Түркістан жеріне ислам дінінің таралу тарихы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Түркістан жеріне ислам дінінің таралу тарихы.

Тәуелсіз зайырлы Қазақстан қоғамы үшін Иасауи мұрасы негізгі рухани тұғыр болып табылады. Қоғамда діни таным даму үстінде, бүгінгі діни топтар да өзара құрмет пен келісім деңгейіне келгенде Иасауи мұрасының ортақ рухани құндылық болатыны ақиқат. Тарихта солай болған және солай болып қала береді. Ол үшін Иасауи мәдениеті мен мұрасының ғылыми айналымға енуі, танылуы және танытылуы үздіксіз процеске айналуы тиіс. Осы жолда бірқатар жұмыстар қолға алынды. Иасауи философиясы ислам діні негізінде қалыптасқан ғылымдар жүйесімен тығыз байланыста дамыды. Әсіресе, танымдық, болмыстық, психологиялық және моральдық қағидалары мен ұстанымдары да ислам философиясымен параллел бағытта болды. Айырмашылығы танымдық негізі мен методтарында жатыр. Түркістан жеріне Иасауи философиясы ішкі танымға, интуитивті қабылдау және тауил түсіндірмесін негізге алады. Негізгі мұраты Хақиқат, Алланың дидары болса, оған жету үшін өзін өзі тану және рухани арылту ұстанымдарын таңдайды. Алланың Бар және Бір екендігін дәлелдермен емес ішкі сезіну арқылы онымен үндесуді ғибадаттың негізі деп санайды. Алла, әлем және адам арасындағы тұтастық пен бірлікті айқын таным арқылы негіздейді. Айқын таным - Құранмен үндестікке, Алламен тұтастыққа, әлеммен үйлесімділікке жетелейтін иман арқылы мәнге айналудың жолы. Ол үшін танымның көзі жүректі пәк, қалби сали, яғни әлімсақтағы күйге жеткенше бақылап, тәрбиелеу шарт. Иасауи философиясы рух туралы сыр. Оны түсіну үшін ұғымдар немесе категориялармен бағындыру, талдау мүмкін емес, ол жолды рухымен сезіну және сол жолда жүру шарт. Иасауи философиясы хикмет. Танымы сопылық. Қабылдауы тауил. Қазақ даналығының негізгі желісі. Бүгіңгі ойлау жүйеміздегі, құндылық әлеміміздегі, мәдениетіміздің және өркениетіміздің арнасын нақтылайтын тұғырлардың бастауында Иасауи философиясы жатыр. Түркі дүниетанымы тарихында ислам негіздерін өзіндік ілім арқылы негіздеген тарихи тұлға, әулие дана ретінде орын алады.

Иасауи көзқарасының мәнін өзіндік методологиялар арқылы түсінуге болады. Негізінен алғанда, Иасауи ілімінің мәні мен мақсаты, өзіндік әдісі шынайы ғашықтыққа негізделген. Шынайы ғашықтық - кемел сұхбаттың (Иасауи ілімінде кемел сұхбат адам мен адам; адам мен қоғам; адам мен табиғат; адам мен Тәңір; мәдениет пен өркениет; өркениет пен өркениет, т. с. с. арасындағы үйлесімділік пен тұтастыққа, бірлікке жетудің бірден-бір әдісі. Сопылық дүниетанымның негізгі категорияларының бірі болып табылатын сұхбат, хәл іліміндегі "өлу мен түлеуді" (трансформацияны) анықтайтын құбылыс) жүзеге асуына ықпал ететін ең басты үндестік себеп.

ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының қазақ философиясы және эстетикасы бөлімінің N 14 мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылған. Жұмыстың негізгі мазмұнына қатысты 41 мақала және жалпы көлемі 42 баспа табақ болатын "Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы" (Түркістан, 2004) ; "Hoca Ahmet Yesevinin Düsünce Sistemi" (Анкара, 2003) ; " Hoca Ahmet Yesevinin Ahlak Felsefesi" (Анкара, 2003) үш монография жарияланды. Диссертацияның методологиялық және практикалық бағытын, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын негізгі тұжырымдар халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды тараған Иасауийа мектебінен бастау алатындығы тарихтан белгілі. Орта Азияда ислам, фикх, философиялық мектептер де кеңінен дамығандығы мәлім. Ислам өркениеті тұрғысынан бұған сай келетін интеллектуалдық дәстүрлер теология-кәлам, ислам философиясы және сопылық-даналық болды. Әрбір сала өзара бір-бірін толықтырып тұратын танымдық, методологиялық табиғаты мен ұстанымдары арқылы ерекшеленді. Ислам дін ғылымдарының қалыптасуының нәтижесінде олардың танымдық ерекшеліктеріне қарай ғылым сыныптамасы жасалды. Бұл сыныптамалар бойынша ғылымдар нақли (аяндық) және ғақли (адамдық) болып екіге бөлінді. Тафсир, хадис, фикх, кәлам, сопылық сияқты ғылымдардың міндеті негізінен Құран мәтінін түсіну және түсіндіру болғандықтан нақли ғылымдар қатарына жатады.

Исламдағы әрбір ғылымның зерттеу нысанына қарай қарастыратын мәселелері мен сұрақтары да, ұстанымы мен идеясы да өзгеріп отырады. Кәламның мақсаты негізінен ғақли методтарды қолдана отырып, қалыптасқан сенім (доктрина) негіздерін қорғау, анықтау және негіздеу болып табылады. Алайда методтар қаншалықты рационалды болса да, негізгі мақсат иманның қорғалуы болатын. Кәламды нақли ғылым қылған оның Құранмен доктриналық байланысы, ал рационалдық қылған философиялық, логикалық методтарды жоғары деңгейде қолдануы болатын. Кәлам ғылымы Алла, әлем және адам ретінде тізбектелген болмыс түрлерін Алланың Бар және Бір екендігін дәлелдеу логикасымен топтастырса, ал сопылық, Алланың болмысын, оның Бар екендігін (мағшуқ) Алланың махаббатына жету идеалымен ауыстырды. Ислам ғылымдары жүйесінде хикмет маңызды орын алады. Кәлам ғылымының даму процесінде қарастырған мәселелерінің оны өздігінен философияның зерттеу аясына тартқандығын, бұл проблемалардың уақыт өте келе философияның қарастыратын мәселелерімен параллель болғандығын және сол себепті де кәламды философиямен байланыстырғандығын көруге болады.

Бұған қоса ислам философиясына діни ақиқат ұғымы тұрғысынан қарағанымызда осы дәстүрдің хикмет ұғымына жақын екендігін көруге болады. Философияның көзқарастар желісі бір мәдени кеңістіктерден асып, келесі бір мәдениетке үздіксіз еніп отыратын мұра. Ол ақиқат теориясы шеңберінде пайғамбарлық таныммен үндесіп, философиялық хикметке байланысты интеллектуалдық ой желісі діни мәтіндердегі хикметтің мағынасына ауыстырылуы нәтижесін туғызған. Бұл түсіну формалары хикмет ретінде философия пайғамбарлықтан пайда болғандығы үшін (мишкат-ул нубууа) яки, пайғамбарлық танымның философиялық ақиқатты қамтитындығынан философия діни негіздегі интеллектуалдық әрекет ретінде қабылданды. Бұл қабылдау формаларына мысал ретінде әл-Фарабидің &Мадинат-ул-фадила" (Парасатты ел) теориясын миллату-ул фадила (парасатты дін) теориясымен тұтас қарастырғандығын айтуға болады.

Сонымен кәлам, философия және сопылықты өзара байланыстырушы негізгі фактор исламның қасиетті кітабы Құран және Құрандағы Алла, әлем және адам туралы терең ойлы рационалдық негіздердің болуы дер едік. Жоғарыда көрсетілгендей Құранда Алланың өзін танытуы, біртұтас әлем туралы мәлімет беруі және адамды болмыстардың ішіндегі маңызды орынға қоюы, ислам өркениетіндегі осы үш ғылым жүйесінің тақырыптары мен проблемаларының ортақ болуы өзара байланысты күшейтті. Алайда бұл байланыстың тарихи себептері де бар. Кәлам, философия мен сопылық әрбірі өз салаларында қалыптасу, даму сатысын аяқтап, нәтижесінде тарихи үлкен мұраларды дүниеге әкелді. Осы мұраларда интеллектуалдық тәжірибелер метод, сөйлем мен ұғыну мәселелерін шешу үшін өзара диалог жасауға мәжбүр болған. Осы диалогтар нәтижесінде үш түрлі таным яки, көзқарас өзара ықпалдасты. Кәлам ғылымы өзінің зерттеу объектісіне "қай сенім?" сұрағымен қараса, философия "қай дәлел?", ал сопылық негізінде "қай адам?" сұрағымен қатынас жасайды. Берілетін жауаптар да ретімен сүннет және жамағат, дәлел (бурхан) және толық адам (инсан-и камил) болып келеді. Тақырыптары бір және ортақ болғанымен Алла, әлем және адам қатынасын әрқайсысы өзіндік сұрақтар мен ұстанымдар арқылы методологиялық негізде тұжырымдаған. Таным және методологиялық мәселе сопылық танымның ислам философиясы тарихындағы орнын ашып көрсетуге жарайды. Дегенмен кәлам, философия және сопылық салаларындағы ойшылдардың Алла туралы тұжырымдарын тарихи тұрғыдан салыстырғанымызда сопылардың Алла түсінігі жоғары тұрғандығын көреміз. Сопылардың адам мен Алла арасындағы байланыс орнату, онымен үйлесімді болуы үшін жасаған теорияның негіздері мен практикалық психотехникалық әдістері кейінгі ислам философтарына терең ықпал етті. Сонымен ислам философиясы тарихындағы кәлам, сопылық және хикмет арасындағы өзара әдіс, таным және ойлау жүйелері арқылы қалыптасқан Алла, әлем және адам қатынастары арқылы қоғамдағы танымдық басымдылықты да көрсетуге болады. Санадағы ақиқат - өмірдегі қолданыстардың кескіні. Сондай-ақ үш саланың да негізгі өлшемі құдайлық аян екендігі белгілі жәйт.

Түріктер мұсылман болған соң тарихын, салт- дәстүр, қысқасы мәдениеттерін исламдық рухпен қайтадан қалыптастырды. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистикалық) дін екендігін ескерсек, сопылық дүниетанымның түрік мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиынға соқпаса керек. Иасауи тариқатының негізгі ерекшеліктері: Қожа Ахмет Иасауи тариқатының негізгі ерекшелігі туралы Хазини өзінің "Жауаһир ул Абрар мин Амуаж-ил Биһар" (Теңіз толқындарындағы ізгіліктің гаухарлары-сөздік аудармасы, ал мағынасы "Хақ жолындағы әулиелердің сырлары) деген еңбегінде мәлімет қалдырған. Онда Иасауиийа тариқатының негізгі он этикалық (адаб) ұстанымдары қамтылған.

А) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қатынас:

Ә) Тариқат жолының түпкілікті (аһкам) үкімдері,

Б) Шайх болудың шарттары,

В) Тариқаттың міндеттері,

Г) Тариқаттың дәстүрлі жолы (сунна),

Ғ) Тариқаттың алты ерекше қасиеті (мустаһаб),

Д) Тариқаттың алты этикалық тәртібі,

Е) Тариқатқа кірген муридтің кемелдікке жетуінің төрт шарты бар:

Кеңістік (макан), заман (уақыт), бауырмалдық-өзара ынтымақтастық (ихуан), мемлекет басшысына риясыз беріктік (рабт-и Султан) . Ж) Иасауи тариқатында зікір мен қылует рухты арылтудың негізгі методтары, яғни, құрал мақсат емес. Иасауи тариқатының тарихи таралу кеңістігі мен уақыты: Иасауи ілімі уақыт тұрғысынан ХІІ ғасырдың жартысында Мауераннаһр, Түркістан, Ферғана яғни, бүгінгі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстан мен Тәжікстан территорияларына таралды. Иасауи мәдениетінің Үндістандағы мұрагерлері Хайдариййа тариқаты, Кіші Азия-Анадолыда Хайдарилік тариқаты, кейіннен ХVІ ғасырдың басында құрылған Бекташиййа тариқаты да Иасауи ілімінің жалғасы ретінде тіршілігін жалғастырып келеді. Алтын Орда дәуірінде Өзбек Хан (1313-1341) кезеңінде исламның ресми дін ретінде танылуы нәтижесінде суфилік Еділ бойына XІІІ-XІV ғ. енді. Иасауи жолы ХVІ ғасырға дейін Ферғана, Ош, Өзбекстан жерінде өзінің өміршеңдігімен танылса, ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың 70-ші жылдарына дейін яғни, Кеңестік дәуірде де аты аталған аймақтарда өз тіршілігін сақтап қала білді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қырғызстанда "Лахшылар" (Аллаһчи) атымен Сәнуар (1870) шайхтың басшылығымен Иасауиййа тариқаты қайта жаңғырды. Кейіннен бұл тариқат Кеңестік режимге қарсы "ғазауат-жихад" көтерілістеріне мұрындық болды. 1920 жылы осы "Лахчилер" тариқатының жалғасы ретінде Әбутәліп Сатыбалдиев деген шайхтың басшылығында "Шашты ишандар" тариқаты шығып, кеңестік атеизм үгіт-насихатына қарсы астыртын іс-шаралар жүргізген көзқарасы перде-әлем-мақам-йақин-мужахада-инаят-махаббат шеңберінде тұжырымдалады. Оның " . . . бірінші мақам - малакут, екіншісі - лаһут, үшіншісі - насут, төртіншісі - жабарут"-деп, әлемдерді рухани кемелденудің мақамдары ретінде ұсынып, "Жабарут мақамы - шариғат, Малакут мақамы - тариқат, Лаһут мақамы - мағрифат, Насут мақамы - хақиқатқа сай келеді" деу арқылы абстрактілі-категориялық әлемдерді хәл іліміндегі шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат мақамдарымен тұтастықта қарастырып, теориялық-категориялық деңгейдегі метафизикалық әлемді қоғам өміріндегі моральдық-рухани жетілудің сатылары ретінде танытқан. Иасауи ілімінде осы мақамды ашудың сатылары бар. Олар шариғат, тариқат, мағрифат және хақиқат. Осы мақамдарға сай иман да дәрежелерге жіктелген. Шариғат сатысындағы иманды -"иман-и бостан", тариқат иманына-"иман-и гүл", хақиқат иманын -"иман-и нұр", мағрифат иманын -"иман-и сыр" деп иман дәрежелерін ажыратып көрсеткен. Демек, Иасауи іліміндегі "иман-и нұр" дәрежесі жоғарыда келтірілген "Мират-ул Қулуб" рисаласындағы хақиқат иманы болып табылады. Ал, "иман-и гүл" түсінігі тариқат мақамының, яғни ғашықтық жолының иман категориясын көрсетеді. Бұл шариғаттың "иман-и бостан" дәрежесінен жоғары тұр. Өйткені "иман-и гүл" сопылық дүниетанымда "жаратылғандарды Жаратқан (Тәңір) үшін сүю" ұстанымына негізделген. Демек, "иман-и гүл" категориясы Абайдың ауадан ала салған түсінігі немесе ойлап тапқан символы емес, Иасауи жолындағы сопылық мәдениеттің негізгі түсінігі болып табылады.

Жоғарыдағы Иасауи көзқарасындағы жетпіс мақам, жетпіс мың перде, он сегіз мың әлем, жеті йақин, қырық мақам, төрт негізгі элемент: топырақ, су, от және ауа, төрт саты: шариғат, тариқат, мағрифат, ақиқат; жеті рухани мәртебе; төрт дария, елу дәреже сияқты сан мен сапаның тұтастығын көрсететін философиялық ойлау жүйелері негізінен өз алдына жеке зерттеуді талап етеді.

Иасауи ілімінің мәніне жету үшін бірінші мәселе ретінде терминология тұр. Терминология мәселесін шешу үшін алдымен сопылықты зерттейтін мамандар қажет. Әрбір сопылық жолындағылар өзара арнайы тіл қалыптастырған, нәтижеде сопылық терминология пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Ислам дінінің таралу ерекшеліктері
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
Қазақстандағы діндер
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
КУРС ЖҰМЫСЫ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz