Отбасы дегенді қалай түсінеміз?


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Отбасы дегенді қалай түсінеміз?

« . . . Әйел - үйдің ажары. Бала - үйдің базары . . . »

Отбасын құру - адам ғұмырындағы аса бір жауапты кезеңнің бірі. Ержеткен жігіттер мен қыздар бұл жауапкершілікті өте жақсы сезінуге тиісті. Ең әуелі жастарға отбасы құру үшін, иман таразылығынан өтіп, ар биігіне көтерілумен қоса, олардың ерлі-зайыптылық өмірлерінде аталық және аналық парыздарын да толық түсінулерін талап етеді. Бұл да, әлі мәселенің бір жағы ғана.

Екіншісі, жастар отбасын кұруға дайындық жүргізіп, әсіресе психологиялық әзірліктері, барынша үйлесімділік пен кешірімділікке бейімденулері қажет. Жалпы, қай халықтың болмасын, ғасырлар бойы қалыптастырған, ерлі-зайыптылар арасындағы заңдылықтары мен тұрмыс-салт дәстүрлері бар. Мұндай дәстүр мен тәлімге қазақ халқы да кенде емес. Тіпті, оның, қандас түркі халықтарынан да ерекшеленетін, өздеріне ғана тон әдет-гұрыптары көп-ақ. Мәселен, бұрынғы қазақ салтында, оң жақтағы қыз бен жасы жеткен әжеге деген құрмет, айналасындағы адамдардың үлкені мен кішісіне де қалтқысыз орындалатын заңдай болған. Осындай қатынасқа орай ақ жаулықты әже де, бой жетіп отырған қыз да лайықты мінез-кұлықтар көрсетуге тырысқан. Қазақ әйелдері өздерінің сыпайы қылықтарыменен зайыптарына өз пікірлерін жай ғана сыбырмен-ақ өткізіп отырған. Оның барлығы сөз арасында бүлк еткізіп ескертумен-ақ, ың-шыңсыз ыммен-ақ істелініп жататын еді. Әйелінің мұндай әрекеттеріне, күйеулері де ризашылық сезіммен қараған. Сондықтан да, көп нәрсені қас-қабақпен-ақ түсінісе салуға бейім тұрган. Міне, осындай тәрбиені оң жақтағы қызына жастайынан сіңіруге тырысқан парасатты аналар, уақыттан ешуақытта кешікпеген. Тіпті, халық даналығында « . . . шешесін көріп - қызын ал . . . » дейтін мәтелге айналып кеткен қанатты сөз де бар . . .

Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

Отбасы - шағын мемлекет,

Мен - президент, сен - премьер, -

дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі мен міндет-қызмет бөлінісі, кіріс-шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Және оның өзі адамзат қоғамының сан ғасырлык, дамуы барысында өткелектен өткізіліп, жетілдіріп, берік қалыптасқан.

Ертеде күн көрістің ауыр жүгін көтеріп, табиғи және әлеуметтік сілкіністер мен қырсықтарға төтеп беру үшін, отбасының көп жанды - бала-шағалы болуы тілесе, кейін санының көптігі әрбір халықтың, елдің артықшы- лығы, құнды қазынасы саналған. Осылайша қоғамның әлеуметтік жағдайы, адамдардың онда жақсы өмір суруі отбасының құрамына байланысты болған.

Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін
қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелері бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. „Отан отбасынан басталады" дегенінің мәнісі де осында.

Адам тіршілігінде отбасына, Отанға, достарға адалдық ерекше маңызды орын алады. Адал болмаса, адамның өзінің отбасынан жерінгені. Мұның ақыры халықта айтатын „іргесі шайқалды", „шаңырағы ортасына түсті"
дейтін отбасының жайылуымен тынатын қайғылы жағдайға апарып соғады. Әрине, өз үйіне адал болмаған опасыз отанына опа көрсетіп жарытпақ емес. Ондай мүгтәйімнен туыс та, дос-жаран мен былайғы құдайға қараған жұрт та зардап шегеді. Тегінде, ала-бөтен себебі болмаса, жасы жеткен ұл-қыздың үй болып, шаңырақ көтермеуі қалыпты жағдайға саналмайды.

Сондықтан үй болып, оның ішкі талаптарын, әдеп-инабат нормаларын мүлтіксіз сақтауға зор мән беріледі.

Отбасындағы тәртіптің оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың демократизмнің алатын орны ерекше. Әйтсе де онда бетімен кетушілікке жол берілмейді. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін ұйғарымын өздері жерде қалдырмайды, ал үй ішінің шылбыр-тізгінін қолында ұстаушылар да өз тарап-тарынан отбасының барлық мүшелерінің пікірін тілек-ұсыныстарын елеп-ескеріп отырса, бұл, бір жасынан, ортақ мүддеге қызмет етеді, екінші жағынан, тәрбиелік, өнегелік мәні бар инабаттылық та болып табылады.

Отбасының бейіл-береке, ынтымағы үшін отбасының (басқарушының) әділ болуы орасан маіңызға ие, Оның тәрбиелік рөлі де зор.

Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балиғатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы), босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың" деп, „Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" деп, „Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артык, " деп, „Анасына қарап, қызын ал", деп халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.

Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шүрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда, төрінің тарлығынан кесілгенде сирағы сыртқа шығып кетсе де, Жиренше шешен: „Айқай, менің боз үйім, ақ сарайдай өз үйім", - деп жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Алайда бала онда ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен шешенің жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп, іс жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр талап ететін жолын етеуге тиіс.

Соның бірі - үлкендердің ақыл-кеңесі, өсиеті, Мұны жай ақыл айту, құрғақ насихатшылдық, кәрілердің кәдуілгі әдеті деп қарау - қате онда сен жақсы бірдеңеге үйреніп қалсын деген ниет қана емес, үлкен өмір тәжірибесі, жастығыңа байланысты сен жете мән бере қоймайтын құнды сабақ бар. Соның құлаққа іліп, зердеге түйіп өскен жастан көп жақсылық күтуге болады. „Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады", - деген ғой кемеңгер Абай. Өзінің өмірбаяндық туындыларында ұлы Бердақ та қарттардың кеңесін жоғары бағалайды.

Қарттың сөзі ақыл кілең,

Қадірі жоқ надандарға.

немесе

Бір қарт айтса әңгіме,

Тәңірідей ұйып, қойдым құлак, -

дейді сол дана кісі.

Отбасындағы тәрбиенің кереметі - еңбекке баулу. Ол - адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адам шын бақытты бола алмайды. Өйткені, ежелгі рим философы Гораций айтқандай, „Өмір еңбексіз ештеңе бермейді", Адамның мәдениетінің, әдеп-инабатының, адамгершілігінің жоғарылы еңбекке деген сүйіспеншілікке тікелей байланысты. Жалпы, арғы-бергі заманда ғұмыр кешкен ұлы адамдардың адамды барлық жағынан кемелдендірудегі еңбектің ерекше рөлі туралы айтпағаны кемде-кем шығар. Адам жанының асқар білгірі, әлемге әйгілі жазушы Л. Н. Толістой: „Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адам-

ды ізгілендіреді", - дейді. Сонда ғана адамдар арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат, адалдық пен ақ иейілділік үстем бола алады.

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық бо-рышын ұмытпағанда, әсіресе ерімен қабағы жарасып, тату-сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі-өміршең салтын, діни жол-жосығымызды ескергенде, оның қадір-қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды, ағайын-туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Жеткіншек ұрпак, мұны ұғып біліп өскені абзал. Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау алатын көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде өз беделдерін жоғалтудың, бала-шаганың жүрегін шошытып, зәресін үшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болганда алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын

егеді. Бұл жағынан аналардың балаларга: „әкеңмен ақылдас", „әкең біледі" „әкеңнің айтқанын істе", т. б. деген сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет. Атақты „Абай" романында осыған орайлас халықтарымыздың қадірлі дәсіүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. Семей қаласында 3 жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жетіп жығылған 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте амандасу үшін шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Үлжан: „Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып сәлем бер!" - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай шарт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анык.

Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжіңтуа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы шынайы инабаттылық, әдептілік болып табылады. Сонда ғана олар үйдің „Қос алтын босағасы" дейтін халыктық марапатқа лайық биіктен көріпбек.

Ислам шариғатында (қағидаларында) да алтын ұя - отбасының жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. „Муошарат одоби' - кітабында көрсетілгендей, шариғатта: „Балалар - ата-аналар қолына берілген аяулы аманат", - деліпген. (Муошарат одоби. „Мийрас" баспасы, 1991, 5-бет. ) Бүл ғажайып құдайшылык, анықтаманы жадында үстау былай түрсын, әр үйдің маңдайшасына жазып қоюга тұрарлық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ
Әйелдер құқығы
Қоғамымыздың бірден бір байлығы – болашақ жастар
Жетім балалар
Өзін өзі тану
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тәрбие ісінің проблемалары. Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі mүciніктер
Қырық екі жыл өткеннен кейін көктемнің көгілдір күндерінің бірінде
Әлеуметтендіру факторлары мен тәрбие факторлары арасындағы байланыс және ерекшеліктер
ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz