Тіл білімі туралы жалпы түсінік



1.ДӘРІС
Тақырыбы: ТІЛ БІЛІМІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2 .ДӘРІС
Тақырыбы: ТІЛ БІЛІМІНІҢ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
3 .ДӘРІС
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
4 .ДӘРІС
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ТАҢБАЛЫҚ, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІК СИПАТТА
5 .ДӘРІС
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
6.ДӘРІС
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ЛЕКСИКА ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРАМЫ
7 .ДӘРІС
Тақырыбы: ГРАММАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР
8 .ДӘРІС
Тақырыбы: ГРАММАТИКАНЫҢ САЛАЛАРЫ
9 .ДӘРІС
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕРІ.
10 .ДӘРІС
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ДАМУЫ
11 .ДӘРІС
Тақырыбы: ЖАЗУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
12 .ДӘРІС
Тақырыбы: ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КЛАССИФИКАЦИЯ
Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінң пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды.
Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
1-ДӘРІС
Тақырыбы: Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары
туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи
тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір
тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады.
Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам,
морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс
жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста
болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың
дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл
тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы
лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір
уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу.
Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді
зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық
топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы
тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл
білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын,
адам баласы тілінң пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын
айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде
тілдің алатын орнын айқындайды.
Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас
тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері),
германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі:4,14,33,51
2 –ДӘРІС
Тақырыбы: тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген
ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге
бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл
білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі
қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара
байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен
аударғанда сөзді сүю деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих,
археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика,
философиямен байланысты.
Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика,
география, кибернетикамен байланысты.
Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын
түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика,
психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық
грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік
лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.
Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның
нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы
тілдік категорилар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен
байланысы, өзара қарым қатынасы анықталады.Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы
қорытындылар, топшылаулар жасалады. Сол қорытындылар мен топшылаулардың
негізін оқулықтар жазылып, сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық
жағы дегеніміз осы.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 3,4,5, 29, 30,36, 45,48,49.
3 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі
Тілді биологиялық құбылыс деп қарағандар: Франц Бопп, А.Шлейхер.
Олардың пайымдауынша құдай жаратқан. Демек олар тілді туады, өседі, өледі
деп санайды. Бұл дұрыс емес. Себебі тіл бір ұрпақтан екіші ұрпаққа ауысып
отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніпп отыратын құбылыс.Сонымен
қатар кейбір ғалымдар тілді психологиялық құбылыстарға жатқызады.Ол тіл
құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы
туғызады., - деген түсінік туған. Алдыңғы пікір сияқты бұл да дұрыс
емес.Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке тілі болған болар
еді де, бір тұтас халықтың тілі болмас еді. Жеке адамның тілі қауымда ғана
жасалады, қауыда ғана дамиды. Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл , тілсіз
қоғам болуы мүмкін емес.
Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды
жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңі-күйді білдіруі –
эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті,белгілі бір зат не құбылыстың
атауы болуы - номинативті және т.б.
Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да
адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де , ойлау да – адам миының туындысы,
соның жемісі; екіншіден, тіл де , ойлау да – қоғамдық құбылыстар. Тіл мен
ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді.Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары
мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп
қарастырушылар.(Ф.Шлейермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын
құбылыстар.(В.фон Гумбольд,Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп
қарастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді.(Ф. Бенеке,
дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте.Диалектикалық
материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 4,14,15 ,17, 29,32, 37.
4 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің таңбалық, құрылымдық жӘне жүйелік сипатта
Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты
таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі
негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу.
Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның
белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы
белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың
жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің
таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр
түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар
схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және
бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз,
сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема
– ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы
бар тілдік бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін
атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды
білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.
Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге
болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-
қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің
жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.Мысалы дауысты
дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін
зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз
кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің
қыры.Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып
қарастырылады.Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады.
Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау
жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау
қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы
элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы,
өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.
Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,4,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 14, 33,39, 38,42 ,48.
5 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің дыбыстық жүйесі
Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен заңдылықтары, процестер,
сәйкестіктер туралы ілім.Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке
қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық,перцептивті
қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен
байланысты болады.Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов,
Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.жүнісбеков, С.Мырзабеков және
т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім – фонология деп аталады. Фонема –
тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және
фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX ғ. 70-80 жылдары жасаған.
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі
тілдіерінің табиғатына асаүйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін
сингармема деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі
сингорманизмзаңдылығымен үйлес. Сингорманизм заңдылығын с.мырзабеков көп
зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза,
редукция,элизия және т.б. фонетикалық құбылыстар: просодиялық фонетикалық
құбылыстар, анлауттағы фонетикалық құбылыстар, инлауттағы фонетикалық
құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,2,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 6,8, 9,10 ,19,21.
6–ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің лексика жүйесі мен құрамы
Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика Лексика
болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын
жаңа затқа, құбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады.
Лексикологияда зерттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар:
дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитивті; трансформациялық
тәсіл.Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде
қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология,
этимология, фразеология, лексикография. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөз
бен зат. Сөз номинативті мағынаға ие.
Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді.
Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер.
Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.
Ономасиология-атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним,
топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым – этимология.
Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің
түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы,
даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық
бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді:
халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық
этимология кеңінен зерттелуде.
Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен
айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 11,12,13,16,19,2 5,31,45.
7 –ДӘРІС
Тақырыбы: Грамматикалық ұғымдар
Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны – тілдің морфологиялық және
синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына,
грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну
амалдары мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың
байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және
сипаттамалы..
Морфема дегеніміз-сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші
мағыналық бөлшегі Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема,
негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс,
постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс. Грамматикалық мағына
грамматикалық форма арқылы беріледі.Грамматикалық мағына дегеніміз- сөздің
лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын
білдіретін қосалқы мағыналар. Грамматикалық форма дегеніміз – грамматикалық
мағына туғызушы тілдік құралдар. Сөз формаларының екі түрі: синтетикалық
және аналитикалық. Грамматикалық мағыналар әр түрлі грамматикалық тәсілдер
арқылы беріледі. Ол тәсілдер: афиксация, ішкі фиксия, қосарлану, көмекші
сөздер, сөздердің орын тәртібі, екпін, интонация.
Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық
формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік,
көптік, жақ, шақ, рай етіс.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 3, 8,20,22,23 ,24,43, 47,50.
8 –ДӘРІС
Тақырыбы: ГРамматиканың салалары
Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология -
сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи
даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш
принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең
алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер.
Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер,
есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін
қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу, матасу, меңгеру,
қабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас
болып бөлінеді.
Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-
интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және
сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай
сөйлем және құрмалас сөйлем болдып екі топқа бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдер: 1) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас
сөйлем 3) аралас құрмалассөйлем болып үш топқа жіктеледі.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 18,23,24,28,38,39,44,50
9 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің шығуы мен дамуы жӘне олардың Өзара Әсерлері.
Адамзат тілінің шығуы-алғашқы адамдардың пайда болуымен
байланысты.Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені
бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі – жалпы адамзат тілінің шығуы,
екіншісі – жеке ,нақты тілдердің шығуы. Әрине жеке тілдердің пайда болуы
кейінгі дәуірлердің үлесіне жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық тіл
білімінде қойылған болатын. Онда тіл табиғи және жасанды құбылыс деген
екі қарама-қарсы көзқарас болғаны мәлім. Кейін бұл екі бағыт ортағасырлық
,Қайта өркендеу, ағарту дәуіріне дейін шешімін таппай келді. XVIII ғ.бастап
ғылыми-философиялық тұрғыда қарастырыла бастады. (Ж.Ж.Руссо, И.Г.Гаман,
И.Гердер). Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В.фон Гумбольдттың әйгілі
тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын адамзаттың ішкі
қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана
емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен
дүниетанымдарын жасау үшін қажет... деген.Тілдің шығуы туралы теориялар:
дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік
теория,қоғамдық шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате
теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік
тоерия деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын
көрсете білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.
Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз,
ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа
шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі
себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда
болуына қарай, тілді рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық болады. Бұлар
бірінен бірі туып отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру
болып біріккен. Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап,
территориялық, мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда
болады.. Феодализмнен капитализмге көшу барысында ұлт пайда болып,
халықтық тіл ұлт тіліне айналады.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 7,9,37,40,43
10 –ДӘРІС
Тақырыбы: Тілдің дамуы
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды
Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін-
классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер –
тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген.. Август Шлейхер тіл дамуының
өсімдік пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ деп есептейді.
Бұлардың барлығы қате көзқарастар .Н.Я.Маррдың сатылық даму теориясы тілдің
дамуын әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір
қоғамдық формацияға (феодалдық, капиталистік) сай келеді деп есептеді.
Тілдің сыртқы факторлардың әсері арқылы дамуын-жалпы заңдарға
жатқызамыз. Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің құрылыс мен салаларының
заңдылықтарына байланысты.Тіл дамуының жеке заңдары тіл білімінің барлық
саласында кездеседі.
Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу,
екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат,
суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының
негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі
жеңілген тілдің элементтері.Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге
өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі
өзгерістер. Кейде билингвизмді белгілейді.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 1,9,28,46,52
11 –ДӘРІС
Тақырыбы: Жазу жӘне оның даму кезеңдері
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі
жазудың практикалық, теориялық мәні. Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу,
идеографиялық жазу, буын жазу, әріптік немесе дыбыстық жазу.Жазудың
түрлері: шумер жазуы, көне египет жазуы, сына жазуы, элам иероглифтері,
протоүнді жазуы, крит жазуы, қытай жазуы, майя жажуы, кункумжазуы, кана
жазуы, кипр жазуы, үнді жазуы, эфиоп жазуы, брахми жазуы,көне семитжазуы,
финикия жазуы, көне семиттік квазиалфавиттық жазу, угарит жазуы, арамей
жазуы, манихей жазуы, руникалық жазу, ұйғыр жазуы, араб жазуы, латын
жазуы, кирилица жазуы және т.б.
Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптер жиынтығы алфавит
деп аталады.
Графика-белгілі бір тілдегі фонемалар және олардың тіркесе белгілеу
тәсілдерінің жиынтығы.
Орфография-дұрыс жазу нормасын зерттейді.Қазіргі уақытта дұрыс жазу үшін
2001 жылы шыққан орфографиялық сөздікке сүйенеміз.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 2,8,10,21.
12 –ДӘРІС
Тақырыбы: Дүние жүзі тілдері жӘне оларға классификация
Дүние жүзінде шамамен 5661 тіл бар. Жер бетінде қанша халық болса
сонша тіл бар.Олардың ішінде тайпа тілдері де, халық тілдері де, ұлт
тілдері де жоқ емес.Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер
дәрежесіне дейін жеткен. Олар: ағылшын, қытай, француз, испан, орыс, араб
тілдері.
Тілдердің шығу тегі, туыстығы жағынана топтастырылуы-генеологиялық
классификация. Оған тән ұғымдар: семья, топ.Семья деген термин – шығу тегі
бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарынң жиынтығы. Ал топ деген – бір
семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді
білдіреді.
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында
ғана емес, сонымен бірге, әр басқа негіізден тараған тілдердің арасында да
болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің
арасында да құрылымдық, яғни морфологиялық ұқсастық болады..Типологиялық
классификация тілдері құрылымдық яғни морфологиялық ерекшелігі жағынан
топтастырады. Олар: аглютинативті тип, аморфты тип, флективті тип,
инкорпоративті тип.
Ареалдық топтастыру-географиялық яғни, территориялық орналасу жағынан
қарастырады. Бұл топтастыру онша көп қолданыла бермейді. Бұл тек
диалектология, ареалдықлингвистикада сөзболады.

Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 26,27,37,43.
2.3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
1- семинар Тіл білімі туралы жалпы түсінік
сҰРАҚТАРЫ 1) Тіл білімінің зерттеу нысаны.
2) Тіл білімінің салалары.
3) Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл
білімі.
4) Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі.
ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру.
Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.
Тіл білімінің салаларының әрқайсысына сатылай комплексті талдаудың
сызбаларын жаса.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі:4,14,33,51
Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау:Жыл бойы пайдаланатын
сөздік, семинар дәптерлерін бастау керек.Сатылай комплексті талдауды
жүргізуде басшылыққа сызбалар алынады. Сатылай комплексті талдауды
жүргізуде әр сатылардың көрсетілген жүйесін қатаң сақтау керек.
Ескерпе семинар сабақ деп білім мен білікті және дағдыны толықтыра
түсу мақсатында жүргізілетін жұмыс түрін айтады. Студент семинар сабақта
қаралып отырған мәселелеге көзқарасын білдіруге, оқығандарының ішінен
қажетті нысанды таңдап алуға, айтылған әдебиеттерді түгел оқуға
міндетті.Сонда ғана семинар сабақ өз мақсатына жетеді
2- семинар тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
сҰРАҚТАРЫ
1) Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
2) Тіл білімінің басқа ғылымдарменн байланысы.
3) Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын
түрлері.
4) Тіл білімінің практикалық мәні
ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру.
Әрбір сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.
Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орнын сурет арқылы көрсет.
Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысына схема жаса.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 3,4,5, 29, 30,36, 45,48,49.
Семинар сабақтарына дайындалуға әдістемелік нұсқау: 20-бетте көрсетілген.
3 - семинар Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі
сҰРАҚТАРЫ
1) Тілдің табиғаты.
2) Тілдің қызметі.
3) Тіл мен ойлау.
ТАПСЫРМА ТІЛДІҢ ТАБИҒАТЫ – ДЕБАТ
1.Тіл- алланың сиы.
2. Тіл- еңбектің жемісі.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 4,14,15 ,17, 29,32, 37.
Әдістемелік нұсқау: Жақтайтын позицияны нақты дәлелдер арқылы көрсету;
айтайын деген ойды нақты дәл етіп жеткізуге дағдылану;
4 семинар Тілдің таңбалық, құрылымдық жӘне жүйелік сипаттары

сҰРАҚТАРЫ
1) Тілдің таңбалық сипаты.
2) Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты.
3) Синхрония және диахрония.
ТАПСЫРМА Термин сөздерді сөздікке жазу, олардың мағынасын түсіндіру. Әрбір
сұрақтың жазбаша жауабы болу керек. Барлық сұрақ ауызша сұралады.
Тілдің таңбалық сипатын кесте арқылы көрсет.
Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипатының схема арқылы түсіндір.
Негізгі әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Қосымша әдебиеттері тізімі: 14, 33,39, 38,42 ,48.
Әдістемелік нұсқау: 20-бетте көрсетілген.
5- семинар Тілдің дыбыстық жүйесі
сҰРАҚТАРЫ
1) Фонология туралы жалпы түсінік.
2) Фонология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетінің сипаты
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Аспан денелері атауларының концептуалды өрістері
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Тіл бірліктерінің қалыптары
Фонетиканың зерттеу нысандары
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Пәндер