Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс көрінісі



Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол – сатылмайтын байлық.
Біз үшін сатылмайтын байлық- тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары. Осы аталған нәрселер әр адамда бар, бірақ өкінішке орай, бәрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ана тілінде сөйлейтіндерден гөрі, шүлдірлеп сөйлейтін қазақтар өте көп. Дінін сатып, басқа дінге көшкендер де жеткілікті.
- Ұлттық болмысты қалыптастыру үшін не қажет?
Осы сұрақ төңірегінде ойланғанда, Франциядағы бала тәрбиесі жайындағы айтылған мынадай ойлар есімізге түседі. Француздар 3-4 жастағы сәбилер үшін елінің тарихы мен атақты адамдары туралы түрлі-түсті, әдемі кітапшаларды көптеп шығарады екен. Сондай-ақ,Францияның төл тарихы туралы өз сәбиіне түсіндіріп айту ата-аналардың басты міндетіне кіреді екен. Біз де бұл ойға толығымен қосыламыз. Отбасынан бастап, балабақшада, мектепте жалғасын табардай ұлттық болмысты қалыптастыратын жүйелі тәрбие жемісін берері сөзсіз ғой. Біз жаңа дамып келе жатқан мемлекетпіз. Өткеніміз бен бүгінімізге, ертеңімізге сынмен қарап, сара жолды таңдай білуіміз – жарқын болашақ кепілі.[10, 15-бет]
Ұлттық болмыстың бастау алар бір көзі – тіл болса, екіншісі – тарих. Өз елінің, ұлтының тарихынан қол үзген адам тамырсыз ағаш іспеттес, өсуін тоқтатады. Атам қазақ шыққан тегін білмеген адамды – «тексіз», тарихына тұшынып көрмеген адамды – «көргенсіз» деген. Тексіз болу – анаңнан, көргенсіз болу өзіңнен. Білуге ұмтылмасақ, көргенді түйе алмасақ, көптің мүддесіне үлес қоса алмасақ, адамдықтан не пайда?
Міне, осы кезде біздің ойымызға Мұхтар Әуезовтың: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзі есімізге түседі.
ХХ ғасырдың қазақ ұлтына әкелген игіліктерімен қатар (жаппай сауаттылық, білім, ғылым, өнер, әдебиет, өндіріс, ауыл шаруашылығының дамуы, т.б.) әкелген қасіреті де аз болған жоқ. Әсіресе ұлттық ерекшеліктің еленбеуі, өз рухани құндылықтарымыздан шеттеп қалуымыз, ұлттық болмысымызды өзгертті.
Халық пен қоғам, дәуір мен әдебиет әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сол қоғам мен дәуірдің ақиқатын айқындайтын ірі тұлғалар әдебиет майданында қызмет етеді. Кешегі кеңестік кезеңнің «ащысын татпаса да», «ақиқаттың ауылын шырқ айналып» іздеумен ғұмыры өткен қас талант- Мұқағали Мақатаев.
Ұлттық болмысы, яғни ұлттық рухы жоқ ұлт – ұлт емес. Ұлттық болмысымыз жоғалса, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, тіліміз, дініміз ұмыт болып, өзге ұлттың жетегінде кетеміз. Қазақ халқының егемендік алып, тәуелсіз ел болуы бір ай немесе бір жыл емес, сан ғасырлық жинақталған рухының жемісі. Егер бойларында ұлтқа деген патриоттық сезім, рух болмаса, тамыры терең тарихымызда бостандық пен болашақ бақыты жолында қылыш сермескен ата-бабаларымыз жеңіс тұғырынан көрінбес еді. Бір ғана Желтоқсан оқиғасы тарихымызда белең алуы ұлтымыздың бойында рухтың өшпегендігі емес пе? РУХ – тәуелсіздіктің көк байрағын желбіреткен күш, биіктетер тұғыр.
Ірі ақындық қуат пен азаматтық ар-намыстың көркем жемісі әр шығармасынан өрнек тауып, оқырманының ойына қанат, бойына қуат бітіріп, поэзия құдіретіне бас игізген – Мұқағали Мақатаев. Оның поэзиясында табиғат та, адамзат пен дөңгелек дүние де анау-мынау ұсақ-түйек күйкі тіршілік емес, пендешіліктен адам жоғары қасиеттерімен даралана білді. Әкімшілдік - әміршілдік билік тұсында ғұмыр кешсе де, сәбилік, ата-ана, туған жер тақырыбына бірте-бірте ұлттық рух, ұлттық тарих пен намыс деңгейіне көтеріліп, «Адамгершілік» атты ұлы сезімге ұласып, атамұра сырларын ұғуға, «Құйрық – жалы кесілген» тарих қойнауына, сыры беймәлім әрбір таңбаға үңілуден еш жалықпады..[1,5-бет]
1. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2001 жыл.
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл.
3. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2002 жыл.
4. «Жас Алаш» газеті 19 маусым 2003 жыл.
5. «Әдебиет» газеті, 27 шілде, 2001 жыл.
6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл № 6
7. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл №7
8. «Жамбыл-Тараз» газеті, 9 ақпан, 2001 жыл.
9. «Жас Алаш» газеті ,13 ақпан, 1999 жыл
10. «Этнопедагогика» журналы ,2005 жыл № 5
11. «Этнопедагогика» журналы, 2005 жыл № 7

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 4:9099

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС КӨРІНІСІ

Ш.А.Өсерова, А.Аханбекова
Жамбыл атындағы №5 орта мектеп,Тараз қ.

Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол – сатылмайтын байлық.
Біз үшін сатылмайтын байлық- тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл
байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары. Осы аталған нәрселер әр адамда бар,
бірақ өкінішке орай, бәрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ана
тілінде сөйлейтіндерден гөрі, шүлдірлеп сөйлейтін қазақтар өте көп. Дінін
сатып, басқа дінге көшкендер де жеткілікті.
- Ұлттық болмысты қалыптастыру үшін не қажет?
Осы сұрақ төңірегінде ойланғанда, Франциядағы бала тәрбиесі жайындағы
айтылған мынадай ойлар есімізге түседі. Француздар 3-4 жастағы сәбилер үшін
елінің тарихы мен атақты адамдары туралы түрлі-түсті, әдемі кітапшаларды
көптеп шығарады екен. Сондай-ақ,Францияның төл тарихы туралы өз сәбиіне
түсіндіріп айту ата-аналардың басты міндетіне кіреді екен. Біз де бұл ойға
толығымен қосыламыз. Отбасынан бастап, балабақшада, мектепте жалғасын
табардай ұлттық болмысты қалыптастыратын жүйелі тәрбие жемісін берері
сөзсіз ғой. Біз жаңа дамып келе жатқан мемлекетпіз. Өткеніміз бен
бүгінімізге, ертеңімізге сынмен қарап, сара жолды таңдай білуіміз – жарқын
болашақ кепілі.[10, 15-бет]
Ұлттық болмыстың бастау алар бір көзі – тіл болса, екіншісі – тарих. Өз
елінің, ұлтының тарихынан қол үзген адам тамырсыз ағаш іспеттес, өсуін
тоқтатады. Атам қазақ шыққан тегін білмеген адамды – тексіз, тарихына
тұшынып көрмеген адамды – көргенсіз деген. Тексіз болу – анаңнан,
көргенсіз болу өзіңнен. Білуге ұмтылмасақ, көргенді түйе алмасақ, көптің
мүддесіне үлес қоса алмасақ, адамдықтан не пайда?
Міне, осы кезде біздің ойымызға Мұхтар Әуезовтың: Ел болам десең,
бесігіңді түзе деген сөзі есімізге түседі.
ХХ ғасырдың қазақ ұлтына әкелген игіліктерімен қатар (жаппай сауаттылық,
білім, ғылым, өнер, әдебиет, өндіріс, ауыл шаруашылығының дамуы, т.б.)
әкелген қасіреті де аз болған жоқ. Әсіресе ұлттық ерекшеліктің еленбеуі, өз
рухани құндылықтарымыздан шеттеп қалуымыз, ұлттық болмысымызды өзгертті.
Халық пен қоғам, дәуір мен әдебиет әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста
болады. Сол қоғам мен дәуірдің ақиқатын айқындайтын ірі тұлғалар әдебиет
майданында қызмет етеді. Кешегі кеңестік кезеңнің ащысын татпаса да,
ақиқаттың ауылын шырқ айналып іздеумен ғұмыры өткен қас талант- Мұқағали
Мақатаев.
Ұлттық болмысы, яғни ұлттық рухы жоқ ұлт – ұлт емес. Ұлттық болмысымыз
жоғалса, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, тіліміз, дініміз ұмыт болып, өзге
ұлттың жетегінде кетеміз. Қазақ халқының егемендік алып, тәуелсіз ел болуы
бір ай немесе бір жыл емес, сан ғасырлық жинақталған рухының жемісі. Егер
бойларында ұлтқа деген патриоттық сезім, рух болмаса, тамыры терең
тарихымызда бостандық пен болашақ бақыты жолында қылыш сермескен ата-
бабаларымыз жеңіс тұғырынан көрінбес еді. Бір ғана Желтоқсан оқиғасы
тарихымызда белең алуы ұлтымыздың бойында рухтың өшпегендігі емес пе? РУХ –
тәуелсіздіктің көк байрағын желбіреткен күш, биіктетер тұғыр.
Ірі ақындық қуат пен азаматтық ар-намыстың көркем жемісі әр шығармасынан
өрнек тауып, оқырманының ойына қанат, бойына қуат бітіріп, поэзия
құдіретіне бас игізген – Мұқағали Мақатаев. Оның поэзиясында табиғат та,
адамзат пен дөңгелек дүние де анау-мынау ұсақ-түйек күйкі тіршілік емес,
пендешіліктен адам жоғары қасиеттерімен даралана білді. Әкімшілдік -
әміршілдік билік тұсында ғұмыр кешсе де, сәбилік, ата-ана, туған жер
тақырыбына бірте-бірте ұлттық рух, ұлттық тарих пен намыс деңгейіне
көтеріліп, Адамгершілік атты ұлы сезімге ұласып, атамұра сырларын ұғуға,
Құйрық – жалы кесілген тарих қойнауына, сыры беймәлім әрбір таңбаға
үңілуден еш жалықпады..[1,5-бет]
Мұқағали Мақатаев...
Тарих тұрлауына айналып бар жатқан ХХ ғасырдың рухани кеңістігімізге
тарту еткен осы бір ұлы есімі тіліміздің ұшына оралған сайын, халқының
жүрегіне өлшеусіз терең бойлап, елінің шексіз махаббатына бөленген, айдыны
кең, асқары биік алып жырдың ұлан-ғайыр кеңістігі сана төрінде жаңғырары
даусыз. Өйткені бұл есім бүгінде жан мен жүрекке азық болар қуатты жырдың
қазақы болмысына айналып, халқының өміртану болмысымен біте қайнасып кетті.
Қайда барсаңыз да Мұқағали жырларының алдан шығары хақ... Қалаға да, далаға
да ортақ, ханға да, қараға да бірдей, кәріге де,жасқа да тән дүниелік
құбылыстарды, сезім ахуалын, ауаның тап басып,айтуда дәл Мұқағалидай
жеңіске жеткен ақын кемде-кем... ..[8,3-бет]
Бесік басында өлеңі – жастарға беретін тәлімі мен ғибраты мол
өлең.
Онда:
Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге, - дейді.
Бесік тәрбиесі-бүкіл ұлттық тәрбиенің негізгі арқауы. Халқымыздың атадан
әкеге,әкеден балаға мұра болып келе жатқан қасиетті бұйымдарының бірі –
бесік. Бесікті киелі деп есептеген. Оны өзге жанның ұстамақ түгіл қол
тигізуге дәті бармаған. Ұйықтап жатқан ұлының бесігін тербетуге қарсылық
білдіріп, оны қызғыштай қорғауының мәні осында жатыр. Ел болам десең,
бесігіңді түзе демей ме ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов. Бұдан кейін:
Бақыт, байлық – барлығы менің үшін,
Сенің бір кеп мойныма асылғаның, - деген
жолдарымен өріледі. Кішкентай сәбидің әке мойнына асылуының өзі неге
тұрады? Байлық та сол, бақыт та – сол.
Күзетші өлеңінде:
Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
Қар қалғымай күзетші боп бекінді.
Сәл ұйықтаса төрт немере төрт жаққа,
Көзден ғайып болатұғын секілді.
Қандай жарасымды айтылған шумақ.. Мұнда қарттар мен әжелердің немереге
деген көзқарасы, ұлттық психологиясы көрінеді. Әрбір отбасындағы ата мен
әже тұлғасы – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлы өнегенің таусылмас
қайнар көзі. Халқымыздың мақтанышы болған ұлы перзенттеріміздің
қалыптасуына оларды әлдилеп өсірген әжелердің еңбегі зор. Шоқанның әжесі
Айғаным, Абайдың әжесі Зере, Мұхтардың әжесі Дінәсіл өнегесі таусылмас
қазына емес пе еді? Қазақ халқының отбасындағы, әулеттегі тәрбие үрдісінде
Әжелер тәрбиесінің мәнісі зор болды. Әжелердің үйелмендік тәрбиесі жас
аналар, келіндер, бойжеткен қыздар үшін бала тәрбиесінің академиясы
іспетті. Ана-ене салты, келін салтына сай 6 жасқа дейінгі нәрестелік,
балбөбектік кезіндегі ұлдардың тәрбиесіне әжелер мен аналар тікелей жауап
берген. Ат жалын тартып, сүндетке отырғызылғанға дейін кезеңдегі
балбөбектік кезіндегі ұлдардың жүрегіне ана махаббаты мен мейірбандық нұрын
берген болса, ендігі жерде балиғаттық, бозбалалық, жігітшілік салтының
қатал қағидаларына тәрбиелеу үшін, жасықтық, жуастық, жасқаншақтық тәрізді
қасиеттерден арылту мақсатында атаның, әкенің, ағаларының қолына беріп, ер
мінезділікке тәрбиелеген. Осы өлеңнің соңғы шумақтарында:
Суыт жүрген кәріден де, жастан да,
- Тыныштық па? – деп сұрайды сасқанда, - деген
жолдардан біз нені байқаймыз? Суыт жүрген жүрісті адамды, әрине,
халқымыздың ұғымында жақсылықтың емес, жаманшылықтың белгісі ретінде
қабылдайды.
Көбелек деп жүрсің бе отты айналған?
Қуатым бар кеудемде шоқтай жанған.
Кер бестімін кермеде қаңтарылған,
Бәйге болса қалайда шаппай қалман, - деп басталатын Қарт аңшының
дегені атты өлеңінде ұлтымызға тән қасиетті дөп басып айтқан. Атамыз қазақ
бәйге болады екен десе, соған күні бұрын атын жаратып, баптап, үкілеп
бәйгеге қосатын болған. Бәйге жөнінде ақын:
Шаппай қалман және де озбай қалман,
Бәсіңді қой нанбасаң сөз байласқан, - дейді.
Ақын бәйге атын жырлай отырып, бұрын байқалмаған тың образ жасауға игі
қадам жасаған.
Кер бестімін кермеде қаңтарулы,
Дүбір шықса үзермін арқаныңды, - деп кермедегі қаңтарулы жүйрікті әдеби
фон ретінде ала отырып, ақын өмірдегі өзінің жыр бәйгесіндегі бейнесін
жасайды. Әрине, бәйгені шаппай бермейді. Өзінің ерен жүйрік екенін нық
сеніммен айтады. Айтуға қақысы бар. Қазағым аман болса, мен ешқашан
өлмеймін деген еді Мұқағали өзі туралы..[9,10-бет]
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
Мақағали шығармалары мен аудармалары
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тұлғасы
Мұқағали Мақатаев туралы
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
М.Мақатаев поэзиясындағы символизм
ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ САЛАСЫ
Пәндер