Оқу-педагогикалық еңбектестік


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

2 тарау. Оқу-педагогикалық еңбектестік

§ 1. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы

Еңбектестік қaзipгi күннің беталысы ретінде

Ресейдегі бүкіл білім беру жүйесі, соның ішінде жоғарғы білім беру де қазіргі күні идеялардың ықпалында болып отыр, бұл идеялар жалпы және педагогикалық психология теоретиктері (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Ш. А. Амонашвили және т. б. ) мен бүгінгі күнгі мектептердің алдыңғы қатарлы практиктерінің жұмыстарында тұжырымдалған (А. С. Макаренко, А. В. Сухомлинский және т. б. ) . Бұл идеялар, жекелеп алғанда, еңбектестіктің қазіргі күнгі білм берудің анықтаушы негіздерінің бipі ретінде мақұлдануынан көрініc тауып отыр. «Еңбектестік - бұл балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бектілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы . . .

Еңбектестік стратегиясының негізінде педагогтың оқушыларының танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен бағыттау идеясы жатыр».

Оқытуды ұйымдастырудың осы формасының мәнінің ұлылығы сонша, бүкіл педагогикалық процесті еңбектестік педагогикасы ретінде қарастыру беталысы бар.

Оқудағы еңбектестік проблемасы (жұмыстың ұжымдық, кооперативтік, топтың формаларын) соңғы он жылдықтарда бодщ еліміз бен шет елде белсенді және жан-жакты дамытылуда (Х. Й. Лийметс, В. Дойз, С. Г. Якобсон, Г. Г. Кравцов, А. В. Петровский, Т. А. Матис, Л. И. Айдарова, В. П. Панюшкин, Г. Магин, В. Я. Ляудис, Г. А. Цукерман, В. В. Рубцов, А. А. Тюков, А. И. Донцов, Д. И. Фельдштейн, И. Ломпшер, А. К. Маркова және т. б. ) .

Оқушылардың тікелей өзара әрекетіне негізделген оқу жұмысын белгілеу үшін, зерттеушілер «топтық жұмыс», «бірлескен оқу іс-әрекеті», «бірлесе бөліскен оқу іс-әрекеті», «ұжымдық бөліскен оқу ic-әрекеті», «оқудағы еңбектестік», т. б. атауларды қолданады. Қазіргі күні отандық педагогикалық психологияда көбінесе басқа терминдерге қатысты неғұрлым сиымды, ic-әрекетке-бағытталған және басқа терминдерге ортақ «оқудағы еңбектестік» термині пайдаланылады, ол сонымен бірге, оқу тобының ішіндегі көп жақты өзара әрекетті және мұғалімнің топпен өзара әрекетін білдіреді. Еңбектестік біріккен ic-әрекет ретінде, өзара әрекеттесуші субъектілердің белсенділігін ұйымдастырушы жүйе ретінде сипатталады: 1) кеңістік және уакыттың қатар болуымен, 2) мақсаттардың бірлігімен 3) ic-әрекетті ұйымдастыру және басқарумен, 4) функцияларды, әрекеттерді, операцияларды бөлісумен 5) позитивті тұлға аралық қатынастардың болуымен.

Еңбектестіктің негізгі бағыттары

Оқу процесіндегі оқу еңбектестігі өз тарапынан келесі төрт бағыт бойынша тарамдалған өзара әрекет болып келеді: 1) мұғалім - оқушы (оқушылар), 2) оқушы - диадалар және триадалардағы оқушы, 3) оқушылардың барлық оқу ұжымдарындағы жалпы топтық өзара әрекеті, мысалы, тілдік топтарда, жалпы сыныпта және 4) мұғалім - мұғалімдер ұжымы. Г. А. Цукерман басқа барлық бағыттардан генетикалық туынды, тағы бір маңызды бағытты қосады - оқушының «өз-өзімен» еңбектестігі (мүмкін, бұл мұғалім үшін де әділетті болар) .

Еңбектестікке талдау жүргізуде, біріншіден, мұғалім -оқушы(лар) бағыты, әдетте, оқушы+оқушы бағыты бойынша өзара әрекетпен толықтырылатынын атап өту маңызды, бұл оқу іс-әрекетінің топтық сипатымен шартталады. Екіншіден, негізгі зерттеулер еңбектестіктің үйренушінің (үйренушілердің) тұлғалық дамуына, оның (олардың) оқу ic-әрекетінің тиімділігіне ықпалын білуге бағатталған. Нәтижесінде, оқудағы оқушы-оқушы еңбектестігі, оқытудың ұйымдастырушы формасы ретінде, тек нақты бір оқу пәні бойынша оқытудың тиімділігін арттыру үшін ғана емес, сондай-ақ шәкірт тұлғасының дамуы, қалыптасуы үшін де елеулі қор беретініне көз жеткізеді.

Tүpлі субъектілермен еңбектестік

Түрлі адамдармен оқудагы еңбектестікті, оны кіші мектеп жасындағы балалармен іске асыру мысалында талдай отырып, Г. А. Цукерман оның маңызды ерекшеліктерін атап көрсетеді.

«Оқудағы еңбектестікті үлкендермен құру үшін, репродуктивті әрекеттену мүмкіндігін тосқауылдайтын және әрекет пен өзара әрекеттің жаңа тәсілдерін іздеуді қамтамасыз ететін жағдайларды жасауды талап етеді.

Кұрбылыстармен оқудагы еңбектестік құ рау үшін, балалардың әрекетін ұйымдастыруда, түсініктік қарама-қайшылықтардың жақтары топқа үйлестірушіні қажет етуші, біріккен жұмысқа қатысушылардың пәндік позициясы ретінде көрінетіндей етуді талап етеді.

Өз-өзімен оқудағы еңбектестік пайда болу үшін, балаларды өз көзқарастарындағы өзгерістерді табуға үйрету керек». (өзімнің бөліп көрсеткенім - И. З. ) . Басқаша айтқанда, үйренушінің оқу процесіндегі түрлі субъектілермен еңбектестігі оның мазмұнынын, құрылымының, ерекшелігімен сипатталады, оны ұйымдастыруда осыны есепке алған жөн.

Еңбектестіктің әрекетке ықпалының жалпы сипаттамасы

Оқу процесін ұйымдастырудың түрлі формаларының (фроиталдық, даралық, бәсекелестік, әріптестік) тиімділігін салыстырмалы зерттеулердің басым көпшілігі еңбектестік формасындағы арнайы ұйымдастырылған оқу процесінің, оған қатысушылардың ic-әрекетіне жағымды әсерін растайды. Бұл, еңбектестік жағдайында күрделі ақыл-ой тапсырмасы табыстырақ орындалатынынан (Г. С. Костюк, В. Янтос және т. б. ), жаңа материалды жақсы меңгеруден көрінеді (В. А. Кольцова және т. б. ) . Х. И. Лийметс жұмыстарында, мысалы, оқушылардың топтық жұмыстарының олардың коммуникативтік іскерліктері деңгейлерінін жоғарылауына белсендіруші және мотивтендіруші ықпалы көрсетілген.

«Мұғалім-оқушы» схемасы бойынша, даралық жұмыспен салыстырғанда топішілік еңбектестік тура сол міндеттерді орындау тиімділігін кем дегенде 10%-ға жоғарылататыны дәлелденген. Зерттеулер, еңбектестікке түсуші топтар кұрамының біртектілігі (гомогендік) немесе әр тектік (гетерогендік) мәселесінің бip мағыналы eмecтiгiн және топішілік еңбектестікті диадалық, триадалық немесе жалпы топтық принцип бойынша ұйымдастырудың артықшылығын көрсетеді. Алайда, көптеген зерттеулер мәліметтері бойынша, триада диададан (Л. В. Путляева, Р. Т. Сверчкова, Я. А. Гольдштейн, Т. К. Цветкова) және жалпы топтық (7-12 адам) өзара әрекетке қарағанда өнімдірек (Я. А. Гольдштейн) екені, бipaқ топтың ұжым құраушы артықшылығын асыра бағалау қиын (Л. А. Карпенко) екені анықталды. Бірақ еңбектестікті ұйымдастырудың кез-келген нұсқасында ол даралық жұмыстан тиімдірек.

Триаданың артықшылығын сипаттай отырып, Л. В. Путляева және Р. Т. Сверчкова топтың неғұрлым үлкен алқалылығын, үлкен дәлелділігін (диадага қарағанда пайда болатын ойлар санының көптілігінің есебінен), неғұрлым үлкен контакттылығы мен лабильділігін белгілейді. Маңыздысы, қарым-қатынас жүйесінде үшінші жақтың пайда болуы - оған жаңа сапа, рефлексивтілікті береді. Атап өтілген триаданің артықшылықтарын білім беру процесін ұйымдастыруда есепке алу маңызды, өйткені оқыту практикасында даралық және диадалық (жұппен жұмыс істеу) жұмыс формалары, фондық, көбінесе сыныптың нақты басқарылмайтын, фронталды жұмысында әлі де болса кең тараған.

Жалпы топтың еңбектестікті ұйымдастыру, әрине, әлі көп қиындықтарды көрсетеді (триадалық ұйымдастырумен салыстырғанда), бірақ тек сол ғана топтың, ұжымдық ic-әрекет қалыптасатын, мұғаліммен тең, cepiктec еңбектестік үшін ұжымдық субъект жиынтығы ретінде қалыптасуын дайындай алады. Бұл жерде ұжымдық ic-әрекет принципі үш тұрғыдан жүзеге асады: үйренушілердің ұжымдық шығармашылыққа деген ұстанымымен, әр шәкірттің қойылған міндетті орындауға белсенді қатынасуымен және әр шәкірттің ic-әрекет тұғалық-мәнді пәнін таңдауымен, яғни, осы пәнді белгілеу құралдарын, оның көрінуi және оны артық көру тәсілдерін білу мағынасында, мұның өзi оқу процесінің дараландырылуын қамтамасыз етеді.

Еңбектестіктің оқу ic-әрекетіне ықпалы

Балалардың жігерін міндеттерді орындауға және дағдыларды жаттықтыруға біріктірудің артықшылығы қандай деген сұраққа жауап бере отырып, осы проблеманы жетілдіруші Г. А. Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау негізінде, біріккен оқу ic-әрекетіндегі келесі ережелерді көрсетеді:

  • меңгеріліп отырған материалдың көлемі және түсіну тереңдігіұлғаяды;
  • балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықдеңгейі өседі;
  • білім мен іскерлікті қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады;
  • оқу мотивациясының ақауларымен шартталған тәртіп caқтayшықиындықтар бәсеңдейді;
  • оқушылар білімнен көбірек қанағат алады, өздерін мектептееркін сезінеді;
  • оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді;
  • сыныптын бірлігі күрт өседі, бұл жерде сыншылдықпенқатар өзін-өзі және өзара сыйласу өзінің және сәйкес бағалай алу қабілетімен қатар өседі;
  • оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады; әдеп, жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырыпөз мiнeз құлқын қалыптастыру іскерлігі, қарым-қатынастыңгуманистік түрткілері ;
  • мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепкеала отырып, оқытуда дараландыру мүмкіндігін алады; Мұғалімнің тәрбиелік жұмысы топтық оқыту үшін қажетті шарт бола бастайды, себебі барлық топтар өздерінің қалыптасуында қақтығыстық қатынастар сатысынан өтеді . . .

Енбектестіктің осы артықшылықтарын талдау, оның мұғалімнің іс әрекетіне де, яғни, eзi үшін мәнді жағымды жәрдем алатын мұғалім ic-әрекетіне жанама түрде жағымды ықпал ететінін көрсетеді.

Оқудағы еңбектестік проблемасының өзінде екі жақ ұйғарылады: a) бipiккен ic-әрекеттің баланың дамуына, оның оқи алу ептілігіне, топтың, ұжымның қалыптасуына ықпалы және б) біріккен әрекеттің өзін және оның балаларда жана ic-әрекет түрлерінің пайда болуындағы pөлiн зерттеу.

Проблеманың екіншi жағы азырақ зерттелген, алайда, ол топ мүшелерінің әрекеттepiнiң объектілерімен және осы объектілердің құрылымдық қасиеттерімен, әрекет тәсілдерінің қатысушылардың арасында таратылуы мен алмастырылуы кезіндегі байланыс арқылы, оқу-танымдық ic-әрекет дамуының негiзгі болып келеді (В. В. Рубцов) . Басқаша айтқанда, жаңа ic-әрекет пайда болуының алғышарты ретіндегі бірлескен әрекеттің eзin зерттеу де ықпалды зерттеу болады, бipaқ ол субъектіге ғана емес, іс-әрекеттің өзіне ықпалын зерттеуді ұйғарады. В. В. Рубцовтың зерттеуі, белгілер арқылы берудің әрекеттін жалпы принципін қалыптастырудағы рөлін экперименталды тұрғыдан дәлелдеуге, бірлесіп бөліскен ic-әpeкeттi ұйымдастыру тәсілдepi мен механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. П. Ф. Каптерев бойынша, оқытудың бірлесіп бөліскен, шынайы генетикалық, эвристикалық формасы оқу ic-әрекеті үшін маңызды келесі іскерліктерді тұжырымдауға мүмкіндік береді:

- «міндеттен қайта құру жүйесін көру;

қайта құруларды ағымдағы зерттеліп отырған құбылыс ерекшеліктерімен байланыстыру;

- бірлескен іс-әрекеттің жалпыланған модельдерін құру ; ;

- зерттелініп отырған құбылысқа өз әрекеттеріне сәйкес
түсініктеме беру, мұның өзi рефлексияның жеткілікті жоғары
деңгейінің қалыптасуын растайды ».

Біріккен оқу әрекетін өзгеше оқу ситуациясы ретінде бағалай отырып, В. В. Рубцов және В. В. Агеев оның келесі талаптарға жауап бepyi керектігін атап өтеді: мақсаттың ортақтығы, әр қатысушының өзінің даралық әрекетін орындауы, барлығының барлығымен үйлестірілуі, аддитивтіксіз, яғни, іс-әрекеттерді жай ғана қосу емес, ортақ нәтижені алу.

Осы талаптардың тілдік топтағы шәкірттердің ұжымдық коммуникативтік ic-әрекетің ұйымдастыруда жүзеге асырылуына мысал келтірейік. Ең алдымен, шәкірттер тобының алдына ойлау тапсырмалары қойылады, оны тек ұжыммен ғана орындауға болады. Сонымен бipгe, тапсырманы орындау бойынша жалпы топтық ic-әрекет жалпы топтың нәтижеге ие, мысалы, топтың барлығының ой, пікірлері ұжымдық монолог немесе полилогиялық пікірлер. Бұл жерде шәкірттердің жеке пікірлерінің бүкіл топ үшін ортақ мағынасы бар. Мысалы, кіші сынып шәкірттері шет тілі сабағында өздеріне белгілі анықтауларды қолдана отырып және оларды осы тілдің белгіленген нормалары мен узусына сәйкес бірізділкпен орналастыра отырып, қандай да бip затты сипаттайды. Мысалға, егер де біріншi оқушы заттың мөлшерін атаса, онда екіншісі оның қажеттілігін емес, көлемін, содан соң салмағын, формасын, түсін және т. б. атайды. Мұндай бірізді жауап беру барысында заттың қажетілігі белгіленбейді. Алдыңғы жауаптардың барлығы шәкірттердің естерінде сақталынып қалады да қайталанады және жаңа жауаптармен толықтырылады. Нәтижесінде оқушылардың жекеленген жауаптарынан заттың толық, ұжымдық суреттеуі қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық психология бойынша сабақтар
Оқытушылар МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Педагогикалық психологияның қалыптасуы мен қазіргі кездегі ахуалы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Рухани адамгершілік білім беру жүйесі
Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындау
Қарым - қатынас ұғымы
Педагогикалық психология ғылым ретінде
Педагогикалық психологияның обьектісі, зерттеу пәні, мақсат-міндеттері
Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz