Оқу әрекетін ұйымдастырудың инновациялық сипаты



Кіріспе

І.бөлім. Оқу әрекетін ұйымдастырудың инновациялық сипаты.
1.1. Инновация туралы жалпы түсінік
1.2. Оқу әрекетін ұйымдастырудың бүгінгі заман талабына сай құрылу
ерекшеліктері

ІІ. Бөлім. Инновациялық оқыту . жарқын болашағымыздың кепілі.
2.1. Заман талабына сай оқу әрекетін ұйымдастырудың
әдіс.тәсілдері
2.2. Болашақ мұғалімнің инновациялық
іскерліктерін қалыптастырудың жолдары

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
1) практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
2) қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіруі;
3)еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
4) орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.
Инновация (латын сөзі in-b nivis жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту деген мағынаны білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа консепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді:
1) жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі;
2) өзгеріс;
3) құрал-әдіс-тәсіл.
Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы оқытуды жетілдіруді, оқытудың жаңа технологиясының озық үлгілерін тәжірибеге енгізуді талап етіп отыр. Сонымен бірге жаңа типтегі бағдарламалар мен оқулықтарды жасауды, білікті мамандар дайындауды, техникалық құралдармен жабдықтауды айрықша қажет етуде. Осыған орай оқу пәндері ғылымы барған сайын даму, өсу, тәжірибе жинақтау үстінде. Жаңа ізденістер пайда болды. Оқушының мүмкіндіктерін ашуға, қызығушылығын арттыруға, белсенділігін дамытуға бағытталған әдістемелер қалыптаса бастады.
Солардың бірі - инновация. Инновация - жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде жаңалық енгізуге ортақ жаңа тұрақты элементтерді енгізетін мақсатты өзгеріс, соның негізінде белгілі бір жүйе бір қалыптан екінші қалыпқа өзгереді деген анықтама береді. Кез келген жаңалық жаңарумен байланысты.
Жаңа - бұл ескінің орнына келген жаңа, өткеннің орнына келген таяудағы немесе бүгінгі, көпке өте таныс емес, жаңа пайда болған, жасалынған, жаңа құрылған дегенді білдіреді.
Жаңалық - бұл (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама) құрал, жаңарту - осы құралды игерту барысы.
Инновация оқушының оқу-танымдық барысқа қатысу кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді. Инновациялық оқыту жүйесінде білім берудің арнайы бір үлгілік типтік моделі болады, ол модель оқушының жай ғана іс-әрекетіне емес, сонымен бірге шығармашылық дербес қабілетіне негізделеді. Бұған мынадай жағдайда қол жеткізуге болады.
- білім алудың дерек көздерін пайдалану арқылы /сезім арқылы қабылдауды іске асыратын көрнекіліктер/;
- оқудағы іс-әрекет түрлері арқылы;
- танымдық барыстың логикасы ойлау әрекеті және ой қозғалысы дауылын туғызу арқылы;
- таным барысының психологиясын ескеру арқылы. Демек, инновация оқыту жүйесі оқушының жеке дара қабілетін, арнайы мүмкіндіктерін, сондай-ақ өзіндік шығармашылық ізденістерін дамытуға тікелей септігін тигізеді.
1. ҚР-ң «Білім туралы» заңы.
2. «Педагогика». Ж.Ә.Әбиев, С.Б.Бабаев, А.М.Құдиярова. Дарын-Алматы. - 2004.
3. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы».
Р.М.Қоянбаев, Қ.Т.Ыбырайжанова. Түркістан 2005.
4. «Инновациялық педагогикалық технологиялар»
Алматы «Атлас» баспасы. – 2001.
5. «Бастауыш мектеп» журналы. 8-2007.
6. «Бастауыш мектеп» журналы.3-2008.
7. «Ұлт тағылымы» журналы.9-2007.
8. «Қазақстан мектебі» журналы. 1-2008.
9. «Қазақстан мектебі» журналы.4-2006.
10. «Қазақстан мектебі» журналы.7-8-2007.
11. «Қазақстан мектебі» журналы.11-12-2005.
12. «Қазақстан мектебі» журналы.11-2006.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І.бөлім. Оқу әрекетін ұйымдастырудың инновациялық сипаты.
1.1. Инновация туралы жалпы түсінік
1.2. Оқу әрекетін ұйымдастырудың бүгінгі заман талабына сай құрылу
ерекшеліктері

ІІ. Бөлім. Инновациялық оқыту – жарқын болашағымыздың кепілі.
2.1. Заман талабына сай оқу әрекетін ұйымдастырудың
әдіс-тәсілдері
2.2. Болашақ мұғалімнің инновациялық
іскерліктерін қалыптастырудың жолдары

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

1.1. Инновация туралы жалпы түсінік.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында "Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникация желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі
мектептер:
1) практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
2) қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіруі;
3)еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
4) орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді
көздейді.
Инновация (латын сөзі in-b nivis жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту деген
мағынаны білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет
шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, алғаш ашылған, бұрыннан таныс
емес енгізілген жаңалық.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу,
яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа консепцияларды
жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді:
1) жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі;
2) өзгеріс;
3) құрал-әдіс-тәсіл.
Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы оқытуды
жетілдіруді, оқытудың жаңа технологиясының озық үлгілерін тәжірибеге
енгізуді талап етіп отыр. Сонымен бірге жаңа типтегі бағдарламалар мен
оқулықтарды жасауды, білікті мамандар дайындауды, техникалық құралдармен
жабдықтауды айрықша қажет етуде. Осыған орай оқу пәндері ғылымы барған
сайын даму, өсу, тәжірибе жинақтау үстінде. Жаңа ізденістер пайда болды.
Оқушының мүмкіндіктерін ашуға, қызығушылығын арттыруға, белсенділігін
дамытуға бағытталған әдістемелер қалыптаса бастады.
Солардың бірі - инновация. Инновация - жаңалық енгізу деген мағынаны
білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде жаңалық енгізуге ортақ жаңа тұрақты
элементтерді енгізетін мақсатты өзгеріс, соның негізінде белгілі бір жүйе
бір қалыптан екінші қалыпқа өзгереді деген анықтама береді. Кез келген
жаңалық жаңарумен байланысты.
Жаңа - бұл ескінің орнына келген жаңа, өткеннің орнына келген таяудағы
немесе бүгінгі, көпке өте таныс емес, жаңа пайда болған, жасалынған, жаңа
құрылған дегенді білдіреді.
Жаңалық - бұл (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама) құрал,
жаңарту - осы құралды игерту барысы.
Инновация оқушының оқу-танымдық барысқа қатысу кезеңдерін анықтауға
мүмкіндік береді. Инновациялық оқыту жүйесінде білім берудің арнайы бір
үлгілік типтік моделі болады, ол модель оқушының жай ғана іс-әрекетіне
емес, сонымен бірге шығармашылық дербес қабілетіне негізделеді. Бұған
мынадай жағдайда қол жеткізуге болады.
- білім алудың дерек көздерін пайдалану арқылы сезім арқылы
қабылдауды іске асыратын көрнекіліктер;
- оқудағы іс-әрекет түрлері арқылы;
- танымдық барыстың логикасы ойлау әрекеті және ой қозғалысы дауылын
туғызу арқылы;
- таным барысының психологиясын ескеру арқылы. Демек, инновация оқыту
жүйесі оқушының жеке дара қабілетін, арнайы мүмкіндіктерін, сондай-ақ
өзіндік шығармашылық ізденістерін дамытуға тікелей септігін тигізеді.
Шындығында, "инновация" (латынша ind-novus — жаңашылдық) көптеген
ғалымдар мен педагогтердің пікірінше, "жаңалық енгізу" болып табылады.
М.Поташник барлық түсініктерді талқылай келе: "...жаңалық енгізу — бұл
құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, оқу бағдарламасы және.т.б.),
ал инновация" - бұл осы құралдарды игеру үрдісі" деп анықтама береді.
Бұдан шығатын қорытынды: жаңашылдық - бұл бұрыннан бар нәрсеге
жақсартулар, өзгерістер енгізу.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің, ұлттық моделіне өту оқыту
мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық
технологияны игерген психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай
апатын, педагогикапық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл
жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет
етеді.
"Инновация" ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де жасала қойған
жоқ. Біз өз зерттеу жұмысымызда Ш.Таубаева мен Қ.Құдайбергенова берген
анықтамаға сүйенгенді жөн көрдік, яғни "инновация" - бұл қойылған мақсатқа
жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа
қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде
берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз
еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат
пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа
инновациялық-педагогикапық технологияны өндіруді міндеттейді.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық енгізу 4-кезеңнен тұрады.
1-кезең жаңа идеяны енгізу. Ақпараттарды және жаңалықтарды іздестіру.
2-кезең жаңалықтарды ұйымдастыру, оқу-тәрбие үрдісіне жаңалық
енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
3-кезең жаңалықтарды еигізу. Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-
тәсілдерді қолдану.
4-кезең жаңалықтарды бекіту. Оқу-тәрбие үрдісіне енгізілген
жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен
дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке
шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға
бағытталады. Шынында бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске
асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Ю.Н.Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі "мөлшерлік шығармашылық
белсенділіктің" ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек, абстрактылы түрде
қарастырылмайды дейді. Егер "іс-әрекеттің немқұрайлы іс-әрекеттік
құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе,
жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі.
Қазіргі жағдайда инновациялық процестер, жылдам басқару
мәселесі педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып
табылады. Инновациялық процестерді олардың дамуындағы тенденциялары мен
қайшылықтарды аша отырып, инновациялық процестер - бүкіл әлемнің білім
беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып
табылады.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін
инновациялық процесстер білім беруді және мектептегі оқу процесін жаңарта
алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау,
қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі
баспалдақтарында кеңінен қолдануда. Дұрыс сұрыпталып, ой елегінен, сынақтан
өткізілген жаңалық максималды жетістікке жетуге кепілдік беретіндей болғаны
жөн. Инновациялық процесс - осы жаңалықты енгізетін, қолдануға жағдай
жасайтын кешенді әрекет.
Қазіргі кезде мектептердегі оқыту процесінде мынандай жаңалықтар
кездеседі.
- оқыту мазмұнында;
- әдістеме, технология, әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие барысында
қолдануда;
- оқу-тәрбие барысын ұйымдастыру;
- мектепті басқару.
Жаңашылдық, прогрессивтік аз уақыт ішінде материалдық және моральдық
күшті, күш-қуатты аз жұмсай отырып, жаңа жоғары нәтижеге жетудің ұтымды
жолуы болуы тиіс. Сондықтан кез келген жаңалық мектеп тәжірибесіне
енгізіліп, сынақтан өтуі тиіс.
Арнайы іріктеліп және үйлестірілген формалардың, әдістердің,
тәсілдердің, айлалардың, тәрбиелік құралдардың (схема, чертеж, диаграмма,
карталар) белгіленген психологиялық және педагогикалық шарттарының жиынтығы
педагогикалық технология болып табылады. Технологиялық құралдармен
оқушылардың білім, білік, дағдыларды игерудегі, бір немесе бірнеше іргелес
ауқымдағы оқу-тәрбие жұмыстарында оқушылардың тұлғалық белгілері мен мінез-
құлықтық сапаларын дамытудағы тиімді нәтижелерге жету мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Педагогикалық барыста технология оиың жалпы
әдіснамасынан, мақсаттары мен мазмұнынан алшақ өмір сүре алмайды.
Педагогикалық технология педагогикалық барыстың ұйымдастыру-әдістемелік
құрал-жабдықтары болып табылады.

1.2. Оқу әрекетін ұйымдастырудың бүгінгі заман талабына сай құрылу
ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 8 тарауында
көрсетілгендей, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі — оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғалами коммуникациялық байланысқа
шығу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ал қазіргі таңда жаңа
білім беру технологиялары кең тарала бастады, олар уақыт пен қоғамдық
сұраныстарды жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.
Инновациялық оқыту негізінде оқушының дербес қабілеті белсенділігін
қалыптастыру, оқыту материалдарын өздігінен пайдалану арқылы танымдық
белсенділігін арттыру алға шығады.
Мұның ерекшеліктері негізінен:
- оқушының белсенді іс-әрекетін дамыту;
- оқушының дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;
- оқушының танымдық барысқа белсенді қатысуын анықтау
мүмкіндігін қарастыру;
- көрнекілік құралдарын тиімді пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау
эмоциясына әсер ету болып табылады.
Қазіргі уақытта "педагогикалық технология" психологиялық-педагогикалық
әдебиетте ең көп таралған және қолданылатын ұғым.
Қаралып отырған ұғым әр түрлі болып түсіндіріледі: кейбіреулері бұл
ұғымды оқу мен тәрбиенің жоғары жетістіктерін бағалау құралы десе,
екіншісі, бұл категорияға жаңа педагогикалық технологияға ету және құру -
бұл болашақ ақпарат өркендеу алдындағы білім беруге қойылған міндеттер мен
өзекті шешімдердің заңды құбылысы деп көрсетеді.
"Білім беру технологиясы" — кең ұғым. Бұған әр түрлі оқу
технологиялары тарапынан педагогикалық технологиялар енеді.
Оқыту технологиясы — бұл жақын ұғым, бірақ "педагогикалық
технологиямен" тепе-тең келмейді, өйткені, ол педагогикалық технология
таңдаған мәселелер, тақырып, пәндерге белгілі шеңберде нақты түсініктерді
игерудің жолдарын көрсетеді.
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне
де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге
енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми
ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық
тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді.
Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз.
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері
мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін
ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды
екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу,
жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық
ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда
басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа
педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап
жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы
процесті басқару мұғалімнің өз қызметіңде әріптестерінің тәжірибесі немесе
ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын
қамтамасыз етеді. Педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі
заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық
қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен
айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар
білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие
процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде.
Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім
мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын
жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің
көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі
жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап
етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен
беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға
деген қатынасы сипатының өзгеруі.
Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі
маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап,
баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Педагогикалық технология нақты технологиялық барыста жүзеге асады.
Технологиялық барыс нақты педагогикалық нәтижелерге бағытталған нақты
технологиялық бірліктердің жүйесі ретінде көрінеді. Білім беруге жаңалықтар
енгізу үрдісі өте күрделі болып келеді және көптеген материалдық шығынды,
педагогикалық кадрларды арнайы даярлауды талап етеді. Әдетте, жаңашылдық
идеяны мектептің екі-үш педагог бастайды, ал жаңалық енгізудің субъекті
бүкіл мектеп ұжымы болады. Бұндай жағдайда педагогикалық ұжымды да жаңашыл
деп есептеуге болады.
Егер ұжымның әрбір мүшесі өзінің рөлін түсініп, жақсы орындаса, сонда
ғана өзгерістер ұтымды болады. Жаналық енгізу — бұл тек қана орындаушылар
іс-әрекеті ғана емес, бұл олардың арасындағы байланыстар, демек, олардың
жүйелілік ұстанымына сәйкес болуына және тәжірибелік маңыздылығына жіті
көңіл бөліп, талдап отыру қажет. Егер инновация мектептің үш сатысын да
қамтыса, онда қойылған мақсаттар аясында олардың арасындағы қарым-
қатынасқа, әр сатыдағы өзгеріске баға беру керек.
Озық педагогикалық тәжірбиенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық
пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық
талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен
педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков,
Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П.
Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Эрдинов, Е. А. Ямбург және
т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне
айналды.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі -
психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің
практикасына ендіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің
нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп
қызметкерлеріне белгісіз болып қалады.
Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін
практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске
асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін
практикада қолдануға деген қажеттілік анықталатындығы В. Е. Грурман,
В. В. Краевский, П. И. Керташева, М. Н. Скаткин және басқа ғалымдар
арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік
көмек көрсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру әдістері мен
тәсілдерін игеруге болады.

1. Заман талабына сай оқу әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінде реформалар жүріп жатыр. Осы
реформаларға сәйкес жоғары мектептің оқу үрдісіне инновациялық
педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Ол
бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын
жетілдіруді көздейді.
"Технология" латынның "техне" - өнер, шеберлік, қолөнер және "логос" -
ғылым деген сөзінен шыққан. 1960-1970 жылдардан бастап педагогика ғылымында
педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын
ғалымдар түрліше анықтайды:
- педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу
бәғдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Жоспарлап оқыту технологиясы
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологиялары
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық,ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері
Жобалаудың теориялық негіздері
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері
Пәндер