Қазақстандағы өзін-өзі реттеу ұйымдары


Жоспар:
1. ӨЗіН-ӨЗі РЕТТЕУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТіНіҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НЕГіЗДЕРі
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗіН-ӨЗі РЕТТЕУ ҰЙЫМДАРЫ. ОЛАРДЫҢ РӨЛі МЕН МіНДЕТТЕРі
Қаржы нарыҒын Өзін-Өзі Реттеу Ұйымдары
1. Өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨӨРҰ) - бұл бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қауымдастық формасында, ерікті түрде, олардың кәсіби қызығушылықтарын қорғау мақсатында құралатын коммерциялық емес және мемлекеттік емес ұйым. Ол бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды.
Мемлекеттік реттеу жеткіліксіз болған жағдайда қаржы нарығының күрделенуі мен кеңеюіне байланысты инвестициялық бизнес қатысушыларының кәсіби қауымдастықтары пайда болады. Олар қауымдастық мүшелеріне ғана емес, биржалық сауда қатысушыларының кең шеңберде залал әкелетін жеке тұлғалардың әділетсіздігін іздеп табады. Өйткені, кәсіби адамдарға деген қоғамдық сенімділіктің төмендеуі олардың бизнестерінің негізін бұзады және пайданың азаюына әкеледі. Қаржы нарығының ішкі реттеуінде кәсіби қауымдастықтардың қызығушылықтары көбіне мемлекеттің қызығушылықтарымен сәйкес келеді.
Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес лицензия негізінде жүзеге асырады. ӨӨРҰ-ның әр түрлі түрлерін лицензиялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қор биржасы, бағам белгілеуші ұйым, Орталық депозитарий, өздерінің тікелей қызметтері бойынша лицензиясын алғанда ӨӨРҰ мәртебесін қабылдайды, ал қауымдастық бұл мәртебені тек өздері қауымдастық ретінде лицензия алғаннан кейін ғана алады. Өзін-өзі реттеу ұйымдарын құрудың мақсаты, қаржылық нарық қатысушыларының қызметтеріндегі белгілі бір бағыттардағы ішкі реттеу болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу ұйымының негізгі міндеттері:
- бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының тиімді қызмет етуін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету;
- бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушылары клиенттерінің және бағалы қағаздар иелерінің қызығушылықтарын қорғау;
- бағалы қағаздармен операцияларды жүргізудің ережелері мен стандарттарын жасау.
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың кәсіби қызмет етуінде міндетті ережелерді жасап шығаруға, кадрлардың кәсіби дайындалуын жүзеге асыруға, қаржы нарығында жұмыс істеу үшін талаптарды бекітуге құқығы бар; мемлекеттік басқару органдарында, қаржы нарығы қатысушыларының байланысын және қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Кәсіби қатысушылардың ӨӨРҰ-ның құрылтайшылық құжаттары және қызмет ету ережелерінде мынадай талаптар қойылуы қажет :
- ұйымның мүшелерінің кәсіби біліктілігі (техникалық қызметкерден басқа) .
- бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру стандарттары;
- бағалар мен айлалы әрекеттерді шектейтін ережелер;
- есеп және есеп беруді жүргізу құжаттары;
- ұйымға кіру, шығу немесе одан шығарып тастау тәртібі;
- ұйымның басқару органдарына сайлануында және ұйымды басқаруға қатысуға ӨӨРҰ мүшелерінің тең құқықтарының болуы;
- ұйым мүшелерінің арасында жинақтарды, төлемдерді, ұстап қалуларды тарату;
- ұйым мүшелерінің клиенттердің талаптары мен шағымдарын қарастыру;
- ұйым мүшелерінің бекітілген ережелер мен стандарттарды орындауын тексеру рәсімдерін жүргізу;
- ұйым мүшелерінің клиенттер және басқа да тұлғалардың алдында зиянды өтеу бойынша міндеттерді орындау тәртібі;
- ұйым мүшелерінің қолданылатын санкцияларынан басқа да шаралар және оларды қолдану тәртібі;
- ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету.
Қазақстанда өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелерін Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік бекітуі қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ӨӨРҰ-ның мүшелері, өз қызметтерінің бір түрін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын кәсіби қатысушылары болып табылады. Ұйым мүшелерінің кіруі, шығуы және шығарылып тасталуы, ұйымның ішкі құжаттары негізінде жүргізіледі.
Кәсіби қатысушының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі табылған жағдайда немесе қойылған талаптарға нарықтағы қызметі сәйкес келмесе ӨӨРҰ оны мүшелікке қабылдамауға құқығы бар.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын былайша көрсетуге болады. ӨӨРҰ мүшелерінің жиналысы → директорлар Кеңесі → Басқару → ревизиялық комиссия.
ӨӨРҰ мүшелерінің жиналысында мынадай мәселелер қарастырылады:
- жарғыны өзгерту;
- директорлар Кеңесін, атқарушы органдарды, ревизиялық комиссия мүшелерін тағайындау, сонымен қатар олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
- қызмет етудің нәтижелерін, атқарушы органдардың есеп берулерін және ревизиялық комиссияның қорытындыларын бекіту;
- ұйымның ережелерін, оларға толықтырулар мен өзгертулерді бекіту;
- ӨӨРҰ-ын қайта ұйымдастыру және жою, тарату комиссиясы мен таратушы балансты бекіту;
- ӨӨРҰ-на мүшелерді қабылдау және шығарып тастау.
Бұл сұрақтар бойынша шешімдер ӨӨРҰ-ның жалпы мүшелерінің үштен екі бөлігінен кем емес дауыстарымен қабылданады. Жарғымен жалпы жиналыстың құзіретіне қызмет етудің басқа да мәселелері жатқызылуы мүмкін.
Кеңес өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің өкілдерінен құрылады және өз қызметін оның жарғысы мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
ӨӨРҰ-ның мүшелері мен аффилиирленген (үлестес) тұлға атқарушы органдарды басқара алмайды. Ұйымның қызметі өзін-өзі өтеу қағидаларына негізделеді. Оның табысы алымдар мен жарналар, ӨӨРҰ-ның мүлкін қолданғаны үшін төлемдер, сонымен қатар ұйымның жарғысымен қарастырылған ақпараттық, кеңес берушілік және басқа да қызметтерді көрсетуден түсетін қаражаттар есебінен қалыптасады.
Ревизиялық комиссия Кеңестің қаржылық-шаруашылық қызметіне және қауымдастық бюджетінің қолданылуына бақылауды жүзеге асырады.
Өзін-өзі реттейтін ұйым төрелік комиссияны құрай алады, ол нарықтағы мүшелер арасындағы пайда болатын жанжалдарды қарастыратын бірінші орган болып табылады. Ол өзінің қызметін жалпы акционерлер жиналысымен бекітілген ережелеріне сәйкес жүргізеді. Төрелік комиссияның шешімімен бір тараптардың біреуі келіспеген жағдайда сотта қайта қаралуы мүмкін.
Бағалы қағаздар нарғының қатысушыларын алдауға бағытталған немесе ұқсас қызметпен айналысатын қатысушылардың басқа да кемшіліктерін көрсететін жалған ақпараттар жарияланғанда ӨӨРҰ мәліметтерді жариялауды тоқтату және оны ақпарат құралдары бойынша терістеу шараларын қабылдайды.
ӨӨРҰ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігіне Қазақстан Республикасының заңнамаларының барлық бұзылған деп табылған бұзушылықтар туралы толық ақпарат береді. Бұл жерде қор биржаларына ерекше орын беріледі. Қор биржаларында қадағалауды ұйымдастыру формасы және бағалы қағаздар нарығын бір қалыпты реттеп отыру формалары жоғары дамыған.
2. Қазақстанда 1999 жылға дейін жалғыз толыққанды заңды ӨӨРҰ KASE қор биржасы болды. Активтерді басқаратын және Қазақстандық тізілімді ұстаушылардың қауымдастықтары (ҚРҰҚ) 1999 жылдың ІV тоқсанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына алғаш рет 2 лицензия берілді.
1999 жылдың 13 қарашасында Ұлттық Директораттың қаулысымен активтерді Басқару Қауымдастығына зейнетақы активтерін басқаратын компанияның қызметін тиімді қамтамасыз ету және қызмет көрсету нарығында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар еркін бәсекелестікті дамыту мақсатында № 482 ӨӨРҰ ретінде қызметін жүргізетін лицензия берілді, сонымен қатар, Қауымдастығының мүшесі болып табылатын зейнетақы активтерін басқаратын компанияның стандарттық қызметімен және кәсіби этикасымен заң жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қалыптастыру керек болды.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен, активтерді Басқару Қауымдастығымен бекітілген негізгі басқару органдарынан басқа, ең маңызды деген міндеттерді шешу мақсатында заң бойынша, қызметкерлері бойынша, есеп және есеп беру бойынша үш тұрақты қызмет ететін комитет құрылды. Қауымдастық өзінің мүшелерінің тізімін жүргізеді. Онда әр мүшенің мекен-жайы және фирманың аты, Қауымдастығының өкілеттілігі туралы мәліметтер, қызметкерлердің біліктілігі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары лицензияның реквизиттері туралы ақпараттар болады.
Қауымдастық мүшелеріне бағалы қағаздарға байланысты мәміленің құнына айла-шарғы жасауға, сондай-ақ қауымдастық мүше-клиенттерінің көзқарасын бұрмалау мақсатында өзара сөз байласу, т. б. мүмкін шараларды жүргізуге және бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс жағдайы жөнінде бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушыларына айла-шарғы жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар, Қауымдастық мүшелері тоқсан сайын барлық ақпарат құалдарында жариялану мерзімінен 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ӨӨРҰ-на мыналарды беруі қажет:
- жеке және зейнетақы активтерінің жағдайы туралы мәліметтер;
- бухгалтерлік баланс, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп берулер;
- ақша қаражатының қозғалысы туралы;
- таза зейнетақы активтері және ондағы өзгерулер туралы.
Қаржы жылы аяқталғанда Қауымдастық мүшелері кезеңге қаржылық есеп беруді тексергендігі туралы жылдық қаржылық есеп және аудиторлық қорытындыны береді.
1999 жылдың 13 қарашасында Ұлттық комиссияның Директораты қаулысымен Қазақстандық тізілім ұстаушылар қауымдастығына ӨӨРҰ ретінде қызметін жүзеге асыру № 483 лицензиясы берілді. Ол 1998 жылдың ІІ тоқсанында тіркеушілермен құрылған. Мақсаттары:
- қызметтерді үйлестіру және тізілім ұстаушылардың жалпы қызығушылықтарын білдіру;
- қауымдастық мүшелерінің жалпы қызығушылықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
- бағалы қағаз ұстаушыларының тізілімін жүргізу бойынша қызметін жүзеге асыратын ұйымның кәсіби этикасы және қызметтің стандарттарын жасау;
- Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының дамуына мемлекеттік органдардың қатысуы;
- бағалы қағаздар нарығында айлакерлік әрекеттерді болдырмауға бағытталған әділетті тәжірибенің ережелерін жасау;
2000 жылдың 1 қаңтарындағы ҚРҰҚ жарлығына сәйкес ӨӨРҰ-ында мыналар қалыптасты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz