Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны жайында


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны… 5

  1. Мемлекеттік бюджет ұғымы мен маңызы 5
  2. Мемлекеттік бюджет жүйесі мен құрлымы . 9

2 Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде мәні………. . 14

2. 1 Мемлекетттік бюджет шығыстары мен кірістері… 14

2. 2 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою

жолдары . . . 24

3 Қазақстан республикасының бюджетін жоспарлау …… 27

  1. Мемлекеттік бюджеті жоспарлауды жетілдіру . . . 27

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 34

КІРІСПЕ

Әр аймақтың экономикалық әлеуметтік жағдайы жеті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақтың ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені Республика былай тұрсын облыс аудандарның, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшеліктері, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып нарықтық экономикасының даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы жаңа деңгейін анықтайды, ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің аппараты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік - экономикалық қызметтерді атқаруға бағытталған ел үкіметтің қарамағында болатын ақша русурстардың орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мелекеттік ретттеудің, дағдарысқа қарсы шараларды, жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының қаржы органдарының тарихы 1920 жылының қазан айынан басталып ал бақылау - тексеру қызметі 1923 жылы соңында халық комисиараты жағынан ұйымдастырылды.

Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және мемлекеттік қаражаттарының шығыс есебін тексерулерін жүргізуі кірді. Қаржы бақылу органдарының әр кездегі әр түрлі дәрежесі тек қана қаржы - экономикалық жағдайының нақты қажеттілігінен туындаған жоқ, бақылау жұмысының көлеміне және сипатына шектен тыс қарама - қайшы көзқарастарынан туындайды.

Экономиканың ырықтандыру нарық қатнатарының дамуы мемлекет үшін ақшалай ресуртарының ағымына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігінің нақты көрсетеді.

Қаржының айқындылығы - нақты демакриатияның бірден - бір көрсеткіші. Бюджет қаржы саласындағы заң тәртіп бұзушылықтарды, зианкестіктерді не бір хронологиялық байланысқа, ұлтық тамырларға ие емес себебі:

- Бірншіден, әр мемлекеттің қажеттігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны «тығыз» қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;

- Екіншіден әр қоғамда әр түрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың, топтардың саяси немесе коммерциялық күрделілер айқындалады, аталған мұдделер экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.

Адамзат өзін- өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде таниа бастағаннан бастап қазіргікүнге дейін әр мемлекет үшін « мемлекет қалтасы» жағдайына жалпы, ашық бақылау жургізу, бюджет қаражаттарын пайдалануына бақылау жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды.

Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады.

Бірінші тарауда Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, Мемлекет бюджет ұғымы және маңызы, Мемлекеттік бюджет құрамы мен құрлымы, яғни Респбликалық және Жергнілікті бюджеттің маңыздылығы. Мемлекеттік бюджеттің материалдық өндірістік саласындағы ролі және тб.

Екінші тарау бойынша қаржы жүйесінде алатын орны, Мемлекеттік бюджет шығыстары мен кірістері, Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыздар мен борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қаражаттар.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасының бюджетін жоспарлау және оның жолдары туралы қамтылған.

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып мемлекеттің бюджеттін экономикада маңыздылығы, оны қаржы жүйесіндегі ролі, қоғамдағы өндірістегі өмір сүруі және тб табылады.

Бұл курстық жұмыста Мемлекетік бюджеттің мәнін, онын экономидағы ролін, құрлымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылын толықтай және де көбірек қамтыдым, және де бұл курстық жұмыстың әдістемелік нұсқасы болып, жетекші маман монографиялары газет - журналдар, әдебиеттер интернет жүйесін және нормативтік құқық акт бт.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Мемлекетті бюджеттің ұғымы мен маңызы

Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша сапалары бар. Мемлекеттің кәсіпорындары мен ұйымдардың, мекемелердің және халық пен қалыптасатын қаржы қатнастарының қоғамдық өнімді құндіқ болудың айрықша саласын құрайды. Бұл қатнастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілері тән және олар қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей араласумен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатнастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет деп аталған ұғымын экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде объективті сипатқа ие. Оны бөлудің дербесі сапасы ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымын қорлардың үздіксіз айналымы ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызмеиінен туындайды. Мемлекетті қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік - мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге арналған, мемлекеттік басқаруның жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.

Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен, мемлекетттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.

Экономика кәзіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғам өндіріс қарқының қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрлымда құрып, ірі әлуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономикасының басты учаткілерінде шоғырландырып, мемлекеттің экономикалық және әлуметтік саяссатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Сөйтіп құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджеттің айрықша қоғамның арналымды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді. Нақты объективті бөліс қатнастарының формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді.

Қаржы қатнастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджет қаржы категориясына тән сипатқа ие.

Бюджет қатнастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар бюджеттік қатнастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат ештінен шықпайды.

Мемлекеттік бюджет құн бөлісінің айрықша саласы ретінде мыналар мен сипаттайды:

  • Жалпы Қоғам Өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеумен байланысты бөліс қатнастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады;
  • Қоғамдық өнімнің тауарлар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндірістен тыс салаларда қаржы қатнастарының тауар -ақша қатнастары мен астасып жатады.
  • Құнды жасап, тұтыну процессін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салаларында, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салаларыарасында құнды қайта бөліске салуға арналған.

Кез келген басқа экономикалық катергория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық - заттай көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатнастарының орталықтандырылған қорында -бюджет қорында заттанады. нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процесслерді мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынан көруге болады.

Бюджеттік қор - қоғамның өнім мен табысқа құндық бөліністің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігін объективті алғышартты тапсыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн, қозғалысының процессін білдіреді. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімнің құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде болу, қайта бөлу процессінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамның қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқада қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатнастарын бейнелейді.

[ 1 ]

Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретінде қолданады.

Бюджет механизмі - мемлекеттің ақшалай қаражаттарын орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы мемлекеттік реттеу орталықтан қаражаттар көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджет құру және орныдау процессіде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.

Өндіріс құрал -жабдықтарына мемлекеттің меншіктің әзірше, басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет қатнастарының жұмыс істеуін жоспарлы мақсатыналдын-ала айқындайды. Бюджет баланстарының мақсатты сипаты, мелекеттің ақшалай қаражаттарын орталықтандырылған қорының қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланысының тиісті қаржы құжаты елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процесстерін қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекетті негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Республика Үкіметінің «Мелекеттік бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.

Қоғамның ұдайы өндірістегі мемлекет бюджетің ролі ерекше, алдымен, өндірілген ұлттық табыстың жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлунен көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылық салалары, қоғамың қызмет саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөлінеді. Бүкіл халықшаруашылығының бюджет болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.

Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттің апараты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлуметтік - экономикалық қызметтерді атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталыұтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты күші болып табылады.

Бүгінгі мемлекеттік бюджеттері олардың көп салалығы қызметтерін бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттің шығындары және оларды өтейтін қаржы көздерің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқынады. Және елдің штаттық парламентінде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткен кейін атқару үкіметінің өкілеті өкілдері алдыңғы жылы бюджет туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді.

Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджет арасында бюджет табысының көзін бөлу туралы ел масштабтарында қаражаттарды қайта бөлу арқылы орталық үкіметтің бюджетті емес, ол мемлекеттік әкімшілік - территориялық үкіметтің барлық дәрежесіндегі бюджеттің жиынтығы болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлар мақсатты міндет атқаратын және мемлекеттің бюджетіне жатқызылмаған бюджет пен тығыз үштасып жатады. Бюджет тыс қаражаттар орталық және жергелікті үкіметтің қарамағында болады және олар әр қайсысы белгілі қажеттіліктер үшін құрылған арнаулы қорларда жинақталады. Мысал ретінде Қ Р зейнет ақы қорын атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар арнаулы (мақсаттық) салықтар, заемдар, бюджетік субсидтер есебінен құрылады. [ 2 ]

Бюджеттен тыс қорлар бюджетті, сондықтан парламенттік бақылауды айналып үкіметтің экономикаға кірісуін мүмкіндігін кеңетеді. Мемлекеттік бюджет бір тұтастық, толықтық, нақтылық жариялылық принцптерге негізделеді.

Бір тұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымның - экономикалық орталық дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО - ның бюджет жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын . кәзіргі уақытта жергілікті органның дербестік алып оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде бір шама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр. Бір тұтастық мемлекетте бірінғай бюджет жүйесін, елдің аумағында әрекет ететін мемлекеттің табыстарының жалпы жүйесін өмір сүруде, мемлекеттік шығындардың бір келкілігінде, қаржы құжаттарның, бюджет жіктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принциптің бюджетті жоспарлаудың әдістері мен ұйымдастырушының біріңғайлығын, оның әлуметтік экономикалық болжам мен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Бюжеттің бір тұтастық приципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрменді бақылауды орнату.

Толықтық принцип бойынша үкіметтің барлық қаржы операцияларының, барлық жиналатын кірістер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырып, мемлекеттің барлық түсімдері мен шығындарын әр бір бапта ескерленетінін білдіреді. Казіргі уақытта бұл принцип іс жүзінде қолданылмайды. Өйткені бюджетті арнай шығыстар мен былықтыру жөнсіз деп саналады, сондықтан соңғы кезде мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлуметтік сақтандандырудың дербес бюджеті бөлып шығарылады.

Қаржының едәуір бөлігі арнайы бюджеттен тыс қорлар бойынша жүреді. Зейнетақы, жұмыс пен қамтуға жәрдемдесу, жол, әлуметтік сақтандыру және т. б.

Бұдан басқа «Қ Р бюджет жүйесі туралы» заңына сәйкес бюджетте қарастырылмағанаса маңызды шараларды қаржыландыру үшін немесе белгілі бір мақсаттарға қаржы жетпесе, ағымдағы бюджеттің орындалуы ескеріліп қосымша бюджет құрылады. оны мемлекеттң үкімет пен басқарудың жоғары органы қарап бекітеді.

Нақтылық принципі бюджеттің жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін қажет, ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының нақты көрінуін, бекітілген сомаларының сәйкес келуін қарастырады. Мұнда нақты болу болжамдары, бағдармалары көрсеткіштерге негізделіп, бюджет резерв мен нығайтылған барлық кіріс көздері мен шығыстар бағыттары есептеулердің негіздемелеріне қарай анықталады. .

Жариялық приципі бюджеттің кірістері ме шығыстары туралы мәліметтерді жұртшылыққа бюджеттің құрамы және құрлымы мен шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, заемдар және басқалар таныстыру үшін баспасөзде жариялау талабын білдіреді.

Мемлекет бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы деуге болады және тиімді де икемді жұмсай білу экономикадағы көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Ол арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар бюджет шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

[ 3 ]

1. 2 Мемлекеттік бюджет жүйесі және құрлысы

Мемлекеттік бюджет құрлымы, алдымен сол елдің мемлекет құрлымынан тәуелді болады. Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысы мемлепкеттің құрылысына, аумақтық - әкімшілік болінісіне, экномиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында басты орынды бюжет жүйесі алады, ол экономикалық қатнастарға құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бюджет процессі мен қатнастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрлымы, бюджеттердің жекелегентүрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың ауиақтық құрлысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық- мемлекеттік құрылымен анықталады. Мемлекеттік федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буынан тұрады:

Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері ( АҚШ - та - штаттардың, ГФР -

да- жерлердің (ландтардың), Канада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілердің бюджеттері ) ;

унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынандай бюджеттер жұмыс істейді:

  • Республикалық бюджет;
  • Жергілікті (муниципалды) бюджет (республикада маңызы бар қаланың бюджеті Астананың бюджет, облыстық, аудандық бюджеттер және т. б. )

Мемлекеттік ( республикалық) және жергілікті ( муниципалдық) бюджеттер кез - келген басқа мелекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрлымдардың ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауы қамтамасыыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін -өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырады. Бюджетте қаржы ресуртарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік саясаттың жалы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет ( әкімшілік - аймақтық бірліктердің бюджеттері) - областық бюджет, респуьликалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың ( областың маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастыратын және областық деңгейдегі жергілікті мемлекетті органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік - аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджет - республикалық және қазақстан республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайында енгізіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уакілеті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайында енгізілген мерзім ішінде қолдануға болады.

Төтенше мелекеттік бюджеттің қолдануы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюдеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай - ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Бюджет кірістерінің қалыптасуы ( ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталу сияқты шаруашылық жургізушы субъектілердің және қоғамның барлық мүшелернің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық түсімдердің алудың тәртібі, сондай -ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Бюджет кірістерінің қалыптасуы ( ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталу сияқты шаруашылық жургізушы субъектілердің және қоғамның барлық мүшелернің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық түсімдердің алудың тәртібі, сондай -ақ бюджет қаражаттарының бағыттарыф туралы хабардар болуы тиіс. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерінің пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық денгейлер бюджеттерінің өзара іс- қимылына негізделген.

Кірістермен шығыстардың егжей- тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сынаптамамен айқындалады. Бырыңғай бюджеттік сынаптама сыныптау объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомствалық және экономикалық сынаптамалар бойыеша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады.

Бюджет түсімдерінің сынаптамасы бюдет заңнамасына негізделген барплық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерінің белгілі бір сынаптамалары бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сынаптамасмының топтамасы санаттан, сынаптан ішкі сынаптан және ерекшеліктен тұрады.

Бюджет шығыстарының функциялық сынаптамасы барлық деңгейлерде бюджеттің шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларые орындалуын, республикада мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтым көрсетілетін фнкциялық және ведомствалық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар.

Бюджет шығыстарын функциялық сынаптаудың топтастыру мынадай деңгейлерден тұрады: функциялық топтар, функциялық ішкі топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар.

Функциялық топ - салалық белгілері мен функциялық бағыты бойынша бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ -функциялық топ ішінде бюджет қаражаттарын жұмчсаудың бағыттарын анықтайды.

Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі бюджеттің шығыстары бюджеттік бағдарлама деп атлады. Оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындалу кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір түпкілікті нәтиже болып табылады.

Бюджеттік бағдарламаладың тиімділігін бағалау үш стадияда -бюджеттің жобасын әзірлеу кезінде, бюджетті атқару кезінде және бюджеттің атқарылуына бақылау кезінде жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарлау жайлы
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі
Мемлекет бюджетінің шығыстары
Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық
Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесі
Егемен Қазақстан жағдайындағы мемлекет бюджетiнiң ерекшелiктерi
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны
Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Жұмыссыздық мәселесі туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz