Уақыттан бас тарту


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЙРАТ ағайға!

МАҚАЛА

УАҚЫТТАН БАС ТАРТУ

Сен жылжып барасың . . .

Парадокс! Қайда барайын, көргенім екі құбылыс, сенің терең қазған орың және орға түскен айналам…

Ницшенің Заратустрасы былай сұрақ қоюшы еді: «Сіздер бастан кешкен ең биік сәтті атап бере аласыздар ма?». Егер осы сұрақты маған қойсаңыз, «Уақытқа деген ұлы жиіркеніш сәті!» - деп жауап берер ем!

Әңгіменің біссімілләсін қарттардың арызымен бастайын. Үнемі өзіңе өкпесі қара қазан қарттар . . . Сақал - мұрт, мыжырайған сұлбасында сенің менмұндалаған «мұз» бейнең тұр. Өзіңді ойлайды да ауыр күрсінеді, есіл - дерті қалтырап, қаңырайған даланың кебін киеді. Әуел баста, бала шағында тағдырын жылы алақаныңа қондырып аялап ең, есіне қиял-ғажайып ертегі болып кіріп ең. Енді сатқындық жасағаның ба, айтқандай сенің сатқындығыңнан жапа шекпеген кім қалды! Есейтіп, есін жиғызасың, сосын бейнебір кепкен жаңқадай лақтыра саласың. Айқай-арызға құлақ түрер сен жоқ, кереңсің. Ұмытпағын, «судың да сұрауы бар», қарттар енді қалған өмірінде саған риза көңіл білдіруі мүмкін емес!

Өмірде арманы жоқ деп балаларды айтамыз, сені танымайды, тыңдамайды, білмейді, керек десең білгісі де келмейді. Сен олар үшін әншейін тық-тық етіп соғып тұрған сағат және өтіп жатқан күндер ғанасың. Сенің бағаңды біле бастау негізінен он сегіздегі жасөспірімдерге тән. Жан дүниесі көктемгі бүршік секілді шешек атқанда барып қана…Он сегіздегінің көзімен қарасақ, сен қапияда пыр-пыр етіп ұша жөнелген бозторғай сияқты, аяқ астынан дүниенің бір бұрышынан жарқ етіп шыға келіпсің. Үркіп кетті. Бір-екі жылы зулап өтсінші, есі кірген оның кеудесін тепкілеп тұрасың. Әсіресе «Ертең кім болам, қайда барам? Қоғамда менің орным бар ма? Бар болса қайда ол орын?» дейтін елең-алаң жастың миын тоқылдақтай шұқылау сенің еріккенде тапқан ермегің. Көбі жиырманың жел қайығына мінгенде ғана өзіңмен тұңғыш рет бетпе-бет келеді. Оға дейін сені есіне алмайды, тіпті сенің бар-жоғыңды елемейді де. «Жиырма жас» құлаққа тосын естілген, бөтен сан! Сенің сіресіп алып мұншалықты ауыр күй кештіреріңді қайдан білсін! Сорлының қанына бас салып семсер суырдың!

Кеңістікпен некелескенсің. Жұрт екеуіңді қатар атайды. Кеңістік пен сені жаратқан материя. Материяның ұшан-теңіз қанатының астында үшеу отыр, кеңістік, сен және біз яғни адамзат. Көне даолық данышпандар сені аспанмен бірге пайда болды дейді. Идеялисттер сені біздің санамызда өмір сүретін рух жаратқан әлдебір априорлы форма деп дөй далаға лағып кеткен. Материялисттер сен және «жұбайың» кеңістік екеуің мәңгі жасайтынын болжапты. Бағың бар! Кешегі 20 ғасырға дейінгі натурфилософтар сені бос қуыспен теңестіріп келіпті. Мейлі жердің астынан жік, екі құлағың тік боп шықтың ба, әлде көктен екі аяғыңмен салбырап түстің бе, қайдан шықсаң одан шық, әйтеуір сен «күшейгелі» қара жердің үсті қарбаласқа толды. Кеңістіктің жазығы жоқ, болмысынан томаға тұйық, дәрменсіз. Сен қаталсың, суықсың. Кеңістік жұмсақ, сен қатты. Атом секілді порша-поршаланып бөлшектерге бөлініп көрген де емен. Сен пақырға бүтіндіктің рақатын көру де бұйырмаған. Болмысың үздіксіз есеп. Кеңістікке қозғалыс, саған жылдамдық тән. Қозғалыс сыртқа, жылдамдық іште өрбиді. Демек, адамзаттың миына «тұтқын» болып кіріп алған сен есірік неме көп ұзамай тереңдеп орнығып алыпсың дағы, баршаның ішкі әлеміне билігіңді жүргізіп келесің. Содан бері билігіңнен ажырамаған сен антұрған «өзім би, өзім қожа» деп кердеңсіп, білгеніңді істеп келесің. Тән мен жан саған ойыншық сияқты, мүсіркей қарайсың. Оның ештеңе емес, жанды солдырып, тәнді қартайта саласың. Ешқашан бала емізіп, бала деп алаң болмаған анау тәлпіш қыз-келіншектердің жүзіне әжім іздерін салыпсың. Қорқым кеттім! О шіркіндерің бір сызық әжім үшін жаны қалай шырқырайды десеңші!

Кеңістік көнбіс, қаласаң оңнан солға, солдан оңға бұрып жылжытуға болады. Сен қырсық кері бұрылмайсың, алған бетіңнен қайтпайсың. Біреуге тәуелді болғаныңды көрмеппін. Бір-ақ бағытың бар, өткеннен - қазірге, қазірден - келешекке жылжи беру. Құбылмалысың. Кейде аяқ асты ірімшік шашқандай ала-құлаланып шыға келетінің бар. Қоғамның көшінде шаруасы жоқ, жайбарақат өмір сүріп, ақыр соңында өлімді күтіп отырған әнеубір пенденің мұң-зарын естіп ем, жүрегім сыздады. Ажал аузында жатып сен туралы тұңғыш рет терең ойланып ақырында сан соқты. Бар өмірі мағынасыз әрекетке толы болып шықты. Опынған ол бейшара өміріне титтей мән бермек боп сенен бір-екі ай, тым болмаса бір-екі апта уақыт беруіңді өтінді, сұрады, тіпті жалынды. Ал сен, әншейінде біреулерге көл-көсір бола қалатын мына кеңқолтықсымақ сенің ода не ақың барын білмеймін, бір-екі апта түгілі бір-екі күніңді де қимадың. Аяқ асты Шығайбайдай сараңсып шыға келдің. Шығайбай екеніңе ешкім дау айтпас. Сұлтанмахмұт, Шоқан, Баубек, Саттарларға жылдарыңды үйіп-төгіп бермеген, ғұмырын қысқартқан, сараңсыған сен емессің бе, Шығайбай!

Анау радио, телеэкран, ұялы байланыс атаулының даңғыр-дұңғыры, музыка, джаз, рок-шоудың ұлуы сенің көшіңнен қалып қоям ба деп қорыққандықтан сасқан үйрек артымен сүңгидінің кебі. Қайтсін енді!

Сен жылжи бересің, шабыспен, тек қана алға, оптимистік қалпыңмен. Жәй жылжып кете қойсаң бір сәрі, айналаңды Шыңғысхандай жалмайсың, көнені момақан түрде артта қалдырасың. Жаңа құндылықтар тудырасың, өткенді оп-оңай «отқа жағып» лақтырасың. Сенсіз тағдыр - актерсіз театр. Аяқтың ізі ұлпа қарды қалай тілгілесе сенің қатігез ізің адам санасын солай тілгілейді. Ешбір күшке көнбейсің, ешбір шешілмейтін үнсізсің. «Үндемегеннен үйдей пәле шығады», жою, жоқ қылу, құрдымға кетіру, архивке айналдыру, қирату сенің үнсіз миссияң. Тағдырдың пердесінде жасырынып, пенде біткен сәтсіздіке ұрынса қаһарланып, дөң айбат шегіп шыға келесің бірде, сәттілікке түк болмағандай мүләйімсисің. Басқа қонған бақытқа көп тұрақтамайсың, ғайып теңізіне сүңгіп жоқ боласың, сиқырлы балық сияқты. Қайғы сыйлауға түйедейсің, ал, шаттыққа түймедейсің. Мәңгілік махаббат, ғашықтық әнін несиеге бересің, құдды кредитордың нақ өзіндей. Көп ұзамай оныңды екі еселеп қайтарып аласың. Жүдә болмаса сазға отырғызып, бейшараның сезімін бастан тебесің! Әнеубір тоғышардың көзімен қарасақ, есектер үшін сабан қандай қымбат болса, сенің құның да сондай. Саған жұрт тойымсыз. Жұрт саған ашқарақ, сен жұртқа ашқарақсың. Сенің ақырғы нүктең жоқ. Тамырсызсың. Үйің, мекен-жайың ізім-қайым. Қоғам үшін көшпенді мигрантсың. Обьект үшін тасада жасырынған жындысүрей бейнесің. Сені жұрт емші дейді. Жалған! Дерт атаулыдан құлан таза айықтырғаныңды көрсем көзім шықсын! Ешкімнің көз жасын көрмейтін көрсоқыр екенің рас қой, онда дертті қалай жазбақсың?

Мейлі жек көрейік, жерден алып, көкке ұрайық, бәрібір адам баласы кешірімді, сені бір сәт ойынан ысырып тастаған емес. Сенсіз қалудан өлердей қорқады. Бос болғысы келмейді, болмыстағы «қуысты» бітеу үшін әуелі саған жүгінеді. Бәрібір әлемде сенің атың әрқашан танымал, өшпес даңқың, әр үйдің қабырғасында ілінген әшекейлі суретің өшпес. Сен рас, күштісің, жүйріксің, шапқылаған шабандоздың ешбірі сенің балағыңа жармасып үлгерген жоқ. Бүкіл өмірін сені зертеуге арнаған Эйнштейннің өзі «салыстырым теориясына» көңілі толмай өтті. Ақ тер, көк тер еңбегімен қуып жетпек болды. Тіпті ұйқысын үнемдеді. Ал, Ньютон ас ішпеді. Киім кимеді. Жетті ме, әрине жоқ! Жеткізбедің. Жарты жолдан кері шегіндірдің.

Өзіңе арнап қазылған көр бұл жаһанда жоқ. Керісінше, сенің жұртқа көрің дайын, маңызың, мағынаң әрқашан кең. Қазір әркімнің басында сен тұрсың қаздиып. Бәрі аптығып-асығып, сенен айырылып қалатындай апыл-ғұпыл қимылдайды. Тіпті адамдар сенің соңыңнан жүгірем деп бір-біріне қуаныш сыйлауды ұмытты. Сен үшін бір-бірімен қырқысады, азғындыққа барады. Онысы аздай, жұрт өз болмысын тастап соңыңнан тым-тырақай қашты. Мынау болмыс атаулы қаңырап бос қалған қара там. Түзуі бар, қисығы бар, әйтеуір өзіңе бағытталған кез келген жолмен шоқырақтай шауып, жүгіре жөнелген жұрт тіпті әнебір бұрылуға тыйым салынған тұсты кесе көлденең кесіп-жарып, тіке тартты . . . Принцип - қайткенде көшіңнен қалмау керек! Осылайша жанұшырып зырылдап келе жатқанында сен әдеттегідей бытырап аспанға оқтай шашыласың, құс болып ұшасың да, төмендегі екі аяқтыларға паңдана қарап, жымысқы жымиыспен мазақ етесің. Жұрт селк етіп тоқтайды . . . Не болғанын түсінбейді. Бүйтетінің бар екен, онда не үшін сандалдық біз? Түсініксіз. Жан дүниесі қаңырап бос қалған оларды енді осы олқылықтың орнын толтыру үшін әйтеуір бірнәрселермен әрекеттендіруге итермелейтін сен тағы қуақысың.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігіне қарсы қылмыстардың түрлері
Қылмыстық кодекстің 346 - бабында екі бірдей қылмыс
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар туралы
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар
Отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар
Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz