға;
- бағалы қағаздар мен қаржылық құралдардың саудасынан өзге материалдық өндіріс пен сауда саласында қызметті жүзеге асыруға.
2. Қазақстандық зейнетақы жинақтаушы қорлар өз қызметін ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі берген лицензияның негізінде жүзеге асырады. Бұл лицензияда зейнетақы қорларының тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге маманданатынына, мәселен, саудамен немесе өндіріспен айналыспайтынына кепілдік беріледі.
Зейнетақы жинақтаушы қорлар лицензия алу үшін Агенттікке өз мамандарының біліктілігі туралы аттестаттың және олардың қаржы институттарында кем дегенде 2 жыл жұмыс істегенін айғақтайтын құжаттың нотариалдық тұрғыдан расталған көшірмелерін береді.
Зейнетақы жинақтаушы қорлары АҚ формасында құрылады. ЗЖҚ-ның Жарғылық капиталы акциямен қалыптасады әрі ақшалай қаражатпен ғана төленуі тиіс. Мұнда акцияның төлемі үшін заңды тұлғаның қаражаты оның өзіндік капиталы немесе таза табысының шегінде пайдаланылады. Лицензияны алу туралы өтініш берілетін сәтте жарғылық капитал толық төленіп бітуі тиіс.
ҚР резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ЗЖҚ-ның құрылтайшылары және акционерлері болуы мүмкін. Ал, рейтингтік агенттіктердің бірінде нақты рейтингісі бар ҚР резиденті болып табылмайтын заңды тұлғалар ашық ЗЖҚ-ның құрылтайшысы және акционері болуы мүмкін. Мемлекеттік кәсіпорындар ЗЖҚ-ның құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
Қордың өзіндік капиталы құрылтайшылардың (акционерлердің) жарғылық капиталындағы салым ақшасының есебінен, комиссиялық сыйақыдан, сонымен бірге, өзіндік капиталды орналастырудан түскен өзге табыстан және негізгі қызметті орындаумен байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстан қалыптасады. Бұл капитал басқа ұйымдарды құруға, міндеттемені, кепілдікті қамтамасыз ету ретінде уақытша қаржылық көмек көрсетуге пайдаланылмауы керек.
Комиссиялық сыйақының шекті шамасы ҚР Үкіметі белгіленген мыналардың шегінде белгіленеді:
- инвестициялық табыстың 15% -і шегінде;
- айына зейнетақы активтерінің 0, 05%-і шегінде.
Ол жылына бір мәртеден артық өзгертілмейді және күнтізбелік жылдың басына дейін ең аз дегенде бір ай бұрын жариялануы керек.
Зейнетақы қорларының қызметі мынадай принциптерге негізделеді:
- қорды жеке басқарады және салымшылар қорды өз қалауынша таңдаудың мүмкіндігіне ие;
- қарапайымдылық, сенімділік және айқындық;
- мемлекеттік өкілетті органдардың тарапынан қатаң реттеледі әрі қадағаланады;
- операциялық тиімділік;
- салымшыға оның зейнетақы жинағының мөлшері туралы ақпаратты береді.
ЗЖҚ өз қызметінде зейнетақы жарнасын жинай алады, өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алады және зейнетақы келісім-шартының шарттарына сәйкес басқадай құқықтарды жүзеге асырады, зейнетақы активтерін инвестициялық тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен келісім-шартқа отырады. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтаушы қорлары мыналарға міндетті:
- зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуге;
- зейнетақы жинағы мен төлемдерінің есебін дербес жүргізуге;
- салымшы мен зейнеткерге (алушыға) оның зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпаратты жылына бір мәрте және олардың сұрау салуы бойынша беруге;
- алушының зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпараттың құпия болуын қамтамасыз етуге;
- зейнетақы заңдарының және зейнетақы келісім-шартында қарастырылған шарттардың бұрмалануына жауап береді;
- алушының өтініші бойынша оның зейнетақы жинағын бір қордан екіншісіне аударуға;
- бір, үш, бес, он күнтізбелік жылдарында стандартты уақыт кезеңі ішіндегі өз қызметі туралы статистикалық және басқа да ақпараттарды жариялауға, бұл арада зейнетақы жинақтаушы қорындағы салым ақша бойынша табыстың уәдесін немесе кепілдігін қамтамасыз ететін ақпарат жарияланбайды;
- зейнетақы келісім-шартына отырған азаматтардың бәріне бірдей жағдай жасауға;
- ҚР заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға.
Қазақстандағы зейнетақы жинақтаушы қорларына өзінің негізгі қызметімен қатар басқа қызмет түрлерін қоса атқаруға сыйым салынған.
Тыйым салынған қызмет түрлері:
- өндіріс;
- бағалы қағаздарды және басқа да қаржылық құралдарды қоспағанда жылжитын және жылжымайтын мүліктің сауда-саттығы;
- сақтандыру;
- зейнетақы активтерін кепілзатқа салу;
- акциядан басқа бағалы қағаздарды шығару;
- қордың “алтын акциясын” шығару.
Олар жыл сайын аудит өткізіп тұруға және зейнетақы резерв мөлшерінің ағымдағы міндеттеме құнына сәйкестігін анықтауға заң тұрғысынан міндетті. Мұндай міндеттеме барлық қорларға жайсыз тиюі мүмкін. Өйткені бұл нақты ұйымдастырушылық және материалдық шығындарды қажет етеді. Алайда, бұл зейнетақы жинақтаушы қорлары мемлекеттік емес зейнетақыны да төлейтін болғандықтан аса өзекті болып табылады.
Білікті актуарийдің жұмысы қордың сенімділігін арттырады, себебі ол қабылданған міндеттеменің сипатын, демографиялық сипаттаманы, инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін қоса ескере отырып, оның жұмысының нәтижелері мен келешегін нақты бағалауға, сонымен бірге, тапшылықтың болу мүмкіндігін ескертіп, қажетті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Мынаны айта кету керек: “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” Заң зейнетақы активтері сақталатын кастодиан банктерінде қолданылмайды. Кастодиан банкті мәжбүрлеп жоюдың тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актіге 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы Банктер мен банк қызметі туралы” заңдық күші бар ҚР Президентінің Жарлығы жатады.
Нарық жағдайында зейнетақы жинақтаушы қорлары мен қаржы нарығының басқа субъектілерінің арасында тиісті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, баламалы заңдары және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын сақтауда динамикалық өзара әрекет белгіленеді. Халықтың ұзақ мерзімді жинақ ақшасын білдіретін зейнетақы жинағы қаржы нарығының дамуына өз әсерін тигізетін негізгі фактордың бірі ретінде қызмет етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік және корпорациялық бағалы қағаздар нарығы осы зейнетақы жинағын инвестициялайтын негізгі сала болып табылады әрі салым ақшасын салыстырмалы түрде ұзақ мерзімге және белгілі бір мөлшерде салу шартымен қарттықты қамсыздандыратын жеткілікті табыспен қамтамасыз етеді.
ЗЖҚ қайта құрылатын жағдайда бұл туралы өтініш ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігіне жіберіледі. Оған мынадай құжаттар тіркелуі керек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz