Тәрбие


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие- арнайы ұйымдастырылған және сапалы, мақсатты жүргізілетін педагогикалық қызмет. Тәрбие деп қалыптасушы жеке адамның қоғамдық тәжірибенің бүтін жиынтығын: білім, ептілік, дағды, шығармашылық іс- тәсілдерін, әлеуметттік, адамгершілік және эстетикалық қатынастарды игеру үшін бағыттталған белсенді іс - әрекетті қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы, бағдарлы, әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс болып табылады.

Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі, өйткені бұл жөнінде әртүрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі- ақ дәлел болады.

Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.

И. С. Макаренконың анықтамасы бойынша тәрбие әдісі - бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау.

В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілерінің іс - әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Сонымен әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады.

Тәрбие әдісі- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс - әркетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан- жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан - жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастарды практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл - ой дамыуның біртұтастығы деп түсінуі керек. Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепке тәрбиенің басты міндеттері теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, эканомикалық, экалогиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат, тәрбие тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне міндеттері мен мақсатын жете түсіну керек. Осыған орай тәрбиенің негізі мақсаттары:

а) жастардың дүниеге ғылыми материалистік көзқарасын қалыптастыру;

б) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан- жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғмның талаптарына сай тәрбиелеу.

Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру - негізі шарттарының бірі. Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуі және онымен қарым - қатынас, оның барлық іс - әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз - дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.

Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл - ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эканомикалық және эклогиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі екендігін білеміз. Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты.

Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасымен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы өздері тап болған жағдайдың себептерін, әрине біле бермейді.

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға өз- өзі қатынастар жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғадық мәнінің өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның рухани жан дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің - мәні адамның қоғамдық мазмұнының әлеуметтендіріп оның ұжыммен және қоғаммаен практикалық қатынастар жүйесін құру.

Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Тәрбие - өсіп келе жатқан әлетті тұрмысқа дайындау. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады. Сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп тұрмыстық іс - әрекетке үйренуімен орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әр түрлімағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиелейді», «Отбасының тәрбие жемісі» деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиелейді» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиелейді» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік эканомикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінемз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және снаалы іске асырлатын тәрбиелік қызметті білеміз.

К. Д. Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие - алдын - ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс», - деп тұжырымдаған.

Халық арасында мынадай тағылымды әңгіме бар. Күндердің күнінде Ұлықпан Хакімнің алдына бір жас жұбайлар келіп: «Уа, данышпан атамыз, бізге сәбиімізді қалай тәрбиелеу жайында ақыл берсеңіз», - депті. Сонда Хакім: «Балалы болғандарыңызға қанша болды?» - деп сұрапты. «Алты ай өтті» - дейді екеуі жарыса жауап қатып. «Қап, әттеген-ай, алты айға кешігіп қалыпсыңдар» - деген екен сонда Ұлықпан ғұлама.

Бұдан адамды тәрбиелеу, соның ішінде адамгершілік, әдеп тәрбиесі арқылы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды сіңіру сәбидің шырылдап жерге түскен сәтінен бастауға тиіс екенін көреміз. Халқымызда «Жаста берген тәрбие, жас қайыңды игендей» демей ме.

Ана құрсағында пайда болып, жарық дүниеге келген күннен бастап азамат болып қалыптасқанға дейінгі аралықта балаға берілетін тәрбие бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

Бірінші кезең - ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тоғыз ай мерзім ішіндегі жүрек тәрбиесі.

Мамандар пікірінше, сәбиге деген ата-ана махаббаты ол жарық дүниеге келместен көп бұрын, ана құрсағында жатқан күннен басталуы керек.

Мың - сан жұмбағы бар күшті табиғаттың құдіреті - «жүрек жылуын нәресте шарана қалпында ана құрсағында жатып сезінеді» дегенге ешкім сенбеуі де мүмкін, бірақ боямасыз, дәлелденген шындық осы. Жүрек тәрбиесі деген тәрбие құлаққа тосын естілгенмен, ақылға өте қонымды. Әл - Фараби былай деп тұжырымдапты: «Жүрек - ішкі табиғи жылылықтың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды және нәр алып отырады. Ал мұның өзі туа бітетін жануарлық рухтың арқасы, сонымен қоса, бұл рух күретамыр арқылы барлық мүшелерге таралып отырады. Ана құрсағында бала ата-ананың жан сезімін, махаббатын (сүйіспеншілігін) сезініп, жүрек тәрбиесі арқылы өсіп жетіліп, жарық дүниеге келеді.

Екінші кезең - туылғаннан бастап бес жасқа дейінгі тәрбие - адамгершілік әліппесі және дүниетану тәрбиесі. Отбасы мүшелері жан-жақты үйлесімді тәрбиені сәби шырылдап жерге түскен сәтінен бастауы тиіс. Өйткені, ұрпағының тәрбиесі - ұлтының болашағы. Алдымен анасы мен әжесі баланың денінің сау болуына көңіл бөліп, табиғатқа етене жақын етіп өсіреді. «Тәрбие басы - тал бесік» дегендей, ана тілінің құдіретін бала анасының айтқан бесік жырынан ұғынса, халық педагогикасының тағылымдарынан (ертегі, аңыз-әңгіме, бабалар өсиеті, мақал-мәтел, ырымдар мен тыйым сөздер, т. б. ) ата-әжесінің айтуы бойынша сусындап өседі. Үш жастан бес жас аралығында дүниені тану үшін баланың қойған сан сұрақтарына ата-анасы ойлана жауап беріп, түсіндіруге тырысады. Ата-ана мен отбасы мүшелері баланың қоршаған ортаны, жарық дүниедегі құбылыстарды танып білуіне ықпал етеді. Осылайша, отбасындағы адамгершілік-рухани білім мен тәрбиенің арқасында бала адамгершілік әліппесін үйретіп, дүниені тану тәрбиесін алады.

Үшінші кезең - бес жастан он бес жасқа дейінгі мектеп жасындағы тәрбие - адамгершілік тәрбиесі. Бес жасқа толғанда ата-анасы баласын өзін-өзі тануға баулу үшін адамгершілік әліппесін адамгершілік тәрбиесімен ұштастырады. Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортаға байланысты деп түсінген халық: «Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер», «Тәрбиесін тапса, адам болар, оқуын тапса, білім қонар» деп тәлім-тәрбие, оқу-білім мәселелеріне үлкен мән берген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің ұзаққа созылатын процессі
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тәрбие үрдісі
Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары
ТӘРБИЕ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz