ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ «АСТАНА» өлшемі 100-80, КЕНЕП, МАЙЛЫ БОЯУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ибрагим Мухая Бабырқызы
ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
«АСТАНА» өлшемі 100-80, КЕНЕП, МАЙЛЫ БОЯУ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы
Түркістан 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК
УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
«Бейнелеу өнері» кафедрасының
меңгерушісі п. ғ. к., доцент м. а.
Е. Әуелбеков
«» 2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: оқушыларды туған өлке көріністерінен композиция құрастыру ептіліктерін арттыру жолдары. «астана» өлшемі 100-80, кенеп, майлы бояу
5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығы
Орындаған
СБС-015 тобы студенті Ибрагим М.
Ғылыми жетекшісі
п. ғ. к., доцент м. а. Жолдасова Б.
Түркістан 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектепте бейнелеу өнері заңдылықтарын оқыту . . . 6
- Түстану заңдылықтарын көркемдік білім жүйесінде оқыту әдістері . . . 13
- Композиция заңдылықтарын оқыту жолдары . . . 17
- Майлы бояумен жазу технологиясы . . . 21
2 МЕКТЕПТЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Мектеп оқушыларына көркем білім беру мазмұны . . . 26
2. 2 Бейнелеу өнері заңдылықтарын сабақта оқыту әдістері . . . 34
2. 3 Сабақ үлгісі . . . 43
2. 5 «Астана» атты шығармашылық жұмыстың құрылымы . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49
ҚОСЫМША . . . 51
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнері пәні - әрбір оқушының жан дүниесін рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Бұл пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай оқушыларды бейнелеу өнеріне баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген [1] .
Өркениетті дамушы елдер қатарына ену мақсатында жүргізілген іс-шараларға қатысты алғаш күннен бастап ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған, Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді . . . Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр» - деген сөзі осының айғағы ретінде баяндалған.
Елбасы сөзінде «Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланыстылығын қоғамдық тарихи кезеңдер айқындап берді, сондықтан да, бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады» деп түсіндіреді [2] .
Егеменді еліміздегі мектептерде бейнелеудің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция, түстану, симметрия, өнердің даму заңдылықтарын оқытып үйретуді мақсат етіп ғана қоймайды, сонымен қатар қазақ бейнелеу өнері шығармаларын оқушыларға терең және жан-жақты таныстыруды міндет етеді.
Бейнелеу өнерін мектепте оқыту оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлес қосады. Оқушылар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейнелеу өнеріне баулу жолында үйірменің маңызы зор. Үйірме жұмыстарының міндеттері негізінен оқушының бойындағы кәсіптік икемділікті қалыптастыру, біліктілік пен танымды, еңбексүйгіштік пен қарым-қатынасты тәрбилеу, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылықпен оған деген белсенділікті арттыру, конструкторлық-технологиялық ой-өрістерін дамыту болып табылады.
Осы тұрғыдан қарастырғанда бейнелеу өнері түрлерін жинақтап зерделеу, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы саналады. Сондықтан да, мектептерде оқу үдерісін дидактикалық тұрғыдан қайта қарастыру, жергілікті халықтың ерекшеліктері мен дәстүрлерін тиімді қолдануды жетілдіру, оқушыларды ұлттық мәдениетке баулу маңыздылығы жөніндегі мәселелердің де көкейкестілігі арта түседі. Бұл мәселе білім берудің түрлері мен әдістерін жаңарту, әрбір оқушының шығармашылық қабілетін барынша дамыту, бейнелеу өнерінің түрлі жанрларын, сайып келгенде, жалпы ұлттық мәдениетке баулу арқылы шешімін табуы тиіс. Әрбір оқушының сыныптан тыс сабақтарда шығармашылық қабілеттері тек оның жеке басының туа біткен қабілеттеріне ғана емес, сондай-ақ оны тәрбиелеп отырған қоғамдық ортасының тарихи қалыптасқан дәстүрлі ұлтының дүниетанымына да байланысты.
Бейнелеу барысында суретін салатын табиғат құбылыстырының заңдылықтары болатындығы, сурет салудың барысында бейнелеу заңдылықтарын орындау қажеттігі туралы белгілі суретші педагогтер К. Ф. Юон [3], Н. Н. Ростовцев[4], В. С. Кузин [5], Е. В. Шорохов [6], К. Е. Ералин [7], Б. А. Әлмұханбетов [8], Ә. Қамақов [9] т. б. бағалы пікірлер айтқан. Бейнелеу өнерi сабақтарында оқушылар жан-жақты бiлiм, бiлiктiлiктi меңгередi, көне мәдени тарих, сәулет өнерi, табиғат әсемдiгi мен құбылыстары мен әртүрлi халықтардың сәндiк қолданбалы өнерiнiң ұлттық ерекшелiктерге толы өнерi жайлы мағлұматтар алады. Осылайша оқушылар өздерiнiң ата-аналарымен бiрге бейнелеу өнерiнiң қызықты бiлiм мазмұнын бiрнеше жылдар бойы жинақтайды, нәтижесiнде отбасы өмiрiнде де рухани мәдени атмосфера орнайды. Мектеп оқушыларының рухани жан дүниесінің дамуына, шығармашылық қабiлетiнiң артуына, көркемдiк-эстетикалық дамуының толық қалыптасуына бейнелеу өнерiнiң қосар үлесi зор.
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық өнерін қазіргі заман талабына сай әрі қарай дамыта беруді, келешек ұрпақты, жастарды осы салада тереңдеп оқытуды, жан дүниесіне сіңіру тәрбиелік мәнге ие. Оның себебі әрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру. Сонымен бірге ұлтшылдық пен отаншылдыққы баулу болып келеді.
Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын оқыту оқушылардың өз халқына сүйіспеншілігін арттырады, жастарды өз отанына деген мақтаныш сезіміне тәрбиелейді. Сондай-ақ мектепте оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлесін қосады.
Сонымен, еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауда, ең алдымен жас өспірімдердің санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, қазақ халқының өткен тарихи - мәдени мұраларын игере отырып, шығармашылықпен еңбек етуді талап етеді. Өз ойымызды тұжырымдай келе, мектеп алындағы басты міндет - оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту және жас жеткіншектің дүниетанымының қалыптасуына жан - жақты мүмкіндік жасау мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Оқушыларды туған өлке көріністерінен композиция құрастыру ептіліктерін арттыру жолдары» деп алдық.
Зерттеу мақсаты: мектепте бейнелеу өнерін оқытуда көркем білім берудің әдістерін сипаттау.
Зерттеу объектісі : жалпы білім беретін мектеп оқушыларының бейнелеу өнерінен үйірме сабақтарында ұлттық натюрморт салуды үйрету жолдарын оқыту үдерісі
Зерттеу пәні: «Бейнелеу өнері» пәнінде сурет салуға баулу
Зерттеу міндеттері :
- тақырыпқа байланысты арнайы, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге талдаулар жасау;
- мектеп оқушыларына үйірме сабақтарында ұлттық натюрморт салуды үйрету жолдарын мазмұндау;
- мектепте бейнелеу өнерін оқытудың әдістері мен формаларын сипаттап,
сабақ үлгісін жасау;
- «Астана» атты шығармашылық жұмыстың композициялық құрылымын мазмұндау.
Зерттеу әдістері: озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және талдау, салыстыру; тақырыпқа байланысты арнайы, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдаулар жасау; шығармашылық іс-әрекеттерді бақылау, сараптау т. б.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1 ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектепте бейнелеу өнері заңдылықтарын оқыту
Бейнелеу өнерін танудың ғылыми негізі табиғат құбылыстары мен қоршаған орта, қоғам дамуымен тығыз байланысты қарастырылады. Басқа ғылым салалары сияқты бейнелеу өнерін ғылыми негізі атаулардан, териндерден, түсініктер мен категориялардан құралады. Бейнелеу өнерінің өзіне тән табиғат құбылыстарын тану заңдылықтары бар. Бейнелеу өнерінің негізгі бейнелейтін нысаны табиғат, жаратылыс құбылыстары болып табылады. Бұл аталған құбылыстардың белгілі дәрежеде құрылымдық, танымдық заңдылықтары бар. Бейнелеу өнерінің жаратылысқа байланысты құбылыстары әсіресе түстерге, жарық пен көленкеге, кеңістікке, көрініс формаларына байланысты айқын байқалады. Осыларды ескере келе бейнелеу өнерін тану негізі бейнелеу өнерінің негізін құрайтын жарықтану, түстану, композиция, перспектива заңдылықтарын танумен тығыз байланысты анықталады.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму жолына назар аударсақ бейнелеу өнері заңдылықтарын оқыту мәселесі туралы әдіскерлер нақтылы бір шешімге келе алмағандығын көруге болады. Әрине бұл мәселенің нақты шешімін табу ғылыми әдістемелік зерттеуді қажет ететіндігі сөзсіз.
Жалпы білім беретін мектептерде сурет салу әдістерінің дамуына Константин Федорович Юон белгілі үлес қосты. К. Ф. Юон көркемсурет мектептеріндегі суретті оқыту әдістемесі мәселелеріне зор көңіл бөле отырып, ол белгілі дәрежеде жалпы білім беретін мектептерде суретті оқытуға қызыға қараған. «Мен осы тамаша пәнге осы кезге дейін дұрыс баға берілмей келе жатыр деп айтқым келеді. Егер оған көбірек уақыт беріп, оның оқыту әдістемесінің талдауларын дайындаса, онда басқа пәндердегі білімдерді қабылдауды жеңілдетер еді және бұл пәндерді өзара байланыстыру звеносы қызметін атқарар еді, сурет қоршаған дүниені дұрыс түсініп, жеке тұлғаны дамытуға жәрдемдеседі» деп жазған. Ол «менің негізгі тезисім үнемі, бұлтарыссыз көру әлемінің заңдылығын оқыту» деп есептеген. Сонымен қатар ол перспектива туралы, горизонт сызығы туралы негізгі түсінікті бере білу керектігін, мысалдар келтіру арқылы горизонт сызығы туралы түсіндіруге болатындығын көрсеткен. Оқушылар бояумен жұмыс істеу барысында, оларға спектр туралы, бояулардың өзара әсері туралы ғылыми түсініктер беруге кеңес берген.
Оқыту әдістерін ғылыми негіздеуге мән бере отырып, Юон сурет салудың техникалық мәселелерінің өз ғылыми таным тұрғысынан қарауға көңіл бөледі. Ол «Менің өнер мен ғылымның байланысы туралы бірқатар сөз айтқым келеді» бұл екі жақты байланыс, деп көрсеткен. Бірінші жағынан, өнер, сурет география, тарих, жаратылыстану ғылымдары-зоология, ботаника, геология, сондай-ақ, физика, химия, математика ғылымдарын оқыту әдістемесімен байланысты болса, екінші жағынан, фактура сияқты ғылымның белгілі бір саласындағы құбылысты, ғылыми танымды айтқым келеді. Фактураның өзі әр түрлі. Бірі-табиғатта, екіншісі-суретте болады деп көрсетті.
Табиғатта фактура өзінің материалдарымен байланысты (бархат-бір фактура, жүн-басқа фактура) . Бұл фактуралардың әр түрлі қасиеттері болады, және олар жарық құбылысын әр түрлі қабылдайды деп көрсеткен.
Мұнан соң ол «сурет фактурасы, сурет техникасы туралы айту қажет. Бұл салада да айтып отырғанымыз көркемдік құбылысқа жатады. Ғылыми дүниеге қатысты жеке құбылыстарды да ғылыми тұрғыдан ашып көрсету маңызды» деп ойлаған.
20 ғасырдың 40 жылдары сурет мектебі реалистік суреттің берік жолына түсті. Суретті оқытудың дұрыс принциптері мен оны оқытудың әдістері бекіді. Оқулық суреттің мәселелерін терең ғылыми негізде шешу қажеттігі көріне бастады.
Суретші педагог Н. Н. Ростовцев оқыту барысында балаларға қоршаған ортаның өмір шындығын таныстыру қажеттігіне мән берген. Ол «мұғалім эстетикалық тәрбиемен айналыса отырып өнерге деген оң көзқарасты қалыптастырады, қоғамдағы өнердің орнын ашып көрсетеді. Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту балаларға қоршаған өмір шындығын танып, өнерді олардың санасына, сезімі мен еркіне әсер етеді. Мұғалім бұл міндеттерге көңіл бөлудің маңызын түсіне білуі қажет» деп кеңес берген.
Суретші педагог В. С. Кузин «бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық принципі, оқушыларға оқудың әрбір кезеңінде, сатысында бейнелеу өнерінің ұғымдарын үйретуді талап етеді, ал осы ұғымдарды оқыту әдістері арқылы үйретіледі. Мұғалімнің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек. Ғылыми білімдердің шеңбері үнемі кеңи береді. Ал балалардың білім алу қабілеттілігі, өсіп отыратын ғылымның шеңберіндегідей кеңейе алмайды. Сондықтан ғылымның оқу мазмұны үстіндегі қажетті материалын іріктейтіндей принциптерді табу қажет» екендігіне көңіл бөлген.
Педагог ғалым Е. В. Шорохов «Бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін жарық-көлеңке перспектива, түстану симметрия композиция заңдылықтарымен оларды бейнелеудің ережелері құрайды. Мұғалім бұл заңдылықтармен оқушыларды таныстырады. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын ашып көрсету қажеттігін ұсынған.
Педагог ғалым Б. А. Әлмұханбетов, «Түстану түс туралы ғылым. Түстер хроматикалы және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен - ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша - ашықтығы (ашық сүрғылт немесе қара сүрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді, қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын оның қанықтығы арта түседі. Хроматикалық түстер шартты түрде жалпы түстер суық түстер болып бөлінеді» деп көрсеткен.
Педагог ғалым Ж. Балкенов «Жылы түске түс спектірінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мүздың түсімен сипаттауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады. Басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады.
Түстік шеңбер-бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк күлгін, көк, болып жалғасып отырады. Негізгі түстер Сары, қызыл және көк түстер контраст бір-біріне қарама-қарсы түстер.
Контраст түстер - бір біріне қарама-қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл, ақ пен көк, қарамен қызыл т. б түстер контраст түстер сипатын береді» деп түстердің заңдылықтарын көрсеткен.
Педагог ғалым К. Ералин «Сурет салу негізінде біз нұсқаны бақылап қана, оның сыртқы формасын көшіріп салумен шектеліп қоймаймыз, сонымен қатар оның ішкі құрылымын түсінуге талпынамыз, заттың ішкі құрылымының скелеті көзге көрінбегенімен, ол заттың сыртқы формасын бейнелеу үшін өте маңызды. Мысалы, сурет салушы кубтың оның қабырғаларымен шектесіп жатқан қырларын және оның формасын елестетеді, куб құрылымының конструктивтік схемасын елестетеді, сонан соң барып, кубтың суретін салуға кіріседі. Біз кімге кубтың суретін сал десек те, олардың бірі жақсы бірі жаман қылып оның суретін салып береді, бірақ мүның себебі олардың зат формасы мен сипаты туралы анық елестетудің - зат құрылымы туралы білімінің болуына байланысты болып табылады» деп таныған.
Егер біз сурет салатын адамдарға, ол ешбір уақытта көрмеген заттың суретін салыңдар десек, олардың көпшілігі, логикалық құрылымы бар бейненің көрінісін бере алмайды. Себебі олардың саналарына ешқандай оның образы жоқ.
Бұл сурет салу кезінде, сурет салушының зат туралы дұрыс елестетуі және түсініктері пайда болады, немесе әрбір сурет салушы өз суретінде өмір шындығының елестерін білдіреді. Басқаша айтқанда өзінің санасында қалыптасқан зат образын бейнелейді. Сондықтан да ұлы суреткер Микеланджело «Суретті қолмен емес, оймен салу керек» деп көрсеткен. Сонымен адам сурет сала отырып, қоршаған әлемді талдайды. Өмір шындығын тану үрдісі өнер мен ғылым арқылы тану негізі форманы шағылыстыру формаларына байланысты әр түрлі болып бөлінеді: ғылым өмір шындығын түсініп, ойлау және қорытындысын шығару формалары арқылы жүзеге асыратын болса, өнер өмір шындығын образдық түрде бейнелейді.
Оқушыны зат көрінісін дұрыс бейнелеуге үйрету үшін, мұғалім балаға ең бірінші зат құрылымының ерекшеліктерін дұрыс көре білуге үйретуі тиіс. Оқулық сурет салу барысында табиғатты бақылау мен тану маңызды роль атқарады. Мұғалім оқушылардың сурет салуды бастағаннан бастап заттың конструкциялық құрылымы, форма сипаты, пропорциялары сияқты зат құрылымының заңдылықтарын нұсқадан көре отырып түсінулеріне басшылық көрсетеді. «Зат формасын дұрыс көре білуге үйретуге болмайды» деген түсінік бар. Олар әркім әр түрлі субьективті көреді, сонан соң оларды қалай көрсе солай бейнелейді деп ойлайды. Бұл көзқарас қате. Әрбір адам затформасын дұрыс көре білуге мүмкіндігі бар екендігі ғылымда бұрыннан дәлелденген. Оқу үрдісінде әрбір оқушының нұсқаны өзінше әр түрлі етіп салуына мұғалім жол бермеуі тиіс. Ол барлық сурет салушылардан заттарды шынайы бейнелеуін, яғни көрініс бейнесінің нұсқамен сәйкес келуін талап етуі тиіс. Бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қайшы келмейді.
Керісінше бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қажетті білім мен дағдылардың мықты фундаментін қалайды. Тек қана жақсы меңгерілген заңдылықтар мен дәстүрлерден бастау алғанда ғана адам қолөнершілікті емес жаңашылдық өнімді жасай алады.
Материалдық әлем күрделі де көпқырылы болғандықтан оны танып, оның заңдылықтарын ашуға сезімдік қабылдау жеткіліксіз. Бұл жерге таным процестерінің екінші және сонымен бірге жоғарғы сатысы болып табылатын абстрактылық ойлау келуге тиіс. Б іздің ойымыз түйсік пен қабылдаудан шыға отырып, өмір шындығы тікелей бейнелеу өрісімен шектеседі. Ол қоршаған дүниені бір орталықты, жалпылауы түсінік, ойлау, ой қорытындысы формасында көрсетеді. Көре білу ептілігі санамен және ойлаумен байланысты. Адам өмір шындығының ерекшеліктері мен нәзік баяуларын көре білумен қатар қабылдаудың күрделі жүйесін меңгеруге қабілетті.
Бүркіттің көзі адамның көзіне қарағанда алыстағыны көреді, бірақ адам көзі бүркіттің көзіне қарағанда заттардағы өзгерістерді көп көретіндігі белгілі.
Таным теориясында табиғатты эстетикалық қабылдау енжар көре салу емес, қоршаған ортаны тануға оның заңдылықтарын ашуға, тануға үмтылған, өмірді тануға бағытталған шығармашылық белсенді әрекетке негізделген қарым-қатынас түрінде танылады.
Суретте өмір шындығы беріліп, ол бейне түрінде көрініс табады. Өмір шындығының суретін салу, танымдық үрдіссіз мүмкін емес. Оқушыға көргенін автоматты түрде қағаз бетіне түсіруге емес, оның санасында қалыптасқан нұсқа туралы түсініктері мен елестетуі арқылы көргенін бейнелеуге үйрету қажет. Затты әр түрлі көру нүктесінен қарау арқылы әдепкіде оны логикалық тануына қабілеті жете бермейді. Бұл кезде бірінші әсер толық болмай, түйсіктің бір-бірімен өзара логикалық нақты шешім шығаратын байланысы да болмайды.
Жаңадан сурет салуды үйреніп жүрген сурет салушы әдетте өзінің бірінші көрген әсерімен тоқтап қалып, зат туралы жартылай елестеулерін санасында бекіп қалады. Зат туралы нағыз түсінік бірізді бірқатар көру әсерлері мен логикалық ой толғанысы нәтижесінде анықталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz