Өсімдіктердің морфологиялық анатомиялық құрылысы
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Өсімдіктердің морфологиялық анатомиялық құрылысы ... ... ... ... ...5
2.2. Өсімдіктердің көбеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4. Өсімдіктердің тіршілік шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 — 58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 — 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.
Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi:
1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi — сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан;
2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi — қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.

МАЗМҰНЫ:
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Өсімдіктердің морфологиялық анатомиялық құрылысы ... ... ... ... ...5
2.2. Өсімдіктердің
көбеюі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 13
2.3. Өсімдіктердің өсуі мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.4. Өсімдіктердің тіршілік
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ
Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы
балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге
жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi
өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы
түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр
байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден
аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық
түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер.
Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон,
жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл,
птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан
флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы
құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ.
ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын
Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын — Sarituma tatjanae. Бұлар
шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36 — 58 млн.
жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26 — 35 млн. жыл), неогендiк
ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық
және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13 — 25 млн. жыл), плейстоцендiк (2
млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан.
Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң
топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың
осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол.
ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда
жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл
белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың,
талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б.
бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн
өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар
таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi:
1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi — сұр
ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта
шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан;
2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi — қайыңды-теректi
шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты
шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған.
2.1. Өсімдіктердің морфологиялық анатомиялық құрылысы
Өсімдіктер бойында миллиондаған клеткалар бар. Оларда органикалық
заттар (белок, май, қант, витамин, алкалоид) синтезделінеді. Клетканы XVII
ғасырдың алпысыншы жылдарында (1765) ағылшын ғалымы Роберт Гук ашқан еді.
Ол өсімдіктерден алынған кесіндіні микроскоппен қарап, одан өз алдына жеке-
жеке қоршалып, тұйықталған көптеген торларды көрді. Оларды Гук клеткалар
деп атады. Клетканың құрылысына және биохимиясына жан-жақты зерттеу жұмысын
жүргізген ғалымдар А. Левенгук пен М. Мальпиги болды. Клетка құрылысын
зерттеуге чех ғалымы Я. Пуркенье әте үлкен үлес қосты. Ол биология ғылымына
протоплазма деген терминді енгізді.
Клеткаларды одан әрі тереңірек зерттеу неміс ғалымдары Г. Шванн мен М.
Шлейденнің өсімдеріне тығыз байланысты. 1839 жылы олар бірінші рет клетка
теориясының негізін құрып, өсімдіктер миллиондаған клеткалардан тұратынын
ғылыми түрде дәлелдеді. Клетка теориясының ғылыми негізін құруға орыс
ғалымдарының қосқан үлесі де аз емес. Олардың ішінде өте бағалы зерттеулер
жүргізген К. Вольф, К. Бэр, П. Ф. Горянинов болды.
Клетканың құрылысы өте күрделі. Ол қабықшадан, цитоплазмадан,
органоидтардан және басқа да бірнеше заттардан тұрады. Клетка қабықшасы
целлюлозадан, гемицеллюлозадан, пектин заттарынан, лигниннен, субериннен
және кутиннен түзіледі. Клетка қабықшасы — тірі материя.
Цитоплазма — (грек сезі kуtоs — ыдыс, қуыс, клетка) клетканың қуысы
деген мағынада қоймалжың келген мөлдір зат. Ол үш қабатты. Сыртқы қабатын
плазмалема, ортаңғы қабатын мезоплазма, ішкі қабатын тонопласт деп атайды.
Жас клеткаларда цитоплазма бүкіл клетканы алып жатады. Ал көптеген клеткада
шырынға толы қуыстар — вакуолялар болады. Оның құрамында 70—80 процент
белок, 17—18 процент май, 13—14 процент қант, 5—6 процент минералды заттар
кездеседі. Сонымен бірге цитоплазманың химиялық құрылысы өзгеріп, жаңарып
отырады. Белок өте күрделі органикалық қосылыс. Ол 50-55 процент
көміртегінен, 15—18 процент азоттан, 6—7 процент сутегінен, 0,4— 2,6
процент күкірттен, 20—25 процепт оттегінен тұрады. Ал кейбір белоктың
құрамында фосфор болады. Белоктар амин қышқылдарынан синтезделеді. Амин
қышқылдары дегеніміз — май қышқылдарыпап алынатын зат. Ол бірінші рет 1806
жылы өсімдіктердеп бөлініп алынды. Қазіргі кезде өсімдіктер организміиді-
50-ден аса амин қышқылы бар екені анықталды.
Цитоплазмадағы ең маңызды органикалық қосылыстардың бірі — нуклеин
қышқылы. Ол полимерлі зат. Әрбір нуклеин қышқылы фосфор элементінен,
пентоздан (қанттан) және органикалық азотты негіздерден пурин мен
пиримидиннен алынады. Ол екіге бөлінеді.
Біріншісі — дезоксирибонуклеии қышқылы (ДНК), ал
Екіншісі —рибонуклеин қышқылы (РНК) деп аталады.
ДНК-ның РНК-дан айырмашылығы бар. РНК-да рибоза, ДНҚ-да дезоксирибоза
қанттары болады. ДНК-ның құрамына урацил (азотты қосылыстар) кірмейтін
болса, ал РНК-ның құрамында тимин болмайды. РНК-ның молекулалық салмағы 200
000-нан 2 000 000-ға жетеді. Ал ДНК-ның молекулалық салмағы 10 миллионға
барады. РНК үпі топқа бөлінеді. Оларды информациялық, тасымалдау,
рибосомдық РНК деп атайды. Цитоплазмада липидтер, майлар, стеридтер және
фосфатидтер кездеседі. Сонымен бірге ондағы басты компоненттердің бірі —су.
Оның мөлшері 80—85 процентке жетеді. Цитоплазмадағы су байланысқан және бос
күйінде кездеседі.
Цитоплазманың қозғалуы оның ең басты қасиеттерінің бірі. Оның
қозғалысын тұңғыш рет 1774 жылы Италия ғалымы Корти байқаған еді. Ол
цитоплазманың бұл қозғалысын бір клеткалы амебадан байқады. Кейіннен
ғалымдар цитоплазманың қозғалысын балдырлардан (хара, валлиснерия) байқады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің клеткаларының цитоплазмасының қозғалысын
традесканция өсімдігінен бірінші рет байқаған атақты ағылшын ғалымы Роберт
Браун болды.
Цитоплазманың қозғалысы әр түрлі болады, олар айналмалы және тасқынды
түрде қозғалады. Айналмалы козғалыста зат алмасу процесі қарқынды өтеді.
Цитоплазманың қозғалысыменбірге ондағы органоидтар да жылжиды.
Цитоплазмадағы басты органоидтардың бірі —ядро. Оның пішіні шар,
сопақша, жіп сияқты болып келеді, құрылысы күрделі, сыртында және ішкі
жағында мембраналар бар. Мембраналарда 10 000-дай саңылау болады, олар
арқылы заттар алмасу процесі өтеді. Ядрода тұқым куалаушылықтың қасиеті
сақталады. Өйткені, мұнда ДНК мол болады.
Митохондриялар немесе хондриосомдар цитоплазмадағы органоидтардың
бірі. Митохондрияларды 1898 жылы Бенда ашты. Олардың ұзындығы 2,5—5 микрон,
ені 0,5—1 микрон. Формасы шарға және жіпке ұқсас. Митохондриялар үнемі
қозғалыста болады. Ол жауын кұрты сияқты жиырылып қозғалады. Күндіз
митохондриялар цитоплазманың ішіне қарай қозғалса, түнде оның сыртқы
қабатына қарай жылжиды.
Митохондриялар тыныс алу процесінде бөлініп шыққан энергияны жинайтын
орталық звено. Сондықтан да оларды клеткалардың электр депосы деп те
атайды. Сонымен бірге митохондриялар өсімдіктердің тыныс алу процесін
реттейді. Өйткені митохондрияларда цитохромоксидаза, фосфорилаза, оксидаза
ферменттері бар. Май және тұз алмасу процестерін де митохондриялар реттеп
тұрады. Өсімдіктер бойында судың жайылуы да осыларға байланысты.
Митохондриялардың химиялық құрамында минералды элементтер кездеседі.
Әсіресе кальций элементі митохондриялардың химиялық құрамына кіріп, онда
өте маңызды физиологиялық және биохимиялық процестерге қатынасады.
Митохондриялардың сыртында мембраналар болады. Олардың кұрылысы өте
күрделі және үнемі өзгеріп отырады. Сондықтанда мембраналардың қалай
кұралғаны жайында толық деректер әлі жоқ. Митохондриялардың ішкі
қабаттарында мембраналар көп болады. Олар қатпар-қатпар болып келген.
Оларды кристер деп атайды. Барлық мембраналар төртқабаттан тұра ма деп
ғалымдар болжам жасайды. Белоктың екі моноқабаты, бұлардың ортасында
липидтердің бимолекула қабаты орналасады. Мембраналардың арасында кеңістік
болады.—Оның алшақтығы әр түрлі. Өсімдіктердің жүйелілік түрлеріне,
вегетациялық кезеңдеріне, онтогенөзіне қараіі мембраналардың арасындағы
кеңістік үнемі өзгеріп отырады. Мембраналарда өте көп ферменттер болады.
Олар да мембраналардағы синтез процесіне қатынасады. Міне, осы
ферменттердің әсерінен заттар тотығып, одап көп энергия бөлініп шығады.
Цитоплазмадағы басты органоидтардың бірі—Гольдж аппараты. Ғалымдар
ұзақ уақыт бойы оны тек қана жан-жануарлардың клеткаларындағы цитоплазмада
кездеседі деп түсінген. Кейінгі кезде Гольдж аппараты өсімдік клеткаларының
цитоплазмаларынан табылған. Оны 1898 жылы оқымысты Гольдж ашқан болатын.
Көп жылдар бойы Гольдж аппаратын артефакт (жасанды дене) деп келген.
Мысалы, белгілі оқымыстылар Палладо және Клауд Гольдж аппаратын артефакт
деп санады. Гольдж аппаратын жасанды түрде алуға болатыны байқалды. Олардың
пішіні тор, таяқша, түйіршік сияқты болып келеді. Оның атқаратын
физиологиялық ролі әлі күнге дейін белгісіз.
Рибосомдар клетка цитоплазмаларының субмикроскоптық бөлшектеріне
жатады. Мөлшері 20—40 миллимикрондай. Рибосомдарда 55 процент белок, 4
процент фосфолипидтер, 33 процент РНК болады. Оларда РНК мол болуына
байланысты белок синтезделеді. Рибосомдар цитоплазманың ішкі бетіндегі
цитоплазматикалық мембраналарды жауып тұрады. Олар белоктарды синтездеп
тұрған клеткалардан жақсы көрінеді. Рибосомдар хлоропластан синтезделінеді.
Хлоропластарда әдетте белоктың синтезделуі мол өтеді.
Сферосомдар (микросомдар) сәулелік микроскогі арқылы жақсы көрінеді.
Олардың құрамында липоидтар немесе липопротеидтер мол болады, мәлшері 20—40
миллимикрондай. Ертеде сферосомдарды микросомдар деп те атаған.
Пластидтер — клеткалардың ең басты компоненттерінің бірі. Олар
лейкопластар (түссіз), хлоропластар (жасыл), хромопластар (қызғылт, сары
түсті) болып үш топқа бөлінеді. Пластидтер өсімдіктердің өсіп, дамуында
және көміртегімен қоректенуінде өте үлкен роль атқарады.
Лейкопластар өсімдіктердің жапырақтарында және сабақтарында кездеседі.
Мөлшері 3—4 микрондай. Олардан хромопластар синтезделеді. Әдетте қараңғы
жерде өсірілген өсімдіктердің түсі сарғыш және қызғылт болып келеді.
Өйткені оларда лейкопластар мол. Егер қараңғы жерде өсірілген өсімдіктерді
жарыққа шығарып қоятын болсақ, біраздан кейін көгере бастайды. Себебі
лейкопластар біртіндеп хлоропластқа айналады. Алайда жекелеген лейкопластар
сәуле түссе де көгермейді. Мұндай лейкопластар кейбір өсімдіктердің
клеткаларында және эпидермистерінде кездеседі. Мысалы, традесканцияда
лейкопластың, көтермеуі ондағы ферменттерге байланысты.
Хлоропластар — цитоплазманың арнаулы компоненттерінің бірі. Олар
арқылы фотосинтез процесі етеді. Өйткені оларда хлорофилдер мол.
Хлоропластарда өсімдіктерге жасыл түс беріп тұратын түйіршіктер (стромдар)
кездеседі. Олар хлоропластың негізгі бөлігі.
Көптеген ғалымдардың зерттеулері, хлоропластарда белоктар, амин
қышқылдары (тирозин, фенилаланин, лейцин) мол болатынын көрсетті. Олардағы
белоктар шынжырға және сақинаға ұқсайды. Хлоропластарға сәуле мол түскен
кезде органикалық заттар мол жиналады. Көптеген өсімдіктерде
хлоропластардың формасы сопактау болады. Суда өсетін өсімдіктердікі шар
тәрізді. Олар күн сәулесінің куатына өте шыдамды келеді. Әрине,
хлоропластар күн сәулесінің энергиясынан сақтану үшін бірнеше амал
жасайды. Жарық мол түскен жағдайда хлоропластар цитоплазманың ішкі
қабаттарына қарай жылжып липоидтармен қосылады, керісінше жарық азайса
цитоплазманың сыртқы жағына шығады. Сөйтіп хлоропластар да цитоплазма
сияқты үнемі қозғалып тұрады.
Клеткалардағы хлоропластар бөліну арқылы көбейеді. Көптеген
ғалымдардың. зерттеулері хлоропластар лейкопластардың және өзінің бөлінуі
арқылы көбейетінін көрсетті. Сондай-ақ олардың саны - өсімдіктердің өсу
және даму процесіне баиланысты. Орта есеппен бір жапырақтың әрбір
клеткасында 20—30 пластидтен болады.
Хлоропластардың бөліну жолымен кебейетіні кейінгі жылдары тәжірибе
жүзінде дәлелденді. Совет ғалымы Л. А. Левинский мен француз оқымыстысы А.
Шерман хлоропластар хондриосомдардан (митохондриялардан) пайда болатынын
айткан еді. Шын мәнісінде хлоропластар митохондриялардан синтезделінетіні
қазіргі кезде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденіп отыр.
Хлоропластар протопластидтердің өзгеше бөлшектерінен түзілетіні байқалды.
Хлоропластардың пішіні шарға немесе табақшаға ұқсайды. Олардың
диаметрі 5 миллимикронға, ал қалыңдығы 2—3 миллимикронға жетеді. Оларды екі
мембран қабықшасы қоршап тұрады. Әр мембран екі Қабат белоктан тұрады.
Олардың арасында бемолекулярлі липид қабаты бар. Бұл қабаттардың ішкі
жағында түссіз стром-дар болады. Олардың ішінде 40—50, тіпті одан да көн
түйіршіктер кездеседі. Ол түйіршіктер электронды микроскоп арқылы жақсы
көрінеді. Олар қырланған таспа сияқты заттармен (ламелармен) бөлінген.
Оларды тилакоидтар деп атайды. Түйіршіктердегі шлакоидтардың саны 50—60-қа
дейін барады. Кейбір тилакоидтар ғана көршілес түйіршіктермен байланысты.
Ламелардың қырлары мембраналардың және стромдардың қабықшаларына ұқсас.
Олардың өзара айырмашылығы сол — ламелардағы қырлардың біреуі май
қабаттарымен және бір қабат нигменттермен байланысып тұрады. Тилакоидтарда
көптеген субединицы (өте ұсақ бөлшектер) — квантосомдар бар. Олар бірде
көбейіп, бірде азайып үнемі өзгеріп отырады. Квантосомдар шар тәрізді,
диаметрі—180—160 А°, ал қалыңдығы 100 Л°-ке жетеді. Әрбір квантосомда
белоктар, липидтер және хлорофилдің 250 молекуласы бар. Оның 160-сы
хлорофилінікі де, 70-і хлорофилінің молекулалары. Сонымен бірге онда 48
каротиноидтардың, цитохромдардың, пластохинондардың, ферредоксиннің,
мыстың, марганецтің молекулалары кездеседі. Квантосомдардың молекулалық
салмағы 2-10тең.
Квантосомдардан хлоропластар құралады деген болжам бар.
Хлоропластардың өте күрделі құрылуы өсімдіктердің барлық тіршілік ету
дәуірінде (онтогон өзінде) түзіліп отырады. Бастапқы көзінде хлоропластар
көбік тәрізді болады. Олардан стромдар құралады. Протопластидтер өскен
сайын көпіршіктер өзара қосылып, бірнеше қабаттар түзеді. Ол қабаттар жеке-
жеке табақшаларға ұқсап, мембрана системасын құрайды.
Хромопластардың түсі сарғыш, қызғылт болып келеді. Олар өсімдіктердің
гүлдерінде, жемістерінде, тамырларында кездеседі. Хромопластар көмір қышқыл
газын сіңірмейді және органикалық заттарды жинай алмайды. Олардың сары және
қызғылт түске боялуы ондағы пигменттерге байланысты. Хромопластарда ең көп
кездесетін пигменттердің бірі — каротин мен ксантофилл. Хромопластардың
мөлшері 8—10 микрондай, ал көлемдері өсімдіктердің түрлеріне және өсетін
орталарына байланысты.
Өсімдіктің әр түрлі қызмет атқаратын мүшелері тамырларға, сабақтарға,
жапырақтарға бөлінеді. Жапырақ, сабақ, тамыр вегетативті мүшеге, ал гүл,
жеміс пен тұқым көбею мүшелеріне жатады.
Тамыр арқылы сабаққа, жапыраққа, гүлге, жеміске су, суда еріген заттар
және жапырақтағы түзілген органикалық зат ерітінділері өсімдік бойына
тарайды. Сабақ буындардан тұрады, одан бұтақ, жапырақ, гүл, жеміс өседі.
Жапырақ — фотосинтез, газ алмасу, су буландыру процесін атқарады. Бір
өсімдіктегі жапырақтың жалпы аумағы өсімдік көлеміне қарағанда едәуір артық
болады. Мысалы, бір гектар жаздық бидайдың жапырақтарының аумағы 18
гектардай, картопта 40, жоңышқада 85 гектардай болады. Жапырақта түзілген
органикалық заттар (қант, крахмал, белоктар, майлар т. б.өсімдіктің басқа
органдарына үздіксіз таралып отырады.
Тамыр — өсімдіктердің топыраққа бекіп, одан су, қоректік заттар
сіңіретін, оларды бірқатар бастапқы езгеріске түсіретін, өсімдік бойына
тарататын, органикалық қосылыстар түзетін, зат алмасуда пайда болған кейбір
заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативтік органы. Көптеген тамырдың
тағамдық, шаруашылық үлкен маңызы бар, оларда крахмал, қант, май, алкалоид,
бояу заттары болады.
Клетка — жеке тіршілік ете алатын, кебеюге және дамуға қабілеті бар
қарапайым тірі жүйе, өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігінің негізі.
Клетканың негізгі қасиеті оның көлемі мең саны жағынан өсуге қабілеттілігі.
Сабақ басындағы немесе тамыр ұшындағы пайда болған клетканың көлемі шағын
болса, органикалық заттарды жинағандықтан, көлемі созылып ұлғаяды,
бөлінеді. Жетіліп болған соң клеткалар өсуін тоқтатады. Өсімдіктің ескі
клеткалардан тұратын мүшелерінің өсуі де тоқтайды. Клетка ядро мен
цитоплазмадан және пішіні, көлемі, құрылысы, химиялық қасиеті, атқаратын
қызметі әр түрлі структуралық заттардан тұрады. Клетканың бөлінуінің
нәтижесінде алғашқы клеткаға генетикалық қасиеттері ұқсас және ядро мен
цитоплазма құрамы жаңарған екі клетка пайда болады.
Анатомиялық, морфологиялық құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас клеткалар
тобы және клеткалардан тыс құрамдарды өсімдік тканьдері дейміз. Әрбір
тканьнің құрылысында, атқаратын қызметінде, дамуында және организмдегі
орнында өзіне тән ерекшелік болады.
Өсімдік тканьдері негізінде түзуші, жабын, негізгі механикалық
өткізгіш тканьдерге бөлінеді.
Түзуші тканьнің немесе меристеманың өсімдік тіршілігінде маңызы үлкен,
өйткені бұдан өсімдіктің басқа тканьдері де түзіледі. Әдетте ұсақ, көп
қырлы, ірі ядролы тығыз орналасқан, қою цитоплазмалы, жұқа целлюлозды
қабықты клеткалардан тұрады.
Жабын тканьдері — өсімдік мүшелерін қайта құрады, жапырақ пен сабақта
қорғаныш қызметін атқарса, тамырда су және минерал ерітінділерді сіңіреді.
Негізгі немесе паренхималық тканьдер меристемадан дамиды. Бұл тканьде
крахмал, қант, белок, әр түрлі май, илік заттар т. б. жиналады. Екінші бір
түрі тамырға тән, бүл топырақтан минерал ерітінділерін сіңіреді, үшінші
түрі — ассимиляциялық паренхима. Механикалық тканьдер өсімдік мүшелерінің
тірегі алғашқы меристемадан пайда болады, клетка қабығы қалыңдайды. Бұл
тканьдерді коленхима, склеренхима, склереидтер деп бөледі.
Өткізгіш тканьдер — өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттар
өткізетін клеткалар тобы. Бұлардың іші қуыс, цилиндр, түтікше тәрізді
болады.
Өсімдік тканьдері арасында әр түрлі зат (шайыр, бальзам, эсрир майы,
кейбір қышқыл, минерал тұздар, су т. б.) бөліп шығаратын құрылымдар немесе
бөліп шығару жүйесі деп те аталады. Өсімдіктің барлық мүшелеріне, әсіресе
сабақтарына механикалық беріктілікті, элементтер өткізгіш тамыр — талшықтық
шоктар құрамына кіретін механикалық тканьдерді береді.
Зығыр, кенептің және басқа өсімдіктердің қабығында механикалық
тканьдердің ұзарған клеткалары пайда болады, оларды тін талшықтары деп
атайды.
Бөліп шығару жүйесі. Өсімдіктердің бөліп шығаратын өніміне эфир майы,
шайыр, тері илеуге қолданылатын заттар, шырыш, тәтті шырын және т. б.
жатады. Беліп шығару жолдары әр өсімдікте әр түрлі. Бірі сыртқа шығарса,
екіншісі өсімдіктің ішкі мүшелерінде жиналады. Бөліп шығару жүйесіне
тканьдерді ғана емес, жекелеген клеткаларды да жатқызады.
2.2. Өсімдіктердің көбеюі
Жыныссыз көбею дегеніміз организмнің кебеюінің бір түрі. Жыныссыз
көбею бір клеткалы, көп клеткалы өсімдікте кездесе-ді. Жыныссыз көбеюдің
бәліну, бүршіктену, вегетативті көбею түрлері болады. Организмде тек
жыныссыз көбею жолы сирек байқалады, әдетте ол жынысты көбеюмен қоса
кездеседі. Жыныс-ты кебею өсімдіктердің кебеюінің бір түрі. Жынысты кебею
жо-лында жаңа организм әдетте аналық және аталық жыныс органи-змдерінің
бастамалары (гаметалардың) қосылуымен жүзеге асады.
Вегетативтік көбею бұл жыныссыз кебеюдің бір түрі. Жоғары сатыдағы
өсімдіктер тамыр сабағы, атпа тамырлары, баданалары, түйнек тамырларымен
көбейеді. Вегетативті көбею әдістері: сұ-латпалы шыбықтармен (жүзім, жаңғақ
ағашы, алқоры және бас-қалары), мұртшалармен (қойбүлдірген), тамыр
атпалармен (таңқурай), баданалармен (пияз, сарымсақ, қызғалдақтар, дала
гүлдері), түйнектермен (картоп, жер алмұрты), тамыр түйнектермен
(георгина), қалемшелермен (қарақат, тұшала), түптену түйіндегі бүршіктен
пайда болатын еркендермен — тамырсабақтармен көбею (кепжылдық шептер).
Вегетативтік кебею көзінде жынысты көбеюге қарағанда ұрпақта сорттың
қасиеттері, белгілері жақсы сақталады. Вегетативтік көбею өсімдік өсіруде,
бақ және орман шаруашылығында кеңінен қолданылады. Бірсыпыра зиянды
арамшөптер тамырда түзілетін арнайы бүршіктер арқылы көбейеді. Оларға сары
қа-луен мен қызғылт қалуендер жатады. Ағаш тұқымдарының кепшілігі, мысалы,
көктерек, шие, қандыағаш тамыр атпаларымен көбейеді.
Арамшөптердің кепшілігі (бидайық) тамыр сабақ арқылы көбейеді.
Өсімдік шаруашылығында өсімдіктердің вегетативті көбеюінің маңызы зор.
Картопты тек селекцияда жаңа сорт шығару көзінде ғана тұқым арқылы
кебейткені болмаса, ылғи түйнектері арқылы вегетативті көбейтеді. Бақ және
жеміс шаруашылығында өсімдіктерді қолдан вегетативті жолмен қалемше арқылы
кебейту тәсілдері дамытылды. Қалемше дегеніміз өсімдіктен бөліп алынған,
қолтығында бүрі бар жапырақты өркенін (сабағын) немесе бір мүшесінің
(жапырақ, сабақ, тамыр) бір бөлігін айтамыз. Сондықтан оларды сабақ, тамыр
және жапырақ қалемшелері деп ажыратады.
Жеміс шаруашылығында вегетативті көбейтудің телу деп аталатын
тәсілінің маңызы орасан зор. Телу көзінде екі өсімдік бір-біріне
қиыстырылады. Телінетін өсімдік телітуші деп аталады. Телінуші мен
телітушіні қиғаштай көсіп, ткань кесінділерін бір-біріне тығыз жанастыра
ұластырады. Телінген өсімдік тұтасып өсіп кетеді. Телінуші мен телітуші
клеткалардың жанасқан жері клетка аралық заттармен байланысады. Сол уақытта
ұласқан өсімдіктердің камбий мен паренхима клеткаларының күшті бөлінуі
берік түтасып кетеді.
Тұқымды өсімдіктердің жынысты жолмен көбею мүшесін гүл дейміз. Ол
сабақтың немесе жанама бұтақтың үшынан өседі. Гүл бірнеше бөлімнен тұрады.
Гүл жапырақтар гүл шығатын буыннан өсіп, олар гүлге қорғаныш болып тұрады.
Бұл орналасқан сағақ-тың ұшын гүл кіндігі немесе табаны деп атайды. Осы
арадан гүл шығатын жерге дейінгі бөлімін гүл сағағы дейді. Оның бойында бір-
бірден (дара жарнақтыларда), екі-екіден (қос жарнақтыларда) гүл
жапырақшалары болады. Гүл кіндігіне орналасқан тос-тағанша мен күлте гүл
серігі деп аталады. Тостағаншаның түсі жасыл, фотосинтез процесіне қатысады
және ол гүл бөлімдеріне қорғаныш болады. Кұлте жапырақшалары, тостағанша
жапырақшалары өсімдік түріне қарай кейде өзара кірігіп (кіріккен желекті
өсімдіктер), кейде жеке-жеке (дара желекті өсімдіктер) тұрады. Гүлдің
негізгі бәлімінің бірі — аналық пен аталық. Егер гүлде аталық та, аналық та
бар болса қос жынысты, ал тек аналық не аталық қана болса дара жынысты гүл
деп атайды. Дара жынысты гүлдер бір өсімдікте кездессе бір үйлі (жүгері,
қияқ, қайың, емен, қандыағаш, асқабақ тұқымдасы), әр өсімдікте болса қос
үйлі (терек, тал, зығыр, көктерек) және жынысты гүлдері болуымен бірге,
дара жынысты гүлдері де кездессе көп үйлі (үйеңкі, шетен т. б.) өсімдіктер
деп атайды.
Тұқымды өсімдіктердің аталық гаметофитін тозаң дейміз. Тозаңның дамуы
микроспорадан басталады да, тұқым бүріне (ашық тұқымдыларда) не аналық
аузына (жабық тұқымды өсімдіктерде) тускеннен кейін аяқталады.
Бір түрге жататын өсімдіктердің гүліндегі аналық мойынның ұзындығы әр
түрлі болады. Осыған орай, аталықтары да ұзынды-қысқалы болып келеді.
Өсімдік гүлінің аналық мойны ұзын болып, аталықтан биік тұрса, екінші
өсімдік гүлінің аналық мойны қысқа келеді де, аталықтан төмен жатады. Айқас
тозаңдану көзінде қысқа аталықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz