Банктердің функциялары



Жоспар:

1. БАНКТЕРДІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕЛДАЛДЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
БАНКТЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ДЕЛДАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

1. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан нарығында қаржы делдалдығының функциясын орындайтын қаржы институттарының желісі қалыптасты. Ондағы маңызды орынға банктер ие. Олардың пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Мысалы, Ежелгі Вавилоннан тас кестелеріне жазылған борыш қолхаттарын кездестіруге болады, ал, Флоренцияда және Венецияда ақша мен асыл тастарды сақтау бойынша қызмет түрі болған. Ақша айырбасы бойынша қызмет көрсету көптеген қалалар мен әлем елдерінде XІV ғасырдың соңында кеңінен тарады. Банктер негізінен сауда мен есеп айырысуға қызмет етті. Олар өнеркәсіп капиталымен жеткілікті дәрежеде байланыста болмады. Олардың несие ақшасын шығару секілді маңызды функциясы дамымады. Олар өз қызметін біртіндеп жетілдірді әрі түрлендірді, осы заманғы банк жүйесіне тән жаңа әдістерді енгізді.
Бүгінгі таңдағы коммерциялық банктер – бұл ҚР- ның заңдарына сәйкес депозиттік, ссудалық және басқа да операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар.
Анықтамасынан көрініп тұрғандай, банктің негізгі тағайындалуы ақша қаражаттарды несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға орналастырудағы делдалдықта жатыр. Нарықтарға ақша қаражаттарды орналастыруды банктермен қатар басқа да қаржы және несие мекемелері жүзеге асырады. Олар: инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар, т.б. Банктердің қаржы нарығының субъектісі ретіндегі екі негізгі белгісі болады:
• қарыздық міндеттемелірінің қосарланған айырбасы, яғни олар өздерінің қарыздық міндеттемесін (депозиттерін, жинақ-ақша сертификаттарын және т.б.) орналастырады. Ал, осының негізінде жұмылдырылған қаражатты басқалар шығарған қарыздық міндеттемеге, бағалы қағаздарға орналастырады. Бұл банктерді өзінің қарыздық міндеттемесін шығармай, қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыратын қаржылық брокерлер мен дилерлерден айырықшалап көрсетеді;
• заңды және жеке тұлғалардың алдында борыштың тіркелген сомасымен сөзсіз міндеттемені өз мойнына алу. Мәселен, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда пайда болатын міндеттеме. Бұл банктерді өз акциясын шығарудың негізінде ресурстарын жұмылдыратын әр түрлі инвестициялық қорлардан айрықшалап көрсетеді. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеменің банктер үшін аздаған қатері болады. Өйткені ол қандай жағдайда болмасын толық төленуі керек, сонымен қатар инвестициялық қор ретінде өзінің активтері мен пассивтері құнының өзгерісімен байланысты барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп беруі қажет.
Жаңа міндеттемелерді жасаудың және оларды басқа контрагенттердің міндеттемелеріне айырбастаудың барлық процесі банктің қаржы делдалдығының негізін құрайды. Нарықтың экономикада мұндай түрлендіру айрықша маңызды. Ол ұсынылатын және талап етілетін сомалық, мезгілдік, табыстылық және т.б. сәйкессіздіктерден пайда болатын жинақтаушылар мен қарыз алушылардың тікелей қарым-қатынасындағы қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Банктердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оларды екі негізгі түрге бөлуге болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық – бұл айналымға ақша белгілерін шығаруына айрықша құқығы бар орталық банк. Әр түрлі елдерде ол ұлттық банк, халықтық банк, резервтік банк деп әр қилы аталады. Ол Қазақстанда ҚР Ұлттық банкі деген атауға ие. Оның басты міндеттеріне айналымға ақша шығару, банктердің арасында ақшалай тауардың саудасын жүргізу, банк жүйесінің эмиссиялық несие және есеп-айырысу қызметін басқару жатады. Ол еліміздегі банктік жүйенің жоғарғы деңгейін құрайды.
Эмиссиялық банк аса ірі қаражатқа ие. Ондай ірі құжатқа банктердің бірде біреуі ие емес. Бұл оған басқаларына көмек көрсетуіне және олардың қызметін басқаруға мүмкіндік береді. Қалған банктер эмиссиялық болып табылмайды. Өйткені олар айналымға ақша шығарудың айрықша құқығына ие емес.
Ұлттық банктің негізгі функцияларына мыналар жатады:
• Эмиссиялық – бұл орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі. Қазіргі заманда қолма-қолсыз ақшаға қарағанда қолма-қол ақшаның маңызы артық болса да, банкнот эмиссиясы өз мәнін жоғалтпайды. Өйткені қолма-қол ақша төлемдерінің көп бөлігі үшін және борыштық міндеттемені түпкілікті өтеуге қаражатты қажет ететін несие жүйесінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін бұрынғыша қажетті болып қала береді.
• Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін шоғырландыру және сақтау функциясы. Оның мәні мынада: ұлттық несие жүйесіне мүше болып табылатын әрбір коммерциялық банк Ұлттық банктің резервтік шотында оның салым ақша мөлшеріне арақатынасымен анықталған соманы сақтап қоюға міндетті.
• Елдің ресми алтын-валюта резервін сақтайтын дәстүрлі функциясы.
• Үкімет органдарына несие беру және олардың есеп айырысу операциясын орындау. Мемлекеттік бюджеттерге жартысына дейін және одан да көп елдің ЖІӨ шоғырланады. Сол себепті Ұлттық банк үкіметтік мекемелер мен ұйымдардың, жергілікті үкімет органдарының шотын жүргізеді, осы шотқа олардың қаражатын шоғырландырады және оның төлемін жүзеге асырады.
• Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.
• Мемлекетке қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тікелей ссуда формасында немесе мемлекеттік облигацияларда сатып алудың формасында несие береді.
• Үкіметтік органдардың тапсырмасы бойынша алтынмен және шетелдік валюталармен операцияларды жүзеге асырады.
• Ақша саясатының (ол ең алдымен ақша массасының өзгерісін реттейді) және несие саясатының (несие мөлшерін, пайыздық мөлшерменің деңгейін
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. БанктердіҢ фуНкциЯлары мен тҮрлері

2. КоммерциЯлыҚ банктердіҢ делдалдыҚ операциЯлары

Банктер мен олардың қаржылық-делдалдық қызметі

1. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан нарығында қаржы делдалдығының
функциясын орындайтын қаржы институттарының желісі қалыптасты. Ондағы
маңызды орынға банктер ие. Олардың пайда болу тарихы көне замандарда жатыр.
Мысалы, Ежелгі Вавилоннан тас кестелеріне жазылған борыш қолхаттарын
кездестіруге болады, ал, Флоренцияда және Венецияда ақша мен асыл тастарды
сақтау бойынша қызмет түрі болған. Ақша айырбасы бойынша қызмет көрсету
көптеген қалалар мен әлем елдерінде XІV ғасырдың соңында кеңінен тарады.
Банктер негізінен сауда мен есеп айырысуға қызмет етті. Олар өнеркәсіп
капиталымен жеткілікті дәрежеде байланыста болмады. Олардың несие ақшасын
шығару секілді маңызды функциясы дамымады. Олар өз қызметін біртіндеп
жетілдірді әрі түрлендірді, осы заманғы банк жүйесіне тән жаңа әдістерді
енгізді.
Бүгінгі таңдағы коммерциялық банктер – бұл ҚР- ның заңдарына сәйкес
депозиттік, ссудалық және басқа да операцияларды жүзеге асыратын
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар.
Анықтамасынан көрініп тұрғандай, банктің негізгі тағайындалуы ақша
қаражаттарды несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға
орналастырудағы делдалдықта жатыр. Нарықтарға ақша қаражаттарды
орналастыруды банктермен қатар басқа да қаржы және несие мекемелері жүзеге
асырады. Олар: инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік
фирмалар, т.б. Банктердің қаржы нарығының субъектісі ретіндегі екі негізгі
белгісі болады:
• қарыздық міндеттемелірінің қосарланған айырбасы, яғни олар
өздерінің қарыздық міндеттемесін (депозиттерін, жинақ-ақша
сертификаттарын және т.б.) орналастырады. Ал, осының негізінде
жұмылдырылған қаражатты басқалар шығарған қарыздық міндеттемеге,
бағалы қағаздарға орналастырады. Бұл банктерді өзінің қарыздық
міндеттемесін шығармай, қаржы нарығында өз қызметін жүзеге
асыратын қаржылық брокерлер мен дилерлерден айырықшалап
көрсетеді;
• заңды және жеке тұлғалардың алдында борыштың тіркелген сомасымен
сөзсіз міндеттемені өз мойнына алу. Мәселен, клиенттің қаражатын
шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын
шығарғанда пайда болатын міндеттеме. Бұл банктерді өз акциясын
шығарудың негізінде ресурстарын жұмылдыратын әр түрлі
инвестициялық қорлардан айрықшалап көрсетеді. Борыш сомасы
бойынша тіркелген міндеттеменің банктер үшін аздаған қатері
болады. Өйткені ол қандай жағдайда болмасын толық төленуі керек,
сонымен қатар инвестициялық қор ретінде өзінің активтері мен
пассивтері құнының өзгерісімен байланысты барлық қатерді өз
акционерлеріне бөліп беруі қажет.
Жаңа міндеттемелерді жасаудың және оларды басқа контрагенттердің
міндеттемелеріне айырбастаудың барлық процесі банктің қаржы делдалдығының
негізін құрайды. Нарықтың экономикада мұндай түрлендіру айрықша маңызды. Ол
ұсынылатын және талап етілетін сомалық, мезгілдік, табыстылық және т.б.
сәйкессіздіктерден пайда болатын жинақтаушылар мен қарыз алушылардың
тікелей қарым-қатынасындағы қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Банктердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оларды екі негізгі түрге бөлуге
болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық – бұл айналымға ақша белгілерін шығаруына айрықша құқығы бар
орталық банк. Әр түрлі елдерде ол ұлттық банк, халықтық банк, резервтік
банк деп әр қилы аталады. Ол Қазақстанда ҚР Ұлттық банкі деген атауға ие.
Оның басты міндеттеріне айналымға ақша шығару, банктердің арасында ақшалай
тауардың саудасын жүргізу, банк жүйесінің эмиссиялық несие және есеп-
айырысу қызметін басқару жатады. Ол еліміздегі банктік жүйенің жоғарғы
деңгейін құрайды.
Эмиссиялық банк аса ірі қаражатқа ие. Ондай ірі құжатқа банктердің бірде
біреуі ие емес. Бұл оған басқаларына көмек көрсетуіне және олардың қызметін
басқаруға мүмкіндік береді. Қалған банктер эмиссиялық болып табылмайды.
Өйткені олар айналымға ақша шығарудың айрықша құқығына ие емес.
Ұлттық банктің негізгі функцияларына мыналар жатады:
• Эмиссиялық – бұл орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі.
Қазіргі заманда қолма-қолсыз ақшаға қарағанда қолма-қол ақшаның
маңызы артық болса да, банкнот эмиссиясы өз мәнін жоғалтпайды.
Өйткені қолма-қол ақша төлемдерінің көп бөлігі үшін және борыштық
міндеттемені түпкілікті өтеуге қаражатты қажет ететін несие
жүйесінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін бұрынғыша қажетті болып
қала береді.
• Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін шоғырландыру және
сақтау функциясы. Оның мәні мынада: ұлттық несие жүйесіне мүше
болып табылатын әрбір коммерциялық банк Ұлттық банктің резервтік
шотында оның салым ақша мөлшеріне арақатынасымен анықталған
соманы сақтап қоюға міндетті.
• Елдің ресми алтын-валюта резервін сақтайтын дәстүрлі функциясы.
• Үкімет органдарына несие беру және олардың есеп айырысу
операциясын орындау. Мемлекеттік бюджеттерге жартысына дейін және
одан да көп елдің ЖІӨ шоғырланады. Сол себепті Ұлттық банк
үкіметтік мекемелер мен ұйымдардың, жергілікті үкімет
органдарының шотын жүргізеді, осы шотқа олардың қаражатын
шоғырландырады және оның төлемін жүзеге асырады.
• Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.
• Мемлекетке қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тікелей ссуда
формасында немесе мемлекеттік облигацияларда сатып алудың
формасында несие береді.
• Үкіметтік органдардың тапсырмасы бойынша алтынмен және шетелдік
валюталармен операцияларды жүзеге асырады.
• Ақша саясатының (ол ең алдымен ақша массасының өзгерісін
реттейді) және несие саясатының (несие мөлшерін, пайыздық
мөлшерменің деңгейін және ссудалық капитал нарығының басқа
көрсеткіштерін реттейді) шаралар жиынтығын білдіретін ақша-несие
саясатын жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер көбінесе өздері салым ақша түрінде алатын ақшалай
капиталдың есебінен өнеркәсіп, сауда және басқа да кәсіпорындарды несиелеу
бойынша әмбебап операцияларды орындайтын жеке және мемлекеттік банктерді
білдіреді.
Коммерциялық банктердің функциялары:
• мерзімсіз депозиттерді шоғырландыру (ағымдағы шоттарды жүргізу) және
осы банктің атына жазылған чектерді төлеу;
• кәсіпкерлерге несие беру;
• барлық ұлттық шаруашылықтың ауқымында төлем айналымын ұйымдастыру әрі
есеп-айырысуларды жүзеге асыру және т.б.
Коммерциялық банк – бұл шаруашылық есеп принципімен әрекет ететін заңды
тұлға болып табылатын, шаруашылықты дербес жүргізетін субъект. Өнеркәсіпке,
ауыл шаруашылығына, құрылысқа қарағанда банктер өндіріс саласында емес,
айырбас саласында әрекет етеді. Олар ресурстарды тартады, несие береді,
яғни, қайта бөледі, тауарлардың алмасуына ықпалын тигізеді.
Орындалатын функциялардың санына қарай коммерциялық банктерді әмбебап
банк және мамандандырылған банк деп бөлуге болады.
Әмбебап коммерциялық банк – бұл көптеген қаржылық операциялар мен қызмет
көрсетулерді орындайтын несие мекемесі. Бүгінгі таңда олар өз клиенттеріне
200-ге жуық әр түрлі өнімдері мен қызмет түрлерін ұсына алады. Мұндай кең
ауқымды әртараптандырылған операциялар коммерциялық банктерге өз
клиенттерінен айырылмауға және өте қолайсыз конюнктура жағдайында да пайда
алуына мүмкіндік береді.
Мамандандырылған банк – бір немесе бірнеше функцияны орындайтын, сонымен
бірге, нақты экономика саласында өз қызметін жүзеге асыратын несие
мекемесі.
Банкті функциялық мамандануына қарай инвестициялық, инновациялық,
ипотекалық банктерге бөлуге болады.
Инвестициялық және инновациялық банктер – облигациялық заимдарды,
акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығару әрі ұзақ мерзімді
ссудаларды ұсыну арқылы ақша қаражаттарды ұзақ мерзімге шоғырландыруға
маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді салымға қаражаты
жетіспеген кәсіпкерлер мен қаражатын ұзақ мерзімге салатын салымшылардың
арасындағы делдалдық мекемені білдіреді. Инновациялық банктер де
инвестициялық болып табылады. Алайда, олар тек технологиялық жаңа
енгізулердің (инновацияның) әзірленуін және игерілуін несиелейді.
Ипотекалық банктер жердің және жылжымайтын мүліктің кепілімен қаражатты
ұзақ мерзімге тарту және орналастыру бойынша несие операцияларын жүзеге
асырады.
Бұл банктердегі пассивтің көп бөлігін ипотекалық облигациялар, акциялар
және құнды қағаздар құрайды.
Салалық және аймақтық банктердің мамандану деңгейі, олардың активтері
мен пассивтерін қалыптастырудағы өзіндік ерекшелігі көбінесе өздерінің
қызмет салаларына, сондай-ақ, өндірістік процестің басқадай ауытқуларымен
құрылған әр түрлі салалық ерекшеліктерімен байланысты болады.
Банктерді аймақтық белгілері бойынша аймақтың, тұтас елдің қажеттілігіне
қызмет көрсететін жергілікті банк және халықаралық банктер деп бөлуге
болады. Әрине, бір жақты маманданған немесе бір салаға ғана қызмет ететін
банкті кездестіру қиын, тек қысқа мерзімді несиелерді берумен ғана
айналысатын немесе өнеркәсіп кәсіпорындарына ғана несие берумен
шұғылданатын немесе тек бір ғана аймақтың клиенттеріне қызмет көрсететін
банктер болмайды емес, болады, бірақ, іс-тәжірибеде мұндай банктерді
кездестіре алмайсыз. Осы заманғы экономикада көбінесе өзінің негізгі қызмет
бағытын сақтай отырып, әр түрлі операцияларды орындай беретін банктерді
көптеп кездестіруге болады. Оларды тек өздерінің негізгі қызмет бағыттарына
қарап ажыратуға болады.
Банктерді меншік сипатына қарай мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік,
жекеше, муниципалды, аралас деп бөлуге болады. Банк капиталын меншіктеу
тұрғысынан алғанда мемлекеттік тұрпаттағы банктің мемлекеттік белгісі
өзінің негіз қалаушысы болып табылады. Мұнда бастапқы сәтке олардың
мемлекеттің ұлттық мүддеге бағыныштылығы жатады (мысалы, эмиссиялық банк
жүйесі арқылы ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық
банктердің мемлекеттік жүйесі арқылы қандай да бір аймақтың немесе саланың
даму бағдарламасын қаржыландыру). Бұл банктердің басты ерекшелігі: олардың
бастапқы капиталы көбінесе акционерлік болуында, өйткені ол басқа меншік
формасына жататын бөлікті де қамтиды. Алайда, бұл оның мемлекеттік сипатына
нұқсан келтірмейді. Өйткені ол ең алдымен ел экономикасының тиісті
салаларындағы кәсіпорындарды дамыту үшін құрылған.
Осы заманғы банк ісінде ең кең тараған меншік формасы – акционерлік,
құрылтайшылық формалары. Бұларға әр түрлі заңды және жеке тұлғалар қатысушы
бола алады. Тіпті мемлекеттік меншік формасындағы мемлекеттік банктің өзіне
заңды тұлғалар, мысалы, басқа банктер құрылтайшы бола алады. Бұл жағдайда
оның капиталы акционерлік болып табылады.
Кооперативтік банктің құрылтайшылары мен жарнашыларына (пайщик) тиісті
кооператив одақтары жатады. Әдетте бұлар жарғылық капиталына қарай және
қызмет ауқымына қарай ең ұсақ банктер болып табылады. Тек кооперативтер
ғана емес, сонымен бірге, мемлекеттік кәсіпорындар да кооперативтік
банктердің иесі бола алады.
2. Депозит ретіндегі уақытша бос ақшалай ресурстарды жеке және заңды
тұлғаларға несие беру арқылы, қайта бөлу функциясын жүзеге асыратын банк
ақша қаражаттарҚ артық субъектілер мен ақша қаражаттарға мұқтаж
субъектілердің арасындағы өзіндік өзгешелігі бар делдал ретінде алға
шығады.
Мұндағы ерекшелік мынада: қажетті ресурстары бар тұлға оны тиісті
кепілдемесімен қарыз алушыға нақты мерзімге процентпен бергісі келеді.
Әрине, осы заманғы экономикада несие беруші мен қарыз алушының мүдделері
бір жерден шыға бермейді. Яғни мүдделердің сәйкес келуі сирек кездеседі.
Бұл арада сұраныс пен ұсынысты ескеру арқылы мәмілелерді жүзеге асырудың
мүмкіндігін қамтамасыз ететін делдал-банк байланыстырушы буын ретінде алға
шығады. Жекелеген несие берушілерге қарағанда банк әр түрлі қарыз
алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады әрі оларға өздерінің
қалауы бойынша несие түрін, мерзімін, процентін т.б. таңдау мүмкіндігін
береді. Өйткені, банктер орасан зор ресурстарға ие әрі осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Банк филиалдары мен өкілдіктері
Банк клиенттері
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Банктік тәуекел түрлері. Функционалдық тәуекел: стратегиялық, технологиялық
Ұлттық банктің басқару құрылымы және нормативтік құқықтық қызметі
Пәндер