Темперамент туралы жалпы ұғым. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
2. 2. Темпераменттердің психологик сипаттамасы
2. 3. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезде темпераменттің сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик деп аталатын типтері туралы пси-хологияда ерте замандардан бері қалыптасқан тарихи мәліметтер белгілі бір жүйеге келтірілді. Гиппократтан соң Римнің атақты дәрігері ғалым Гален (129-199) тем-пераменттің саньш көбсйтіп, он үшке жеткізді. Ол темперамент түрлерін Гиппократтан өзгеше, яғни оның фи-зиологпялық ерекніеліктеріне коса, психологиялык, тіп-тен адамның адамгершілік қасиеттеріне қатысты сапа-лармен байланысты деп түсіндірді.
Ал медицина ғылымының ерте замандағы өкілдері темперамент жайындағы ілімді ықшамдап, оның бұрын-ғы төрт типін сол күйінде қалдырды. XVIII ғасырда атақты неміс фнлософы И. Кант (1724-1804) 1798 жы-лы жарық көрген «Антропология» деген еңбегінде тем- пераменттің, төрт түріне сипаттама беріп, оларды тек психологиялық қасиеттер деп анықтады. Темперамент туралы ілім жаңа дәуірге дейін, негізінен, психологиялық қасиет деп саналып келді. Осы көзқарасқа сәйкес енді темперамент типтері жайындағы түсініктердің мазмұн-мәнісі де өзгере бастады. Темперамент түрлерін тек физиологиялық қана емес, психологиялық ерекшеліктері тұрғысынан қарастыруға баса мән берілетін болды. Бұл мәселеге келгенде И. Кант-сезім күйінің әрқилы болуы-мен бірге адам өз іс-әрекетінің белсенділік деңгейі ара-сындағы қатынастарға тәуелді болып отырады деген пі-кір айтты. Ал XIX ғасырдың соңында әйгілі неміс психологі В. Вундт темпераменттер адамның «жан дүние тебі-реністерінің» күш-қуаты мен жылдамдығының арақаты-настарына тәуелді болады деп есептеді.
Мұндай пікірлер темперамент типтеріне түрліше си-паттама беріп, олардың түрлерін әркім өзінше анықтау-ға тырысты. Мәселен, Гален темпераменттің төрт түрі-нің басқа да бірнеше түрі болады десе, өзге зерттеуші-лер алты, тіпті сегіз типі болады деген пікірлер айтты
И. Канттан басқа ла бірсыпыра оқымыстылар темпера-мент ерекшеліктерін адамның жеке басына тән мінез-кұлық сипаттарынан бөліп қарастыра бастады. Алайда, темперамент пен адамның даралық сипаттарын білдіре-тін психологиялық өзгешеліктерді анықтап көрсетудің нақтылы тіректері мен өлшемі ұзақ жылдар бойы ай-қындала қоймады.
Темперамент туралы ілімнің тарихын сөз еткенде, оның типтерін түсіндіру барысында екі түрлі бағыттың тартысы болғандығын ескерген жөн. Оның бірі - неміс психологі Кречмер мен американ психологі ІІІелдонның темперамент типтері ішкі секреция бездері қызметінің арақатынасына байланысты болады деп санауы, ал екінші бағыт - И. П. Павловтың жүйке жүйесі типтерінің қызметі жайындағы ілімі. Бұл ілім темперамент типтері жайындағы түсінікті ғылыми тұрғыдан дәйектеп, сара жолға салды.
Темперамент жайындағы бұл зерттеулерден басқа неміс анатомы Гейне мен көрнекті орыс педагогі П. Ф. Лесгафттың (1837 -1909) көзқарастарын да атап өткен жөн. Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыстың антропо-лог ғалымы Зеланд мұндай әр түрлілік ми қабықшасын-дағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен бір-көлкілігіне байланысты дейді. Ал П. Ф. Лесгафт темпераменттер қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деген тұжырым айтады.
Темперамент жайында арнайы сөз етіп, оның типтері мен түрлерін, адамның мінез-құлқы мен әр алуан қи-мыл-әрекетіндегі көріністерін тәлім-тәрбие істерімен ұш-тастыра отырып іздестірген - қазақ халқының көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов. Ол өзінің 1928 жылы Мәскеуде араб әрпімен басылып шыққан «Жан жүйесі және өнер таңдау» деген еңбегінде тек темперамент түрлерінің ғана емес, жалпы психология ғылымының өзек-ті мәселелерін өз кезіндегі ғылымның деңгейінде қарастырып, өте құнды пікірлер айтты.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйектеп түсіндірген - академик И. П. Пав-лов. Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі - қозу мен теже-лудің күші, олардың тепе-теңдігі және қозғалғыштығы жиынтығынан құралады. Жүйке процестерінің күші ми қабығының жұмыс істеу қабілетіне немесе сыртқы орта-ның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.
Жоғары жүйке қызметінің типтері мен темперамент туралы зерттеу жұмыстарын кеңестік психолог мамандар Б. М. Теплов, В. Д. Небылицын т. б. жалғастырды. И. П. Павлов зерттеулеріне сүйене отырып, олар жүйке жүйесінің қызметтерін өте нәзік аспаптарды қолдана отырып қарастырды. Солардық нәтижесінде әрбір адамның даралық қасиетіне сай жүйке жүйесі қызметтерінің өзара тығыз байланысты болатындығы анықталды.
Темперамент - адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс-әрекетінен көрініп құрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей.
2. 1. Темперамент туралы жалпы ұғым
Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттері мен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады ), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б. ) эмоция сезімдерінен де ( біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде - ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356 ) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь ), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ ) . Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық, заттың бір-бірінен аз - көптінгіне байланысты деп түсіеген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық ( латынша «сангиус» - қан ), ал шырын басым болса ( грекше «флегма» - шырын ), флегматик темперамент деп; ол организмде қара өт басым болса меланхолик ( грекше (мелай - нахоле» - қара өт ), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше «холе» - өт ) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйық заттардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де болады деді, ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл - адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылулық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатындығын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжәрибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс піеірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологик ерекшеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант ( 1724-1804 ) өзінің « Антропология» деген еңбегінде темрпераметтің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарының бір -біріне балама ретінде қарастырады.
Темперамент туралы теориялар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темперамент-тердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тону сына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің ( күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы ) жиынтығынан құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне - ми қабығының жұмыс істеу қабілеттігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Жүйке жүйесінің тепе -теңдігі деп қозу мен тежелудің бір - біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттігін айтады.
Сөйтіп, И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі - ұстамсыз тип - жұмыс ісиеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын ) ерекшке қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі - ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип.
Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип мөрт «сынып» кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холерикті - ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегмотиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе, мелонхоликтерді - жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттайды.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозу мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын ), сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидуумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы».
Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896-1965) лабараториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Егер, И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теплов пен оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекшк маңыз алатын, бірден- бір ғылыми теория екендігі тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д. Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болады. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі анықталды.
(Қозуы теже-ліуінен басым)
Тепе - тең
- Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл - өозғалысқа шапшаң келеді. Олар - ұстамсыз, күйіп - пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар - холерик темпераментенің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атайды.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуы бойынша қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі бірақ кез - келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былыайша айтқанда, ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері - іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінездікке салынып кетеді. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалыштығынан туатын жайттар.
Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді. Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері - қимыл -қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан оқиғаларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқындылығы, адамның мінез білістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық - осы темпераменттің ең бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін тамаша көрсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы қарт князь Волконский - холерик темпераментінің, «Анна Каренина» дағы Степан Облонский - сангвиник темпераментінің, Н. В. Гогольдың «Өлі жандардағы» Собакеевич - флегматик темпераментінің, мұндағы Тентетников - меланхолик темпераментінің нағыз айқын өкілдері болып табылады.
Қызметтің түрлі салаларындағы асқан талантты адамдардың арасынан да түрлі темпераменттердің өкілдері табылады. Мәселен, А. С. Пушкиннің өзі де, оның сүйсіне жырлаған басты геройлардың бірі - бірінші Петр де, холерик темпераментінің өкілдері болып табылады.
Орыстың ұлы қолбасшысы А. Суворов та холерик темпераментінің өкілі. Орыс жазушыларының көрнекті өкілі Герценді - сангвиник, Гогольді - меланхолик, Крыловты - флегматик темпераментінің өкілдеріне жатқызуға болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барысында қалыптасатын әртүрлі ерекшеліктерінің көлеікесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен, ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі сынып оқушылары арасынын темпераменттердің «таза» түрлерін тауып алуға иүмкіндік береді.
Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалаптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психмкасына ерекше ренк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінбейтіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н. И. Красногорскийдің баланың жоғарғы жүйке қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлікпен сөйлеу қарқынына ) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігін байқалады. Осы айтылғандар мен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс - қимылдармен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады:
1. Сангвивник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір суйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл-күйі жиі өзгеріп келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика ) жағы басым келеді. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық белсенділік сияқты кейбір жақсы қсиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты.
Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып - саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпаұтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып - саспай сөйлейді, сөзі ым -ишаралар мен ерекшелініп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. бұл ұшып - қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз шамданғыш, көңіл - күйі жиі өзгеретін, қарым- қатынаста аумалы - төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық, бірақ бейқам ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл - қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, бар ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан да жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатысады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл - қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп - пісуге» дайын тұрады, ашулы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөздері жылдам, интонациясы талқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан түрлі әсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz