Жасөспірімдер психопотологиясының негізгі бөлімдері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Жасөспірімдер психопотологиясының негізгі бөлімдері
  2. Психикалық аурулар
  3. Психикалық бұзылудың физиологиялық негіздері
  4. Психопатологияның психологиялық негіздері
  5. Психикалық бұзылыстардың этиологиясы мен патогенезі
  6. Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру
  7. Ойлау қабілетінің бұзылуы
  8. Ес пен парасаттың бұзылуы
  9. Күйзелістік бұзылыстар
  10. Эмоциялық бұзылыстар параметрлері
  11. Ырықсыз құбылыстар
  12. Сана бұзылыстары

Глоссарий

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Психопатологияның даму тарихы

Ұлттық балалар психиатриясының тарихы ХХ ғасыр басынан басталады. Басқа пәндер жетістіктеріне, әсіресе бірінші кезекте жалпы психиатрия, педиатрия, педология және балалар психологиясы және тағы басқаларға сүйене отырып, ол фактілерді жай жинақтаудан бастап, өзіндік түсініктер мен жалпылама теорияларды қалыптастыру деңгейіне дейін өсіп, дамыды. Бүгінгі күні, балалар психологиясы жеке дара ғылым бола отырып, психикалық саулық қызметін құруға, психикалық сырқаттардан алдын ала сақтандыруға және емдеуге үлкен үлес қосып, психикалық бұзылу мен дамудан ауытқулар табиғатын зерттеуді жалғастырып отыр.

"Балалар психатриясы" ұғымының өзін 1899 жылы Францияда қызмет істеген Мангеймер Гомес ұсынған. Бірақ, оны практикаға белсенді түрде 1934 жылдан бастап енгізген балалалар писиатриясының негізін салушылардың бірі Мориц Трамер (1882-1963) болып табылады. Отандық психатрияның тарихы 20 ғасырдың басынан басталады. Отандық балалар писхиатриясындағы емдеу педагогика бағытын салушылардың бірі Иван Васильевич Маляревский (1844-1915) . Оның шәкірті Иван Павлович Мержеевский (1838-1908) Ресейдегі балалар психиатриясының негізін салушы болып табылады. Ол 1882 жылы «Дәрігерлік - тәрбиелеу мекемесін» ұйымдастырған. Балалар психиатриясына үлкен үлесті Александр Федорович Лазурский (1874-1917) енгізді. Оның жұмыстры балаларлыдың мінез-құлқының ауытқуын тексеруде ауру балалардың психикасына емдік - педагогикалық әсер етуге үлкен роль атқарды. Балалар психиатриясының дамуына оның педагогикамен тығыз байланысының маңызды әсері болды. Мәселен, А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің және де басқа педагогтардың жұмыстары балаларды дұрыс түсінуге, және педагогикалық әдістерді емдік мақсатқа қолдануға көп көмегі тиді. .

Балалар психиатриясына кезінде кейбір психологиялық концепциялардың қысымына, төтеп беруге тура келді. Мәселен, педология - балалар туралы ғылым, балалар психикасының барлық сферасымен айналыспақшы болды.

20 ғаысрдың 30 жылдарынан бастап, бұл қауіптер толық жойылып, балалар психиатриясы қарқынды дами бастады. Бұған, келесі атақты ғалымдардың - Михаил Осипович Гуревич (1878-1953) Самуил Семенович Мнухин (1900-1971), Михаил Иосипович Лапидес (1899-1982), және де, Рруня Ефимовна Сухареваның көмектері тиді. Г. Е. Сухарева 1935 жылы дәрігерлердің Орталық жетілдіру институтының балалар псиатрия кафедрасын ашты.

Осы уақыттардан бастап, балалар психиатриясы көптеген ғылымдардың алдыменен жалпы психиатрияың, педиатрияның педологияның және де балалалр психологиясының жетістіктеріне сүйене отырып, фактілерді жинаудан бастап, өзінің ықшамдалған теорияларын құруға дейін жетті.

Ал біздің Республикада психиатрияның даму тарихында келсідей белестер болды: 18 ғасырға дейін - тәуіптер, бықсылар, дуаналар, діндарлар болды. 19 - ғасырда - алғашқы аурузаналар, : 1861 ж. - Оралда, Жымпитыда, 1893- Омбыда, 1896ж. - Семей мен Верныйда, 1907 - Перовскийде, Ақмолада. 1935ж. - Алматы медициналық институтында тұңғыш рет психиатрия кафедрасы ашылды.

Жасөспірімдер психопотологиясының негізгі бөлімдері

Психикалық сырқат - бүкіл организмнің сырқаты, әсіресе ми мен ми іс әрекетінің бұзылуы мен зақымдалуынан болатын сырқат.

Патология - патологиялық қалып күй, мызғымай өзгеру, патологиялық процесстер мен жағымсыз әдеттер, даму барысынан ауытқу нәтижесі.

Психоз - психиканың үлкен ауыртпалықпен өзгеруі, түсініксіз іс әрекет жасаумен, жан жағындағы жағдайларды аңғара білмеумен сипатталады. Өз іс әрекетін бағалау, жан жағындағы өзгерістерді қабылдау қабілетінің төмендеуімен, өз өзін ұстай алмау, іс әрекетін тоқтата алмау және психикалық ауытқулармен сипатталады.

Қазіргі заманда балаларда психиатрисында үлкен үш бағыт бар: емдік педагогикалық, психологиялық және де клиникалық психопотологиялық. Бұндай жіктеу әрине де жасанды болып табылады, әрбір дәрігердің практикасында қандай да бір, ауру, балаға, осы үш бағытта, қабаттасып қолданылу мүмкін. Емдік педагогикалық және психологиялық бағытта жеке білім облыстарына айналып кетті.

Психикалық аурулар.

Психикалық аурулар ұғымын аныктау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда. Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сөздің түсінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-кұлықтың езгеріске үшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен катыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар өзгереді - мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, пайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.

Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық диегармония) жатады. Психоздар мен басқа да психикалық аурулардың арасындағы айырмашылықты белгілеудің теориялык, жағынан ғана емес, практикалық жағынан да маңызы бар. Психоз басталғанда аурудың қабілетсіздігі байқалады. Қоғамға кауіпті әрекет жасағанда ондай ауруға сот жауапкершілік жүктемейді, медициналық шаралармен қорғауды кажет етеді. Сонымен бірге мұндай аурулар мемлекеттік және коғамдық органдарға сайлауға қатыспайды, өздері де сайлана алмайды. Алайда мұндай айырмашылық үнемі бола бермейді. Көптеген психоздардың дамуының алғашқы кезеңінде олардың барысы қолайлы өткен кезде немесе ремиссия уақытында ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуы бола бермейді, сана-сезім мен мінез-құлық елеулі дәрежеде бұзылмайды.

Танымсыздық қызметтің бұзылуындағы мұндай айырмашылықтарды бүтіндей бір оқшау өзгеріс ретінде түсінуге болмайды. Бұл жерде әңгіме таньштықтың белгілі бір дәрежеде, елеулі түрде зақымдануы туралы болып отыр. Танымның белгілі бір түрі зақымданған кез келген жағдайда оның басқа түрі де белгілі дәрежеде зақымдалады.

Психикалық аурулар көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшьрауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй өзгереді, дәлелденбеген іс-кылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.

Психикалық бұзылудың физиологиялық негіздері

Адам парасатымен байланысты жоғары жүйкенің әртүрлі ауытқуларының мида белгілі оқшауланулары болады.

Адам мінез құлқының физиологиялық механизмдері - екі сигналдық жүйенің, құйқа асты және бағандық ми құрылымдарының бірлесе қызмет атқару нәтижесі.

Жасөспірімдердің психикалық бұзылуларының патофизиологиялық механизмдері - негізгі жүйке процесстерінің жұқаруы және қатынастарының бұзылуы, қорғаныс тежелуі және гипнотикалық фазалары; үлкен жартылай шар қабығындағы «оқшауланған сырқат пункттері»; ми бөлімдері мен оның сигналдық жүйелерінің келісімсіз қызмет атқаруы, патология мен қозғалыстың физиологиялық іс әрекеттерінің бірлігі.

Ми - психикалық қызметтің органы, сыртқы дүние - оның кайнар көзі. Мидың рефлекстік қызметі сонымен бірге, бұл - нервтің де, психиканың да қызметі, сол сияқты бейнелеу де мидың кызметі. Психикалық қызмет (түсіну, қабылдау, елестету, ойлау) рефлекстік қызмет процесінде пайда болады, оның барысында өзіндік сапалық өзгешеліктері бар психикалық құбылыстардың пайда болуы заңды жүріп жатады. Психикалық қызметтің рефлекстік табиғатына сәйкес психикалық аурудың кез келген көрінісі ол қаншалықты күрделі болғанымен, жоғарғы нерв қызметі бұзылуының нәтижесінде пайда болады.

Психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметінің бұзылуы - негізгі ми процестеріндегі әр алуан зақымданудың ара салмактарына - қозу мен тежелуге, бірінші және екінші сигналдық жүйелердің, ми қыртысы мен қыртыс астының өзара карым-қатынасына, мидың жүйелі қызметінің зақымдалуына байланысты.

Қазіргі кезде әр түрлі психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселденуінің ерекшеліктері өте шектеулі мөлшерде, кейбір жағдайларда жалпылама белгілері тұрғысынан ғана зерттелген. Кейбір психикалық бұзылулар жануарлардың белгілі бір түрлерінің жоғарғы нерв қызметін кеселге шалдықтыру арқылы бірнеше мәрте тәжірибе жасау арқылы алынды. Қей жағдайда мұндай бұзылулар жоғарғы нерв қызметі кеселінің сипатын білуге сүйенген арнайы емдеу әдістерінің нәтижесіне негізделіп, таралып отырады. Зерттеудің мұндай түрі жекелеген психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселдерінің кейбір ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Алайда зерттеудің бұл әдісін барлық психикалық ауруларға қолдану мүмкін емес. Жануарларға жоғары нерв кызметінің ең бір қарапайым бұзылулары ғана байқау түрінде ғана жүргізіледі. Мұндағы патофизиологиялық заңдылықтар адамға шартты түрде ғана қолданылады. Көптеген психикалық ауруларда жоғарғы нерв кызметі бұзылуының ерекшеліктері әлі де нақты зерттелген жоқ. Өйткені мұндағы міндет күрделі әрі аса көп, қиын еңбекті талап ететін зерттеулерді кажет етуде. Психикалық аурулар кезіндегі патология ми қызметі-мен шектелмейді, ол бүкіл ағза кызметінің бұзылуынан байқалады. Психикалық аурулар - көбіне ми зақымға ұшырайтын бүкіл ағзаның аурулары. Ми алғаш рет зақьмға ұшырағанда (мысалы, жарақаттанғанда) оның кызметі ғана емес, сондай-ақ көптеген жүйелер мен мүшелердің қызметі де бұзылады. Әр түрлі жалпы аурулар да мидың екінші рет зақымдануын туғызады (мысалы, улану нәтижесінде) .

Осы айтылғандарға сәйкес психикалық аурулар патогенезін зерттеу жоғарғы нерв қызметі бұзылуларының ерекшеліктерін белгілеуді ғана қамтымайды, сондай-ақ төменгі нерв қызметін зерттеуге, оның бұзылуының жоғарғы нерв жүйесімен өзара байланысына да негізделеді. Сол сияқты бұл мәселеге биохимиялық, биофизикалық және морфологиялық зерттеулер де енеді.

Психопатологияның психологиялық негіздері

Психопатологиялық бұзылыстардың қалыптасуы жасөспірімдер психикасының жас ерекшеліктерінен тура тәуелді.

Жасөспірімдер психопатологі жүйкелік - психикалық бұзылыстардың диагностикасын, олардың даму, басталу және психикалық бұзылыстар барысына араласу бағаларын жас психологиясы тұрғысынан негіздейді. Жасөспірім тұлғасының жүйкелік - психикалық симптоматикасының қалыптасуына жас ерекшеліктерінің қалай әсер ететіндігін талдау кезінде соңғы тұжырымның әсіресе үлкен мағнасы бар. Организмнің және жеке бастың қорғаныс күштерін әлсірететін жас дағдарыстарының ерекшеліктерін еепке алу әсіресе маңызды болады.

Пубертататық кезең жасөспірім коризісі ретінде қарастырылады. Мұнда организм өте қарқынды дамиды, бірақ, кейбір органдарда бірқалыпты дамымауы да мүмкін. Өйткені, бұл зат алмасу әсерімен жүзеге асады. Мұндай айырмашылықтардан жүрек жүрек қозып, психикалы аурулар байқалуы мүмкін.

Жасөспірім шақтағы жасөспірім психологиясы, мінез - қылықтарынан байқалады. Орталық нервтік жүйесінің ары қарай дамуы, яғни, эндокриндық құрылысы, жасөспірімнің тәрбиесіне және барлық психикалық сферасына әсер етеді. Жыныстық және қалқанша бездің әсерлерінен орталық нервтік жүйесі қозады да, осының нәтижесінде жасөспірімдер өте ашуланғыш, ұмытшақ және уақытша жұмыс қабілеті төмендеп әлсіздік пайда болады. Бұл аралықта жоғары сезімталдық, байқалады. Егер жасөспірім арасындағы, жас аралықтарының айырмашылығы төмен болса, онда бозбала шаққа дейін, бұл кемшіліктер ретке келеді. Яғни, өсу мен даму, жыныстық даму толығымен аяқталады.

Психикалық бұзылыстардың этиологиясы мен патогенезі

Эмоциялық титықтау - өмірдегі кикілжің жағдайларды адамның аса айқын психоэмоциялық күйзелуімен қабылдау күй қалыбы.

Эмоциялық титықтаудан кейін дәрменсіздік күй қалыбы сырқаттың асқынуына апарып соғады. Дәрменсіздік күй қалыбында адам қоршаған ортасының қауіптылығын сезініп, қоршаған ортасына сүйсіну сезімі жоғалып, ай далада жалғыз қалып қалғандай сезінеді.

Жағымсыз психо әлеуметтік факторлар болып: глобалдық және қоғамдық жағымсыз факторлар; жасөспірімдер мекемелерімен байланысты жағымсыз факторлар, жанұядағы жағымсыз факторлар есептеледі.

Психикалық аурулардың этиологиясы әр түрлі болып • келеді. Инфекция көп жағдайда психикалық ауруларға себепші болады. Олардың кейбіреулері инфекцияның ми-ға тікелей әсер етуінен (менингит, энцефалит, ми тамыр-ларының инфекциядан зақымдануы), енді біреулері жал-пы инфекциялық аурулар нәтижесінде пайда болады. Жалпы инфекциялық аурулар мидың жалпы инфекцияға байланысты улануы салдарынан, ал миға тікелей әсер ететін инфекция миға инфекцияның екінші мәрте тара-луынан пайда болады. Әр түрлі улармен - емдік, өнер-кәсіптік улармен, астан улану тағы басқалары да психи-калық ауруларға себепші болуы мүмкін. Соматикалық инфекция аурулар, ішкі секреция бездерінің аурулары, жүдеу психиканың жеңіл кеселге шалдығуына қарағанда психоздың дамуын неғұрлым жиі туғызады.

Мидың әр түрлі жарақаттары, соғып алу, шайқалу, жаралану мен жарылыс толқынынан зақымдану уақытша, ұзақ және кейде ауыр созылмалы психикалықзақымдану туғызады. Мидың ісігі мен оның басқа да дөрекі органикалық закымдануы әдетте белгілі бір психикалық кеселдермен қоса жүреді. Ми құрылысындағы әр түрлі ақаулар, жоғары жүйке қызметінің дамуындағы ауытқулар да психикалық өзгерістерге себепші болады.

Ауыр психикалық күйзелістер кейде психоздық дарын туғызады, бірақ ол онша жиі бола бермейді. Псигендік жарақаттар көбіне невроз тектес кеселге әкеп отырады. Сыртқы ортадағы зияндылығы әртүрлі осы аталған атаулар жағдайлардың бірыңғай жиынтығына психикалық аурулардың тікелей себепшісі, ал енді басқа бір сәттерде аурулардың пайда болуына немесе асқынуына ықпал етеді.

Қолайсыз тұқым қуалаушылықтьң ықпалы бірқатар психикалық аурулар үшін шүбәсіз болғанмен, ол міндеті түрде сезіле бермейді. Белгілі бір ауру жанұяның бірмүшесі ауыратын үйде де сондай-ақ ешбір мүшесі ауырған үйде де кездеседі. Белгілі бір аурулар немесе олардың жекелеген түрлерінде тұқым қуалауға бейімділікжиі кездессе, енді бір аурулармен ауыратындарда едәуір сирек кездеседі. Мұндай жағдайда ата-ананың екеуінде психикалық ауру болғанмен де келесі ұрпақ сау болуы мүмкін. Сондай-ақ мынадай деректер де байқалған: елесі ұрпақтарда пайда болатын едәуір тұқым қуалаушылыкқа бейімділік одан арғы жағдайда неғұрлым қолайлы, көбіне, енжар еткен. Осыларға қарағанда мынадай түйін жасаймыз: психикалық аурулардың пайда болуына тұқым куалаушылықтың ықпалы әлі де аззерттелген.

Кез келген басқа аурулар сияқты психикалық аурулардың пайда болуы үшін де ішкі және сыртқы жағдайлар шешуші роль атқарады. Бұл жағдайда себеп әрекететсе негіз қалайды. Себеп ауруды үнемі, жаппай туғызбайды деп белгілі бір жағдайларда ғана, онда да әр түрлі «мәндегі себептер негізінде әрекетке негіз қалайды. Бұл - зарлық, себептерге, оның ішінде, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарына да қатысты. Инфекциянық кейбір түрлері ағзаға түссе, міндетті түрде ауру туғызады (оба, шешек қоздырғыштары), ал басқа бір инфекциялық аурулар тиісті жағдайларда ғана басталады (скарлатина, грипп, дифтерия, дизентерия) . Жұқпалы инфекцияның кез келгенінің ауру туғызбайтыны сияқты, кез келген инфекциялық ауру да психоз туғыза бермейді. Бірақ сонымен бірге бірінші қарағанда міндетті түрде сенімді көрінетін себеп және салдар бойынша жасалатын түсіндірме осындай жағдайда басталатын аурулардың ғана емес, сондай-ақ жекелеген науқастың аурудың табиғатын түсіндіруде де қарапайым әрі дәрменсіз болып көрінеді. Мысалы, белгілі бір себеп, бұл жағдайда грипп, бір науқас үшін өкінішті сипат алса, екіншісін созылмалы психозға әкеп соқтыратыны, ал басым көпшілік адамдарда кандай бір психикалық кеселге ұшыратпай өтіп жататыны неліктен. Бір жағдайда невроздың басталуына, екінші жағдайда психопатияның асқынуына, ендіру үшінші бір жағдайда ешқандай аурудың ауытқушылық туғызбайтын психогендік жарақатқа да қатысты. Бұдан әрі көптеген жағдайда мынадай себеп аңғарылады: тікелей патология туғызатын себеп барлық кезде бірдей салдарға сәйкес келе бермейді. Сондықтан мардымсыз себеп жиі-жиі өте күшті езгерістерге апарады. Сонымен, бірінші қарағанда аурудың, негізгі және бірден-бір себепшісі болатын сол грипп немесе психикалық жарақат психикалық патологиялық процестің даму дәрежесіне орай аурудың басталуының мүлде жанама, бір шартына айналады. Мұның мысалына гриптен немесе психогенді жарақаттан сон, тіпті физиологиялық, процесс - қалыпты босанудан кейін пайда болатын созылмалы өршіген ауру (шизофрения) жатады.

Экзогенді және эндогенді қозғаушы күштердің мәні әр түрлі психикалык, аурулар мен әр түрлі науқастарда әр қилы болып келеді. Әрбір ауру себептерге байланысты пайда болып, оған тән аталған қозғаушы күштердің нәтижесінде басталады. Айталық, жедел жарақаттық психоздар сыртқы ықпал тікелей басым болғанда дамиды. Инфекциялық психоздардың, басталуы үшін көбіне эндогендік ерекшеліктердің үлкен мәні бар (қызба елестің балаларда және әйелдер неғұрлым жиі дамуы) .

Психикалық аурулардың жіктелуі нозологиялық принцип негізінде кұрылған. Әрбір жекелеген психикалық аурулардың нозологиялық дербестігі этиология мен патогенез бірлігімен анықталады. Әйтпеген жағдайда, нозологиялық жағынан дербес психикалық ауру (нозологиялық бірлік) бірыңғай себептер нәтижесінде пайда болып, азап шегу дамуының бірыңғай механизмін аңғартатын ауруларға байланысты ғана қалыптасады. Бір себептен пайда болатын, бірақ азап шегудің әр түрлі механизмін білдіретін аурулар бірыңғай нозологиялық дербес ауру-ға бірікпейді. Мұндай этиологиялық жағынан бірыңғай, бірақ нозологиялық жағынан әр түрлі ауруларға мерездік психоз, өршіген сал ауруы жатады. Бұл аурулар мерез инфекциясының нәтижесінде пайда болғанымен, бірақ олардың патогенезі (яғни, аурудың қалай пайда болуы) мүлде әр қилы, мұның өзі бұларды нозологиялық жағынан әр түрлі етіп тұрады. Маскүнем елірмесі, Корсаков психозы, маскүнемдік қызғаныш сандырағы, маскүнемдік галлюциноз туралы да осыны айтуға болады. Бұлардың этиологиясы бірыңғай созылмалы маскүнемдік, патогенезі әр қилы, сондықтан бұлардың әрқайсысы дербес ауру болады. Бірыңғай патогенезі, бірақ әр түрлі этиологиясы бар аурулар нозологиялық жағынан бірыңғай болып, нақ осылайша қарастырылады. Елес патогенезі созылмалы маскүнемдік, ревматизм кезінде бірдей болғанымен, бірақ олардың этиологиясы әр қилы. Осыған орай дербес аурулар бөлініп шығады (жекелеген нр-зологиялық бірліктер) : маскүнем елірмесі, ревматизмдік психоз және т. б.

Аурулардың нозологиялық дербестігін бұлайша анықтау мына жағдайға байланысты: аурулардың клиникалық көріністері, олардың дамуы мен ақыры аурудың патогенезі мен патокинезі ерекшеліктерінің сыртқы білінуі болып табылады, демек, аурудың этиологиялық ерекшеліктерін жанама түрде ғана танытады. Мұның тарихи мысалына өршіген сал ауруы жатады. Бұл ауруды орта ғасырдың орта шенінде тек клиникалық тұрғыдағы зерттеу деректері негізінде ғана нозологиялық бірлік ретінде бөліп алып, қарастырған еді. Оның орталық жүйке жүйесінін басқа мерездік түрінен ерекшеленетін мерездік этиологиясы мен патогенезін XXғасырдың бас шенінде анықтау бұл аурудың алғашқыда тек клиникалык әдіске негізделген нозологиялық дербестігін дәлелдеп берді.

Жекелеген психикалық аурулардың біліміндегі осынша елеулі айырмашылық психиатрияның даму тарихының да және оның қазіргі күйінің де көрінісін байқатады. Психикалық аурулардың клиникасын, патогенезі мен этиологиясын зерттеу барысындағы кейінгі кездегі жетістіктердің қазіргі таңда ауруларды нозологиялық жағынан жіктеуге елеулі түзету енгізетіндігі күмәнсіз.

Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру

Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру әдістері: сипаттау әдісі, түсіну, сараптаулық психопатологиялық әдіс; нейробиологиялық әдістер; генетикалық әдістер.

Клиникалық психиатриялық зерттеу ауруларға сұрау салу, ауруды субъективті (аурудын, өзін) және объективті (туыстары мен таныстары арқылы) бақылау арқылы жүзеге асырылады. Сұрау салу - психиатриялық зерттеудің негізгі әдісі болып табылады. Психикалық аурулардың, көптеген симптомдары көбіне субъективтік кеселдің болуынан байқалады. Бұл аурудың бар екендігін және оның ерекшелігін білікті әнгімелесу көмегімен ғана аңғаруға болады. Мұндай симптомдарға жабысқақтық құбылысы, психикалық жаттандылық, көптеген вербальдық галлюцинациялар, паранойялық және параноидты сандырақ, сарыуайымшылдықтың бастапқы белгілері, астения және басқалары жатады. Психикалық бұзылыстардың ерекшелігін - мінез-құлыктың әр түрлі бұзылыстарының түрінен тыс болса да, мұны да сұрау салу мүмкіндігімен анықтауға болады. Елес, онейроидтың көптеген симптомдары да сана алжасуы, сондай-ақ дені дұрыс кездегі аурудың пікірі бойынша ғана анықталады. Аурудың сөйлеу қабілеті сақталғанға дейін барлық психикалық аурулар үшін сұрау салу зерттеудің басты бөлігі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмүны, міндеттері, даму тарихы
Тірек - қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар туралы ақпарат
Дарынды мен педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Педагогика мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz