Назарбаев оқуларының қадамы: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуына бағытталған 20 қадам


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

НАЗАРБАЕВ ОҚУЛАРЫНЫҢ ҚАДАМЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТЫЛУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН 20 ҚАДАМ

МҰРАТБЕКОВ МАДИЯР МАРАТҰЛЫ

Мамандығы: Құқықтану. 2-курс

Факультеті: Заң

Madi093@mail. ru

Елбасы пікірінше, Қазақстанның 21 ғасырдағы дамуының шешуші факторы еңбек болып табылады. Жаппай Еңбек Қоғамының іргетасын қалау идеясын Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында көрсетті. Елбасы мақсаты мен мәні «жаңа индустриалдық-жаңартпалық экономика жағдайында қоғамды өмірге дайындаудан, Қазақстанның жылдамдатылған экономикалық даму мен қоғами игіліктер кеңінен қамту арасында оңтайлы теңгерім табудан, құқық пен әділет қағидасына негізделген әлеуметтік қатынастар бекітуден құралған» Қазақстанның әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасын ұсынады. Президент «азаматтың қолынан келетінді өзі атқаруға міндетті» деп атап өтті. Қазақстанның жетістігі оның барлық азаматтарының, бүкіл қоғамның іс-әрекетіне байланысты екенін түсінген абзал. [1]

Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған сөзінде, Жаппай Еңбек Қоғамына 20 қадам-міндеттер кешенін белгіледі. Күн тәртібінде әлеуметтік заңнаманы жаңарту, әлеуметтік-еңбек қатынастарының нәтижелі үлгісін қалыптастыру, өмір сапасының жоғары қазақстандық стандарттарын қамтамасыз ету, жетілдірудің ақпараттық-мәдени құрамдас бөлігін дамыту, әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару нәтижелі жүйесін құру. Жоғары оқу мекемелеріне Президент ерекше жауаптылық жүктейді, себебі дәл оқу қабырғаларында болашақ мамандардың тек кәсіби қасиеттері ғана емес, азаматтылық, ұлтжандық, жауапкершілік, табысқа жетуге ұмтылыс сияқты жеке қасиеттер де қалыптасады. Оқылатын курстардың мазмұнын жаңарту және «Қазақстандық құқық», «Өлкетану», «Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістік негіздері» сияқты пәндерді енгізу жастардың білім деңгейі мен әлеуметтік бейімделу деңгейін айтарлықтай жоғарылатады.

20 қадамның әр бірін жеке-жеке алып қарасаңыз да қоғамның түйткіл мәселелерін қамтыған. Олардан дәл осы кезеңдегі актуальді сұрақтардың жауабын таба аласың. Соның бірі Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуының 20 қадамында жастар саясатына аса мән берілген. “Біз жастарға қатысты жәйттарды бетімен жібере алмаймыз. Жас қазақстандықтар “әлеуметтік лифтілердің” тетіктерін құру керек” деді Елбасы. Мемлекеттік жастар саясатына жаңалықтар енгізу керектігін, жас мамандардың еңбекке орналасуы мен әлеуметтік пакет туралы, жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы құқықтық нормалар қажеттілігін көрсеткен Елбасы жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру шараларын дайындау маңыздылығын алға тартты.
20 тапсырманың үштен бір бөлігі білім беру жүйесіне қатысты. Осы орайда қазіргі білім сапасының сын көтере алмай тұрған тұстарының оңтайлы шешімдерін келтіре отырып, нақты жоғарылату жолдарын айқындап берді.

“Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің практикалық жағына жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілмейді” - деді Елбасы - Балалардың, жасөспірімдер мен жастарды олардың есеюі мен табысты әлеуметтенуінің дара міндеттерін шешуге бағыттайтын рухани-парасаттылық тәрбиесінің тәсілдері жеткіліксіздігі жөніндегі мәселелер күн тәртібінде өткір тұр”
Осыған байланысты Елбасы 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерге білім берудің интерактивті турлерін пайдалануды және Қазақстан тарихы бойынша оқу құралдарын талдаудан өткізуді тапсырды.

Ел болашағы үшін нөмірі бірінші мәселесе - жаңа жұмыс орындарының құрылуында екенін баса айтып, жасты да, ересектерді де еңбексіз бос отырудан аулақ болуға, сол мақсатта қазіргі нарық қажеттілігіне сай кәсіби мамандықтарды қайта оқи отырып, жаңа біліктілікті меңгеру арқылы қай жерге сұраныс бар, сонда ұмтылулары керектігін жеткізді. Еңбек еткен адам өз құқын білетіндей сауаттылығын арттыру керек. Осы орайда Елбасы жұмысқа орналасқанда қол қойған әр бір қағаздың мәніне, мағынасына көңіл бөлу керектігін айтты. Сонымен қатар Елбасының назарынан халық арасында саламатты өмір салтын белсенд насихаттау, спорт және дене тәрбиесі, тұрғын үй мәселелері, халықты әлеуметтік қорғай және бейімдеу жүйесін дамыту жұмыстары да тыс қалмады.

Президенттің мақаласын халық үлкен ықылас-ынтамен қабылдады.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы барлық мемлекеттік органдардың жұмысына тың серпін беретіні сөзсіз. Бұл - кәсіби шеберліктің, ұлтжандылықтың және туған жеріңнің тарихын ардақтаудың, жас буын еліктеп, үлгі тұтарлық нағыз қарапайым, өте тиімді тәсілі болмақ. [2]

Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан қоғамын әлеуметтік жаңғырту идеясының арқасында еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастырып, нығайту арқылы Қазақстан жеке даму жолында заманауи демократиялық мемлекет ретінде өз ұстанымын бекітті.

Президенттің 20 тапсырмасының қай-қайсысында да ел болашағы жастардың дұрыс тәрбие алып, білімді де білікті маман, өз Отанының патриоты болып өсіп-жетілуі жолындағы жасалатын іс-әрекеттерге бағытталған. Елбасының жастар саясатына айрықша көңіл бөлуі тектен-тек емес. Жастар - елдің ертеңі. Елімізде тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жыл ішінде ұрпақ ауысу үдерісі болды. Тәуелсіздік жылдарында туған ұрпақ үлкен өмірге батыл қадам басуда. Олардың заманы да, өмір сүру қағидаттары да әлемдік өркениет деңгейінде болуы үшін бүгінгі бағдарламалық тапсырмалардың жүзеге асуының, яғни еліміздегі әлеуметтік жаңғыру үдерісінің алғаусыз алға басуының өмірлік маңызы да осында. Елбасы жас мамандарды еңбекке орналастырудың кепілдіктері мен әлеуметтік пакет туралы, жастар тәжірибесін ұйымдастырудың тәртібі туралы құқықтық нормалар жасап шығуды Үкіметке, Парламентке, тиісті атқарушы органдарға тапсыра отырып, «Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Оларға Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Жастарымыз туған Қазақстанда еңбек етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет», - деп түйіндеді. Бұл үшін бірінші кезекте тұтастай білім беру жүйесін жаңғырту, оқу-тәрбие үдерісін бүгінгі күн талаптарына сай оңтайландыру, дуальды кәсіби білім беруді дамыту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін кешенді түрде шешу міндеттері жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жердегі дуальды кәсіби білім беру көптеген дамыған елдер тәжірибесінде бар. Қазіргі еңбек нарығы жоғары білікті мамандарды талап етеді. Жас мамандарды даярлау ісі тек білім беру мекемесінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілердің де тікелей міндеті болуы керек. 11-тапсырмада айтылған Бесжылдық Жалпыұлттық Болжау, міне, осы міндеттерді шешудің тікелей тетігі болмақ. Мұның барлығы жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, парасатты тұлға болып қалыптасуына, кәсіби маман ретінде өмірден өз орнын табуына жасалып жатқан аталық қамқорлық, олардың болашағына сенімді бағдар болатыны сөзсіз. Бағдарламада тұрғын үй, пәтерлі болу - әрбір қазақстандық үшін бірінші дәрежелі мәселе екендігі арнайы тапсырмаға топтастырылған. Елбасы жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамытуға, жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жүйесін қалыптастыруға тапсырма берді. Тұрғын үйді жалға алушылардың құқы, келісімшарттың мөлдірлігі, ұзақ мерзімге жалға алу, құжаттар тапсыруды оңтайландыру секілді жұмыстарды нақтылап берді. Президент осындай кең ауқымды қамтитын бағдарламалық тапсырмалары мен оларды нақты іске асырудың қағидаттарын жариялай отырып, мемлекеттің әлеуметтік жаңғыруы мен адамдарымызды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке жұмылдырудың, ұлттың мәдени сапасын жаңа деңгейге көтерудің тұтастай жүйесін жасап берді. Осы тапсырмалардың кешенді топтамасында жауапты орындарға берілген әрбір тапсырма өміршеңдігімен, аса маңыздылығымен қатар, жарқын болашаққа бастайтын, бірін-бірі толықтырып тұрған игілікті істердің жиынтығы деуге болады.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болып даму жолына түскен 20 жылдан астам уақыт ішінде әлеуметтік жағынан да, экономика салаларында да орасан зор жетістіктерге жетті. Бұл еліміздің нағыз сын тезінен өткен кезеңі деуге болады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың алыс көкжиектерді көздеген сарабдал саясатының арқасында талай қиыншылықтарды еңсере білдік. Әлемнің көптеген алпауыт елдерінің өзін сансыратып кеткен қаржы дағдарысының салдарын біздің халқымыз оншалықты сезіне қойған жоқ. Елбасының көрегендігі, дағдарыс толқынына тегеурінді тетіктерді уақытында қосуы арқасында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрмен бекіте түстік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
«ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»
Сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруге 19 қадам
Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ӨМІР СҮРУДІҢ ҚАЖЕТТІ КОМПОНЕНТІ
Аймақтық білім беру жүйесін басқару
Қазақстан жайлы
Көне қазақтың рухани мәдениеті
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz