«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: Чариев Е. Т.
п. ғ. д. проф.
« » 2006ж.
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ» ПӘНІНЕН
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ.
Лекцияны дайындаған: Чинибаева Г. Д.
ШЫМКЕНТ - 2006
Тақырыбы:Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
Сұрақтары:1. Мұғалімге қойылатын кәсіби талаптар.
2. Мұғалім шеберлігі .
3. Педагогикалық іс-әрекеттегі мұғалімдерде кездесетін
қабілеттер.
Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып, жүзеге асырушы тұлға - мұғалім. Мұғалім - педагогикалық қызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы, арнаулы дайындығы бар адам (мұнда «кәсіби шындалған», «кәсіби шебер» ұғымдарына назар аударған жөн) .
Кәсіби тұрғыжан дайындығы жоқ барлық адамдар да педагодакалық ic-
әрекетпен айналысады, соның ішінде тек мұғалім ғана педагогикалық заңдар негізінде жұмыс істей алады. Мұғалімдік қызмет өсіп келе жатқан ұрпактың тағдырына жауапты.
Педагог - тәрбиешінің бүгінгі еңбегінің нәтижесі - ертеңгі күнінің сипаты.
Ұстаз - арнайы дайындығы бар мамандар, ол ата-ан, ұрпақ тәрбиелейтіндер.
Ұрпақ тәрбиесі мен ұстаз қызметі біртұтастықтан және қарама-қайшылықтан тұрады.
Ұрпак тәрбиесі - ерте кезеңде, алғашқы қауымдастықта пайда болса, ұстаздық қызмет құл иеленуші дәуірдe пайда болған.
Тәрбие - обьективті заңды тарихи процесс.
Ұстаздық кызмет - соның субьективтік бейнесі, тәрбиені icкe асыратын адамньң енбегі. Ұстаз қызметі ұрпақ тәрбиесіе сәйкес келе бермейді . . . өмір -күрес, қарама-қайшылықтан тұрады, Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесі осы қарама-қайшылықты шешуден тұрады. Ұстаздық қызмет - қоғамдық құбылыс ретінде, филасофия заңдарына сүйеніп тәрбие барысында қарама-қарсылықты шешеді. Бұл - қозғаушы күш болып табылады.
Ұстаздыкқ қызмет - өндірістік қарым-қатынастың құрамды бөлігі. Ұстаздың негізгі мақсаты - жас өспірімдерді өмірге тәрбиелеу, оқыту, үйрету, бұл педагогикалық мақсаттан туындайды.
Педагогикалык мақсат - жас ұрпақты филасофиялық, экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық, биологиялық тұрғыдан қарап, жан-жақты білім, тәрбие беру, қоғамға кажетті азамат етіп шығару.
Ұрпақты тәрбиелеу - абстракты нәрсе емес, ол әрбір жас ұрпаққа қабілетіне байланысты, керегінше білім, тәрбие бepy, өмірге бейімдеу, еркіндікте өсіру, өмірде өз орнын табуға дайындау.
Мұғалімнің басты қызметі - баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесін басқару. (Баскару-сөзіне назар аудару керек. ) Дайынды бермеу, оқушылардың санасында жаңа ойларды тудыру.
ХVII ғ-да Я. А. Коменский мұғалімдегі басты қасиет : жоғары адамгершілік, адамдарға деген махаббат, өзінің білімге, еңбек сүйгіштікке, және т. б қасиеттерімен оқушыларға үлгі болу керек. Мұғалімнің үлгі боларлық белгілері, көрсеткіштері : киім мен тамағының қарапайым болуы, сергектік пен еңбек сүйгіштік, іс-әрекетте, қарапайым, жоғары адамгершілік, тәртіп сөйлей білу мен тыңдай білу өнері, сөйлесу қарым-қатынасы. Мұғалім қызметіне мүлде кересар қасиеттер - жалқаулық, бейкүйездік, еріншек, жұмысы жоқтық, - деп атап көрсеткен.
Мұғалімге қойылатын талаптар.
1. Кәсіби қабілеттер :
- ұйымдастырушылық - оқушыларды ұжымға топтастыру, жұмысты
жоспарлау т. б.
- дидактикалық - нақты оқу материалын таңдай білу, түсіндіру.
- оқушылардың танымдық қызығушылық пен ынталарын дамыту,
белсенділіктерін арттыру.
- коммуникабелдік - қарым-қатынас шеберлігі.
- зерттеушілік - педагогикалық ситуациялар мен процестерді талдай білу,
нәтижесін көре білу, нақты шешім қабылдау.
Сонымен бірге адамшылық, шыдамдылық, адалдық, жауапкершіліктік, обьективтілік, жомарттық, әділдік, адамдарға деген сый-құрмет, ұстамдылық, қайырымдылық, белсенділік, міндетті түрде-гуманистік, талап қоя білушілік.
2. Кәсіби білім, іскерлік қасиеттер: пәнді оқыта білу, оқытудың
әдістері, психологиялық дайындық, жалпы эрудиция, кең мәдени өріс, ұстаздық
шеберлік, педагогикалық еңбек технологиясын игеру, ұйымдастырушылық,
іскерлік пен дағдылар, педагогикалық такт, педагогикалық техника, қарым-
қатынас технологиясын меңгеру, шешендік өнер және т. б.
3. Ғылыммен шұғылдану- оқытудың жаңа технологияларын, жеке методиканы меңгеру.
4. Өзінің кәсіби еңбегіне деген сүйіспеншілік, мұнда балаларға деген сүйіспеншілік - мұғалімдік істің негізі.
Мұғалім шеберлігі Мұғалім шеберлігі ең алдымен оқушылардың дамуы, білім және белгілі бір (деңгсйге ) дәрежеге жетуі де, (қамдай жағдай болса да ) оқыту мен тәрбиемен сипатталады.
Шебер мұғалім -бұл соңғы жаңа әдістерді жоғары деңгейде меңгерген мұғалім.
Оған үйренге болама? Иә, болады . . . Бipaқ ол ұзак та қиын жол .
Дегенменде, бастысы - оқушылардың ic-әрекетін басқара білу, оқыта білу, белсенділігін арттыру, сабақты оқыта білу іскерлігі, тәжірибелі педагог оқушылардан сабақ үстінде жаңа материалдарды ұқынуларын, түсінігін, меңгерулерін талап етеді.
Тақырыбы:Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары.
Сұрақтары:Педагогикалық процестің заңдылықтары.
Педагогикалық процестің бөліктері.
Педагогикалық процестегі тұлғалар арасындағы қатнастар.
Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға көмектеседі. Педагогикалық процестің заңдары болуы мүмкін:
-бала өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагерлігіне тек қана өзінің творчестволық, шығармашылық еңбегінің арқасында ғана ие бола алады.
-индивиттің өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте кеңейуі барысында жүзеге асады.
-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері пдагогикалық процес арқылы жетістіктерге жетеді.
-оқу орнының пед. Процесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне сай болады.
-пед. процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі, білімберу заңдары арқылы талап етіледі.
-пед. процес екі жақты іс-әрекет, яғни, ұстаз бен шәкірт.
-оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ұиымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі.
-пед. процестің негізгі қызметі сондайақ жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне де байланысты.
-пед. процестің бір-біріне байланыстылығы.
-пед. процес ұзақ мерзімге бағытталған.
Заңдылықтар пед. процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өзара күрделі байланыстарды құрайды. Мұғалім іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар бірнеше талаптарды құрайды:
-пед. процестің бағыттылығы.
-іс-әрекеттің санамен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы.
-пед. процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру.
-талап қоюшылық.
-пед. процесте оқушының дамуында жас ерекшелігі мен ұлттық ерекшеліктерін ескеру.
-педагогикалық басшылықты оқушылардың инициативасымен, қайраткер-лігімен ұластыру.
-ұстаздардың, ұжымның, отбасының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі.
-әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Т. б.
Заңдар, заңдалықтар және оның принциптері өзара байланысты болады.
Педагогикалық процестің негізгі факторлары оқушылар менұстаздар болса олардың іс-әрекет бөліктері: мақсат, міндеттері, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер.
2. Мұғалім педагогикада екі роль атқарады:пән мұғалімі және снып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдың мазмұнымен байланыстырады, немесе оқушыларда қайсарлықты, мақсаттылықты, жауапкершілікті қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынасының маңызы өте жоғары. Бұл тұжырымдамаға үлкен үлес қосқандар орыстың ағартушылары, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, Л. И. Новикова, т. б.
Тақырыбы:Мұғалім және оның педагогикалық процесті
ұйымдастырудағы рольі.
Сұрақтары:1. Мұғалімнің қоғамдағы орны мен қызметі, оған қойылатын талаптар және педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері.
2. Мұғалімнің профессорлық қасиеттері, балаға деген сүйіспеншілігі,
іскерлігі.
3. Мұғалімнің мамандық этикасы.
1. Мұғалімге қоғам балаларды сеніп тапсырып, оларға ықпал жасап тәрбие-леуді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырды. Мұндай ора-сан зор сенім мұғалімге қоғам алдында ұлы жауапкершілік жүктейді.
Мұғалім мамандығы -өте жауапты және игілікті мамандықтың бірі. Мұғалім қоғамның ең басты өндіргіш күштерін-жеке адамды оқытып тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға. Қоғамның өндіріс күштерінің өзгеруі, эконом-икаға көшу, демократиялық бет бұрыс, мұғалім алдында үлкен міндеттер жүктейді, оқу-ағарту саласындағы артта қалушылықты жою-оқу-ағарту ісін бүтіндей қайта
құруды талап етеді. Бұның бәрі мектеп арқылы іске асатыны белгілі, мұғалім мектеп-тей басты тұлға. Ол бұқаралық-саяси, мәдени ағарту және тәрбие жұмыстарын ұйым-дастыруға қабілеті мол, өз мамандығынан теориялық және тәжірибелік терең білімі бар адам. Мұғалімнің қоғамдық процестегі рольі, мамандығының әлеуметтік мәні осында.
Сонымен бірге мұғалімге кәсіптік-педагогикалық талаптар да қойылады. Ең алдымен мұғалім-терең білімді, өз отанын шексіз сүйетін, оның дүние жүзі алдын-дағы беделін жете түсінетін, соған үлес қосатын білімдар адам.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптас-тырады, дүние танымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді.
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
-қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру;
-жан-жақты білімдарлық;
-педагогикамен байланысты пәндерді жақсы білу;
-оқытатын пәнін, ғылыми жетістіктердің ағымын білу;
-оқыту, тәрбиелеу методикасын білу;
-жұмысына шығармашылық көзқарас;
-баланы жете білу, жан-дүниесін түсіну;
-педагогтік техниканы меңгеру (қисынды, мәнерлі сөйлей білу) ;
-педагогтік әдептілікті меңгеру;
-балаға деген сүйіспеншілдік пен әділеттік.
Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогика-лық ой елегінен өткізуге тырысады, бұл арада ол оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын дәл қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
2. Мұғалім мамандығы-ең ардақты, әрі қадірлі мамандық. Өйткені мұғалім әр адамның бойына білімнің жарық сәулесін құяды, өмірді білуге деген құштарлығын оятады.
Нағыз мұғалім деп тәрбиелеушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтады.
Мұғалім қызыметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсілуіне байланысты. Мұғалім оқушыларға сапа-лы тәрбие, жан - жақты білім береді, олардың көз қарасын қалыптастырады.
Халық арасында мұғалім оқығанда ғана мұғалім, ол оқуын тоқтатқан күні мұғалім болудан қалады, деген сөз бар. Әлемде эволюция жүріп жатқанда, мұғалімге қойылатын талап та арта түседі.
Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспен-шілікке байланысты.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы. Алтынсарин:
«мұғалім балалармен іс тес болады: егер олар бір нәрсені түсінбессе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін - өзі кіна-лауға тиіс» - деп жазды.
Мұғалім ең алдымен өз ісіне деген сүйіспеншілігі болуы тиіс.
Психагогика педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда, педагогикалық қабілет-тің бірнеше түрі кездеседі.
- Дидактиқалық қабілет мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
- Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі . Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарпайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
- Перцентивті қабілет - оқушының ішкі дүниесін тани білу. Қабілетті мұғалім оқу-шының сабақ үстіндегі психикалық жағдайын бірден байқайды.
- Сөйлеу қабілеті - тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.
- Ұйымдастырушылық қабілеті - сабақты таңдауға, білімді қабылдауға оқушы- ларады әзірлей білуі, т. б.
- Коммуникативті қабілеті - оқушылармен қалыпты, дұрыс басқарып, қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілік жетілдіру.
- Конструктивті қабілет - оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдар-ын іздестіру.
- Қолданбалы қабілет - мұғалімнің өз мамандығына қатысы жоқ спорт, оймен келетін - шахмат, көркем өнер, т. б. білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, өз мақсатына жетуге болады.
Тақырыбы:Педагогикалық институттар- дың өзара әрекеттестігі.
Сұрақтары:1. Мектеп, отбасы, жұртшылық және мектептің бірлескен
жұмысын ұйымдастырушы орталық.
2. Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе.
3. Мұғалім, сынып жетекшісінің ата - аналармен жұмыс істеу
формалары мен әдістері.
1) Мектептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметтерінің ең маңызды бағыттарының бірі - мектептің, отбасының және жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, әдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады.
Ең бірінші талап - бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата - аналармен жұмыс деген мүлде жалпы ұғым.
Екінші талап - мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әр түрлі болуы мүмкін.
Үшінші талап - педагогикалық ұжымның сынып жетекшісі мен мұғалімдердің ата - аналармен жүргізетін жұмыстарына бірыңғай талап жүйесін жасау.
Төртінші талап - ықпалды қоғамдық ата - аналар ұйымын қалыптастаыру.
Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі Отандықпедагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарастырылады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметке байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігінің бірі ретінде кәсіп қызметінің көпқырлылығын атау керек. Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғарғы деңгейде өзін - өзі басқара алуында.
Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметінің ұжымдық сипаты және нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Педагогикалық ұжым өмірінің ерекшеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады.
а) Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы.
Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты.
Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы. Ұжым мүшелерінің алдын - ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс - әрекет негізінде қалыптасты. Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бірқатар факторларықпал етеді. Ол ең алдымен мұғалімдер ұжымы шешетін кәсіптік - педагогикалық міндеттерінің сипаты.
Мектептегі, сыныптағы істің жағдайы туралы дер кезінде алынған объективті ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерін біріктіре түседі.
Ұжымдық құрылым белгілі дәрежеде педагогикалық ұжым мүшелерінің әлеуметтік - демографиялық, дербестік - психологиялық ерекшеліктеріне тәуелді нығыз іскерлік, тұлғааралық қатынастардың қолайлы негізгі ұжымның жасына, біліміне, біліктілік деңгейіне, кәсіптік құндылықтары сияқты белгілері бойынша біртектілік екендігі даусыз. Бұндай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді.
Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерінің мүддесін, қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыруына да байланысты. Ұжымның ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемі де елеулі етеді.
ә) Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік психологиялық ахуал.
Ұжымдағы көңіл - күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш - қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік - психологиялық ахуалмен айқындалады.
Әлеуметтік - психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің бірлескен іс - әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімнің психологиялық жағдайының жүйесін білдіреді. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік - психологиялық ахуалының топтастырушылық қызметі ұжым мүшелерінің оқу - тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш - жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады.
Тұрақтандырушылық қызметі ұжымішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.
Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.
Әлеуметтік - психологиялық ахуал қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды.
Әлеуметтік - психологиялық ахуалдың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады.
Ұжымның жалпы ахуалы оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып келеді.
Сендіру процесінде бір адамның екінші адамға немесе тұтас ұжымға әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады. Ұжымдағы жағымды әлеуметтік - психологиялық ахуалдың қалыптасуына жеке тұлғаның жасайтын ықпалының тиімді әдісі жеке үлгі көрсеті болып табылады.
б) Педагогикалық ұжымдағы келіспеушілік.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе «ахуалды ауытқуды» атауға болады. Әлеуметтік - психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым - қатынасы саласында пайда болатын қарама - қайшылықты күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады.
Педагогикалық ұжымда орын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кәсіптік - педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстарының бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер.
Екінші топ - педагог мінез - құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез - құлық пен іс - әрекеттің ұжым мүшелерінің бір - бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды.
Үшінші топ - педагогикалық үрдістегі қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру; жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Басшы келіспеуші жақтарға өзге пікірлердің өмір сүруін мойындайтындай шешім қабылдайды.
2. Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе.
Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организімнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Отбасылық өмір байланыстарыжан-жақтылығымен сипатталады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
-ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметін.
-білім, дағды, шеберлік, рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізетін тәрбиелік қызмет.
-өндірістік-шаруашылық қызмет.
-отбасының жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі.
Ата-аналарының білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады.
а) Бір балалы отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемалары.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайда қалдырады. Баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-ананың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сыныптағы кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.
б) Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері.
Мұғалімнің, оқушылардың, ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.
Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізгі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру, тәрбиелік белсенділігін арттыру.
Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп.
Төртінше ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өиірге құштар, көтеріңкі көңіл-күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбас тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену.
3. Мұғалім, сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу формалары мен әдістері.
Мектептің отбасылармен жүргізетін барлық жұмыстары ұжымдық және дербес болып екі топқа бөлінеді. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің мынадай бағыттары анықталған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүргізіледі. Ата-аналар комитеті-ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік және сыныптық болып сайланады. Ол 5-6 адамнан тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Дұрыс және жөнді қызмет ететін ата-аналар комитеті сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ооэ
Тақырыбы: Білім берудің мазмұны.
Сұрақтары:1. Білім берудің құрамдас бөлігі.
2. Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар.
3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау,
бағалау және есепке алу.
Халыққа білім беру icін жетілдіру - мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бipi .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz