Қазақстанның сыртқы саясаты жайлы



КІРІСПЕ
1. Сыртқы саясат анықтамасы
2. Қазақстанның сыртқы саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Мақсаты: Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса, екіншіден ол - өнер, «мемлекетті басқару өнері» болып табылады /Аристотель/.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.
2. Токаев К. К. Векторы внешней политики : (девяностые годы XX века) / Касым-Жомарт Токаев. – Алматы : Жібек жолы, 2008–. – 20 см. – (Таным).

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1. Сыртқы саясат анықтамасы
2. Қазақстанның сыртқы саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік
және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны
білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті
басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен
байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың
арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің
мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат,
мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған
басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-
әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір
мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе
оқиғалар жиынтығы.

Мақсаты: Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі
салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын
қамтамасыз ету.

Саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді
атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән
ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек
мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін
зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің -
түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл,
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш
келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке,
әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін
саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін,
фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың
адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол
саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің
түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік,
халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса,
екіншіден ол - өнер, мемлекетті басқару өнері болып табылады
Аристотель.
Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам
ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі.
Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік
жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып
табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік
күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын
белгілейді. Оларға мыналар жатады:
- саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді
ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау;
- сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.
Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.
Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең
алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен
қарым – қатынас орнату.
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- достық қарым – қатынас орнату.
- сауда қарым – қатынастарын орнату.
- экономикалық қарым – қатынастарды орнату.
- әскери қарым – қатынас орнату.
Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір
– бірінсіз болмайды.
Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін
қажет.
Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу.

2. Қазақстанның сыртқы саясаты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-
теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге
талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және
экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың
аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-
қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан
шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы
тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен
дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық
Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие.
Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық
корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл
түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi
мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің
мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық
сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия
аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-
қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш
мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел
мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет
басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран,
Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми
сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi
арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық. Қазіргі кезде Қазақстанның
көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-
қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы
ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес,
экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен
тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің
ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-
қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ
құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың
Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де
кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері
президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан
басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында
мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-
қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер
қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын
нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай
серпін беріп отыр.

Ресей Федерациясымен ынтымақтастық. П
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-
қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз
қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның
ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі
бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында
дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік
және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары
бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас
спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты
қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және
экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді
әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және
Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен
Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.

Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық. Біздің
мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму
үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы
тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық
салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас
арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.

Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық. Пп Оған қоса
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая
түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-
қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая
түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында
болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес,
энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Казақстан Республикасындағы
жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне
американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.

Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
аа Қазақстанның ислам әлемімен қарым-
қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл
байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР
Президенті Н.Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб
Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті
X.Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің
еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа
деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007
жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары
елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде
ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет
территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар
жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы
ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы,
әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым
сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және
Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп
отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем
ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы
Батыс — мұсылман әлемі диалогын дамыту идеясын алға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Орталық Кедендік орган
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының Жапония-мен қарым-қатынастарының даму барысы
Экономикалық Одақ жайлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Қазақстанның кедендік саясаты және кедендік одақ жайында
Халықаралық сауда түсінігі туралы
Пәндер