Саяси келісімдер


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Құлжа келісімі
Айгунь келісімі
Пекин келісімі
Ливадий және Петербург келісімдері
Қорытынды
Кіріспе
1803 жылы патша үкіметі Ресей мен Қытай арасындағы қатынастар тату көршілік жағдайда болуын қалайтындығын білдіру мақсатында цин өкіметімен келіссөздер жүргізу қажет деп есептеп, ол үшін Пекинге елшілік болады.
1803 жылы 16 қарашада Сенат Лифаньюаньға (Цин империасының жат жергіліктермен байланыс жасайтын сыртқы сайасат бөлімі -Н. А. ) сұрау салып, цин үкіметі орыс патшасы Александр I -дің таққа отырғанын хабарлау үшін елшілік аттандырмақ ойын мәлімдейді. Лифаньюаннің жауап хатында император Цзяциннің бұған ықыласпен жауап бергенін хабарланады. Осыдан кейін, бұл жауаптан көп үміт күткен коммерция министрі Румянцев Қытаййға жасалатын елшілікті орасан зор саяси шараға айналдыру жөніндегі жоспарын үкіметке ұсынады. Егер елшілік сәтті аяқталса, Ресей циндік Қытаймен ғана емес, Шығыстың басқа елдерімен де байланыстарын орнықтыруға қол жеткізер деп санады. Ол 1805 жылы 16 қаңтарда үкіметке жолдаған баяндамасында елшілік алдында аса маңызды үш мәселе қоюды ұсынды.
1) Гуаньчжоу мен Сары теңізде (Нанкинде) орыс - қытай саудасы үшін сауда пунктерін ашу;
2) Қытай мен Ауғаныстан арқылы Индиямен сауда байланысын орнату;
3) Бұқтармада ғана емес, бүкіл Ертіс сызығы бойында орыс - қытай саудасын орнату.
Бұл аса маңызды ойды іске асыру үшін, 1805 жылы 16-шы ақпанда Қытыйға граф Ю. А. Головкин бастаған елшілік аттандырылады. Елшіліктің алдына төмендегідей мәселелерді шешу міндеті қойылды: - Ресей мен Қытай арасында бүкіл сібір шекара сызығы бойында, ең болмағанда Бұқтармада сауда байланыстарын орнату, өйткені бұл жерлер Ресейдің ішкі аймақтарынан келетін саудагерлер үшін, Кяхтаға қарағанда екі мың шақырымдай жақын әрі ынғайлы; Қытайдын басқа қалаларына да орыс керуендерін жіберуге рұқсат алу.
1805 жылы қазанда Ю. А. Головкин елшілігі Моңғолия шекарасына келіп жетеді. Головкиннің шекарашылармен дау-дамайы 1806 жылжың қаңтарына дейін созылды да, ақыры елшілікті Урга (қазіргі Улан батыр қаласы ) қаласына баруға рұқсат етеді. Бірақ елшілік бұл қаладан әрі асып, Пекинге бара алмай кері қайтуға мәжбүр болады. Цин империасының қызметкерлері жеткізген цин императорының жауабында, «алыстағы орыс патшасы еліне Қытаймен сауда жасауға солтүстіктегіКяхта арқылы керуен саудасына рүқсат берілгендіктен, оған теңіз арқылы алыстан келудің қажеті жоқ» - деген уәж айтылады. Ал Цин үкіметі болса, елдің ішкі өміріндегі күрделі сипаттағы ауыр ахуалды ескере отырып, амалсыздан Ресей өкіметінің өкілдерін қабылдап, шыңжаңдағы орыс - қытай саудасын ресми дәрежеге көтеру жөніндегі келіссөздерді бастауға мәжбүр болады.
Құлжа келісімі
1849 жылдың аяғында Ресей өкіметі аса тәжірибелі, оған дейін Қытайда 40- шы жылдарда арнайы тапсырмамен барып қайтқан, істің жағдайымен толқ таныс, әрі білгір дипломат, әскери шенді полковник Е. П. Ковалевскийді цин үкіметімен Шыңжаңдағы сауда мәселесін шешу үшін жібереді. Ковалевский цин үкіметімен ұзақ уақыт тартысты келіссөздер жүргізіп, ақыры 1851 жылы Шәуешек пен Құлжада орыс сауда пунктерін ашуға рұқсат алған т. б. маңызды сауда мәселелерін шешкен, Ресей армандаған орыс - қытай «Құлжа келісіміне » қол жеткізеді. Цин империасы тек Қашғарияда орыс сауда пунктін ашуға рұқсат бермейді. Шәуешек пен Құлжада орыс конулдығы ашылады. Дегенмен де осының өзі Ресей үшін үлкен жеңіс еді.
1851 жылғы Құлжа келісімі Ресей империясының қазақ жеріндегі, әсіресе Жетісуға ие болу үшін отаршылдық әрекеттерін күшейтуге жол ашқан, отарлық саясатына бастау болды. Сауда жолдарын қауіпсіздендіру деген сылтаумен Жетісуда әскери бекіністер салу жедел түрде жүргізіле бастады.
Құлжа келісімі Ресейдің Шыңжандағы ықпалын нығайтуға жол ашқан саяси мәні зор келісім болды. Қытай тарихнамасында бұл келісім Ресейдің Цин үкіметіне күштеп таңған әділетсіз келісім шарттарының бірі ретінде атап көрсетіледі (207) .
Құлжа келісіміне қол қойыла салысымен, Ресейде үкімет топтарының арасында «передовая Сибирская линия» деп аталатын біртұтас бекіністер жүйесін салу жөнінде пікірталастар да басталып кетті. Мұндағы басты мақсат жоғарыда да айтылғандай, Қытайға баратын сауда жолын қауіпсіздендіру деген сылтаумен қазақ жерін толық отарлау жоспары еді.
Сонымен, 1851 жылғы Құлжа келісімі орыс-қытай сауда қатынастарының дамуындағы жаңа кезенді ашып қана қоймай, ол сонымен қатар Ресейдің қазақ және қырғыз жерлеріне жымысқылықпен тереңдей енуіне де, патша үкіметінің Орталық Азия шептеріндегі ықпалының одан әрі күшеюіне де жол ашты.
Құлжа келісімінен кейін Шыңжандағы орыс-қытай саудасы өте шапшаң қарқынмен дами бастайды. Орыс саудагерлерінің сауда әрекеттерінің өскені соншалық, ішкі Қытайдан келіп сауда жасайтын қытай саудагерлері өздеріне орыс саудагерлерінің бәсекелес бола бастағанын сезеді. 1855 жылы Шәуешекте орыс сауда факториясы тоналып, өртеліп кетеді. Бұл тосын оқиға екі елдің арасында біраз саяси жанжал туғызудың аз алдына әкеледі.
XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің Орта Азия мен Қазақстандағы жағдайы біршама нығая түседі. Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалының күшейе түскен кезінде, керісінше Цин империясы батыс державаларының қысымынан әлсіреп, құлдырау кезеңіне аяқ басқан болатын. XIX ғ. ортасында елдің ішкі өмірінде де дағдарыс ушығып, бүкіл елді қамтыған шаруалар - тайпиндер көтерілісі, европалық державалар мен АҚШ-тың таңған апиым соғыстары нәтижесінде қол қойылған әділетсіз келісім-шарттар, Қытайдың теңіз порттарының шетелдіктерге ашылуы мемлекетті аса киын саяси-экономикалық жағдайға әкелген еді.
Айгунь келісімі
1858 жылы 16 мамырда орыс-қытай Айгунь келісіміне қол қойылады. Айгунь келісімі бойынша Ресей өзінің XVII ғасырда Қытайға кеткен Қиыр Шығыстағы территориялық есесін қайтарып алуға мүмкіндік алады. Амур өзенінің солтүстік жағалауы Уссури өзеніне дейін Ресейге қайтарылады. Цин сарайындағы өткен замандардағы маньчжурлардың басқыншылық саясатын аңсаушылар Амур жағалауының Ресейге кетуіне наразылық та білдіріп жатты. Бірақ бұл кездегі Қытайдың басына төнген шетелдіктердің отаршылдық әрекеттері ол заманды көксейтіндей жағдайға келтірмеді. Цин империясы батыс державаларының қаупі күн сайын өсіп тұрған кезеңде Ресейдің өтінішіне қарсы тұруға қауқары болмады. Қиыр Шығыста тағы бір жаңа жауға тап болғысы келмеді. Ресей Қытайдың басына түскен осы бір ауыр кезеңді пайдаланып, өзінің үлесінен құр қалмау жолында әрекет жасап қалды.
Бұл келісімнің Ресей үшін маңызы зор болды, себебі Қиыр Шығыстағы территориясын реттеп қана қоймай, Англияның Ресей мен Қытайдың арасын шиеленістірмек болған әрекеті іске аспай қалды деуге болады.
Айгунь келісімінен кейін Ресей өзінің Амурдағы жағдайын бекемдеп, Қиыр Шығыстан өзіне төнетін европалық державалардың қаупіне тосқауыл қойғандай болды. Ал Қытай да өз кезегінде Қиыр Шығыстағы шекарасына Ресейді жақындату арқылы батыстың осы жақтан келетін шабуылына Ресейдің көмегіне сүйенбек дәмесін демеу еткендей болды.
Осы уақытта Шыңжаңның оңтүстік жағындағы Қашғарда жаңадан үлкен халық көтерілісі басталады. 1857 жылы тамызда Құлжадағы орыс консулы Захаров Петербургке жіберген хабарында былай деп, оқиғаны мәлімдейді: « жалпы қаржылық дағдарыс маньчжур үкіметін әкімшілік аппараттың қаржы шығынын қысқартуға мәжбүр етті . . . жергілікті билік иелеріне аппаратты жергілікті табыс қөздері арқылы ұстауға бұйрық береді. Соған байланысты жергілікті билеушілер тұрғын халықтан әртүрлі сылтаумен салық салуды ұлғайтады. Бұл қанаушылыққа шыдамаған халық өз наразылығын ашық білдіре бастауда»
Пекин келісімі
1859 жылы Қытайға патша үкіметі генерал-майор Н. П. Игнатьев нөкелерімен сапарға аттандырады. Ол орыс үкіметінің тапсырмасы бойынша Қытай үкіметімен шешілмей қалған шекара мәселесі бойынша, яғни Уссури өзенінен Теңізге дейінгі шекараны айқындау, орыс сауда керуендерін Урга арқылы Пекинге дейін немесе Қалғанға дейін жіберу, ол жерде сауда факториясын орнатуға рұқсат aлy және Қашғарда орыс саудасына рұқсат алу сияқты маңызды мәселелерді шешіп қайту тапсырылды.
Осы сапар нәтижесінде 1860 жылы 2 қарашада Ресей мен Қытай арасында Пекин келісіміне Н. П. Игнатьев пен цин үкіметінің өкілетті өкілі Гуң (И Синь) қол қояды.
Пекин келісімі бойынша, Ресей мен Қытайдың шығыстағы шекаралық иеліктері анықталып, шекара сызығы белгіленеді. Сонымен қатар, осы келісімнің 2-ші бабында көрсетілгендей, екі мемлекет арасындағы батыстағы, яғни, Орталық Азия жері арқылы өтетін шекаралық иеліктері жөнінде жалпылама келісімдер жасалады. Бұл бап бойынша, қытай пикеттері тұрған өзендер мен көлдер, таулар бойымен шекара Шабин-дабагадан оңтүстік-батысқа қарай, Зайсан көліне дейін, одан әрі Ыстықкөлдің оңтүстігіне қарай және Тяньшан тауын бойлай тау арқылы Қоқан хандығына дейін шекара өтеді деген жалпы нұсқау белгіленеді. Шекара бойында орыс-қытай саудасы үшін сауда пункттері ашылады деп көрсетілді (219) .
Келісім-шарттың 6-шы бабында тәжірибе ретінде Қашгарда Іле мен Тарбағатайдағы (Құлжа мен Шәуешектегі) сияқты сауда байланысы орнатылады - делінді (220) . Пекин келісімінде, сондай-ақ, Қытай азаматтарының Ресей жеріне келіп сауда жасауына, Ресей империясының астанасы мен басқа да қалаларында консулдықтарын ашуға қытай үкіметіне рұқсат етіледі (221) .
Келіссөздерді келесі - 1962 жылы бастау жөнінде екі жақ келісіп қайтады.
1864 жылы 25 қыркүйекте келіссөздер аяқталып, Алтайдан Тяньшанға дейін созылған шекараны белгілеген Шәуешек хаттамасына қол қойылады. Шәуешек хаттамасы XIX ғ. 60 - жылдарына қарай қалыптасқан Алтайдан Тяньшанға дейінгі, Ресей мен Қытайдың арасындағы территориялық айыруды заңды түрде бекітіп, екі елдің арасындағы Орталық Азиядағы шекара сызығын айқындауға жол ашып берді (224) . Шәуешек келісімі бойынша қазақ даласы осылайша, екіге бөлініп, жерімен бірге екіге жарылған қазақ халқы да екі империяның құрамында өмір сүруге мәжбүр болды.
Шыңжаңның негізгі аудандарындағы цин билігінің орнығуынан кейін, цин үкіметі Цзо Цзунтанға енді қосымша нұсқаулар беріп, Шыңжаң мәселесін біржола аяқтау үшін, орыстардың қолында тұрған Ілені қайтарумен де айналысуды тапсырады. Себебі аймақта орналасқан орасан зор әскерді пайдалана отырып, цин үкіметі енді орыстармен күш көрсету тұрғысынан да сөйлесуге болады деген сенімде болды. Осы уақытта цин үкіметі Іле мәселесі бойынша Ресеймен келісімге келу жөнінде Цзо Цзунтанның К. П. Кауфманмен арнайы кездесуін ұйымдастыру жөнінде де мәселені қарастыра бастайды. Бірақ Цзо Цзунтан дипломатиялық келіссөз жүргізе алатын тұлға емес еді. Сондықтан Ресейге арнайы елшілік аттандырып, дипломатиялық келіссөз жүргізуге тоқтайды. Осы елшілікке кімді жіберу керек деген мәселе бойынша біраз пікірталас туындап, тәжірибелі дипломат Цзэн Цзицзэнің кандидатурасын бекітуге ұсыныстар жасалады. Бірақ ақырғы шешімде Чун Хоудың кандидатурасына тоқталады.
Цзо Цзунтанның Шыңжаңдағы әскери жеңістерінен кейін рухтанған цин үкіметі «Іле дағдарысын» шешу үшін Ресейге мәселені төтесінен қоюды, патша өкіметі бұған қарсылық көрсете қалса, онда, күш қолдану арқылы Ілені соғыспен тартып алу керек десе, екінші бір топ өкілдері, дәлірек айтсақ, баяғы Ли Хунчжан бастаған топ өкілдері Іле мәселесін шиеленістірмей дипломатиялық жолмен, соғыссыз шешу керек десті.
Ресей өкіметінде де, әсіресе орталық-азиялық саясат мәселесімен тікелей айналысушылар арасында Ілені Қытайға қайтармауды, керек болса онымен соғысқа да баруды ұсынған мемлекет қызметкерлері болды. Ресей үшін Іле аймағының сауда-экономикалық маңызы және аса маңызды стратегиялық мәні оны қайтармауға тұрарлық еді.
Ілені Қытайға қайтару мәселесі көтеріле бастағанынан хабардар болған жергілікті халық дүрбелеңге түсті. Мыңдаған мұсылман тұрғындар Құлжадағы орыс үкіметінің өкілдеріне келіп, өздерінің қытай билігінде қалғысы келмейтіндіктерін, орыс бодандығына өтуге рұқсат сұрайтындықтарын мәлімдей бастайды.
Цин өкіметі мен Ресей арасындағы Іле мәселесін шешу жөніндегі келіссөздерді өткізу мәселесі дипломатиялық арналар арқылы шешіліп, ақыры келіссөздер Петербургте өтетін болып келісіледі. 1879 жылдың басында Іле аймағын Қытайға қайтару мәселесі бойынша орыс-қытай келіссөздері Петербургте басталады, оған Қытайдан арнайы тағайындалған төтенше өкілетті елші Чун Хоу келеді (297) . Чун Хоудың елшілікке тағайындалуына қарсылық білдіруші топтар да болғанына қарамастан, цин сарайы оның кандидатурасын бекітіп, оған Ілені қайтару жөнінде тек жалпылама нұсқаулар берумен шектеледі. Себебі цин үкіметінде бұл кезде осы мәселе жөнінде нақты талқыланып, дипломатиялық сүзгіден өткен тиянақты толық шешім болмаған, сондықтан Чун Хоуға тек Ілені қайтаруды ғана тапсырумен шектелген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz