Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуда ресей әскерлерінің әскери қимылдары
І. Кіріспе
Ресей әскерлерінің әскери қимылдары
ІІ. Негізгі бөлім
1. Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуда Ресей әскерлерінің әскери қимылдары
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Патша өкіметінің Қырым соғысында (1854-1856) неғұрлым күшті дұшпандар блогынан жеңіліс табуы Ресейдің белсендІ сыртқы саясатының мүмкіндігін едәуір шектеді. Сол екі арада елдегі жаңа рыноктық қатынаста тез және сеніммен күш алып, жедел дамып келе жатқан Ресей өнеркәсібі мен саудасы үшін барған сайын жаңа өнім өткізу рыноктары мен шикізат көздерін талап ете түсті. Шикізат көзі оңтүстік-шығыста болатын. «Ресейдің батыс рыноктарында көп жағынан бірінші орын алған уақыты өтті,- делінген Әскери жинақта, - ал мұның өзі бізді жаңадан шығыс рыноктарын және ең алдымен таяудағы, Орта Азиядағы рыноктарды іздестіруге міндеттейді». Ресейдің сыртқы саясатында Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияның маңызы күрт өсті. Қазақстаңды түпкілікті бағындыру және Орта Азия мемлекеттерімен жан-жақты қатынастарды жандандыру туралы мәселе қойылды.
Бұл мемлекеттермен толымды сауда жасауға көптеген себептер, ең алдымен - Орта Шығыстағы саяси тұрақсыздық және Орта Азия хандықтарының ішіндегі жағдай туралы патша үкіметінде қажетті ақпараттың болмауы кедергі жасады. Мұның өзі Ресейдің Орталық Азияға кіре түсуін тежеді және орыс үкіметін шектес жатқан Азия елдерінде әскери-экономикалық және саяси барлау жолына түсуге итермеледі.
Орталық Азия аймағындағы сауда-экономикалық және әскери-саяси жағдайды анықтау максатымен 1858 жылы Н.П.Игнатьевтің Хиуа мен Бұхараға дипломатиялық елшілігі, Шығыс Иран (Хорасан) мен Гератқа шығыстанушы Н.В.Ханықов бастаған экспедиция, Қашғарға баратын сауда керуені құрамында кепес түрінде Ш.Уәлиханов жіберілді. Олар әкелген материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстандағы және Орталық Азия хандықтарындағы саяси күштердің шын мәнінде орналасуын анықтауына, олардың экономикалық және халықаралық байланыстарымен танысуына мүмкіндік берді, сондай-ақ бұл аймақтар жөніндегі Англияның кең көлемді жаулап алушылық жоспарлары бар екенін дәлелдеді.
Ресейдің Орта шығыстағы саяси бағытын белгілеу үшін Н.П.Игнатьевтің Хиуа мен Бұхараға дипломатиялық сапары нәтижелерінің ерекше зор маңызы болды. Орыс елшісінің екі мемлекеттің өзара достық қатынастары туралы шартқа қол коюдан бас тартқан Хиуа ханымен онша қанағаттандырмайтын келіссөздері Орталық Азияға дипломатиялық елшілер жіберу — «нақ сол мақсатқа... бірақ басқаша түрде жету үшін қолданылуы мүмкін ақшаны босқа рәсуә ету» деген ойды нығайта тұсті. Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментіне жолдаған арнаулы хабарламалары мен арнайы жазбаларында Н.П.Игнатьев «опасыз» шығыс билеушілерімен саяси келіссөздердің бұрынғы тактиқасын жалғастыру пайдасыз екенін негіздеді және Орта Азия хандықтарына қарсы соғыс қимылдарын жаңғырту қажеттігін талап етті. XIX ғасырдың 50-60-жылдары шебінде бұл көзқарас Сыртқы істер министрлігінен тиісті қолдау таппады, бірақ жоғары өкімшілік салаларында өзіне күн өткен сайын көпжактастар таба берді және ақырында, 60-жылдардың орта шенінде Петербургтің ресми пікіріне айналды.

1. Көкіш Рысбай «Қазақстан Республикасының тарихы». Алматы – 2005ж. 98-103бет.
2. Қазақстан тарихы ІІІ том. «Атамұра» баспасы, Алматы 2002 ж. 362-368бет.
3. Б.Дәулетханқызы «Қазақстан тарихы». Алматы 2010. 123-127 бет.

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
факультеті
кафедрасы
Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуда Ресей әскерлерінің әскери
қимылдары
Түркістан – 2011 ж.
Жоспар
І. Кіріспе
Ресей әскерлерінің әскери қимылдары
ІІ. Негізгі бөлім
1. Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуда Ресей әскерлерінің әскери
қимылдары
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
К І Р І С П Е
Патша өкіметінің Қырым соғысында (1854-1856) неғұрлым күшті дұшпандар
блогынан жеңіліс табуы Ресейдің белсендІ сыртқы саясатының мүмкіндігін
едәуір шектеді. Сол екі арада елдегі жаңа рыноктық қатынаста тез және
сеніммен күш алып, жедел дамып келе жатқан Ресей өнеркәсібі мен саудасы
үшін барған сайын жаңа өнім өткізу рыноктары мен шикізат көздерін талап ете
түсті. Шикізат көзі оңтүстік-шығыста болатын. Ресейдің батыс рыноктарында
көп жағынан бірінші орын алған уақыты өтті,- делінген Әскери жинақта, - ал
мұның өзі бізді жаңадан шығыс рыноктарын және ең алдымен таяудағы, Орта
Азиядағы рыноктарды іздестіруге міндеттейді. Ресейдің сыртқы саясатында
Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияның маңызы күрт өсті. Қазақстаңды
түпкілікті бағындыру және Орта Азия мемлекеттерімен жан-жақты қатынастарды
жандандыру туралы мәселе қойылды.
Бұл мемлекеттермен толымды сауда жасауға көптеген себептер, ең алдымен
- Орта Шығыстағы саяси тұрақсыздық және Орта Азия хандықтарының ішіндегі
жағдай туралы патша үкіметінде қажетті ақпараттың болмауы кедергі жасады.
Мұның өзі Ресейдің Орталық Азияға кіре түсуін тежеді және орыс үкіметін
шектес жатқан Азия елдерінде әскери-экономикалық және саяси барлау жолына
түсуге итермеледі.
Орталық Азия аймағындағы сауда-экономикалық және әскери-саяси жағдайды
анықтау максатымен 1858 жылы Н.П.Игнатьевтің Хиуа мен Бұхараға
дипломатиялық елшілігі, Шығыс Иран (Хорасан) мен Гератқа шығыстанушы
Н.В.Ханықов бастаған экспедиция, Қашғарға баратын сауда керуені құрамында
кепес түрінде Ш.Уәлиханов жіберілді. Олар әкелген материалдар патша
үкіметіне Оңтүстік Қазақстандағы және Орталық Азия хандықтарындағы саяси
күштердің шын мәнінде орналасуын анықтауына, олардың экономикалық және
халықаралық байланыстарымен танысуына мүмкіндік берді, сондай-ақ бұл
аймақтар жөніндегі Англияның кең көлемді жаулап алушылық жоспарлары бар
екенін дәлелдеді.
Ресейдің Орта шығыстағы саяси бағытын белгілеу үшін Н.П.Игнатьевтің
Хиуа мен Бұхараға дипломатиялық сапары нәтижелерінің ерекше зор маңызы
болды. Орыс елшісінің екі мемлекеттің өзара достық қатынастары туралы
шартқа қол коюдан бас тартқан Хиуа ханымен онша қанағаттандырмайтын
келіссөздері Орталық Азияға дипломатиялық елшілер жіберу — нақ сол
мақсатқа... бірақ басқаша түрде жету үшін қолданылуы мүмкін ақшаны босқа
рәсуә ету деген ойды нығайта тұсті. Сыртқы істер министрлігінің Азия
департаментіне жолдаған арнаулы хабарламалары мен арнайы жазбаларында
Н.П.Игнатьев опасыз шығыс билеушілерімен саяси келіссөздердің бұрынғы
тактиқасын жалғастыру пайдасыз екенін негіздеді және Орта Азия хандықтарына
қарсы соғыс қимылдарын жаңғырту қажеттігін талап етті. XIX ғасырдың 50-60-
жылдары шебінде бұл көзқарас Сыртқы істер министрлігінен тиісті қолдау
таппады, бірақ жоғары өкімшілік салаларында өзіне күн өткен сайын
көпжактастар таба берді және ақырында, 60-жылдардың орта шенінде
Петербургтің ресми пікіріне айналды.
Практикалық нәтижелері жөнінен Н.П.Игнатьевтің Бұхараға миссиясы
неғұрлым сәтті болып шықты. Ол орыс көпестерін ортаазиямен саудасын едәуір
жандандыруға жеткізіп, олар Орынбор шебі мен Нижегород жәрмеңкесіне кұлшына
келе бастады. Өз кезегінде Мәскеу сауда компаниясы Бұхараға Ресей
тауарларын жіберуге мүмкіндік алып, олар онда тиімді өткізілетін болды.
Жоғарыда атап өтілгеніндей, сонымен бірге Ресейдің Орталық Азия
елдерімен өзара тиімді сауда қатынастарының дамуы Ресейдің Орталық Азиядағы
басты қарсыласы Англия түрінде ықпалды одақтас тапқан Қоқан хандығының
күшті қарсы әрекетіне ұшырады. 1860 жылы Қаратегін және Дарбаз арқылы
Қоқанға ағылшынның төжірибелі барлаушысы Әбді әл-Маджит жіберілді. Оған
хандықтың билеушісі Моллабектің сеніміне кіру және Үндістандағы Британ
өкімет орындарымен байланыс орнатуды ұсыну міндеті жүктедді. Бұл сапардың
сәтті аяқталғанына Қоқан хандығының басты тірек пункттеріне Британ қаруының
берілуі және әскери нұсқаушылар мен қару жасаушылар жіберілуі көрнекі түрде
растап берді.
Сонымен қатар Қоқан билеушілері Пішпекте, Меркеде, Әулиеатада және
Шымкентте өздерінің алдыңғы шептерін күшейту жөнінде шаралар қолданды, атты
әскер үшін төңіректегі қазақтар мен қырғыздардан жазалаумен қорқытып
жылқылары мен малын тартып алды, сауда керуендерінің жүріп өтуіне барынша
қарсы қимыл жасады. Бұл әрекеттердің бәрі Орынбор және Батыс Сібір өкімет
орындарына уақытылы жеткізіліп отырды, сөйтіп олар әлбетте мазасыздық
көрсетіп, патша үкіметі тарапынан жауап шаралар жасауды күшейтуге шақырды.
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуда Ресей әскерлерінің әскери қимылдары
Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жөніндегі экспансиялық
мақсаттары негізінен алғанда екіжолмен: біріншіден, қазақ даласына бірқатар
әскери-барлау және жазалау экспедицияларын ұйымдастыру; екіншіден, дала
арқылы өтетін стратегиялық жағынан тиімді жағдайда болған бекіністер
шебін салу арқылы жүзеге асырылды. Бұл шаралардың бәрін аймақта жергілікті
отаршылдық өкімшіліктің әскерлері жігерлі түрде жүргізді, соның нөтижесінде
көптеген ықпалды қазақ көсемдері не шайқастарда өлтірілді, не тұтқынға
алынды. Аймаққа терендей шабуыл жасау Орынбор шебі тарапынан да, Сібір
шебі тарапынан да осылайша әзірленді. XIX ғасырдың бірінші жартысының
аяғына қарай Орта жүз бен Ұлы жүз аумақтарында Сібір жағынан бастап Ақтау
(1835 ж.), Ұлытау (1835 ж.), Қапал (1846 ж.), Сергиополь (Аягөз, 1831 ж.)
және басқа бекіністер салынып, олар Ресейдің іледен арғы өлкедегі тірек
пункттеріне айналды. 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынған
Үлкен Орда приставының қызметі белгіленеді. Ол Ұлы жүздің жаулап алынған
аудандарын басқаруды жүзеге асырды. 1854 жылы Алматы шатқалында Верный
бекінісін, ал 1859 жылы Қастек бекінісІн салу аяқталды, Ресейдің Шу алқабы
арқылы Қазақстанның оңтүстігіндегі Қоқан бекіністерін: Әулиеатаны,
Шымкентті және басқаларын басып алу жөніндегі сбғыс кимылдары сол жерлерден
басталды. 1856 жылы Семей облысының құрамында бастапқыда орталығы Қапал
қаласында, ал 1862 жылдан Верный қаласында болған Алатау округі құрылады.
Бұл жылдарда Алатау округі құрамындағы Ұлы жүз қазақтарының саны — 25,5
мың шаңырақ, 100 мыңнан астам адам; ал қырғыздар — 15 мыңшаңырақ, 60 мындай
адам болды. Іле және Шу өзендерінің оңтүстік бөлігі арасында Дулат руының
қазақтары (9,5 мың шаңырақ, 38 мың адам) Қоқан иеліктерімен шеқарада және
Шу өзенінде Шапырашты (2 мың шаңырақ, 8 мың адам), Жаныс (800 шаңырақ, 2400
адам), Жалайыр (8500 шаңырақ, 34 мың адам), Іленің солтүстігінде, Балқаш
көлі мен Верный-Қапал қалаларының арасында Іле өзенінің екі жағасында,
Алтынемел және Алатау сілемдері бойында, Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында
- Албан (7500 шаңырақ, 30 мың адам) руларының қазақтары көшіп жүрді.
Жетісуды қоса алғанда, оңтүстік қазақтары арасында Ресей ықпалын
күшейтудің тиімділігі кем түспейтін келесі құралы марапаттаулар, атақтар
беру, жоғары қызметтерге тағайындау, құрмет көрсету және т.б. арқылы
ықпалды ру билеушілерін отаршылдық өкімет орындары жағына тарту болды.
Мысалы, Алатау округі құрылған кезде оның бастығына жылына 1500 сом жалақы
белгіленсе, Ұлы жүздің руларын басқару тапсырылған Сүйік Абылайхановқа,
Ғали Әділовке, Рүстем Әбілфейізовке және Хакім Құловқа — 343 сомнан (Орта
жүздегі сиякты) жалақы белгіленді.
Ресей әскерлерінің аймаққа оңтүстігінен де, солтүстігінен де ойдағыдай
ілгерілеуі 1857—58 жылдарда Шымкент және Әулиеата аудандарында жергілікті
қазақтардың қоқандықтарға қарсы көтерілісіне де жәрдемдесті. Бұл
көтерілістердің аяусыздықпен басылуы да қазақтардың едәуір бөлігінің Ресей
жағына өтуіне себепші болды. Ал жалпы алғанда, аймақтың тағдырын оның
жергілікті халқы емес, қайта Қоқан мен Ресей арасындағы соғыс шайқастары
шешті, ал осы екі экспансиялық мемлекеттердің жақтастары мен қарсыластары
арасындағы күреспен ғана емес, сонымен қатар ішкі жанжалдармен (ру
араздығы, барымта және т.б.) және көршілес қырғыздармен қатынастардың
шиеленісуімен айналысып жатқан қазақтардың үлесіне неғұрлым күшті
ағаршылдық бил ігіне түсу тағдыры ғана қалды.
1860 жылы орыс әскерлерінін қоқандықтарға қарсы белсенді соғыс
кимылдары басталды: 26 тамызда - Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек құлады, ал 24
қазанда Ұзынағашқа жақын жерде шайқас болып, онда Алатау округінің бастығы
подполковник Колпаковскийдің 3 ротадан, 4 жүздіктен, 6 зеңбіректен және 2
ракеталық станоктан тұратын отряды қоқандықтардын едәуір күштерін (30
мындай адам) ірі жеңіліске ұшыратты.
Бұл оқиғалар кезінде қоқандықтардың озбырлығы мен қысым көрсеткеніне
қарамастан, оларды Жетісу қазақтары мен қырғыздарының едәуір бөлігінің
қолдауы байқалды. Мысалы, дулат руынан шыққан Андас және Сұраншы билер,
ботбай руынан шыққан атақты адамдар Диқанбай мен Әлжан өз қаражаттарынан
қоқандықтар жағына орыс әскерлеріне қарсы шайқасқан еріктілердің жасақтарын
ұйымдастырып, қаруландырды. Олар Қапал бекінісін басып алып, қиратуға да
ниеттенді. Оларға рубасылары Үмбетәлі мен Байсейіт бастаған қырғыздар
бөлігі де қосылды. Егер біреулері қоқандықтарды ашық қолдаса, басқалары
соларға игі ниеттес болды. Осыған байланысты генерал-лейтенант
М.А.Терентьев 1860 жылғы 15 қазанда Колпаковский ықпалды қазақтарға
(капитан Тезек Нұралиевке, подпоручик Жанғазы Сүйіковке және капитан Әбілес
Абылаевқа және басқаларға) сарттардан түскен барлық олжаны беруге уәде
етіп, өз батырларымен өзіне қосылуға шақыру жібергенін көрсетуі тегін
емес, алайда қазақтар қай жағы басым түсетінін күтіп, қызмет көрсетуге
асықпады... олар тіпті жаудың қозғалысы туралы хабар беруден де жалтарды,
сондықтан біздің адамдар жаудың бағдарын білмей жобалап жылжыды....
Қазақтар мен қырғыздардың қоқандықтарға қарсы орыстардың соғыс кимылдарына
мұндай көзқарасы, біріншіден, қоқандықтардың дінсіз жаулап алушыларға қарсы
аймақ мұсылмандарының қасиетті соғыс — ғазауатты кең көлемде насихаттауына
және екіншіден, Алатау округінің бастығы Колпаковскийдің байырғы халық
жөніндегі қаталдығына байланысты болды, ол байырғы халықтың қатардағы
өкілдерін ұсақ-түйек құлақ аспағандық үшін өлім жазасын қолдаңуға дейін
барып, аяусыз жазалап отырды. Қоқан әскерлеріне қарсы күресті қиындатқысы
келмеген Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорд Колпаковскийден өз
кимылдарын неғұрлым абайлап және сақтықпен жүргізуді талап етуге мәжбүр
болды. Осы жағдайлардың арқасында 1860 жылғы қазанның басында қоқандықтар
Әулиеата мен Пішпек арасындағы кеңістікте де өздеріне қазақтардың көп
бәлігін ерікті және еріксіз түрде қосып алды. Олар қираған Пішпекті
иеленіп, содан кейін 10 зеңбірегі бар, 20 мыңнан астам адамнан тұратын
Қоқан әскері Қордайдан өтіп, Қастектің батыс жағындағы айналма жолдармен
шықты да, оны Ұзынағаштан бөліп тастады. Жақын маңайда көшіп жүрген біздің
қазақтар дереу соларға қосылды, — деп көрсетеді генерал-лейтенант
М.А.Терентьев.
Орыстар сияқты, қоқандықтар да қазақтың ру шонжарларының өкілдерін
сатып алуды кеңінен пайдаланды. 1851 жылдың өзінде-ақ қоқандықтар мол
сыйлықтар беріп, Ұлы жүздің ықпалды қазақ сұлтандары тобын өз жағына
тартты, ал Керім би бастаған ботбай, шапырашты, қызылбөрік, жаныс, шымыр
және басқа да рулардың қазақгары қоқандықтарға бағынатын Шу өзенінің сол
жақ аумағына көшіп кетті.
Қоқандықтар да, орыстар да қолдаудан сәл бас тартқаны, әскери күштер
үшін қажетті көлікпен, тамақ өнімдерімен, жұмыс күшімен, мал азығымен және
баска да көптеген заттармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды уақытылы
орындамағаны үшін қазақтарды қатаң жазалап отырды. Қоқандықтардың қазақ
халқына көрсеткен зорлық-зомбылықтары мен озбырлықтары туралы көп айтылды,
сондықтан бұл жөнінен асып кетпесе, ешқандай кем түспеген орыс әскерлері
тарапынан жасалған осындай әрекеттерден небәрі бірнеше мысалдар келтірейік.
Мысалы, Ұзынағаш оқиғалары кезінде Ұлы жүздің Керім би бастап көшіп кеткен
рулары, сондай-ақ қырғыздар 1860 жылы генерал-лейтенант М.А.Терентьевтің
көрсеткеніндей олардың бұрынғы коныстанған жерлерінде жемшөптің
жеткіліксіз болуына байланысты біздін жерімізге қыстауға кешіп келді. Сол
қазақтарды жазалау үшің біз бұл жағдайды дереу пайдалана қойдық. Бұл үшін
қазақтар да, қырғыздар да аяусыз жазаланды.
Орыс әскерлері бір мезгілде үш шапқыншылық жасады, ауылдар өртелді,
көп мал қолға түсірілді, басқа да екі бай старшындарымен қоса Керімбидің
өзі кепілге алынды. Жүзбасы Жеребятьев барлық ауылдарға кешуге жарлық
беріп, сонан соң оларды біздің жаққа қуып әкелді. Осы шапқыншылықтардың
салдарынан Алатаудың оңтүстік беткейлерінде орналаскан қазақтар мен
қырғыздар қайта көшуге мәжбүр болды. Қайтадан қашып көшіп барғандар душар
болған қалың қар мен шөптің болмауы оларға берілген тағлымды бұрынғысынан
да еселей түсті, — деп қорытады М.А.Терентьев.
1860 жылғы 2 қарашада Пекинде Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі
таулы аймақтар мен Күршім өлкесіне Ресейдің құқығын бекітіп берген орыс-
қытай шартына қол қойылды. Шарт баптарының бірінде Ресейдің сыртқы саудасы
үшін Үргідегі сияқты, Қашғарғада рұқсат беру түрінде онда консульдық
ашып, қытай көпестерімен баж салынбайтын тауар айырбасын жүргізу
көзделді.
Алайда Бұхарамен сауда қатынастарындағы сияқты бұл жағдайда да Ресейдің
Батыс Қытай рыноктарына өту әрекеттері Орта Азия хандықтарынан Шыңжаңға
баратын сауда жолдарына қатаң әскери-әкімшілік бақылауды жүзеге асырып
отырған Қоқан хандығының қарсылығына душар болды. Ресей үшін өте тиімді
Пекин шартын іске асыруды Үндістан мен Кашмир арқылы Батыс Қытайға өз
ықпалын таратуға тырыскан Ұлыбританияның әрекеттері де қиындата түсті. Сол
кезге қарай-ақ ағылшын барлаушылары Жаркент пен Кашғарға еніп алып, Батыс
Қытайға апаратын тау жолдарын мұқият зерттеді. Шыңжаң мен Орталық Азияда
жергілікті шенеуніктер арасында Ресейге қарсы белсенді насихат жүргізді.
Сондық-тан Ресейдің орталық ведомстволары мен жергілікті жерлердегі
әкімшілік орғандарында Шыңжаңды ашудан елге келтірілетін экономикалық
пайданың әр түрлі жоспарлары Қоқанға соғыс шабуылын жасаумен тығыз
ұштастырылды.
Алайда А.М.Горчаков басшылық жасаған Сыртқы істер министрлігі
бастапқыда әскери күш қолдануға қарсы болды, бұл орайда мұның өзі Англиямен
қатынастардың одан әрі шиеленісуіне әкеп соғады деп санады, сондықтан жаңа
аумактарды күштеп қосып алудан тартынуды ұсынды. 1861 жылы елдің
кәсіпкерлер тобымен тығыз байланысты Д.А.Милютин басқарған Әскери
министрлік Орта Азия мәселесі бойынша қарама-қарсы көзқарас білдірді.
А.М.Горчаковтың Англияға жалтақтаған және Азия істерінде толық
кертартпалық көрсеткен саяси бағытын сынай отырып, Д.А. Милютин бұл
проблеманы Қоқан хандығының негізгі стратегиялық орталықтарын басып алу
жолымен батыл шешуді жақтады.
Д.А.Милютиннің жаулапалушылық көзқарасы ықпалды сауда-өнеркәсіп және
қаржы топтарының өкілдеріпе ғана емес, сонымен қатар жергілікті жерлердегі
патша өкімшілерінің елеулі бөлігіне де ұнағанын айта кеткен жөн. Әскери
министр өз көзқарастарына әскери іс барысында әбден машықтанған
Орынбор ведомствосының офицерлері арасынан да мейлінше белсенді және
дәйекті жақтастартапты.
XIX ғасырдын 50-жылдарының орта шенінде-ақ Орынбор әскери губернаторы
А.А.Катенин Петербургке Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда соғыс
қимылдарына кірісуді талай рет ұсынып, Жөлекті жаулап алуды, онда Түркістан
— Шымкент - Әулиеата шебіне шығуды дайындау үшін форт құрып шеқаралық
шептерді біріктіруді талай рет ұсынған болатын.
Орынбор губернаторының қызметіндегі Катенинді ауыстырған генерал А.П.Безак
1861 жылы өз ізашарының саяси бағытын жалғастырып, әскери министр Милютинді
Орталық Азиядағы хандарға қатысты соғыс шараларын қолдану қажет екендігіне
сендіріп бакты. А.П.Безак өзінің Сырдария өзені бойында Ресейдің берік
шеқара орнатуын, міндетті қажеттілік ретіндегі батыл ұсыныстарын дәлелдей
отырып, соғыс қимылдарының тез арада Орынбор және Сібір шептерімен
біріктіруге бағытталуын талап етті. Егер біз Арал теңізінен Сыр бойымен
жоғары өрлеп, онда жаңа форттар құрылысын салсақ, Сібір корпусы тарапынан
мұндай қарсы қозғалыс ұйымдастырылса, — деп жазды ол, — онда Арал теңізінің
жағалауына еніп Сырдың сағасына бекінудің сондай-ақ Ақмешіт экспедициясын
жасау мен Жөлекті тұрғызудың қажеті жоқболатын еді.
А.А.Катениннен айырмашылығы, А.П.Безак бір ғанаТүркістанды алып қоймай,
Орынбор және Сібір шептерін біріктіруді жүзеге асыратын Ташкентті де басып
алуды ұсынды. Ресей үшін бірден бірнеше үлкен тиімді міндеттерді ол осы
міндеттің жүзеге асырылуымен байланыстырды. Алайда бұл жоспарлар Батыс
Сібір генерал-губернаторы А.О.Дюгамельдің тарапынан толық қолдау таппады.
Соның салдарынан 1862 жылдың мамырында Петербургте өткізілген Ерекше
Комитеттің мәжілісінде Орынбор және Сібір шептерін біріктіру тиімсіз деп
танылды.
Алайда бір жыл өткеннен кейін Польшадағы көтеріліске байланысты
Англиямен және басқа да Батыс мемлекеттерімен қатынастардың жаңадан
шиеленісуі Ресейді экспансияны тездетуге итермеледі. 1863 жылғы 23 қаңтарда
Петербургте Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлары А.П.Безак пен
А.О.Дюгамельдің қатысуымен өткізілген кеңейтілген отырыста Сырдария және
Сібір шептері арасындағы жерді мұкият зерттей бастауға шешім қабылданды.
Оны бір аптадан кейін патша бекітті. Арал флотилиясының бастығы
А.И.Бутаковқа Сырдарияның Перовский фортынан жоғарғы ағысын зерттеу, ал
Орынбор корпусының бастығы под-полковник М.Г.Черняевқа Жолектен Түркістан
қаласына дейінгі аралықтың әскери қимылға байланысты жер бедерін зерттеуді
жүргізу және Қаратау жотасының солтүстік беткейінен Созақ бекінісіне дейін
тез қимылдайтын отряд жіберу тапсырылды. Өз кезегінде Сібір өкімет
орындары Іледен арғы өлке мен Әулиеатаға жапсарлас жатқан аумақтың оңтүстік
аудандарын зерттеуге тапсырма алды. Бұл міндетті орындау үшін, подполковник
Дерьхенің отряды Әулиеатаға, ал штабс-капитан Н.И.Проценконың отряды Нарын
өзені аңғарымен Қашғарға барлау үшін жіберілді.
Ең алдымен барлау мақсатында жүргізіл ген жоғарыдағы төрт экспедицияның
бәрі бір ортақ, нәтижесі айқын болжанбаған мақсатты көздеді, ол содан
кейінгі бес жыл ішінде Орталық Азиядағы согыс қимылдарының бүкіл барысына
қатты ықпал жасады. Әскери отрядтардың бастықтары өздері мүлде күтпеген
жағдайда зерттеліп отырған аудандарда Қоқан әскерлері тарапынан азды-көпті
күшті немесе ұйымдасқан қарсылық кездестірмеді. Жұмағал және Кұртқа
бекіністерінің гарнизондары Проценконың отрядына іс жүзінде бірде-бір
оқатпай берілді. Черняевтің отряды оңтүстікке беттегені туралы хабар
алынғаннан кейін Созақта Қоқан билігіне қарсы көтеріліс тұтанды. Осы
кішкене қалашықтың халқы Қоқан гарнизонын қаруын тастауға мәжбүр етті және
өзінің Ресей бодандығын алғысы келетінін жариялады.
Созақ және Шолаққорған төңірегінде көшіп жүрген бестаңбалы руы мен
Коңырат бірлестігінің қазақтары солардан үлгі алып, 9 мың отбасы Ресей
империясының бодандығына өтті. Көшпелілердің орыс өкімет орындары жағына
шығуына итермелеген негізгі себеп патша отрядтары келгенге дейін жақында
жаткан ауылдарға Қоқан коменданттары жасаған сансыз көп тонаушылықтар мен
зорлық-зомбылық негізгі себеп болды. Мұндай шапқыншылықтарды ұйымдастыруда,
Қоқан шенеунігі және сарай маңының тарихшысы Нияз Мұхаммед Хукандидің айуы
бойынша, түркістан бегі Мырза Дәулет ерекше көзге түскен, Түркістанда
тонаушылар обын жинап, қала төңірегіндегі ауылдарды талап-тонаған.
1863 жылдың көтеміндегі Орынбор және Сібір отрядтарының Оңтүстік
Қазақстандағы іс-қимылдарының ойдағыдай қорытындылары Сыртқы істер
министрлігінің ымырашыл, бірақ шептерді біріктірудің оралымды жоспарын
әзірлеуі үшін негіз болды. Созақ, Шолаққорған, Әулиеата арқылы Қаратаудың
солтүстік беткейі бойынша өтетін шеп шеқара болып белгіленді. Сыртқы істер
министрлігі осы шептердің алынуы нәтижесінде Орта Азия хандықтарымен
бейбіт қатынастар сақталады, ал Сырдария шебін үкіметтің жабдықтауы
жақсара түседі деп есептеді.
Алайда Орынбор ведомствосының офицерлері мен М.Г.Черняев, Л.Л.Мейер
және әскери губернатор А.П.Безак үкімет ұсынған жоспарды мейлінше кауіпті
және зиянды жартықеш шара деп есептеді. Өйткені олардың пікірінше бұл
әскерлерді азық-түлікпен жабдықтау проблемасын да, қоқандықтардың
әрекеттеріне нақты бақылау жасауды да нақты шешіп бере алмайтын еді.
Орынбор әкімшілерінің орыс шеқаралық шебін оңтүстікке жылжыту туралы
табанды талаптары көп кешікпей-ақ ойдағыдай нақты нәтижелер берді. Көптен
бері ойластырылған жоспардың іске асырылуын тездетуге Ішкі істер
министрлігінің Азия департаментіне Ұлыбританияның Қоқан мен Бұхарада
орнығып алуға және Шыңжаң мен Орталық Азиядағы сауда рыноктарын шығыстағы
су жолдары арқылы басып алуға жаңадан әрекеттер жасауы жөнінде келіп түскен
құпия ақпарат қосымша түрткі болды.
Оқиғалар бетбұрысын Ресей мүдделеріне қатер төндіруінің алдын алуға
ұмтыла отырып, Д.А.Милютин 1863 жылдың көктемінде Ерекше Комитетке
ортаазиялық хандықтар жөнінде белгіленіп отырған әрекеттер туралы
баяндаманы табыс етті. Онда Қаратау жотасы бойынша шеқаралық шеп құру
көзделді және осы мақсатқа жету үшін Орынбор корпусының әскерлеріне Созақты
иелену, ал Сібір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz