Сот сараптамасының түсінігі, негіздері мен тағайындау тәртібі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I.тарау.СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, НЕГІЗДЕРІ МЕН ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
1.1. Сот сараптамасының түсінігі және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Сот сараптамасын топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

II.тарау. СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
2.1. Сот сараптамасын тағайындау негізі және тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Сот сараптамасына қажетті материалдарды дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Іске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Сот сараптамасын жүргізуді тапсырудың маңызы және тәртібі ... ... ... ... ...27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Біздің қоғамымыздың бастан кешіп жатқан қиын кезеңде қылмыспен күресу – мемлекетіміздің алғашқы міндеттерінің бірі. Осы күресте маңызды қарудың бірі сот сараптамасы болып табылады, ол қылмыстарды тергеу кезінде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Алайда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы сот сараптамасының процессуалдық және дәлелдемелік проблемалары осы саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де орын алып отыр. Бұл олардың шешілуі мен жойылуының баяу жүруіне байланысты болып табылады.
Ата заңымызға сәйкес елімізде адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Осы кепілдіктің бірі болып, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде қылмыстық істер бойынша іске қатысушы және мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саналады. Ал оның жүзеге асырылуына қазіргі кезеңде қылмыстық істерді тергеудің және сотта қараудың сапасыздығы мен жеделдігінің баяу болуымен байланысты процессуалдық кедергілер мүмкіндік туғызбайды. Сонымен қатар қазіргі кезде әрекет ететін ҚР-ның Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің кейбір нормаларының жетілмеуінен де сот сараптамасының процессуалдық мәселелері өзекті болып отыр. Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау саласында, сонымен қатар арнайы білімдерді қылмыстық істерді тергеуде және сот өндірісінде толығымен пайдалануда қылмыстық істі жүргізуші орган қызметкерлерімен заңды түрде дұрыс орындау ерекше маңызға ие және өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы жұмыс аталған кемшіліктерді қандай да бір көлемде азайтуға арналған.
Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімді пайдаланудың негізгі нысаны деп айта келе оның негізгі кемшілігін, яғни қылмыстық істерді тергеудегі, сотта қараудағы аз икемділігіне назар аударған жөн. Бұл айтылғанға дәлел ретінде қылмыстық істерді тергеу мен сот отырысында сараптаманың көпшілігі формальді түрде тағайындалатынынан, қылмыстық іс жүргізудегі сот сараптамасы мүмкіншіліктерін бағалай алмауын айтуға болады. Сонымен қатар көптеген сарапшы қорытындыларының істерді тергеген және сотта қарау кезінде процессуалдық ережелердің бұзылуына байланысты дәлелдемелік маңызынан айрылуын, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттерін сақтамауын айтуға болады. Сараптаманы тағайындаумен және жүргізумен байланысты қызметтің төмен әдістемелік деңгейі туралы орындалусыз қайтарылып жатқан іс материалдарының көптігінен, сарапшының қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы арыздарынан көруге болады.
Дегенмен сот сараптамасының ғылым мен заңнамадағы процессуалдық жағдайы мен деңгейін тек төмен жағынан қарастыра бермеу керек, өйткені оны қолданудың процессуалдық талаптарына қазіргі кездегі тәжірибе әлі біртіндеп бейімделу науқанында деп айтуға болады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 1995 ;
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі. - Алматы, 1998;
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі. - Алматы, 1997;
4. 12 қараша 1997 жылғы Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңы;
5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексі, - Алматы, 1995;
6. "Қазақстан Республикасындағы сот сараптамалық қызметті лицензиялау және сот сарапшыларын мемлекеттік реестрден жүргізу тәртібі жөніндегі ережелерін бекіту туралы" 5 қазан 1998 жылғы №1021 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;
7. ҚР Жоғарғы Сот Бюллетені. – Алматы, №10, 2001.
8. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі стадиялар. Төлеубекова Б. Қ., Қапсәләмов Қ. Ж., Шынарбаев Б. Қ., Бекішев Д. Қ. – Алматы, 2002;
9. Сарсенбаев С. Е., Хан А. Л. Уголовный прцесс. Досудебное производство. – Астана, 2000;
10. Бычкова С. Ф. Организация назначения и производства судебной экспертизы. – Алматы, 1999;
11. Аубакиров А. Ф., Гинзбург А. Я., Лившиц Ю. Д. Значение экспертизы в расследовании преступлений. – Караганда, 1991;
12. Аринушкин Г. П., Шляхов А. Р. Назначение и производство судебной экспертизы. - Москва, 1988;
13. Виноградов И. В., Кочаров И. В., Селиванов Н. Л. Экспертиза на предварительном следствии. – Москва, 1968;
14. Дулов А. В. Вопросы теории судебной экспертизы в советском уголовном процессе. - Москва, 1959;
15. Россинская Е. Р. Судебная экспертиза в уголовном, гражданском, арбитражном процессе. - Москва, 1996;
16. Орлов Ю. К. Заключение эксперта и его оценка по уголовным делам. - Москва, 1995;
17. Шляхов А. Р., Корухов Ю. Г. Классификация судебных экспертиз. - Москва, 1992;
18. Строгович М. С. Курс советского уголовного процесса. – Москва, 1976;
19. Шакиров К. Н. Судебная экспертиза. Учебно - практическое пособие в схемах. - Алматы, 1998;
20. Сахнова И. В. Экспертиза в уголовном и гражданском процессе. - Москва, 2000;

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I-тарау.СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, НЕГІЗДЕРІ МЕН ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
1.1. Сот сараптамасының түсінігі және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
1.2. Сот сараптамасын
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 8

II-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
2.1. Сот сараптамасын тағайындау негізі және
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Сот сараптамасына қажетті материалдарды дайындау ...
... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Іске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.4 Сот сараптамасын жүргізуді тапсырудың маңызы және
тәртібі ... ... ... ... ...27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..32

КІРІСПЕ

Біздің қоғамымыздың бастан кешіп жатқан қиын кезеңде қылмыспен күресу
– мемлекетіміздің алғашқы міндеттерінің бірі. Осы күресте маңызды қарудың
бірі сот сараптамасы болып табылады, ол қылмыстарды тергеу кезінде ғылым
мен техниканың жаңа жетістіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Алайда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы сот
сараптамасының процессуалдық және дәлелдемелік проблемалары осы саладағы
заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына
байланысты осы күнде де орын алып отыр. Бұл олардың шешілуі мен жойылуының
баяу жүруіне байланысты болып табылады.
Ата заңымызға сәйкес елімізде адам құқықтары мен бостандықтары
танылады және оларға кепілдік беріледі. Осы кепілдіктің бірі болып, сот
сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде қылмыстық істер бойынша іске
қатысушы және мүдделі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз
ету саналады. Ал оның жүзеге асырылуына қазіргі кезеңде қылмыстық істерді
тергеудің және сотта қараудың сапасыздығы мен жеделдігінің баяу болуымен
байланысты процессуалдық кедергілер мүмкіндік туғызбайды. Сонымен қатар
қазіргі кезде әрекет ететін ҚР-ның Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің кейбір
нормаларының жетілмеуінен де сот сараптамасының процессуалдық мәселелері
өзекті болып отыр. Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның
нәтижелерін бағалау саласында, сонымен қатар арнайы білімдерді қылмыстық
істерді тергеуде және сот өндірісінде толығымен пайдалануда қылмыстық істі
жүргізуші орган қызметкерлерімен заңды түрде дұрыс орындау ерекше маңызға
ие және өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы жұмыс аталған
кемшіліктерді қандай да бір көлемде азайтуға арналған.
Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімді пайдаланудың
негізгі нысаны деп айта келе оның негізгі кемшілігін, яғни қылмыстық
істерді тергеудегі, сотта қараудағы аз икемділігіне назар аударған жөн. Бұл
айтылғанға дәлел ретінде қылмыстық істерді тергеу мен сот отырысында
сараптаманың көпшілігі формальді түрде тағайындалатынынан, қылмыстық іс
жүргізудегі сот сараптамасы мүмкіншіліктерін бағалай алмауын айтуға болады.
Сонымен қатар көптеген сарапшы қорытындыларының істерді тергеген және сотта
қарау кезінде процессуалдық ережелердің бұзылуына байланысты дәлелдемелік
маңызынан айрылуын, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде іске
қатысушы тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттерін сақтамауын айтуға
болады. Сараптаманы тағайындаумен және жүргізумен байланысты қызметтің
төмен әдістемелік деңгейі туралы орындалусыз қайтарылып жатқан іс
материалдарының көптігінен, сарапшының қосымша материалдарды ұсыну
қажеттігі туралы арыздарынан көруге болады.
Дегенмен сот сараптамасының ғылым мен заңнамадағы процессуалдық
жағдайы мен деңгейін тек төмен жағынан қарастыра бермеу керек, өйткені оны
қолданудың процессуалдық талаптарына қазіргі кездегі тәжірибе әлі біртіндеп
бейімделу науқанында деп айтуға болады.
Менің жұмысымның алдына қойған мақсаттары келесідей:
сот сараптамасының түсінігі мен маңызын ашып, оның белгілерін анықтай
отырып басқа тергеу әрекетінен ажырату;
сараптаманы топтастыра отырып оның түрлерін тағайындаудың ерекшелігін
көрсету және жаңа түрлерінің жетістіктерін анықтау;
сараптама тағайындау негізі мен сараптама жүргізу негізі ұғымдарының
ерекшелігін түсіндіріп, ажырата білу;
сараптама тағайындау барысында іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын
қамтамасыз етудегі заң нормаларындағы кемшіліктерді анықтау;
сараптама нәтижесінің қорытындысын бағалаудағы қылмыстық іс жүргізуші
органмен жол берілетін қателіктерді анықтау және оларға жол бермеуге
бағытталған ұсыныстарын енгізу.
Курстық жұмысы сот сараптамасының процессуалдық негіздерін қамтитын үш
тараудан тұрады. Бірінші таруда сот сараптамасының түсінігі мен мәні,
топтастырылуындағы ерекшеліктері туралы барлық қажетті мәліметтер
келтірілген. Екінші тарауда сот сараптамасын тағайындау негізі мен жүргізу
негізі ерекшеліктері, іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін
қамтамасыз етудегі кейбір проблемдік аспектілер, сараптама тағайындау
барысында сараптамалық зерттеу үшін материалдар дайындауға қатысты құқықтық
және процессуалдық мәселелері қамтылған. Үшінші тарау өзіне сарапшы
қорытындысының түсінігі мен мазмұнын, оны бағалаудың кейбір ерекшеліктерін,
қорытынды берудің мүмкін еместігінің негіздері мен процессуалдық тәртібіне
қатысты тәжірибеде кездесіп жататын қателіктер мен кемшіліктерді қамтиды.
Курстық жұмысын жазу барысында әртүрлі заңнамалар, нормативтік –
құқықтық актілер, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар,
мерзімдік басылымдар және басқа да шығармалар қолданылды.

I-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, НЕГІЗДЕРІ МЕН ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
1.1. Сот сараптамасының түсінігі және маңызы

Сот сараптамасы – бұл ерекше дербес, ең күрделі тергеу әрекеті және
оның іске маңызы бар мән – жайларды анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім
негізінде іс материалдарын зерттеуді білідіреді.
Сараптама (экспертиза) – латынның expertus-тәжірибелік деген сөзінен
шыққан, дәлелді қорытынды жасайтын арнаулы білімді талап ететін белігілі-
бір мәселені зерттеуді білдіреді. Энциклопедиялық тұрғыдан алғанда, сот
сараптамасы қылмыстық немесе азаматтық істің материалдары бойынша нақты
деректер мен мән-жайларды анықтау үшін сарапшының іс жүргізу заңнамасында
көзделген тәртіппен жүргізілетін зерттеуі ретінде түсініледі.
Кейбір ғалымдар сараптама ұғымына қатысты арнаулы танымдар ұғымының
мазмұнын білуді қажет етеді және осы тұрғыдан мынадай анықтама береді:
Сараптама – бұл іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін адамның
кәсіби қызметінің әр түрлі салаларындағы арнаулы танымды қарастыра отырып,
белгілі-бір адамдарға және басқа нысандарға зерттеу жүргізуді белгілеуден
тұратын тергеу іс-әрекеті. Білім және таным секілді терминологиядағы
айырмашылықтарға келетін болсақ, оларды қарастырылатын ұғымдардың мазмұндық
жағына әсер етпейтін талғамдық әуестікке жатқызуға жөн болар.
Л. Н. Башкатов, Г. Н. Ветрова, А. Н. Донценко, В. И. Зажицкий, В. И.
Шестаков сараптама ұғымының анықтамасына өзгеше түрде қарай отырып, алға
қойылған мәселелер бойынша қорытындылар жасау мақсатында сарапшының өзіне
берілген материалдық обьектілерді арнаулы танымның көмегі арқылы зерттеу
процессі деп қарайды.
Сот сараптамасы қылмыстық сот өндірісінде, криминалистикада,
қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс жүргізуде арнайы ғылыми білімді
қолданудың ең басты нысандарының бірі болып саналады, ал қылмыстық сот
өндірісінде арнаулы білімді қолданудың мамандырылған нысаны. Ол сот және
алдын – ала тергеу органдарының танымдық мүмкіншіліктерін неғұрлым кеңейте
түседі де, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс барысында және сот
отырысында танымның барлық ғылыми құралдарының арсеналын пайдалануға
мүмкіндік береді.
Сот сараптамасының негізгі мәнін анықтай келе, біз оның тергеу
барысында немесе арнаулы ғылыми білімді қолдануды қажет ететін қылмыстық
істі сотта қарау кезінде пайда болған проблемдік танымдық ситуацияларды
шешудің нысаны екендігіне назар аударғанымыз жөн, Сондықтан да сот
сараптамасы қылмыстық істің маңызды мән – жайларын анықтауда ең ыңғайлы
әдіс екендігіне көз жеткіземіз. Сот сараптамасы жаңа зерттеу әдістерін
жетілдіру арқылы тұрақты түрде дамиды да, сот, тергеу практикаларында көп
қолданыс табады[1].
Ю. Н. Белозеров пен В. В. Рябоконькода сот сараптамасының негізін
құрауға тиісті арнаулы (ғылыми) білімдер мәніне тоқталмай, сот сараптамасы
деп – қылмыстық (азаматтық) процессті жүргізетін адамдардың немесе
органдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын және сарапшыларға
жіберілген материалдарды зерттеуге және зерттеулердің нәтижелері бойынша
сот дәлелдемелерінің маңызы бар қорытындылар беруге бағытталған қызметті
айтады.
Сот сараптамасының қылмысты тергеудегі және қылмыстық іс жүргізудегі
елеулі ерекшелігі - сарапшының қолданатын ережелерінің қатаң ғылыми сипатта
болуы. Сарапшының арнайы ғылыми білімді қолдануы, сот қарастырып отырған
қылмыстық істің мәнінің қосымша жақтарын ашуға мүмкіндіктерді беріп қана
қоймай, сонымен қатар әр – түрлі құбылыстар мен заттар арасындағы өзара
байланысты, олардың себебі мен салдарын анықтауға да мүмкіндік береді.
Бұның барлығы сот қарастырып отырған фактілі материалдарды кеңейте отырып,
оған яғни сотқа қылмыстық іс бойынша обьективті шындықты анықтауды
жеңілдетеді.
12. 01. 1997 жылғы Сот сараптамасы туралы ҚР Заңы және 13.12.1997
жылғы Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі сот сарапшысының арнаулы ғылыми
білімінің болуы және аттестациядан өтуі, біліктілік куәлігінің болуын қажет
етеді, өйткені сот сараптамасының алдына қойған міндеттерді орындау үшін
сарапшыға жалғыз кәсіби дағды жеткіліксіз болады және барлық жағдайда
кәсіби тәжірибе мен дағды сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті құбылыстар
мен заттардың себептері мен өзара байланысы туралы білімді толық бере
бермейді.
Заң әдебиеттерде сот сараптамасының белгілері немесе оны жүргізудің
шарттары мен ұғымдары кездеседі. Бұл екі ұғымдар бір – бірімен ұқсас және
байланысты. Мысалы, орыс ғалымы Ю. К. Орлов сот сараптамасының белгілері
деп атаса, отандық ғалым С. Ф. Бычкова сот сараптамасын жүргізудің шарттары
деп атайды.
Сот сараптамасының негізгі белгілері сот сараптамасын қылмыстық іс
жүргізудегі арнайы білімдерді пайдаланудың басқа да нысандарынан айыруға
мүмкіндік береді.
Сонымен сот сараптамасының негізгі белгілері төмендегідей:
1. Сараптамалық зерттеуді арнайы ғылыми білімдер негізінде жургізуі – ҚР
ҚІЖК – нің 7 бабының 41 тармағына сәйкес арнаулы білім – бұл адам кәсіби
оқудың не білгілі – бір мамандық бойынша жұмыс істеудің нәтижесінде алған,
қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім.
Сараптаманың жалпыға ортақ және арнайы білім деген ұғымдардың қайсысына
жататынын ажыратып алған жөн. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен
арнайы білімнің өзара ерекшелігі субьективті сипатта болады, ол ерекшелікті
нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді. Сондай – ақ
ғалымдар арасында арнаулы білімді жалпы тұрмыстық білім мен жалпыға ортақ
білімді өзара салыстыру арқылы ғана анықтауға болады деген пікірлер де
аракідік ұшырасады. Біздіңше арнаулы білім деген ұғым ғылым мен техника
саласынан мамандығы бар деген ұғыммен тікелей байланысты. Сондықтан арнаулы
білім дара сипаттағы мамандық ұғымын, сондай – ақ арнаулы кәсіби білім алу
арқылы арнаулы еңбектің қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны толық
игерген маман ұғымының аясында қараған дұрыс сияқты[2].
Сараптаманың негізінде ғылыми білімнің белгілі – бір саласы жатыр, ал
сарапшының қорытындысы – ғылымның мәліметтеріне негізделген дәлелдеме.
Сараптама істі тергеген, не қараған кезде ғылым, техника, өнер және қолөнер
саласында арнайы білім қажет болғанда тағайындалады. Бұл ережені техника,
өнер және қол өнер ғылымдарына қарсы қойылған деп және осы ғылымдарға
негізделмеген сараптаманы жүргізуге жол беріледі деп талқылауға болмайды.
Техникаының, өнердің, қол өнердің әр – түрлі мәселесінің өзі ғылыми
зерттеудің обьектілері болады, сондақтан да барлық сараптама, техника, өнер
және қол өнер мәселелеріне қатысты болса да ғылыми мәліметтеріне негізделуі
керек. Бұл дегеніміз сарапшы ретінде әрқашан тек ғылыми жұмыскер, теоретик
қана шығуы керек емес, сондай – ақ практикалық жұмыскер де шыға алады.
Сараптаманы жүргізу үшін сарапшының арнайы ғылыми білімінің болуы
міндетті талаптардың бірі. Олар сарапшының ғылыми құзіретінің мазмұнын
қалыптастырады, сарапшының ғылыми құзіреті, оның сарапшы болып
тағайындалуына жеткілікті ғылыми білімдердің белгілі – бір көлемі болып
табылады.
2. Сараптамалық зерттеулердің іске маңызы бар мән – жайларды анықтау үшін
жүргізілуі - Сараптаманың қылмыстық іс бойынша дәлелдеу мәніне жататын
немесе дәлелдемелік фактілік мәні бар мән – жайларды анықтауға байланысты
міндеті бар. Осыған сәйкес жоғарыда аталып өткендей сот сараптамасының
міндеті тергеліп немесе қаралып отырған қылмыстық іс бойынша маңызды мән –
жайларды, фактілі деректерді анықтау болып табылады. Бұл мән – жайлар
сарапшы мен оның жүргізген зерттеулері негізінде анықталуы қажет. Сарапшыға
қойылған сұрақтың арнайы сипатта болып, белгілі – бір маманның құзіретіне
кіріп, бірақ өзінің шешілуі үшін арнайы зерттеулер жүргізуді қажет етпесе,
сараптама жүргізілмеуі керек.
3. Сараптамалық зерттеуді арнайы процессуалдық тұлға – сарапшының
жүргізуі. Сот сараптамасын жүргізу қажеттілігі туғанда, оны тергеуші немесе
сот тағайындайды. Сот сараптамасы туралы ҚР–ң Заңының 10 бабына және ҚР
ҚІЖК-нің 243 бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу мына тұлғаларға
тапсырылуы мүмкін:
– сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
– лицензияның негізінде сот сараптама қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға;
– ҚР – ң заңдарында көзделген бір жолғы тәртіппен өзге де тұлғаларға;
Сот сарапшысының жоғары білімі және сот сараптамасының белгілі – бір
түрі саласындағы арнаулы ғылыми білімі, сот сараптамасын жүргізу құқығына
арналған біліктілік куәлігі болуы және ҚР – ң Әділет Министрлігінің
комиссиясында өткен, сондай – ақ сот сараптама қызметін жүргізу құқығына
лицензиясы болуы керек, яғни заң бойынша сот сарапшысына осындай талап
қойылған.
Іс жүргізу заңнамаларында сарапшының процесске қатысушы ретінде
процессуалдық тәуелсіздікті қамтамасыз ететін бірқатар нормалар бар. Сот
сарапшысы тергеу және сот органдарына қорытынды бергенде, оның тәуелсіздік
қағидалары сақталуы керек. Бұл қағидалардың сақталмауы қылмыстық іс бойынша
дұрыс шешім шығаруға, тіпті әділеттіліктің жүзеге асуына кедергі болады.
Сондай – ақ сот сарапшысының процессуалды тәуелсіздігі оның қорытындысының
объективті, толық, дұрыс болуына кепілдіктің бір түрі: сарапшы міндетін
орындамаған жағдайда ҚР – ң заңдарына сәйкес материалдық жауапкершілікке
тартылатыны жатады.
4. Сараптаманың белгілі – бір процессуалдық нысанда жүргізуі.- ҚР – ң
қылмыстық, азаматтық іс жүргізу заңнамаларында сот сараптамасын тағайындау,
оны жүргізу және оның нәтижесін процессуалдық рәсімдеу нысанының тәртібі,
сондай – ақ сараптама жүргізуге байланысты іс жүргізуге қатысушылардың
құқықтары мен міндеттері көзделген. ҚР – ң ҚІЖК – де сараптама
тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілген. Оның бірі ҚР ҚІЖК – нің 242 бабының
2 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы шешімді сараптама
жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда, ол қылмыстық іс
қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкіндігі жатады. Заң шығарушының бұндай
тәртіпті енгізуі практика талаптарына сәйкес келеді. Себебі, практикада
есірткі заттармен байланысты қылмыстарды сот сараптамасын жүргізбей іс
қозғау мүмкін емес. Екінші тәртібі сот сараптамасын соттың тараптардың
өтініші бойынша (ҚР ҚІЖК – нің 354 бабы) немесе өз бастамашылығымен
сараптаманы тағайындауы мүмкін. Сондай – ақ заңда сот сараптамасын міндетті
түрде тағайындау негіздері нақтылы анықталмаған, сонымен қатар сараптаманы
жүргізу мерзімі белгіленбеген. Бұл айтылған мәселелерді қалыптасқан
жағдайға байланысты істі жүргізуші тұлға өзі шешеді.
5.Сараптамалық зерттеудің барысы және нәтижесі арнайы процессуалды құжат
– сарапшының қорытындысымен рәсімделеді. Қылмыстық іс жүргізу
заңнамаларына сәйкес сарапшының қорытындысы қылмыстық іс бойынша
дәлелдемелердің қайнар көзінің бірі болып табылады. Сарапшының қорытындысы
басқа дәлелдеме көздерінің арасында артықшылығы жоқ, бірақ оның елеулі
ерекшелігі: ол арнайы ғылыми білімді қолдана отырып, зерттеу негізінде
алынған нәтиже. Сот сарапшысының қорытындысында оның алдына қойылған
сұрақтарға жауап және зерттеу кезінде қолданған әдістері көрсетіледі.
Сарапшының құзіреті еместігі, не объективті еместігі, одан бас тартуына
негіз болатын мән – жайларды анықтау, сарапшы қорытындысының дұрыстығы мен
толықтығын қамтамасыз ету үшін маңызды.
Сарапшының қорытындысы тергеуші мен сот органдарымен бағалануға
жатады. Сот сараптамасының қорытындысы жөнінде толығырақ келесі тарауларда
арнайы тоқталып өтеміз[3].

1.2. Сот сараптамасын топтастыру

Сот сараптамасының топтастырылуын жақсы білу тергеуші және судья
тағайындалатын сот сараптамасының атауын дәл анықтауы мен олардың тегін,
түрін, түршесін ауыстырып алмай тағайындауына негіз болады. Бұл жағдайды
тергеу және сот практикасына талдау жасаумен көз жеткізуге болады.
Сот сараптамасын топтастырудың ғылыми және практикалық маңызы бар.
Сараптаманы топтастырудың практикалық маңызы: сот сараптамасының түрін,
тегін таңдауға, оны жүргізетін сот сараптамалық органдар мен сарапшыны
анықтауға көмектеседі. Сараптаманы топтастырудың теориялық маңызы: оның
тектерінің, түрлері мен түршелерінің жалпы сот сараптамасында алатын орны,
олардың пәнін, обьектілерін, зерттеу әдістемелерін анықтауда және
сараптаманың түрі, ,тегі, түршесіне байланысты жеке заңдылықтар мен
теориялар құруға көмектеседі. Сондай – ақ сот сараптамасын топтастыру
сарапшының қорытындысын бағалау кезінде елеулі роль атқарады.
Сот сараптамасы әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады. С. Ф.
Бычкованың айтуы бойынша сараптаманы топтастырудың критерийі ретінде
сараптамалық зерттеудің пәні, яғни сараптама жүргізу арқылы анықталуға
жататын мән – жайларын атайды.
Сот сараптамасы туралы ғылымда кей ғалымдар барлық сараптамаларды
пәні бойынша сыныпқа, текке, түрге, түршеге бөледі. Мысалы, бұл жүйеде ең
ірі элементтері класс (топ, сынып) болып саналып, ол теорияда онға
бөлінеді:сот криминалистикалық;сот – медициналық және психофизиологиялық;
сот инженерлік – техникалық; сот инженерлік – транспорттық; сот
инженерлік–технологиялық; сот-экономиялық; сот биологиялық; сот
экологиялық; сот ауыл – шаруашылық; сот - өнертанымдық. Өз алдына бұл
класстар текке, түрге, түршеге бөлінеді.
Криминалистикалық сараптама өзіне тән дәстүрлі тектерге бөлінеді:
баллистикалық; трассологиялық; суық қаруды зерттеу; фототехникалық; жазу
мәнерін зерттеу; автор тану; құжаттарды техникалық-криминалистикалық
зерттеу; портреттік зерттеу;фоноскопиялық; материалдарды, заттарды және
бұйымдарды зерттеу.
Трасологиялық сараптаманың түрі бойынша топтастырылуы: дактилоскопиялық;
көлік – трасологиялық; аяқ және аяқ – киім іздерін зерттеу; тіс, ерін және
адамның басқа бөліктерінен қалған іздерді зерттеу; бұзу құралдарының
іздерін зерттеу; пломбаларды, құлыптарды және жабылатын басқа да құралдарды
зерттеу.
Дактилоскопиялық сараптаманың түршесі бойынша топтастырылуы:
папилляроскопиялық (қолдың саусақтары мен алақандарын зерттеу);
пароскопиялық; эджескопиялық; биологиялық (із қалыптастыру обьектісі
бойынша дактилоскопиялық сараптаманың түршесіне жатқызылу себебі: қолдың
саусақтарынан дақ түрінде із қалуы);
Криминалистика, іс жүргізушілік және сот сараптамасы әдебиеттерінде
сот сараптамасын топтастырудың ең жиі кездесетіні, әрі толығы, келесі
негіздер бойынша топтастыруы: арнайы білім саласы, жүргізудің кезеңділігі,
зерттеудің көлемі, сарапшылардың құрамы бойынша топтастыру жатады.
ҚР–ң ҚІЖК заңнамаларында сот сараптамасы процессуалдық негіз бойынша
келесідей топтастырылады (К. Н. Шакиров, С. Ф. Бычкова берген топтастыру
бойынша бұл негіздерді басқа да негіздер деп атайды.):
1. Сарапшылардың саны бойынша: жеке және комиссиялық;
2. Қолданылатын білімдердің құрамы бойынша: біртекті және кешенді;
3. Жүргізу кезеңділігі бойынша: алғашқы және қайталама;
4. Зерттеудің көлемі бойынша: негізгі және қосымша;
5. Жүргізу орны бойынша: сот сараптама органдарында және сот сараптама
органдарынан тыс;
6. Жүргізудің міндеттілік қағидасы бойынша: міндетті және міндетті
емес. Енді бұл сараптама түрлеріне жеке – жеке тоқталып өтейік.
Жеке сараптама. Әдетте бұндай сараптаманың түрі қарапайым, жеңіл
обьектілер бойынша жүргізіледі. Жеке сараптаманы сарапшы бір өзі жүргізеді.
Сарапшы бұл сараптаманы жүргізу барысында сараптамалық зерттеуде өзінің
арнайы ғылыми біліміне сүйенеді. Сараптамалық зерттеуді жүргізу барысында,
егер оған жіберілген материалдар жеткіліксіз болса, онда ол қасымша
материалдарды талап етеді немесе сараптамалық зерттеу жүргізуден бас тартуы
мүмкін. Сараптамалық зерттеудің нәтижесін қорытындымен бекітіп, оған өзі
қол қояды және қорытындының толықтығы мен дұрыстығына жауапты болады.
Сондай – ақ сараптаманың қорытындысымен сарапшы өз атынан жазып,
соңына мөрін қояды. Егер сараптамалық зерттеу барысында сарапшы қылмыстық
іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән – жайларды анықтаса,
ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы. Сарапшы қорытындыға
зерттеуден кейін қалған обьектілер, оның ішінде үлгілер, сондай – ақ
фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын
куәландыратын басқа да материалдарды қоса тіркейді. Қорытындының
қосымшасына сарапшы қол қояды да, сараптама тағайындаған органға жібереді.
Комиссиялық сараптама. Комиссиялық сараптама күрделі сараптамалық
зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір
мамандықтағы бірнеше сарапшы жүргізеді (ҚР ҚІЖК-нің 249 бабы.) Комиссиялық
сараптама жүргізілгенде, оның өзіне тән белгілері бар. Олар келесідей:
– Сараптаманы бір мамандықтағы не бірдей арнайы ғылыми білімі бар бірнеше
сарапшының жүргізуі;
– Сараптама зерттеу кең көлемді болса, аса күрделі болса немесе оның
қылмыстық іс үшін маңызды болса жүргізіледі[4].
ҚР ҚІЖ заңнамаларында қайталама сараптаманы міндетті түрде комиссиялы
жүргізу тәртібі көрсетілген. Сондай – ақ барлық жағдайда есі дұрыстығын
анықтау үшін сот – психиатриялық сараптама тағайындалып, комиссия құрылады,
оған кемінде үш сарапшының міндетті қатысуы керек.
Осыған орай, комиссиялы сараптаманың құрамы қанша сарапшыдан тұруы
керек екендігіне байланысты сұрақ туады. Егер сот – псхиатриялық
сараптаманы тағайындағанда ол кемінде үш сарапшыдан тұрғаннан кейін барлық
комиссиялы сараптаманың құрамы кемінде үш сарапшыдан тұруы керек деп бұл
сұраққа жауап беруге болады.
Комиссиялы сараптама жүргізгенде комссия мүшелері бір – бірімен
кеңесуіне құқығы бар.
Практикада комиссиялық сараптама келесі сұрақтарды шешу үшін
құрылады:
– Кәсіби құқық бұзушылық үшін медициналық қызметкерлерді қылмыстық
жауапкершілікке тарту туралы;
– Қылмыстық және азаматтық істердің материалдары бойынша қайталама
сараптама жүргізу туралы;
– Тұрақты түрде еңбек қабілеттілігін жоғалтуды анықтауға байланысты
сараптаманы жүргізу туралы;
– Аса күрделі жағдайларда және көп обьектілі материалдар бойынша бастапқы
сараптаманы тағайындау туралы.
Біртекті сараптамада оны жүргізуде қолданатын арнайы ғылыми білімдердің
біртектігімен сипатталады. Біртекті сараптамаға қойылатын талаптар жеке
сараптама жүргізуде қойылатын талаптармен бірдей.
Кешенді сараптама. Кешенді сараптаманы тергеуші және сот іс үшін маңызы
бар мән – жайларды анықтау үшін білімнің түрлі саласы негізінде зерттеуді
жүргізудің қажеттілігі туындағанда тағайындайды және оны жүргізуге әртүрлі
мамандықтағы сарапшылар тағайындалады (ҚІЖК-нің 250 бабы). Кешенді
сараптаманың өзіне тән құқықтық белгілері төмендегідей:
– Зерттеу жүргізгенде әртүрлі мамандықтағы сарапшылардың қатысуы және
олардың қызметінің әртүрлі болуы;
– Тек жалғыз өзі жүргізген немесе басқа да сарапшылар қатыстырылып
жүргізген зерттеу негізінде қорытынды беру.
Кешенді сараптаманы жүргізуді ұйымдастыру сот сараптама органына
жүктеледі және оны ұйымдастыру басшысына тапсырылады. Сот сараптама
органының басшысы жіберілген материалдарға байланысты кешенді сараптама
жүргізу туралы дербес шешім қабылдап, оны жүргізуге, ұйымдастыруға басшылық
жасайды.
Кешенді сараптама жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізуші органның
талабы дұрыс сараланбаған жағдайда сот сараптама органының басшысына ол
міндетті болып табылмайды. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір
сарапшының қандай зерттеуде, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай
қорытындыға келгені көрсетілуі тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы
зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.
Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде, оларды
анықтау үшін сараптама тағайындалған мән – жай туралы ортақ қорытынды
тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны, алынған нәтижелерді бағалауға құзіреті бар
сарапшылар ғана тұжырымдап қол қояды. Егер комиссияның немесе оның бір
бөлігінің түпкілікті қорытындысына сарапшылардың бірі анықтаған фактілер
негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.
Сарапшылардың арасында келіспеушілік болған жағдайда зерттеулердің
нәтижелері олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды
береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің қорытындысымен сәйкес
келмеген сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды.
Қосымша сараптама. Қосымша сараптаманы жүргізудің мақсаты –
сараптаманы тағайындаған тұлғаның қорытындының толықтығына және айқын
болмауына келіспеуі, сондай – ақ бұрын зерттелеген обьектілерге қатысты
жаңа сұрақтардың пайда болуы. Қосымша сараптама тек негізгі сараптама
жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптама тек екінші, үшінші
ғана болмай, ол есеп бойынша кете беруі мүмкін[5].
Бұл ереже ҚР ҚІЖК – нің 255 бабының 1 бөлігінде көрініс тапқан және
онда қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ
бұрын зерттелеген жағдайларға қатысты жаңа мәселелер пайда болған кезде
тағайындалады деп көзделген.
Сарапшы қорытындысының анық болмауы оның тұжырымының түсініксіз
болуында болып табылады және ол қорытындыны түсіндіру арқылы жойылады.
Сарапшының қортындысын түсіндіру деп – оның жауап беруі арқылы сарапшының
таңдаған әдістемесін, оның қолданған ғылыми техникалық құралдарын,
анықтаған белгілерін, жеке терминдердің мәнін және маңызын ашуын айтамыз.
Сарапшы қорытындысының толық болмауы оның алдына қойылған кейбір
сұрақтарды шешпей қалдырып, олардың көлемін кішірейтіп және барлық
обьектілерді зерттемегенде орын алады. Бұл көрсетілген қорытындының толық
еместігі, оған қойылған сұрақтарды кішірейту өз алдына сарапшы нәтижесіне
күдік тудырмайды.
Заңи әдебиеттерде қосымша сараптамалық зерттеулердің табиғаты туралы
сұрақтар бірдей шешілмейді. Кей авторлар оны қосымша десе, ал екіншілері
жаңа, дербес сараптама деп атайды. Бұндай мәселені дұрыс шешудің жолын Ю.
К. Орлов ұсынды. Оның айтуы бойынша біз бұл мәселені қосымша сараптаманың
мақсаты тұрғысынан қарастырмауымыз керек, өйткені оның мақсаты үнемдеу
болып табылады. Бұндай жағдайда обьектіні қайталама зерттеу жүргізбей, тек
алғашқы қорытындыға сілтеме жасауға болады. Сондықтан да егер жаңа
сұрақтарды шешкенде қандай да бір көлемде алдыңғы зерттеудің нәтижелері
қолданылатын болса, онда сараптама қосымша болуы керек.
Қосымша сараптаманы жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа
сарапшыға тапсырылады, бірақ бірінші сарапшыға тапсырған орынды. Оны
тағайындаған кезде сарапшының қарамағына негізгі сараптаманың материалдары
және қорытындысы ұсынылуы тиіс. Алғашқы сараптаманы жүргізуге қойылатын
талаптар жеке және негізгі бір текті сараптамалар жүргізуге қойылатын
талаптармен бірдей.
Қайталама сараптама. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы
қорытындысының жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы
күмәнді болған жағдайларда дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
Қорытындының негізсіз болмауын анықтау оны бағалау арқылы жүреді.
Тергеуші сарапшының жеткілікті құзіретін зерттеу мақсаттарын дұрыс
түсінуіне, зерттеудің нәтижесі берілген қорытындыға сәйкестігіне назар
аударуы қажет. Бұл шарттардың біреуін бұзу қорытындыны негізсіз деп табуға
негіз болады. Осы көрсетілген себептермен қорытындының негізсіздігі туралы
процесс қатысушыларының кез – келгенімен айтылуы мүмкін.
Сарапшы қорытындысының дұрыстығына күмән, оны іс бойынша басқа да
дәлелдемелермен салыстырғанда және олардың арасындағы қарама – қайшылықты
анықтағанда туындайды[6].
Қайталама сараптаманы тағайындаған кезде сарапшының алдына бұрын
қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақтар қойылуы
мүмкін.
Қайталама сараптаманы тағайындау туралы қаулыда алдыңғы сараптаманың
нәтижелерімен келіспейтіндігінің себептері көрсетіледі. Сарапшының
қарамағына алғашқы сараптаманың материалдары мен қорытындылары міндетті
түрде ұсынылады.
Тәжірибеде қайталама сараптаманы тағайындау процессуалды
кемшіліктерімен ұштасқан және олардың кейбіреулері кең таралған сипатқа ие.
Қайталама сараптама зерттеуге бұрын қолданғаннан ерекшеленетін бастапқы
ақпараттар берілген кезде тағайындалуы мүмкін (мысалы, жол көлік оқиғалары
туралы істер бойынша ішінара өзгерген бастапқы мәліметтерді сараптамада
қолдану). Қайталама сараптама алғашқы нәтижелермен келіспеу туралы
айыпталушының негізсіз арызы мен тергеушінің дәлелсіз келіспеуі кезінде
тағайындалмайды. Бұл жерде қайталама сараптаманы тағайындау үшін
процессуалдық негіз мүлдем жоқ.
Қайталама сараптаманы тағайындауға дау негізі алғашқы сараптаманы
жүргізуде болған елеулі процессуалдық бұзушылықтарды анықтау болып
табылады. Бұл негіз заңда тікелей көзделген, бірақ осы жағдайдағы
процессуалдық құқық бұзушылықтарға дифференциалды түрде жақындау қажет.
Егер олар жойылмайтын болса, сарапшының қорытындысы дәлелдемелер қатарынан
алынады да, бағалануға жатпайды. Бұндай жағдайда жаңа тағайындалатын
сараптама алғашқы болып саналады.
Сот сараптамасы теориясы мен тәжірибесінде бірнеше рет басқа да
сұрақтар да көрсетіледі. Бұл сұрақ алғашқы сараптаманың қорытындысымен
келіспеген жағдайда оларды тағайындау міндетті болып табылмайды, өйткені
қайталама сараптаманың бақылаумен, тексерумен ортақ белгілері жоқ. Бұл
сұрақты шешкенде сараптаманың пәні болатын мән – жайларға байланысты істе
басқа да дәлелдемелердің болуын, сондай – ақ қайталама сараптаманы жүргізу
мүмкіншілігі жоқ екендігін ескеру қажет. Мысалы, зерттелетін обьектінің
жоғалуы не елеулі өзгеруі.
Қайталама сараптаманы жүргізуді сарапшылардың комиссиясына тапсырады.
Алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптаманы жүргізуге
қатысады және түсініктеме береді, бірақ сараптамалық зерттеу және қорытынды
құру кезіне қатыспайды.
Қайталама сараптаманың нәтижесін бекіту комиссиялы сараптаманың
нәтижесімен бекітумен ұқсас болып табылады.
Сот сараптама органында немесе сот сараптама органынан тыс жерде
сараптаманы жүргізу және сараптаманы жүргізудің міндетті болуын және
міндетті емесе болуын басқа тарауларда қарастырып өтеміз.
II-тарау. CОТ САРАПТАМСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
2.1. Сот сараптамасын тағайындау негізі және тәртібі

ҚР-ның ҚІЖ заңнамасында көзделгендей сот сараптамасы қылмыстық іс
қозғалғаннан кейін, іс бойынша сотқа дейінгі өндірісті, яғни алдын – ала
тергеу барысында, істі басты сот талқылауында қарағандағы сот тергеуінде,
сондай – ақ заңды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларына шағымдар
мен наразылықтар келтірілген кездегі апелляциялық сот сатысында істі қарау
барысында, тергеушімен немесе сотпен тағайындалуы мүмкін. Ал заңи тұрғыдан
сот сараптамасын тағайындаудың жалпы ережесі ҚР ҚІЖК – нің 240 бабына
сәйкес сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс
материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән – жайлар алынуы
мүмкін жағдайда тағайындалады. ҚР ҚІЖК – гі сот сараптамасының анықтамасына
қойылған талаптар қазіргі кездегі сот сараптамасының мәні туралы әр – түрлі
талқылауларды жоюға мүмкіндік береді. Ал арнаулы ғылыми білімдер ұғымына
жоғарыда талдау жасап кеткенбіз[7].
Сонымен бірге сот сараптамасы қылмыстық істі қозғау туралы шешімді
сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайларда, ол қылмыстық
іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін,. (ҚР ҚІЖК-нің 242 бабының 2
бөлігі). Мысалы, оқиға болған жерде табылған, не қылмыскерден жеке тінту
барысында алынған суық қаруға ұқсас құралдарды суық қарулардың қатарына
жататындығын анықтау немесе қылмыскердің үйін тінту барысында табылған
есірткі затқа ұқсас заттарды нақты есірткі заттардың қатарына немесе
құрамында есірткі заттары бар дәрі – дәрмектердің қатарына жататындығын
анықтау. Бұл ереженің практикалық маңызы сот сараптамасын тағайындаусыз
қылмыстық істі қозғау мүмкін болмауы табылады. Сондықтан сот сараптамасының
өз уақтылы, дер кезінде тағайындалуы және жүргізілуі керектігін ескерген
жөн. Ал сот сараптамасы іс бойынша тергеудің аяқталған кезінде тағайындалуы
жиі кездеседі. Бұл мән – жай тергеу барысында тергеушімен сараптама
нәтижелерін жедел пайдалану мүмкіншілігін жоғалтып, тергеу мерзімінің
бұзылуына әкеліп соғады. Бірақ сот сараптамасын мұқият әзірленген
материалдарсыз тез асығыстан тағайындау сарапшының тергеуді мүдделендіріп
отырған сұрақтарды толық жеткілікті шеше алмауына әкеледі. Сондықтан сот
сараптамасы оқиға болған жерді қарау сияқты кідіртілмейтін тергеу
әрекеттерінің қатарына жатқызылған. Демек оқиға болған жерді қарау және сот
сараптамасын жүргізу арқылы қылмыс белгілері анықталып, осы мән – жай
бойынша қылмыстық іс қозғалады.
Сот сараптамасын тағайындау іс жүргізу заңнамаларында көзделген
тәртіптерді, негіздерді және шарттарды сақтай отырып жүргізілетін іс
жүргізушілік, яғни тергеу әрекеті болып табылады. Ол тек сот сараптамасын
тағайындау туралы тергеушінің немесе соттың қаулыларын шығарумен
шектелмейді.
Тергеушінің сот сараптамасын тағайындау кезінде оны жүргізудің нақты
негіздері мен шарттарын, сараптаманың пәнін, обьектілерін, сараптамалық
зерттеу жүргізетін сот сараптама немесе сот – медициналық сараптама
мекемесін немесе тиісті сарапшыны, сараптаманы жүргізудің орны мен уақытын,
сарапшының алдына жіберілетін материалдарды, істе қамтылған сарапшының
қорытындысын негіздеуі мүмкін мәліметтерді белгілейді. Оның үстіне
сараптаманы тағайындау кезінде бірқатар ұйымдастырушылық сұрақтар шешіледі.
Қылмыстық істер жүргізу заңнамасында сот сараптамасын тағайындаудың нақты
негіздері және шарттары көзделген (ҚР ҚІЖК –нің 241 бабы). Бірақ бұл негіз
барлық жағдайда сараптама тағайындаудың негізі бола алмайды, ол тек
қылмыстық іс бойынша мән – жайларды анықтау үшін сот сараптамасының
міндетті түрде тағайындалуы. Олардың қатарына, егер іс бойынша:
– өлімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық
дәрежесін;
– іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе
күмән туғызғанда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын;
– ақыл – есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтары мен
заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде күмән туғанда
сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай – күйін;
– ҚР ҚК – де өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған
айыпталушының психикалық жай – күйін;
– іс үшін маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар
беру қабілетіне күмән туған жағдайда жәбірленушінің, куәнің психикалық
немесе тәнінің жай – күйін анықтау қажет болғанда;
– істің өзге де мән – жайлары басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын болса,
сараптаманы тағайындау мен жүргізу міндетті болады.
Айта кететін бір жайт, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында көзделген
мән – жай сот сараптамасын міндетті түрде тағайындауының барлық нұсқауларын
жоққа шығармайды. Оларды келесідей талдауға болады: егер тергеушіні не
сотты мүдделендіріп отырған мән – жайлар басқа да дәлелдемелер көмегімен
анықталуы мүмкін емес болса, сот сараптамасын тағайындау міндетті болып
табылады. Мысал ретінде, есірткі заттардың заңсыз айналылымымен байланысты
қылмыстық істерді тергеген кезде сараптаманы тағайындамай, оқиға болған
жерден алынған не қылмыскердің пәтерінен тінту арқылы алынған есірткіге
ұқсас заттарды немесе құрамында есірткісі бар дәрілерді нақты есірткі
заттардың қатарына жататындығын анықтау мүмкін емес, сондықтан есірткі
заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істерде сараптаманы
тағайындау міндетті[8].
Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында сот сараптамасын тағайындау негізі
нақты анықталмаған, барлық жағдайда тергеуді жүргізіп отырған тұлға, яғни
тергеуші және істі сотта қарап отырған судья анықтайды. Сондай –ақ
заңнамада сот сараптамасын жүргізу уақыты белгіленбеген. Біздің ойымызша,
сот сараптамасын жүргізу уақыты әр сот сараптамасы мекемелерінің және
сараптаманы жүргізетін мемлекеттік органдардың мамандырылған бөлімшелеріне
енетін сот сараптамасы органдарының ведомствалық нормативті актілерінің
және сараптаманың күрделілігімен анықталады. Әдетте бұл уақыт 10 – 20 күн,
ал сот – психиатриялық сараптаманы жүргізу уақыты 30 күн. Бірақ барлық
жағдайларда тергеуші сот сараптамасын жүргізу уақытына, тергеуді жүргізудің
процессуалдық мерзіміне көп көңіл бөлуі керек. Өйткені кей жағдайларда бұл
екі мерзім сәйкес келмеуі мүмкін, нәтижесінде қылмыстық іс бойынша
тергеудің процессуалдық мерзімінің бұзылуына әкеп соғады. Сараптама
тағайындаудың уақыты тергеуші, прокурор, сотпен қалыптасқан жағдайларға
және тактикалық амалдарға байланысты анықталады. Сараптама өндірісі үшін
барлық қажетті материалдар жиналса, оны тағайындау мақсатқа лайықты болып
табылады және заттай дәлелдемелердің жағдайына қарай тергеушіде қажетті
сұрақтарды шешудің мүмкіндігі болады. Қалай болмасын, сараптаманы
тағайындауды тергеушімен кейінге қалдыруға болмайды, өйткені бұл тергеу
мерзімінің созылуына немесе елеулі өзгеруі салдарынан сараптама жүргізу
мүмкіндігінің жоюылуына әкеліп соғады.
Қандай да бір факт дәлелдеудің әртүрлі құралдарымен орнатылуы мүмкін. Сол
сияқты сараптама, егер өзге тергеу әркеттерінің барысында алынған
мәліметтердің растылығы күмән туғызған жағдайда немесе арнаулы білімдерді
қолдану арқылы жаңа фактіліреді орнату талап етілсе тағайындалады.
Заңи әдебиеттерде, оның ішінде криминалистика және сот сараптамасында
сот сараптамасын тағайындау негізі және сот сараптамасын жүргізу негізі
деген терминдер жиі кездеседі. Бұл екі термин бір – біріне ұқсас синоним
ретінде қолданылады деуге болады.
Т. В. Сахнованың айтуы бойынша сот сараптамасын тағайындау негізі және
сот сараптамасын жүргізу негізі ұғымдары бір – біріне ұқсас, синоним емес
деп келесі анықтамаларды береді. Сот сараптамасын жүргізу негізі ретінде
анықталуға жататын мән – жайлардың сипатына обьективті негізделген арнайы
білімдерге сұраныс болып табылады. Ал сот сараптамасын тағайындаудың негізі
ретінде (тергеу әрекеттерінің бір түрі болуына байланысты) сот
дәлелдемелерін алу үшін арнайы білімдердің қажеттілігі болып табылады.
Практикада арнайы білімдерге фактілі сұранысты және сот сараптамасын
жүргізудің негізін анықтауды бір – бірімен тығыз байланысты. Олар тек
логикалық тұрғыда бөліп қарастырылады.
С. Ф. Бычкова және А. Ф. Аубакиров, А. Ф. Гинзбургтің айтуы бойынша, сот
сараптамасын тағайындаудың негізін фактілі және заңды негізі деп екіге
топтастырады. Сот сараптамасын тағайындаудың негізі қылмыстық іс бойынша
туындаған сұрақтарды арнайы ғылыми білімдерді пайдалану арқылы шешудің
сұранысы болып табылады.
Сот сараптамасын тағайындаудың заңды негізі ретінде арнайы ғылыми білімді
қолдану арқылы сұрақтарды шешудің қажеттілігі расталатын қылмыстық іс
материалдары болып табылады.
К. Н. Шакиров та сот сараптамасын жүргізу негізіне қатысты фактілі және
заңды деп бөледі де, келесідей анықтамасын береді: Сот сараптамасын
жүргізудің фактілі негізі деп арнайы ғылыми білімді тартуды талап ететін
қылмыстық іс материалдарының болуын айтамыз. Сот сараптамасын жүргізудің
заңды негізі деп қылмыстық істі тергеп отырған тергеушінің немесе істі
сотта қарап отырған соттың сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыларын
айтамыз[9].
Сот сараптамасын тағайындау және сот сараптамасын жүргізу негізін
фактілі және заңды деп топтастыруына толық келісеміз. Өйткені кез – келген
тергеу әрекетін жүргізудің фактілі негізі арнайы ғылыми білімді қолдану
арқылы зерттеуді талап ететін қылмыстық іс материалдарының болуын, тергеліп
жатқан қылмыстық іс үшін маңызы бар мән – жайларды анықтауды білдіреді, ал
бұл өз алдына іс бойынша дәлелдеме болып табылады. Тергеу әрекетін
жүргізудің заңи негізі болатын тергеушінің, не судьяның қаулылары арнайы
ғылыми білімді қолданудың қажеттілігін көрсетеді. Осы себеппен сот
сараптамасын тағайындау негізіне қатысты іс бойынша жаңа дәлелдемелерді алу
мақсатымен арнайы ғылыми білімді қолданудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізуде арнайы білімдерді қолдану
Сот сараптамасы
Сот сараптамасын тағайындау
Құжаттардың сот сараптамасы
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау
Сот сараптамасынын объектілері
Сотта сараптама тағайындау мен жүргізудің процесуалдық мәселелері
Пәндер