Субъект және объект



1 Субъект және объект
2 Диалектика және метафизика
3 Заң
Адам қызметінің, іс-әрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқындықтары, соны көрсететін философиялық категориялар. Антика философиясында, мысалы, Аристотельдің еңбектерінде субъект қасиеттердің, қозғалыстардың, белгілердің ненің қасиеттері, қозғалыстары, белгілері екенін көрсететін ұғым еген мағынада қолданған. Яғни субъект - солардың бәрінің НЕГІЗІ НЕмесе иесі. Қасиет ненің немесе кімнің қасиеті болса, сол субъект. Ой, сөз НЕ немесе кім туралы болса, сол субъект. Бұл тұрғыдан субъект субстанция ұғымына жақын болды.
XVII ғасырда субъект пен объект терминдері таным теориясында ғана қолданылды.
Қазіргі кезеңде ғана субъект пен объект адамның дүниені өзгерту, игеру ЖӘНЕ тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни, субъект өз болмысының, іс-әрекетінің соның ішінде рухани жаратымпаздық және таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субъект, ол - әрбір жеке адам, ал адамдар қоғамдасқан түрінде, олар бәрі бірге - өздерінің тарихи-әлеуметтік дүниесінің, соны жасаудағы тарихының бірден-бір авторы. Яғни әлеуметтік-тарихи дүниеде, адамдар қоғамында ешбір басқа нәрсе олардың пайда болуының, дамуының себепшсі бола алмайды. Субъект осы дүниеде ең ақырғы себеп, әрі ақырғы нәтиже.
Обьект субъектіге қарама-қарсы, бірақ одан ажырамас байланыстағы іс-әрекеттің екінші жағы, кезеңі. Объект өзгерту қызметінің бағышталған нәрсесі, яғни адам жасампаздық қызметінде нені өзгертетін болса, сол объект. Объектіні көбіне адамнан оның әрекетінен тыс болған тек сыртқы дүниеден қызметтің шеңберіне тартылған бөлігі деп түсіндіріп келді, мысалы табиғаттың адам өзгергетін заттары.
Бірақ бұл объектіні адамнан тыс күштер деген ұғым туғызады. Ал адамның қызметі табиғатынан рефлексиялық қатынас. Оның мәні неде? Адамның қызметі сыртқы дүниені игеруге бағытталғандығы оның тек бір жағы. Оның екінші жағы өзінен тыс күштерді игеру арқылы өзін, өз мазмұның мәнің, табиғаттық қабілеттерін қалпына келтіру, жасау, шыңдау әрі дамыту. Яғни сыртқы дүниемен өзара ықпалында адам қызметі түбінде бәрібір ӨЗІНЕ бағытталған. Ол сыртқы дүние арқылы өзіне, өзі арқылы сыртқы дүниеге қатынас жасайды. Ең алдымен оның басқа адамдармен байланысы осындай. Сондықтан да объект субъектіге тыс емес, оның өзінің екінші бір кезеңі. Яғни адамның өзі барлық процесті игеретін иесі ретінде болса, соның негізгі өзгертуге тиіс ретінде объект. Барлық процестің түпқазығы адамның өзін-өзі өзгертуі, жасауы болатын болса, онда оның өзі-өзіне бір жағынан объект болғаны. Объектіні сондықтан да субъектінің бір өткінші кезеңі деп қараған дұрыс сияқты.
Адам, әрине, көп процестерді, соның ішінде тіпті өз бойындағы процестердің де, бәрін бірдей игеріп реттей алмайды. Адам өз тәніңдегі, мысалы, физиологиялық процестерді де солай толық игерген емес, олар оның реттеумен жүрмейді. Яғни өзінен тыс және бойындағы көптеген табиғи нәрселердің адам субъектісі емес. Әлеуметтік дүниеде де, яғни өзі жасайыт дүниеде көптеген оның нәтижелері мен сипаттары оның ырқына тәуелсіз. Ол жөнінде бұрын айтқанбыз. Сондықтан адам тек өз ырқының ықпалындағы процестерге ғана субъект.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Субъект және объект
Адам қызметінің, іс-әрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқындықтары,
соны көрсететін философиялық категориялар. Антика философиясында, мысалы,
Аристотельдің еңбектерінде субъект қасиеттердің, қозғалыстардың,
белгілердің ненің қасиеттері, қозғалыстары, белгілері екенін көрсететін
ұғым еген мағынада қолданған. Яғни субъект - солардың бәрінің негізі немесе
иесі. Қасиет ненің немесе кімнің қасиеті болса, сол субъект. Ой, сөз не
немесе кім туралы болса, сол субъект. Бұл тұрғыдан субъект субстанция
ұғымына жақын болды.
XVII ғасырда субъект пен объект терминдері таным теориясында ғана
қолданылды.
Қазіргі кезеңде ғана субъект пен объект адамның дүниені өзгерту, игеру
және тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни, субъект өз
болмысының, іс-әрекетінің соның ішінде рухани жаратымпаздық және таным
қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды.
Субъект, ол - әрбір жеке адам, ал адамдар қоғамдасқан түрінде, олар бәрі
бірге - өздерінің тарихи-әлеуметтік дүниесінің, соны жасаудағы тарихының
бірден-бір авторы. Яғни әлеуметтік-тарихи дүниеде, адамдар қоғамында ешбір
басқа нәрсе олардың пайда болуының, дамуының себепшсі бола алмайды. Субъект
осы дүниеде ең ақырғы себеп, әрі ақырғы нәтиже.
Обьект субъектіге қарама-қарсы, бірақ одан ажырамас байланыстағы іс-
әрекеттің екінші жағы, кезеңі. Объект өзгерту қызметінің бағышталған
нәрсесі, яғни адам жасампаздық қызметінде нені өзгертетін болса, сол
объект. Объектіні көбіне адамнан оның әрекетінен тыс болған тек сыртқы
дүниеден қызметтің шеңберіне тартылған бөлігі деп түсіндіріп келді, мысалы
табиғаттың адам өзгергетін заттары.
Бірақ бұл объектіні адамнан тыс күштер деген ұғым туғызады. Ал адамның
қызметі табиғатынан рефлексиялық қатынас. Оның мәні неде? Адамның қызметі
сыртқы дүниені игеруге бағытталғандығы оның тек бір жағы. Оның екінші жағы
өзінен тыс күштерді игеру арқылы өзін, өз мазмұның мәнің, табиғаттық
қабілеттерін қалпына келтіру, жасау, шыңдау әрі дамыту. Яғни сыртқы
дүниемен өзара ықпалында адам қызметі түбінде бәрібір өзіне бағытталған. Ол
сыртқы дүние арқылы өзіне, өзі арқылы сыртқы дүниеге қатынас жасайды. Ең
алдымен оның басқа адамдармен байланысы осындай. Сондықтан да объект
субъектіге тыс емес, оның өзінің екінші бір кезеңі. Яғни адамның өзі барлық
процесті игеретін иесі ретінде болса, соның негізгі өзгертуге тиіс ретінде
объект. Барлық процестің түпқазығы адамның өзін-өзі өзгертуі, жасауы
болатын болса, онда оның өзі-өзіне бір жағынан объект болғаны. Объектіні
сондықтан да субъектінің бір өткінші кезеңі деп қараған дұрыс сияқты.
Адам, әрине, көп процестерді, соның ішінде тіпті өз бойындағы
процестердің де, бәрін бірдей игеріп реттей алмайды. Адам өз тәніңдегі,
мысалы, физиологиялық процестерді де солай толық игерген емес, олар оның
реттеумен жүрмейді. Яғни өзінен тыс және бойындағы көптеген табиғи
нәрселердің адам субъектісі емес. Әлеуметтік дүниеде де, яғни өзі жасайыт
дүниеде көптеген оның нәтижелері мен сипаттары оның ырқына тәуелсіз. Ол
жөнінде бұрын айтқанбыз. Сондықтан адам тек өз ырқының ықпалындағы
процестерге ғана субъект.
Диалектика және метафизика
Осыған дейін біз ойлаудың тәсілін танымның тәсілі деп қарадық. Яғни
ойлау мен танымды бір нәрсе, ол екеуі егіз деп түсінуді көрсеттік. Бұл
бірақ, бұрын да айтқандай, батыс ойлау үрдісінің, оның дүниеге қатынасының
үлгісі. Философияны ғылым, оның тәсілін де ғылыми тәсіл деп білу. Шығыстың
дүниеге қатынасының өзгешелігін де айтқанбыз. Олардың барлығының негізінде
адамдардың әртүрлі құндлықтары жатыр дедік.
Диалектика мен метафизика осындай тәсілдер.
Дүниені толассыз өзгерту, оны бүкіл түбінен қайта құру, өз мұқтаждығына
сай қайта жасап отыру, яғни дүниеден, әлемнен тек бір пайданы ғана көру,
оны тұтынудың ғана көзімен андау, сезіну, бұл - белгілі бір құндылық. Бұл
батыста да, шығыста да бар, бірақ батыстың дүниеге қатынасында ол басым.
Бұл тұрғыдан таным айрықша мәнге ие болады. Соның
нәтижесіңде адам дұниеге үстем, ол әлемнің жалғыз иесі, кіндігі, бар дүние
сол үшін жасалғандай, сол үшін болатындай ойлауға бейім етіп тұрады.
Диалектиканың негізінде дүниеге осындай қатынастың табы бар. Онда дүниеге
танымның негізіеде, дүниені өзгерту процесінде ешбір тарихи шекті білмейтін
толассыз өзгеріске адамдық ұмтылыс жатыр. Бұл ұмтылыс диалектиканың белгілі
бір өзегі, бірақ бірден-бір мазмұны емес. Бұл қатынас бүтін табиғатынан
теріс нәрсе емес, тек өзінің шектен шыққан ұмтылысында, басқа қатынастардың
бәрін ығыстырып, алға шыққан да ғана оның адамдық мәнді бұзатын бағыты анық
керіне бастайды.
Диалектика термині ежелгі Грецияда шыққан. Алғашқы кезде диалектиканы
әртүрлі пікірлге адамдардың өзара сұхбаты, пікірталасы арқылы ақиқатқа
жетудің жолы деп түсінген. Аристотельдің айтуынша диалектиканы алғаш ойлап
тапқан - Зенон. Аристотель өз философиясында диалектиканы ықтималдық
пікірлер жөніндегі ілім деп, оны дәлелдеулер туралы ілімнен - аналитикадан
-ажыратып қарайды.
Әрине, диалектика өмірдегі, табиғаттағы бар нәрсеге зейін қояды. Ол
-табиғаттан, қоғамдағы толассыз қозғалыс, өзгеріс. Диалектика үшін жалпы
болмыстың өзі - процесс. Онда мәңгі тұрақты еш нәрсе жоқ. Өмір жалпы -
ағым. Болмыста барлық құбылыстар өзара тікелей не дәнекерлі байланыста.
Ежелгі Грецияда мәселені осы мағынада алғаш қойған Гераклит (б. д. д. VI
ғ.). Элей қаласынан шыққан Зенон әрбір нәрсенің ішкі қайшылықта екенін
алғаш ашты деуге болады. Ол қозғалыстың не екендігіне тұңғыш логикалық
талдау жасап, қозғалыс шын мәнінде жоқ деген тұжырымға келген. Біздің
сезімдеріміз куәлігіне қарасақ бар сияқты, бірақ ақылдың дәлелдері
қозғалыстық тыныштық қалыптардың жиынтығы екенін көрсетеді деген. Бұған біз
қозғалыс туралы тақырыпта кеңірек тоқталамыз.
Диалектикалық ойлау тарихта үш кезеңді бастап кешіруде.
Антика дәуірінің диалектикасы. Оны тұтастықтың немесе бүтіндігің
(целестность) диалектикасы деуге болады. Бүтіндіктің диалектикасында әлі
даму идеясы жоқ. Антика дәуірінде философияның көптеген бағыттары болды,
олардың барлығына дерлік диалектикалық айлау тән. Толассыз қозғалысты
элеаттардан басқаларының бәрі де мойындайды, бірақ өзгеріс, әсіресе даму
олардың ұғымына жат. Осы ерекшелік әсіресе Платонда айқын. Платонның бүұын
айтқан мәңгілік түпкі идеялары ешқандай өзгермек емес. Аспан денелері,
мысалы, осындай мәңгі өзгермейтін нәрселер, себебі олардың табиғаты рухани
нәрсе, материалдық емес. Аспан денелері қатаң анықталған біржолымен
(орбитасымен) мәңгі қозғалыста. Сондықтан адамның мәннің болу формасының
өзі- тиістілік, міндеттілік. Бұл адам үнемі алдағы бір биік, қол жету-
жетпеуі неғайбыл бір мақсаттар мен мұраттарға ұмтылған жағдайда ғана емес,
әлдеқашан қол жеткен, іске асып жүрген, үйреншікті өмір сүру қалпынан
мызғымай жүргенде де солай. Өйткені қол жеткен мәнге де үнемі қайталап,
іске асырып, қол жеткізіп жүру қажет. Іске асқан мән мәңдік сипаттан
айырылады, ол енді сыртқы объективтенген форма.
Заң
Ғылыми таным пайда болудан әлдеқайда ерте замандарда-ақ адамдардың
ойлауында заң туралы, өмірдегі заңдылықтар жайлы белгілі бір түсініктері
болған. Ол түсініктер әлеуметтік өмірде де, табиғаттағы кұбылыстарда да
белгілі бір қатынастардың бұлжымай қайталанып, үнемі болып отыратындығына
байланысты. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің орнықты бір тәртіптен ауысып
отыруы, соған байланысты табиғаттағы өзгерістер, әрбір жеке тіршіліктің,
өмірдің ерте ме, кеш пе өліммен аяқталатыны т.т. көптеген болмыстың
міндетті түрде болатын ырғақтары осындай түсініктердің негізі. Алғашқы
адамдар қауымындағы тіршілік етудің ауырлығынан олардың бір-бірінсіз күн
көре алмайтыны туыстық байланысты қоғамдасудың негізі етті. Қауымдық
бірлесудегі өмір де қатаң нормалармен үрдіс-әдеттермен реттеуді қажет етсе.
Оларда сол кездегі ойлауда адамдардың өздері орнатқан тәртіп емес
табиғаттың айнымас заңындай көрінгені белгілі.
Бірақ алғашқы заң туралы түсініктер мен сезімдер табиғаттың заңдарын
білуде және меңгеруден гөрі адамдардың өздері ұстанған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектика-таным теориясы
Танымның объектісі - қоршаған орта
Канттың философиядағы таным мәселесі туралы
Философия пәні
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық
Қысқаша иммануил кант өміріне шолу
Батыс философиясының антологиясы
Танымның практикалық табиғаты
Жеке адам мәдениеттің объектісі
Неміс философиясы
Пәндер