Мұхаммед пайғамбар (с.а.у) адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы


بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم
Мұхаммед пайғамбар (с. а. у) адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Раббымызға сансыз мақтаулар болсын, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға ( с. а. у) салауат пен сәлемдер болсын.
Жоқтан бар еткен Ұлы Жаратушымыз « Мен жасырын қазына едім, білінуді қаладым да, осы әлемді жараттым » - дегеніндей баршамыздың бар болуымыз Аллаһ тарапынан. Жарылқаушы жаршымыздың жер бетіндегі құлдарының өмірін жолаушы тектес болуын, қонақтықта болғандайын қалап, назар салмас соқырдай, сыбыр соқпас саңлаудың науқассыз өткен бес сағатындай болмауын қалап, жаратылғанына бір туралық ұсынды.
Көз салмасқа бұл өмірден өзгесі өзегін өртемеген, қу құлқынын қамдадаған құлдың қайырымдылықтан қаперсіз қалуы, жақсылық жасауда жүрегі жабылған жандарға, ес білуі мен өлуі арасындағы алып ағымдай көрінген жалған сағынға сарандықпен қарамауына қауым арасынан бір құл керек еді.
Ия, Тылсым дүние шуаққа шағылысып, көкжиектен ағарғалы тұрған ақ нұрға, қос дүниенің бақытына себепші жарыққа шомылып та үлгерді. Тұғаннан туа біткен жаннан артық танылған, танымында таңғажайып тұлғасы тұла бойынан табыла білген адамзаттың ардақ тұтар асылы мен-мендік басым болған көпшілік арасында ерекшелікпен елең етілді.
Анасына шұбыра созылған жолдасынан дара болып, артығы мен пайдалығы және тазалығы жиырмаға жуық ғасырды еншілеген осыншама уақытта ғана анықталған лассыздықтан алшақтау үлгісінің бір көрінісі - сүннеттелуімен туылған болатын. Міне, асыл тұлғаға тиіс танылым түрі басталып та кетті.
Осы шығармада Аллаһ нұрымен ерекшеленген Пайғамбарымызды өмірлік үлгі-өнеге тұрғысынан сипаттау - көз көрмес қараңғы бөлмеге иненің жасуындай төгілген әлсіз сәуле сияқты болса қанекей.
Ертеңгі өмірінде елшілікпен күні өтетін, Аллаһ әмірін орындауда тер төгетін жас жеткіншектің балалық шағы, дүниеге шыр етуінде жарықпен бірге әкесін көре алмау және жастайынан анасынан жетім қалуымен ұштасып тұр еді. Осындай күнге душар болған дидарлы Пайғамбарымызды Ұлы Аллаһ жастық шағынан бастап байлықтың буынан босана бұзылуға және жанының жоқшылықтан жабырқап қайыршылықтың қақпанында қалуынан қорғаған. Аллаһтың ерекше ілтипатымен күнін өткізіп, айрықша қамқорлықпен қамданған ертеңгі өмірдің елшісі жастайынан бастап мәнгілік сенім иесі болды.
Былапыт сөздерге ауызы былғанбай бос сөздерден бөлекше тұрып, жаратылуынан жағымсыз жайттардан тысқары, келеңсіз іс-әрекеттен аулақта болды. Өң бойында қамтылған қалтқысыз қасиет әлемнің жаратылуына себеп болғаны үшін Аллаһ тарапынан «Біз сені бүкіл әлемдерге рахмет қылып жібердік» делінгенімен қоса, жіберілуі бойынша соңғы болған, өзінен соң келетін көпшілікке елші күттірмей жаратылған екі әлемнің сардары сүйікті Пайғамбарымыз (с. а. у. ) осылай танылды.
Қаранғылықтың қара қылышы - білектінің буыны қатпаған бейшара әлжуаздың ақиқатсыз басының алынуы үшін қынынан суырылған шақта, мансаптық тек үстемдік етумен қоса абырой саналған шақта, байлық иесінің тек білгенін қылғаны шақта, әйел баласының еркек кіндіктінің ермегіне айналып, төсегіне төселініп құтылуы үшін көміліп те үлгерген шақта тұтас билеген бассыздыққа Пайғамбарымыз (с. а. у. ) Аллаһтың әмірімен отырды таққа.
Сүйікті Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) өзінің көркем мінез екендігін және осы көркем мінезді толықтыру үшін жіберілген екендігін терең тебіреніспен түсінген үмбеті екі дүниенің бақытын бастан кешіруге мүмкіндік алды. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) мейірімділігі мен рахымдылығын дәлелдеу төркіні «Егер сен дөрекі және тас жүрек болғаныңда, олар (мүміндер) сенің маңайыңнан тарқап кетер еді. » - деп Аллаһ сөзінде ескертілгендей.
Адам баласының арасына алауыздықпен алау кірер болса, аласапыран билеген арамзалық орын алар болса байыптылықпен, көркем мінездікпен табыла білген Пайғамбарымыз (с. а. у. ) кез келген жағдайды сары майдан қара қылды суырғандай жеңіл әрі оңай шеше білген. Адамзаттың ішкі сезіміне бұрқыраулап қара күл араласқан уақытта туралық пен тазалық көруге арналған мөлдір көзді шел басқан уақытта, әділдіктің асқарына ие болу үшін жаратылған жамағат құлағына арамзалықтың қара тасы нығыздалған сәтте үмбетінің бірлігін нығайтуда Пайғамбарымыз (с. а. у. ) аса көрегендік көрсеткен. Тұнық көздей болған әділдікке қарауыта басқан қара қазанның күйесіндей опасыздыққа қарсы күрескен Аллаһ Тағаланың әмірімен керемет әрекеттегі ақ нұр болатын. Бұл көрегенді әрекет - Аллаһ қалауы және Өзінің жан қалауы сонымен қоса көпшіліктің қош көрген ақ жалауы болатын.
Өмірінің көбін көңілді сұхбатпен өткізген елшімізге табиғат сұлуын бойға сіңірген әсем гүлдерге таласа қонған аралардай сахабалардың ағылуы Пайғамбарымыз (с. а. у. ) көркем насихаты сонымен қатар арадағы сүйіспеншілігі және жүрек қалауы. Жанынан екі елі де айырылғысы келмеген нұрлы шырақтан жүректеріне жылу орнатқан исламның дамуына себепші болған орасан орны бар сахабалар елшіміздің сүйіп қалаған қалаулы жандары. Мұндай нығметке бөлену - қиын сәттерде төзе білгендіктің, жөн арқадан құм ыстығы кеудеден тас бастығы, қиналыс туған сәтте тура діннен бас тартпағандығы болатын. Аллаһтың Елшімізге келген діні үшін арадағы туралық өмірді нығайтумен Аллаһ елшісін қорғауға себепші болғаны үшін де Аллаһ тарапынан еңселері биік болды.
Кедей құлдарды ерсі көрмей етене араласқан ақ көңілді абзал жан әр түрлі халықтың сан алуан сұрағы мен сан түрлі арызын еститін. «Мен қызылға да, қараға да Пайғамбар болып жіберілдім», -деуі еріксіз Ұлы жан болғандығының кәмілі. Бетін қайтармай жағдайларын толығымен тыңдап, шақырған жерінен қалмауды парыз амалына асырды. «Уа Елші, Уа Расулұллаһ, Аллаһтың сүйіктісі» атты көркем есімдермен нығметтелген сүйіктіміз өзіне лайықты атауларды естіген бойда мойнын ғана бұрмай, толық кеуде тұрғысымен қарауы үлкен үлгі иесінің айқыны. Тума қасиетінен танымал сенім иесі игілік пен жомарттықта, шексіздік тағылымы ешкі сұраған кісіге жайлаудағы отар ешкісін алдына салып беруі, кедейліктен жүрегіне қорқыныш орнамауының ақиқаты. «Ұхыд тауы түгелдей алтын болып маған берілсе оның бір динарын да үш күн ұстамай, бәрін жұртқа таратар едім» - деген сөзінен пәктіктің шегіне жеткен, соңғы әлем құлдарының сардарына сансыз мақтаулар болсын.
Аллаһ сөзінің мына бір мағынасындай егер адам баласының әкесі және баласына деген ыстық сезімі, ағайыны мен әйеліне деген сүйіспеншілік, мал мүлкіне деген құштарлық, сауданың тоқтау қаупіне ауған қоқыныш, үй-жанға деген ұмтылыс, жаратушы мен жаратылған сүйікті құлдан, Аллаһ жолында соғысудан артық болып, жүректе орын тепсе, пасықтар қатарынан саналып, ауыр азапта екендігін ескертіп тұр.
Жүрегінің қалауы мен жан сезімімен толық қанды рахат дүниесіне көтеретін, ыстық сезімін алау отпен ұштастыратын, өз махаббатын кәмілдікпен көмкерген сахабалардың мұншалықты ғашықтық төркіні Аллаһ Разылығы үшін «әке - шешем жолыңда құрбан болсын» - деп тартынбаған табиғатын туралыққа бейім еткен сахабалардың сүйіспеншілік сойылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz