Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерге орналастыру.Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 қазақ лицей мектебі
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНЕН
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерге
орналастыру. Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау.
Жазған: Кашканов Б. Б.
Павлодар қ. . 2008/10 оқу жылдары
Мазмұны:
І. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді
мекендерге орналастыру . . . 3
1. 1. Өртке қарсы күзет . . . 4
1. 2. Қоршаған ортаны қорғау . . . 5
ІІ . Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау;
2. 1. Әскери бөлімнің күн тәртібі . . . 6
2. 2. Ұйқыдан тұру, таңертеңгілік байқау және кешкілік тексеру . . . 7
2. 3. Оқу сабақтары . . . 8
2. 4. Әскери қызметшілерге келу . . . 9
11-сынып. 10-сабақ.
І. 2-тарау. § 3. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерге орналастыру
Әскери бөлімдер мен бөлімшелер жекелеген жағдайларда мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының келісімі бойынша елді мекендердің әкімшілік үйлерінде, ғимараттар болмаған жағдайда тұруға жарамды үй-жайларда орналаса алады. Уақытша орналасуға арналан елді мекендер әскери бөлім командирінің бұйрығы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық тұрғыда алдын ала тексеріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық тұрғыда қолайсыз елді мекендерде орналасуға тыйым салынады.
Үй-жайларға, бастырмаларға және алаңдарға орналасу алдында бөлімше командирі оларды тексеріп қарап шығады, содан кейін жеке құрамды, қару-жарақты және әскери техниканы орналастырады.
Роталар (взводтар) мүмкіндігіне қарай шоғырлана орналасады.
Қару-жарақ пен әскери техника бөлімшелер бойынша, құрылыстардан тысқары жабық (бүркемеленген) алңдарда немесе бастырмалардың астында орналастырылады. Әрбір рота үшін оның орналасу шекарасы көрсетіледі. Соның шектерінде оған дәрістерді жүргізу үшін үй-жайлар мен жергілікті жер учаскелері бөлініп беріледі, сондай-ақ бөлімшелерді жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жиналу пункті тағайындалады. Ауыз су мен тамақ дайындауға арналған су тек сумен жабдықтаудың бөлінген пункттеріне (көздеріне) ғана алынады; олардың ластануының алдын алу шаралары жүргізіледі, оларға тәулік бойы күзет қойылады.
Әрбір үй-жайда ішкі тәртіп пен үй-жайдағы мүліктің бүтін сақталуы үшін, үй-жайға іргелес аумақтың тазалығы үшін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы үшін жауап беретін басшы тағайындалады.
Барлық әскери қызметшілер үй-жай иелерінің мүлкін олардың рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
Елді мекенде уақытша орналасу кезінде қару мен оқ-дәрілер есіктерден, пештерден, қызу аспаптарынан алыс, құрғақ жерде сақталады.
1. 1. Өртке қарсы күзет
Барлық әскери қызметшілер өрт қауіпсіздігін талаптарын білуге, оны орындауға және өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істей білуге міндетті. Өрт пайда болған жағдайда әрбір әскери қызметші өрттен қорғанудың әскери (арнайы) командасын, құтқару жұмыстарын (штаттық өрт тобы) немесе штаттан тыс өрт командасын (өрт нарядын) шақыруға, қолда бар барлық құралдармен өртті сөндіруге, сондай-ақ адамдарды, қару-жарақты, әскери техниканы, мүліктерді және басқа да материалдық заттарды аман алып қалуға дереу шаралар қолдануға міндетті. Штаттық өрт командасы жоқ әскери бөлімде 5-тен 15-ке дейін адамға штаттан тыс өрт командасы құрылады. Штаттық емес өрт командасының құрамына. әдетте, бір бөлімшенің сарбаздары (матростар) мен сержанттары (старшиналары) тағайындалады. Командадан өрт наряды бөлінеді, ол өрт посттарында тәулік бойы немесе әскери бөлімнің командирі бекіткен посттар табеліне сәйкес, белгілі бір уақыт ішінде қызмет атқарады.
Өрт командасының жеке құрамы басқа нарядтарды атқарудан босатылады.
Өртке қарсы күзет және құтқару жұмыстары қызметінің бастығы сонымен бірге өрт командасының бастығы болып табылады және бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады. Ол өрт командасының, өрт сөндіру құралдарының ұдайы даярлығы үшін және әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамының өрт қауіпсіздігі талаптарына сай оқытылуы үшін жауап береді.
1. 2. Қоршаған ортаны қорғау
Әрбір әскери қызметші өзінің әскери қызметінің барысында табиғатты сақтауға және оның байлығын қорғауға міндетті. Бұл үшін ол әскери бөлімдегі ластаушы негізгі көздерді білуі және су ресурстарының, ауаның, жердің ластануын болдырмау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда көзделген шараларды қатаң орындауы тиіс.
Қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін әскери бөлімде тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия тағайындалады және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар жоспары әзірленеді. Ол бүкіл жеке құрамға жеткізіледі.
ІІ. Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау
Әскери бөлімдегі уақыттың бөлінуі оның тұрақты жауынгерлік даярлығы қамтамасыз етілендей және жеке құрамның жауынгерлік оқуын ұйымдасқан түрде өткізу, тәртіп сақтау, әскери тәртіп пен әскери қызметшілердің тәрбиесін, олардың мәдени деңгейін арттыру, жан-жанқты тұрмыстық қызмет көрсету, уақтылы демалу мен тамақ ішу үшін жағдайлар жасалатындай етіліп жүзеге асырылады.
Мерзімді әскери қызметшілердің қызметтік уақытының ұзақтығы әскери бөлімнің күн тәртібімен анықталады.
Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының және әскери бөлімдердегі оқулардың тыңдаушыларына апта сайын кемінде бір тәулік демалыс беріледі.
2. 1. Әскери бөлімнің күн тәртібі
Әскери бөлімде уақытты бөлу тәулік ішінде, ал кейбір жағдайларда апта ішінде де күн тәртібімен жүзеге асырылады.
Әскери бөлімнің күн тәртібі уақыт бойынша күнделікті қызметтің, бөлімшелер жеке құрамының және әскери бөлім штабының оқуы мен тұрмысының негізгі іс-шараларын айқындайды.
Күн тәртібі мен қызмет уақытының тәртібі Қарулы Күштердің түрі мен әскерлердегі тегі, әскери бөлімнің алдына қойылған тапсырмалар, жыл мезгілі және жергілікті климат жағдайлары ескеріле отырып, әскери бөлім командирінің немесе жоғарыда тұрған штабиың бұйрығымен белгіленеді.
Мерзімді әскери қызметшілердің күн тәртібінде жеке құрамды ұйқыдан тұрғызуды жүзеге асыруға, таңертеңгі дене шынықтыруды жүргізуге, оқу дәрістері мен оларға дайындыққа, арнайы киімді ауыстыруға, тамақ ішер алдында аяқкиімді тазалауға және қолды жууға, тамақ ішуге, қару-жарақ пен әскери техниканы күтіп ұстауға, тәрбие, мәдени демалыс уақытына, спорт, бұқаралық жұмысқа, жеке құрамды ақпараттандыруға, радио тыңдауға, телебағдарламаларды көруге, діни ғұрыптарды сақтауға, медициналық пункттерде ауруларды қабылдауға, әскери қызметшілердің жеке мұқтаждықтарына (кемінде 2 сағат), ке ішкі серуендерге, тексерулерге арналған уақыт және ұйқыға арналған 8 сағат уақыт көзделінуі тиіс.
Тамақ ішудің арасындағы аралықтар 7 сағаттан аспауы керек.
Әскери бөлімде әрбір аптада қару-жарақтың, жауынгерлік және басқа да техника мен оқ-дәрілердің жағдайын тексеру парктер мен оқу-материалдық базасының нысандарын толықтыра жабдықтау және оларды орналастыру әскери қалашықтар мен басқа да жұмыстарды тәртіпке келтіру мақсатында парк-шаруашылық күні жүргізіледі. Бұл күні барлық үй-жайды жалпы жинап тазалауға, сондай-ақ жеке құрамның моншада жуынуына мүмкіндік беріледі. Бұдан басқа, қару-жарақ пен әскери техниканы тұрақты жауынгерлік дайындықта ұстау мақсатында әскери бөлімде бүкіл жеке құрамды тарта отырып, парк күндері өткізіледі.
Демалыс және мереке күндері жауынгерлік кезекшілікті және тәуліктік нарядтағы қызметті атқарушыдан басқа, бүкіл жеке құрам үшін демалыс күндері болып табылады. Бұл күндері, сондай-ақ дәрістерден бос уақытта жеке құраммен мәдени-демалыс жұмысы, спорттық және басқа да іс-шаралар жүргізіледі.
2. 2. Ұйқыдан тұру, таңертеңгілік байқау және кешкілік тексеру
Таңертең рота бойынша кезекшібелгіленген уақытта: «Ұйқыдан тұрыңдар!» - деген дабыл бойыншаротаны түгел ұйқыдан оятады.
Рота бойынша кезекшінің: «Рота, таңертеңгі байқауға - сапқа тұр!» - деген пәрмені бойынша таңертеңгі қарау үшін взвод командирінің бөлімшелерін тағайындалған жерге сапқа тұрғызады; рота кезекшісі ротаны сапқа тұрғызып, старшинаға ротаның байқауға дайын екендігі туралы баяндайды.
Ұйықтар алдында үнемі аяқтың, шұлықтар мен ішкікиімдердің жай-күйі тексеріледі.
Кешкі тексерудің алдында, күн тәртібінде көзделген уақытта, рота старшинасының немесе взвод командирлері орынбасарларының бірінің басшылығымен бірінің басшылығымен кешкі серуен жүргізіледі. серуеннен кейін рота бойынша: «Рота, кешкі тексеруге сапқа тұр!» - деген пәрмені бойынша взводкомандирлерінің орынбасарлары өздерінің бөлімшелерін тексеруге сапқа тұрғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz