Операциялық стратегия: мәні, артықшылықтары және оған әсер ететін факторлар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Операциялық стратегияның мәні.

2. Операциялық стратегияның артықшылықтары.

3. Операциялық стратегияға әсер ететін факторлар.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Операциялық стратегия - кәсіпорынның жалпы стратегиясының құрамдас бөлігі. Бәсекелі стратегия компанияны басқа бәсекелі компаниялардың арасынан айыруға бейімделген. Статегия - бәсекелестер төтеп бере алмайтын маркетингтік шабуыл. Негізінен әрбір компанияның стратегиясы үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады: операциялық пайдалылық, тапсырыс берушілермен қарым - қатынасты басқару және өнімдік инновациялар. Сондай -ақ компанияның стратегиясы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру миссиясына қарсы болмауы керек. Уақыт өте келе тұтынущылардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарының өзгеріп отыруы, компания стратегиясына түзетулер енгізуді қажет етеді.

Операциялық тиімділік - бизнесті жүргізуге қажетті негізгі бизнес - процестермен байланысты. Бизнес - процестер клиенттердің тапсырыс беруінен бастап, қызмет көрсету, компанияның Web- сайтындағы жаңалықтарды жаңарту және тауарларды жөнелту секілді барлық операцияларды өз ішіне алады.

Операциялық менеджменттің маңызы өте үлкен, өйткені ол стратегияның үш негізгі құрамдас бөлігін жүзеге асырады. Дүние жүзілік деңгейде өнім өндіретін компаниялардың пікірі бойынша компаниялардың нарықта бәсекеге қабілетті болуы, фирма мақсатына сәйкес операциялық стратегияның дұрыс жасалуы деген ұстанымды ұстанады. Бәсекеге қабілеттілік компанияны жергілікті және глобалды нарықтарда басқа компанияларға қатысты деңгейін көрсетеді.

Операциялық стратегия - ұзақ мерзімді стратегияны қолдауға бағытталған, компанияның ресурстарын қолданудың жоспарлары мен жалпы саясатының дамуын айқындайды.

Операциялық стратегия коперативті стратегиямен бірге компанияның барлық қызмет аясын өз ішіне алады және нарықта болашақта пайда болатын өзгерістерге тез бейімделу үшін ұзақ мерзімді негіз қызметін атқарады.

Операциялық стратегия өндіріс процесін әзірлеу және инфрақұрылыммен байланысты мәселелер жөнінде шешім қабылдауды жүзеге асырады. Процесті әзірлеу өз кезегінде сәйкес келетін технологияны таңдаудан, процестің уақытша графигін жасаудан, тауарлы - материялдық қорлардың деңгейін анықтаудан тұрады.

Операциялық стратегияны жалпы жоспарлау процесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады, яғни операциялық стратегия операциялық тапсырмалардың ұйымдық құрылымның жалпы тапсырмаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Ұйымдық құрылымның жалпы мақсаттары уақыт өте келе өзгеруі мүмкін, сондықтан операциялық стратегияда тұтынушылардың талап тілектерінің болашақта өзгеріске ұшырауын есепке ала отырып жасауы тиіс. Кез - келген компанияның операциялық мүмкіндіктерін фирма өніміне тұтынушылардың талаптарының өзгеруіне бейімделетін мүмкіндіктер портфелі (қоржыны) ретінде қарастыруға болады.

Егер тарихқа көз жүгіртетін болсақ, мысалы Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде және одан кейін әлемнің ұлы державалары экономикалық дағдарысқа ұшырап жатты. АҚШ - та соғыс кезінде сұраныс ұсыныстан асты. Осындай дағдарысты жағдайдан шығу үшін, АҚШ - ң тауар өндірушілері халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін қысқа мерзімде стратегияны дайындау қажет болды. Осылайша АҚШ кәсіпкерлері артық сұранысты орындау үшін үлкен, ірі көлемде өнім өндірісіне маманданды. Дәл осы кезде Жапония компаниялары өздерінің бар күш - жігерін шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге бағыттады. Осылайша, әрбір мемлекет өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әртүрлі басымдықтарды, яғни операциялық стратегияларды қолданған. Кез - келген операциялық стратегияның дұрыс, ұтымды болуы үшін, барлық баламалы нұсқалардың мүмкін болатын артықшылықтарын анықтау қажет, әрбір варианттың артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылау керек, сондай - ақ мүмкін болатын тәуекелдіктерді де анықтау қажет.

Бүгінгі таңдағы нарық тауарлар мен қызметтердің сан алуандылығымен ерекшеленеді. Бірақ тұтынушылар өздерінің таңдауларын қалай анықтайды? Көбінесе тұтынушыларды тауарлардың әртүрлі ерекшеліктері мен қасиеттері, сапалы және бағасы қызықтырады. Жалпы алғанда әрбір компания нарықта өз позициясын ұстап тұру үшін төмендегідей бәсекелі көрсеткіштері қолданады:

1. Шығындар.

2. Өнімнің сапасы мен сенімділігі.

3. Жеткізу жылдамдығы.

Жоғарыдағы бәсекелі көрсеткіштер әрбір компания үшін өте маңызды. Бүгінгі нарық күн сайын дамуда, өзгеруде. Сондықтан компаниялар нарықта өз үлестерін, сегментін сақтап қалу үшін және де нарықтың өзгерісін есепке ала отырып, мақсаттарына сәйкес келетін ең тиімді операциялық стратегияны жасауға тиіс.

Тағы бір мысал келтіретін болсақ әлемге әйгілі Fedex компаниясы күн сайын үш миллионға жуық сәлемдемелерді (посылка) әлемнің жүздеген елдеріне жібереді. Fedex компаниясы жылдам және сапалы жеткізудің қажеттілігін анықтағаннан кейін, экспедиторлық жеткізу қызметтерін ұсынатын әлемдік көшбасшыға айналды.

Операциялық менеджменттің тиімді және нәтижелі болуы операциялық стратегияның дұрыс таңдалуына байланысты. Егер операциялык стратегияның нақты және қол жетімді мақсаттары болмаса, онда операциялық стратегия табысты бола алмайды.

Бүгінгі таңда, өкінішке орай көптеген компаниялардың жалпы статегиялары болғанымен, операциялық стратегияға аз көніл бөледі. Ал шын мәнінде операциялық стратегия - табысты бәсекенің кепілі болып табылыды. Тиімді және нәтижелі ұйымдастырылған операциялық стратегиясыз, ешқандай компания нарықта көшбасшы бола алмайды. Өйткені, компания жеткізу, баға және сапа бойынша, немесе осы үш көрсеткіш бойыншада артта қалуы мүмкін.

Операциялық стратегияға тікелей әсер ететін корпоративті факторларға - ұйымның негізгі қызметі (фокус) , тауарлар мен қызметтерді жобалау, инвестиция және жұмыс күші жатады.

Ұйымның негізгі қызметі - тұтынушылардың талап - тілектерін қанағаттандыру. Кейбір компаниялар өндіріс стадиясының барлық кезеңін орындайды, ал енді біреулері тек дизайн және жарнамамен айналысады да, қалған өндіріс қосалқы мердігерлерге тапсырады. Шикізат күйінен бастап дайын өнімге дейін барлық кезеңді барлық компаниялар жүзеге асыра бермейді. Осылайша, өндіріс процесін төмендегі кезеңдерге бөлуге болады:

  1. өнімді жоспарлау және жобалау;
  2. шикізат өндіру;
  3. өндіріс;
  4. жинау, қарастыру;
  5. бөлістіру, тарату.

Өнімді жобалау - өндіріс циклінің кезеңімен байланысты. Тауардың өмірлік циклі төмендегі суретте көрсетілген.

Операциялық менеджменттің көзқарасы бойынша, өнімнің өмірлік циклінің кезеңдерінің арасында айырмашылықтар бар. Мысалы, енгізу мен өсу, өсу мен кемелдену, кемелдену мен құлдырау кезеңдерінің араларында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыс түрлері, қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар
Нан қамырының шымырлығы және оған әсер ететін факторлар
Сұраныс: түсінігі, көлемі, заңы және оған әсер ететін факторлар
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат және оған әсер ететін факторлар
Ас қорытудағы ақуыздардың ыдырауы және оған әсер ететін факторлар
Өндірістік тауарларды сатып алу процесінің моделі және оған әсер ететін факторлар
Денсаулықтың анықтамасы, оған әсер ететін факторлар және дене жаттығуларының рөлі
Метрологияның үшінші аксиомасы: өлшеу нәтижелерінің кездейсоқтығы және оған әсер ететін факторлар
Инвестицияның түрлері мен экономикалық мәні: Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат пен оған әсер ететін негізгі факторлар
Бухгалтерлік баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін негізгі факторлар (Ақмай АҚ мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz